Файл: Диссертация ылыми жетекшісі П.. к., доцент Навий Лиза азастан Республикасы к кшетау, 2023.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 422

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
әрекетінің ерекшелігімен байланыстыру бірінші мәселе ретінде анықталса, екіншіден, оқушылардың қызығушылығын бір бағытқа шоғырландырады, ал үшіншіден, жеке пәннің оқу материалдарын және оны толықтырудағы өзге пәндердің оқу материалдарындағы білімдерді кешенді игеру әрекетіндегі оқу-танымдық үдерісінде жоғары деңгейде белсенділік танытуларына негіз болады.

Сабақтарда танымдық /когнитивтік/, шығармашылдық /креативтік/, ізденушілік-ұйымдастырушылық түрдегі әрекетке оқушының белсенді қатысуына немесе түсуіне себепкер болады.

Яғни, жоба - оқушының зерттеу әрекетіне түсуіне және оған себеп- салдар мен түрткі болатын әрекеттердің пайда болуы мен қалыптасып, дамуына негіз болып, зерттеушіліктегі нәтижеге бағыттайтын амал мен тәсіл ретінде мәнге ие болатыны анық.

Жобалар әдісі балалардың зерттеушілік сапаларын дамытуға негіз болады [24].

Жобалық іс-әрекет мектеп оқушысына оның іс-әрекеті үшін жаңа әрі кең алаң ұсына отырып, қызығушылықтарының кең түрінің көрініс табуына негіз болады және оқыту субъектісі ретіндегі оқушы тұлғасын дамытудың маңызды құралы болып табылады.

Қарастырылып отырған іс-әрекет танымдық үдерістерді дамытуға бағытталған, ақыл-ой әрекеттерін ынталандырады, оқытуды қарқынды ете түседі, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына негіз болады [25].

Жобалық іс-әрекетте балалардың келесідей қабілеттері дамиды: коммуникативті (сөйлеу, тыңдай білу және сендіре білу, ым-ишара, мимика), тұлғалық (ойлауының өзіндік ерекшелігі мен икемділігі, қиял, әуесқойлық, кінаратсыз шығармашылық амбициялар), әлеуметтік (ұжымдық іс-әрекетке қабілеттілік, өзіндік тәртіпті ұстануға әзір болу, өзгелердің пікіріне деген шыдамдылық көзқарас), әдеби-лингвистикалық (идеяларды сипаттай білу, қорғау барысындағы суырып салмалық қабілет), көркемдік, манипулятивті
(қозғалыс координациясы, құралдар мен жабдықтарды пайдалана білу іскерлігі), технологиялық (бейнелік-көрнекілік есте сақтау, логикалық ойлау, технологиялық дүниетаным мен ойлау) [26].

Жобалық іс-әрекет әдісі заманауи өмірдің тағы бір өзекті мәселесін шешетіндігін атап көрсеткен маңызды, бұл балалар мен ересектерді іс- әрекетке тарту есебінен баланың өз ата-аналарымен және ересектермен қарым-қатынасқа түсуі және бірлесе әрекет етуі. Бала белгілі бір мәселе бойынша қызығушылық танытқан кезде, ересек адам оған қажетті ақпаратты беруі керек немесе бірлескен әрекет өнімін құруда оған көмектесуі қажет болып табылады.

Сәйкесінше, қарым-қатынас жүзеге асырылады, ал ол бүгінгі күні балаларға аса жетіспейтіндігі белгілі. Ортақ іс бойынша баламен бірге өткізілген уақыт балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың дамуына ықпал ететді, оларды өзара жақындастыра түседі. Жобалық іс- әрекет ерекшелігінің бірі, оның тікелей әрекет арқылы шешілмейтін мәселелік жағдаятта жүзеге асырылатындығында [27].

Жобалық іс-әрекет өз бетімен білім алу үшін жағымды уәж қалыптастырады. Шығармашылық міндеттерді шешу үшін қажетті материалдарды, құралдарды, әдістерді іздеу өз білімін жүйелі түрде кеңейтуді, ғылыми және әдістемелік әдебиетті үнемі зерделеуді талап етеді. Бұл оқушыларды ғылым негіздерін анағұрлым саналы түрде және тереңінен зерттеуге итермелейді, оқу үшін жағымды уәж қалыптастырады.

Жобалар әдісі мәселелік оқытуды жүзеге асыру тәсілдерінің бірі болып табылады, себебі мәселелік оқытудың да, жобалар әдісінің де

негізінде мәселелік жағдайдың туындауы жатыр, оны талдау нәтижесінде мәселе туындайды және қалыптасады.

