Файл: Диссертация ылыми жетекшісі П.. к., доцент Навий Лиза азастан Республикасы к кшетау, 2023.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 420

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартындағы бастауыш білім беру кезеңіндегі деңгейдегі бөлімде бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби қызметінде оқушыларды зерттеу жүргізу әрекетіне бейімдеп тартуды қарастырылған. Ол 1-2 сыныптардағы сабақтарда оқушылардың танымдық деңгейлері мен ой еңбегі мүмкіндіктеріндегі шамаларына сәйкес берілетін шығармашылық тапсырмалар, 3–4 сыныптарда оқушылар қызығушылықтары мен жеке ынталық белсенділіктеріне байланысты күрделірек, әрі оқушының жеке және топтық немесе ұжымдық зерттеулерді жүргізулері, іске асыруы. Бұл оқушының жеке ерекшеліктерін ашады, білімін жетілдіреді және қол жеткізген жетістігінің нәтижесін сыныптастырына, ата-анасына, өзге де оқушыларға таныстырады. Зерттеу барысында оқушының қол жеткізген нәтижесі білмдерді терің игерудегі танымдық мүмкіндігінің өсуі - ол үшін «жаңалық» ашқан болып көрінеді. Бұл өз кезегінде оқушының ынтамен белсенді өмірлік ұстанымға бағыттайды.

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстарының түрлерінде және ұйымдастыру мен жүргізу барысында түрлі дереккөздермен және мәліметтермен жұмыс жасау әдісімен тәртібіне үйренеді. Байқау, бақылау құбылыстарына талдау жасайды, олардағы орын алған ерекшеліктерді салыстырып, айырмашылықтарына сипаттамалар жасайды. Оқушылар белсенді субъекті ретінде танымдық үдеріске қатысады және зерттеу мәселесіне қатыса отырып, жеке тәжірибесінен, бойынан өткізеді, орын алған келеңсіз жағдайларды шешудің жолдарын қарастырады, қажетті ақпараттық материалдарды сұрыптап, өңдейді, жүргізген зерттеу әрекетін талдайды, қорытындылайды, нәтижесін шығарады, жаңа білім алады,
шынайы өмірлік тәжірибені зерттеу негізінде жеке іскерлік, дағдыны дамытады.

Зерттеу әрекеті оқушының жеке оқу танымдық қажеттілігі болып табылады, ал олардың жеке өзіндік жұмыс жүргізуінің жоғары деңгейі өзіне сын көзбен қарап, бақылау, баға беруі. Олардың зерттеу әрекетіндегі жетекші қасиетіне ізденушілік пен шығармашылық белсенділік жатады да өзін қоршаған сыныптас, ата-ана, достары т.б. адамдармен өзара қарым- қатынасты жасау мен реттеудегі әрекеттерді қалыптастырып, дамытады.

Қазіргі бастауыш білім беру кезеңінде оқушылардың зерттеу әрекетін жүргізу мен ұйымдастыруда төмендегідей мәселені /шарттарды/ ескерсе дұрыс болары анық:

    • сабақта және сабақтан тыс кезде оқушының зерттеу әрекетін мақсатты және жүйелі түрде түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып іске асыру;

    • оқушы әрекетіне себеп туғызып, түрткі болу /мотив туғызу/;

    • сыныбына қарай олардың жас ерекшеліктерін басшылыққа алу;

    • зерттеу жұмысы кезінде оқушылардың танымға бағытталған әрекетін бастауыш сынып мұғалімінің басшылығымен, кеңесімен, нұсқаулығымен жетілдіріп отыру;

    • бастауыш сынып мұғалімі оқушы-зерттеушілер мен олардың ата- аналарының арасында бірлескен жұмыстар жүргізу.

Бастауыш білім беру кезеңінде оқушыға білім берудегі оқыту-зерттеу әрекетін ұйымдастыра зерттеудің әдіснамалық заңдылықтарын және қағида негіздерін басшылыққа алу қажет. Бастауыш сынып мұғалімінің басшылығымен, жетекшілігімен, кеңесімен, нұсқаулығымен оқушы оқу зерттеу мәселесін анықтап, шешу жолдарын танып біледі. Зерттеу мәселесі белгіленген тақырыптың өзектілігін, тартымды және қызықты, жас ерекшелігіне сай ала отырып, зерттеу жүргізу әрекетінде оқушы тұлғасының

дамуына себепші болатын құбылыс ретінде маңызға ие болуы керек. Оқушының зерттеу жұмысы мәжбүрлеусіз, қажетті материалдар, құрал- жабдықтар кешенімен қамтамасыз етіле отырып, ерікті және жеке ынта- ықыласымен орындалуы қажет. Оқушыға ой салу, зерттеу жүргізу жұмысына бағыттау дидактикалық талаптар жүйесімен іске асырылса, онда оқушы өз бетімен жауап іздейді, меңгерген білімдерімен нәтиженің немесе шешімдердің ақиқаттығы мен шынайылығын тексеріп, қорытынды жасауға тырысады. Игерілген деректер мен мәліметтік ақпараттарды зерттеу әрекетіне қатысушы оқушы жаңа міндеттерді шешуде, оларды жинастыру арқылы біртұтас жүйеге айналдырып, пайдаланады. Дегенмен, осы әрекеттің нәтижесі бастауыш сыныптағы оқушыларының сыныптық және жас кезеңдік ерекшеліктерін ескере отырып, танымдық дамытуға дидактикалық талаптарды басшылыққа ала жүргізгенде ғана оң нәтиежеге қол жеткізе алады. Білім берудегі оқыту-зерттеу әрекетіне оқушыны қатыстыру үдерісінде мұғалімнің міндеті оқушының зерттеу жүргізумен айналысуына және тәжірибе жүргізу деңгейін дамыту, зерттеудің түрлі кезеңінде зерттеу жүргізу әрекеті міндеттерін шешу мәселесін ұйымдастыру қарастырылады. Бұған оқушының жеке зерттеу тәжірибесін көрсетіп, жетілдіріп, дамытатын түрлі әдіс-тәсілдер таңдалуы қажет.

