Файл: Диссертация ылыми жетекшісі П.. к., доцент Навий Лиза азастан Республикасы к кшетау, 2023.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 418

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

    • зерттеу тақырыбын таңдау іскерлігі;

    • мәселені көре білу және зерттеу мақсатын қоя білу іскерлігі (Мен оны не себепті жасаймын? Мен не білгім келеді? Алған білімдерім маған не үшін қажет болады?);

    • зерттеу міндеттерін қоя білу іскерлігі (Мақсатқа қол жеткізу үшін не істеуім керек?);

    • зерттеудің қол жетімді әдістерін таңдау және қолдануға байланысты іскерліктер;

  1. Ақпаратпен жұмыс жасау іскерліктері (ақпараттық):

    • ақпарат көздерін таба білу, оларды қолдану, мәтінмен жұмыс жасау іскерліктері;

    • қабылданатын мәтіндегі, өзінің мәтініндегі маңыздыны бөліп көрсете алуы іскерлігі;

    • мәтіннің мағыналық бөлігін бөліп көрсете алу іскерлігі: азат жол, тараулар, параграфтар;

    • анықтамалар, ұғымдар, терминдермен жұмыс жасау іскерлігі;

    • мазмұндау логикасын құрастыра алу іскерлігі (мәтіннің, өзінің зерттеу жұмысының жоспарын құрастыра алу іскерлігі);

    • қысқаша баяндау, конспектілеу, конспектілеу тәсілдерін қолдану, цитаталарды пайдалану, сілтемелерді рәсімдеу іскерлігі;дәлелдер келтіру, аргументтер, фактілер қолдану іскерлігі;

  1. Өз жұмысын ұйымдастыру іскерліктері (ұйымдастырушылық):

    • өзінің жұмыс орынын ұйымдастыра алу іскерлігі;

    • жұмысты жоспарлау іскерлігі;

    • мектеп және балалар кітапханасында, компьютерлік залда, басқа да ағарту мекемелерінде (мысалы, қызығушылықтары бойынша клубтарда) жұмыстарды ұйымдастыруға байланысты іскерлігі;

  1. Өз жұмысының нәтижелерін ұсыну іскерлігі.

    • нәтижелерді ұсынудың түрлі формаларын пайдалану іскерлігі;

    • сұрақтар қою және оған жауап беру іскерлігі;

    • баяндамаға, баяндамашының сөзіне қойылатын талаптарды ескеру іскерлігі;


  1. Бағалау іс-әрекетіне байланысты іскерліктер (бағалау):

    • өз жұмысын бағалау, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау іскерлігі;

    • басқа зерттеушілер ұсынған жұмыстарды бағалау іскерлігі;

    • бағалау пікірлерін қалыптастыру, өз бағасын негіздеу іскерліктері;

    • ұсыныстар, пікірлер құрастыру іскерліктері

Бұл блоктарды қарастыра отырып, зерттеушілік іс-әрекеті белгілі бір уақыт аралағында, кешенді түрде, кезең-кезеңмен қалыптасады деп анықтаймыз.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдаудың нәтижесінде зерттеушілік іс-әрекетті қалыптастыру бірнеше кезеңдер бойынша жүзеге асатындығын көрсетті.

Бірінші кезең бастауыш мектептің 1-сыныбына сәйкес келеді.

Бірініші сынып оқушысын зерттеушілік тәжірибемен байытудың міндеттері келесідей:

    • бар түсініктер негізінде оқушылардың зерттеушілік белсенділігін ұстап тұру;

    • сұрақтар қою, болжамдар айту, бақылау, заттық модель жасау іскерліктерін дамыту;

    • зерттеушінің іс-әрекеті туралы алғашқы көзқарастарын қалыптастыру.

    • зерттеуші іс-әрекетінің ерекшеліктері туралы жаңа көзқарастарды игеру;

    • зерттеу тақырыбын анықтау, талдау, жүйелеу, қорытындылар шығару, зерттеу нәтижелерін рәсімдеу іскерліктерін дамыту;


2 ЖОБАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ МОДЕЛІ
2.1 Жобалық іс-әрекет арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту қалыптастырудың қазіргі жағдайы
Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастырушы мұғалім оқушыға қажет және пайдалы бағыт бере отырып, бірі зерттеуге қатысты дереккөздері мен мәліметтерді кітапханадан және т.б. жерлерден ақпараттарды жиыстыру жайында бағдар алса, екіншілері зерттеу жұмысына немесе жобасына ата-

аналарын қатыстыру қажеттігі жайында кеңестер алып, қызығушылық пен белсенділікпен іздеуге ықылас танытады. Мұғалімнің басты міндеті оқушыларды зерттеу жұмысына толық тарту және белсенді араластыру.