Жобалық міндеттер жүйесін шешу барысында бастауыш мектеп оқушыларының (2-4 сыныптар) келесідей қабілеттіліктері қалыптасуы мүмкін:


    • рефлексия (мәселені көре білу; жүзеге асырылғанды талдау – неліктен белгілі бір нәрсені орындау қолдан келді, немесе белгілі бір нәрсе жүзеге асырылмағандығын анықтай алу және де қиындықтар мен қателіктерді көре білу);

    • мақсатты тұжырымдаумен айналысу (мақсат қою және оны ұстану);

    • жоспарлау (өз іс-әрекетінің жоспарын құра білу);

    • үлгілеу (барлық мәнді мен маңыздыны айшықтап көрсете отырып, әрекет тәсілдерін үлгі-сызба түрінде ұсына алу);

    • мәселені шешу тәсілін (тәсілдерін) іздеу барысында бастамашылдық таныту;

    • қарым-қатынасқа түсе білу (міндеттерді шешу барысында өзара әрекеттесу, өз көзқарасын дәлелдей білу, өзгелердің көзқарастарын қабылдай білу және дәлелді түрде қарсылық білдіре алу).

Сонымен қоса, жобалық іс-әрекетті ұйымдастыру үдерісі бастауыш мектеп жөнінде сөз етілген жағдайда, ерекше болып табылатындығын атап өткен жөн. Аталмыш жұмысты бастауыш мектепте ұйымдастыру барысында кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық-физиологиялық жас ерекшеліктерін есепке алу қажет болып табылады, ол келесідей жүзеге асырылады:

    • балалар жұмысының тақырыптары оқу пәндерінің мазмұнынан алынады немесе соған жақын болады;

    • жоба немесе зерттеу мәселесі баланың танымдық қызығушылығының аймағына кіруі қажет және де оның ең жақын даму аймағында болуы тиіс;

    • жобаны немесе зерттеуді орындау ұзақтығын сабақтағы немесе оқудан тыс сабақ тәртібінде немесе бір-екі қосарланған сабақпен шектеу мақсатты болғаны жөн;

    • балалармен бірлесе отырып, жалпы оқу іскерліктері ретіндегі жобалау және зерттеу тәсілдерін меңгеру бойынша оқу мақсаттарын қою маңызды;

    • тақырып бойынша жұмыс үдерісіне саяхат, қыдыра жүріп бақылау, әлеуметтік акциялар, ақпараттың түрлі мәтіндік көздерімен жұмыс, тәжірибелік тұрғыда мәнді өнімдер мен кең қоғамдық презентация әзірлеуді қосқан мақсатты бағдарлы болып табылады (мұнда ересек балаларды, ата- аналрды, әріптес мұғалімдерді және жетекшілерді шақыруға болады) [28].


  1. Ғылыми-зерттеу әрекеті тақырыптық мәселені өз бетімен ізденістегі шығармашылықпен зерттеу әрекеті. Ғылыми зерттеу әрекетіндегі жаратылыстану ғылыми-зерттеу жұмысына /ҒЗЖ/ бастауыш білім беру кезеңінің оқушылары жаппай бара алмайды. Себебі, бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ойын баласы екендігін ескеру қажеттілігі мен жаратылыстану бағыттағы білімдерді игеруге дайындығы бар бейім және қабілеті мен ынталылық мінез көрінісінің басымдығы бар оқушылардың саны аздау болып келеді, сондықтан қызығушылық таныта білетін оқушылардың айналысатындары санаулы болады. Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығы ерекше және олардың ғылыми зерттеу әрекетіне қатысуда олардың жас ерекшелігін басшылыққа алу қажет бірақ, шектеу жасамау керек; дарынды және өзіндік бейімі мен қызығушылығы басым оқушылармен жұмыс жүргізу қажет, бірақ өзге оқушыларда ҒЗЖ-на қатысып, өздерін сынап көре алады. Бұл оқушы үшін өзекті, негіз – себеп-салдар мен түрткі болатын /мотив/, ізденіс белсенділігін, қызығушылығын арттыратын, құбылысты тудыратын, зерттеу жүргізу сипатындағы жұмыстармен айналысуға бағыттайтын басты және ықпал жасайтын күш болып табылады.

Ғылыми-зерттеу жұмысы оқушылардың ізденушілік пен шығармашылық қасиетін дамытуға бағытталған жеке, ерікті, қызығушылық пен белсенділікке ие, әрі сабақтан тыс кезде ғылыми жұмысқа қатысуға мақсатты бағытталаған кешенді жұмыстар жүйесі ретінде орын алады.

  1. Экспериментті-тәжірибелік зерттеу жүргізу – арнайы ортада зерттеу жүргізуді талап ететін оқушының әрекеті. Бастауыш сыныптардағы тәжірибелік зерттеу жүргізу оқушының зерттеу іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Тәжірибелік зерттеу жүргізу міндеттері арнайы ортада оқушының зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру арқылы оның білімдік, ғылыми этикалық мәдени, әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға; зерттеу әрекеті арқылы оқушы тұлғасының әлеуметтік ортаға бейімделуі; түрлі тәжірибелік зерттеуді іске асыру кезінде зерттеу жүргізуде ғылыми этикалық мәдениет дағдысын өмір тәжірибесінде сынау; зерттеу жүргізу барысында теориялық білімдерін пайдалана білу, зерттеу жүргізудегі орын алған мәселені шешу, жеке зерттеу нобайын /моделін/ құруды қалыптастыру және дағдыларды меңгеру.