Файл: Диссертация ылыми жетекшісі П.. к., доцент Навий Лиза азастан Республикасы к кшетау, 2023.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 421

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бұл бағыттағы даму барыстары жаңашылдыққа, белгісізді тануға деген қажеттіліктен туындайтын үдеріс ретінде орын алады. Бұрыннан белгілінің аймағынан шығу және әлемді оның қасиеттерінің шексіз сан алуандылығы, соның ішінде қарама-қайшылықты тұстарын анықтап, тани білуге талпыныс жасау.

Ғылыми таным зерттеушілік әрекеттің ерекшелігінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, онда ғылыми таным оқушының тәжірибелік іс- әрекетімен тығыз байланыста қалыптасатындығына көз жеткіземіз және де оқушыны қоршаған әлемде, өмірлік тәжірибеде маңыздылығын түсіну. Ғылыми білім құрамдас бөліктері әлемді танудағы тәжірибелік жаратылыстану түрінде көрінісін түсіну мен оның шеңберінде бақылаулар мен эксперимент нәтижелерін зерттеп, ашылған жаңалықтардан кейін эксперименталды-тәжірибелік әдістерге сүйенетін әлемнің жаңа бейнесін тану. Осы ғылыми танымның негізгі сипаттамалары ретінде мәнге ие болады:

    • ғылыми танымдық іс-әрекеттің нәтижелілігі, шешім қабылдауда ақыл-ойдың дәлелдеріне басымдық беру, көңіл-күй сезімдері мен құштарлыққа ерік бермеу және жеке пікірді ақиқат пен шындық тұрғысынан түсіндірілуі;

    • ғылыми білімнің теориялық және эмпирикалық құрылымдарын ажырату;

    • ұғымдық, түсінік іс-әрекет;

    • анықтық және дәлелділік;

    • бірізділік пен жүйелілік.

Зерттеушілік әрекеттегі ерекшелігін ғылымның танымдық іс-әрекетке қосылуы мүмкін болатын объектілерді зерттеуге, сонымен бірге олардың қызмет жасауы мен дамуының объективті заңдарын іздеуге бағытталғандығы құрайды. Танымдағы ғылыми тәсілдердің құрылымдық деңгейлері: эмпирикалық, теориялық және философиялық болып табылады. Эмпирикалық деңгейде адамның /субъекттің/ табиғи
немесе әлеуметтік ортамен /объектпен/ сезім мүшелері арқылы өзара әрекеттесуі нәтижесінде білім алу үдерісі жүзеге асырылады. Зерттеуші жекеленген құбылыстар туралы нақты ақпараттар мен мәліметтерді алады. Танымның осы деңгейінде бақылау, эксперимент және өлшеуді пайдалану жүзеге асырылады. Теориялық деңгей зерттеліп отырған құбылыс мәнін ұғынып, түсіну және ой қорытындысы түріндегі жүйеленген тұжырымдама. Нақты эмпирикалық материал негізінде құбылыстардың белгілі бір деңгейінің көрсеткішін қамтитын жалпы заңдылықтар шығарылады, болжамдар мен теориялар қалыптасады. Бұл деңгейде гипотетикалық-дедуктивті әдіс - /бұл расталмаған мәлімдемелерден алынған мәлімдеме/, абстрактілеу, идеалдау - /объекттің шындықты болжау қажеттіліктерін шығару/, пішіндеу, талдау және жинақтау, ойша эксперимент т.б. әдістер пайдаланылады. Ойлау тәсілдері мен ғылыми таным деп жалпы логикалық операциялар түсіндіріледі, олар ойлаумен ғылыми танымның кез келген кезеңіне және деңгейінде қолданылады [31].

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыру ерекшеліктерінде олардың ғылыми танымның белгілі бір тәсілдерін /әдістерін/ қолдану қажет, олар:

  1. Талдау – ойлау тәсілі, ол зерттеліп отырған объектіні салыстырмалы түрде өз бетімен зерттеу үшін негізгі бөліктерге бөлу мен даму ағымдарына және тәсілдерді қолдану құрылымдарымен байланыстыру.

  2. Жинақтау талдауға қарама-қарсы әрекет, яғни талдауда бөлінген бөліктерді біртұтастыққа топтастыру және оларды мән жағынан біріктіре отырып байланыстару мен өзара бірлік заңдылықтарындағы қатынастар негізінде терең білім алуда бөлінген бөлшектерді біріктіру, жинақтау болып табылады.