Зерттеу жұмысының қорытынды және зерттеу жүргізу әрекетіне қатысушы оқушы үшін маңызды кезең - конференцияда зерттеу бағытына байланысты пікірді ортаға ұсыну, баяндама жасауы. Оқушы өз ой-пікірін айтып, жеке көзқарасын білдіруге, мүмкіндігінше дәлелдеуге және өзгелерді тыңдау мен түсінуді, диалогтық қарым-қатынасқа түседі, ғылыми сөйлеумен ғылыми этикалық мәдениетке үйренеді. Конференциясында әрбір қатысушы
үшін «жетістік белесін» жасай білу керек, яғни алғашқы зерттеу жүргізу әрекеттеріндегі қиын әрі қызық ғылым жолындағы алғашқы талпынысына қолдау көрсету. Зерттеу жүргізу бағытында орындалған жұмыстардың сапасына өте сақтықпен сын-пікірлер айтылуы керек, себебі оқушының келешекте зерттеу жұмыстарымен айналысуға ынта-ықыласын жоғалтпайтындай ете отырып және оларға мақтау мен мадақтауды әрі қолдаушылық көрсетуді де қарастыру қажет.

Бастауыш білім беру деңгейіндегі оқушыны білім беру мен оқыту- зерттеу әрекетіне кезеңмен араластыруды ұйымдастыру олардың жеке зерттеу тәжірибесін дамытудың тиімді жолдары ретінде орын алады. Өйткені, бұл оқушының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру мен дамытуға апаратын үдеріс. Зерттеу жүргізу құзыреттілігі дегеніміз оқушы тұлғасының интегралды сипаты, өзінде бар білімі мен дағдысының негізінде өз бетімен және шығармашылықпен зерттеу міндеттерін шешу, өз әрекеті мен өзіне субъект ретіндегі қатынасында белсенді зерттеу жүргізу ұстанымын, даярлығын көрсету болып табылады. Осы құзыреттілік басқа да маңызды нақтылы пәндік-бағыттық құзіреттіліктің негізі болып табылады, ол оқушыға оқуда жан-жақты дамуда көмектеседі, ары қарайғы өмірінде жетістікке жетуіне жетелейді.
2.2 Жобалық іс-әрекет бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселесінің қарастырылуы
Бастауыштағы оқушының зерттеушілік әрекетінің ерекшеліктеріне мән беру барысында оларда қалыптасатын немесе дами түсетін неше түрлі қабілеттер орын алып, көрініс беріп, оқу-танымдық әрекеттері барысында әлем, қоршаған орта туралы және білімдік ақиқаттар мен ғылыми танымдар
жайындағы шындықты танып білу үдерісіне белсендіруге мүмкіндік береді. Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекетке қатысуда олардың бойынан көрініс беретін қабілеттері «ғылыми таным бағытталған әрекет»,

«зерттеушілік іс-әрекет», «зерттеушілік іскерліктері» т.б. ұғымдардың мәні мен мазмұнын нақтылап қарастыру қажет.

Психология-педагогикалық ғылыми зерттеушілік бағыттағы еңбектерде

«таным» ұғымы – бұл субъекттің шығармашылық іс-әрекеті, ол әлем туралы шынайы білімдерді алуға бағытталған. Сондай-ақ таным нәтижесі ішкі және сыртқы әлем құбылыстарының бірлесе өмір сүруі мен заңды бірізділігі туралы білім болып табылатын іс-әрекет деп те түсіндіріледі [29].

Таным үдерісі бірқатар психикалық актілерден тұрады: сезімдер, түсініктер және ұғымдар (идеялар) мен пайымдаулардың түзілуі. Таным түрлері мен тәсілдерін түсіндірудің жалпы тәсілдері бар [30].

Бастауыш сынып оқушысының танымдық іс-әрекетінің дамуының екі бағытын ажыратады, және де сәйкесінше әлемге деген жалпы танымдық-зерттеушілік қатынастың екі түрін бөліп көрсетеді:

Инвариантты - бастауыш сынып оқушысының шынайы әлемге тұрақты әрі тәртіптік тұрғысында қалыптаса бастаған көзқарастық қатынасы және танымдық іс-әрекеттерінің құрамдас бөліктерінің анық, тәртіпке келтірілгенділік қажеттілігін сипаттайды. Ол:

    • нақты анықталған және иерархиялық заңдылықтағы мақсаттардың соңғы шегі;

    • мақсаттардың және объективті шарттардың біртұтастықтығын негіздеуге бағытталаған және анықталған құралдар мен жабдықтар;

    • құралдар мен жаблықтарды қолдануда сақталатын бірізділік;

    • нақтылық, тұрақтылық, оң нәтиже;

    • Бастауыш сынып оқушыларының танымдық өсу жолы, олар өзгермелі әлемдегі қозғалыстағы тұрақсыз тұтастыққа жеке өзіндік көзқарастағы қатынасымен сипатталады.