  3. Абстракциялау және идеалдау. Абстракциялау адамның және нақты заттың немесе құбылыстың жеке маңызды белгілерін, қасиеттері мен қатынастарын ойша бөлу және ажыратып бөлу үдерісі. Нақты заттың немесе адамның мәнін жақсы түсінуге көмектесетін барлық мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл талдамалы әдіс бірқатар нақты жағдайларды төмендетуге және тұтастай алғанда келесі мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді: Идеалдау – абстракциялаудың бір түрі, оның барысында заттың барлық шынайы қасиеттерінен түбегейлі бөлу және де сол уақытта шындық өмірде жүзеге асырылуы мүмкін емес белгілерді енгізу жүзеге асырылады. Зерттеуге алынып отырған нысаннан шындықты болжау қажеттіліктерін шығару.

  4. Индуктивті әдіс – ойлаудың жеке білімінен жалпыға қарай жылжуы. Сондай-ақ бұл әдіс ақыл-ой логика заңдарын ғана емес, сонымен бірге кейбір нақты көріністері арқылы оқиғаларды және олардың нәтижесін байланыстырады. Бұл әдіс үшін ең объективті негіз табиғат құбылыстарын әмбебап байланыстырады.

  5. Дедукция – ойлаудың жалпы білімнен жекеге қарай жылжуы. Бұл ғылыми танымда сенімді сипатқа ие логика заңдары негізінде бір немесе бірнеше алғышарт пайымдардан жаңа бір логикалық қорытынды шығару әдісі. Яғни, білімде жалпыдан жекеге қарай ығысу, қорытындылар мен алғышарттардың шығарылуы. Дедукция мен индукция әдістері өзара тығыз байланыста болады.

  6. Аналогия – бірнеше объектілерге ортақ белгілер мен қасиеттер және қатынастары бойынша жақындығы немесе кейбір белгілердің ұқсастығынан сол нәрселердің басқа белгілеріндегі ұқсастық жайында қорытынды жасау мен болжамдарды алға тарту.

  7. Үлгілеу – зерттеу тәсілі, мұнда зерттеуді қызықтыратын объект өзге объектпен алмастырылады, ол бірінші объектіге ұқсастық қатынаста болады. Үлгіні зерттеу барысында алынған білімдер аналогия негізінде түпнұсқаға тасымалданатын болады. Оқытудағы үлгілеу арқылы зерттелетін күрделіліні қарапайымға, көзге көрінбейтінді және сезілмейтінді көрінетінге, сезілетінге, бейтанысты танысқа келтіруге болады, яғни кез келген күрделі объектіні мұқият және жан-жақты зерттеуге қол жетерліктей жасауға болады [32].

  8. Бақылау затты зерттеуге алынған нысанды мақсатты түрде бағдарлы зерттеу, ол оқушының сезіну, қабылдау, елестету тәріздес сезімдік қабілеттеріне сүйенеді; бақылау барысында біз қарастырылып отырған нысанның сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері жөнінде білім аламыз.


  1. Белгіленген мақсаттан ауытқуды, оның себептерін анықтау үшін қадағалау, тексеру мақсатындағы бақылау;

  2. Қабылданған шешімдердің нақты істердің күйіне сәйкестік дәрежесін белгілеу, басқарудың қызметі [33].

  1. Эксперимент жалпыланған ғылыми зерттеу әдісі. Эксперимент жүргізушінің белсенді теориялық-тәжірибелік іс-әрекеті, табиғи немесе жасанды жағдайда объектіні жоспарлы түрде зерттеу үшін, белгілі бір шарттарда түрлендіретін жағдайда болады. Ерекшелігі объектінің дамуы мен қызметі алдын ала жоспарланады. Салыстырмалы түрде өзгеретін немесе өзгермейтін жағдайда эксперимент қайталану немесе қайталанбауы қарастырылуы мүмкін. Эксперимент түрлері: табиғи (табиғи жағдайдағы адамның іс-әрекеті, зерттеуші бұл жағдайды білмейді); лабораториялық (жасанды жағдайда, арнайы жабдықтармен, ықпал етуші барлық факторларды қатаң бақылау арқылы); түрлендіруші, жасампаз (зерттелетін педагогикалық үдеріске ендірілген өзгерістердің ықпалы мұқият қарап отырылады. Тек қана жүріп жатқан құбылыстарды бақылау белгілеп қана қоймай, арнайы жағдай жасап заңдылықтардың механизмдерін, қозғалысын, даму тенденциясын, тұлғаның қалыптасуын, оның барысын тиімді етудің мүмкіндігін анықтайды.

    • педагогикалық эксперимент – педагогикалық мәселелерді шешудің ең тиімді жаңа тәсілдерін іздеу мақсатымен оқу немесе тәрбие ауқымында ғылыми қойылған тәжірибе; педагогикалық құбылыстарды жобалау және оның жүру шарттарын жобалауды қажет ететін педагогикалық құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын зерттеудегі іс-әрекет. Зерттеушінің педагогикалық құбылысқа белсенді әсер етуі; педагогикалық әсер әрекеті мен өзара әрекетінің нәтижесін, пікірлерді өлшеу; педагогикалық құбылыстар мен барысының бірнеше рет қайталана беруі [34].


  1. Болжам құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын, қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған, негізделген жорамалды көрсететін ғылыми білімінің даму түрі.

Болжам деп кез-келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды, тек нақты эмпирикалық деректерге негіздеуден туған жорамалды түсінуі керек. Обьектіге байланысты болжам жалпы және дербес болып бөлінеді. Ғылымда іске басшылық болжамы маңызды орын алады. Зерттеудің бастапқы кезеңінде алға қойылатын бақылау нәтижелерін тұңғыш жүйеге келтіру, бірақ оларды түпкілікті түсіндіру қамтамасыз етпейтін шартты жолдар болады. Болжам арқылы білімді дамытудың екі кезеңі бар. Олар: болжамды құру және тексеру.

Болжамды құру алғашқы берілгендерді табу және сұрыптау негізінде жүреді. Талдау-сұрыптау тұрғысынан қарау ғылым заңдарымен сәйкес келетін және белгілі құбылыстарды тек түсіндіру ғана емес, жаңа құбылыстарды алдын ала белгілеуге болатын ең дұрыс негізде жорамал жасауға мүмкіндік береді. Болжамды тексеру одан туындайтын нәтижелерді және оларды заттардың нақты күйімен салыстыруды жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындылары жолымен жүзеге асырылады. Осының арқасында болжам мақсатқа бағытты ғылыми ізденіс құралы, ғылыми зерттеулерді ұтымды ұйымдастырудың әдіснамалық негізі ретінде көрінеді.

Білікті әрекет іс-әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден, және сонымен бірге оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. Біліктілік тәсілдерді таңдай білуден басқа мақсатқа жету үшін қажетті шарттарды білуді қажет етеді. Біліктіліктің және дамуының ең тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы шарттары; тұжырымдалған ережені түсіну;

  • орындалатын қажет әрекет бейнесін қалыптастыру;

  • жаңа міндеттерді шешу барысында әрекетті орындаудың нәтижелігі жөнінде хабар алып отыру болады.


Білікті әрекет сәйкес шарттарға және жағдайларға тәуелді түрлі тәсілдермен орындалуы мүмкін іс. Болжам шындық құбылыстарының себептерін, қасиеттерін, өмір сүру себептерін түсіндіру мақсатындағы алға қойылатын алдын ала пікір, негіздеме. Заңдар, қағидалар, теориялардың орнауына негіз болатын түсіндірушілік болжамдарды қалыптастыру және негіздеу тәсілі [35].

Яғни, жоғарыда ұсынылған әдістерді зерттеушілік әрекетте пайдалану ғылыми танымның келесідей кезеңдерін орындауда оң нәтиже бертіндігне негіз болады.

Бірінші кезең қасиеттерді және осы қасиеттердің жиынтығы ретіндегі зерттеу нысанын танып білу. Оны тәжірибде бақылау /соның ішінде инструменталды - педагогикада оқу-танымды жүйелі ұйымдастыру арқылы білімдерді терең және кешенді меңгертуді тиімді жасау жолындағы зерттеу әрекеті үдерістерін басқару үшін эквиваленттік нүктеде зерттелетін заттың немесе нысанның қасиетінің өзгеруін тіркейтін құралдар көмегімен анықтайды. Осы мақсат үшін күрделі схемалы құралдар қолданылады, сондықтан оларды инструментальдық әдістер деп атайды. Зерттеушілік әрекеттерде талдау барыстарында инструментальды әдістерді пайдалана отырып сараптау жасау /талдамалы/ маңызды орын алады/, объектіні сырттай бақылау және өзара әрекеттесу құрайды.

Екінші кезең – зерттеуге алынған нысанды немесе затты танып білу тәсілдерін және бұрыннан құрылған жалпы ғылыми қағидаларды қолдану. Бұл кезеңнің мақсаты – нысанның немесе заттың қасиеттерінің өзгеруінен олардың өздерінің өзгеріске түсуінің /тұтасқа қатысы бойынша/ себеп- салдарлық тәуелділігін анықтау. Бұл логикалық құрылым теориясы.

Үшінші кезең – бірінші және екінші кезеңде қол жеткізген нәтижелерді талдау және