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру үшін ескерілетін мәселелер:

  1. Оқушылардың ынта–ықыласын оятуға негіз болатын себеп-салдар жасап, түткі туғызу /мотивтері/ керек. Олардың шығармашылық зерттеу әрекетінің мәнін көре білуге көмектесіп, бағыттау.

  2. Зерттеушілік жұмысты оқу-танымдық үдерістің бір құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оларды мақсатты және жүйелілікпен ұйымдастыру. Зерттеушлік әрекет дағдыларын дамытуды сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта өткізу. Мұғалім зерттеу жүргізу әрекетін қалыптастыру мақсатында жеке пән сабақтарының материалдарын және ізденушілікті тереңдете отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру бағытында кешенді білімдерді игеруге, әрі пайдалана білуге үйрету.

  3. Зерттеушілік әрекетпен оқушылардың айналысуына ізденушілік және шығармашылық бағыттағы танымдық орта құру. Мұғалім оқушылар үшін ізденушілік пен шығармашылық жағдай жасап, зерттеу жұмысын жүргізуге деген қызығушылыққа белсенділігін сақтау және арттыру қажет.

  4. Психологиялық жағымды көңіл-күй туғызу. Бұнда мұғалімнің міндеті - оқушының ізденушілік әрекеті мен шығармашылық жұмысына ынтасын ояту, шығармашылық ізденіске ынталандыру. Әрбір оқушының өзіне сенімін арттырып, жеке мүмкіндігін аша отырып, жеке танымдық жұмыстармен өзбетінше айналысуына тәрбиелеу.

  5. Бастауыш білім беру кезеңіндегі сыныптық деңгей мен оқушылардың жас ерекшеліктерін басшылыққа алу. Бастауыш сынып оқушысының сыныптық деңгейіне орай меңгеретін оқу материалдарының мазмұндық құрылымына қарай олардың зейін, қабылдау мүмкіндігіне орай зерттеу жүргізуге дағдыландыра оқыту қажет, ал зерттеудің өзі оқушының танымдық және жас ерекшелігіне сай, әрі оның ой еңбегіндегі атқаратын қызметінің мүмкіндігіне үйлесімді, қызықты сондай-ақ пайдалы болу керек.


Зерттеу жүргізу әрекетінде мүмкін және қажет жайлар.

Зерттеу жүргізу дағдыларын дамыту жөніндегі бағдарлы жұмыстарды 1 сыныптан жүргізуге болады. Жобалық оқу бағдарламасы бойынша зерттеу жұмысын оқушыларды шағын зерттеулерге жетелейтін барлық пәндерге ортақ тақырыптар негізінде жүзеге асырылуы алынып, сабақтарда кешенді білімдер беруді жүзеге асыру қарастырылған. Ондағы зерттеу жұмыс түрлері «ортақ тақырыптар» бойынша жүреді. Осы әрекет түрі 1-4 сыныптардағы білім беру үдерісінде сабақтастықта орын алған. Яғни, жеке пәннен сабақ өткенде басқа пәндердің оқу материалдарынан хабар алып, кешенді білім беру үдерісіне өте отырып, өзге пәндердің оқу материалдары салыстармалы меңгеріп, талдаулар жасап игеру жүрді деген сөз. Сондай-ақ мұғалім зерттеу мәселесін қоя білу шарт; оқушы қойылған сұрақтар бойынша зерттеу әрекетіне көшеді; шешу жолдарын іздейді; мұғалімнің басшылығымен немесе жетекшілігімен қорытындылар жасайды.

Бастауыштағы оқу-танымдық жұмыстарында оқушылардың зерттеушілік әрекеттерінің түрлерін және олардың ерекшеліктерін ашып қарастырсақ, онда олар төмендегідей болып жіктеледі.

  1. Білім алу мен оқу-зерттеу әрекеті - зерттеу міндеттері мен зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқушылардың өзіндік ізденіс және шығармашылық жұмысы. Оқушы тұлғасының дамуында субъективті жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге бағытталған.

Бастауыш білім беру кезеңіндегі оқушының ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты - бар білімдерді меңгеруден жаңа білімдерді іздестіру, алған мәліметтерді талдау мен қорыту арқылы игеру жүзеге асырылады.


Білім алу, оқу және оқыта зерттеу - бұл танымдық әрекет. Оқушы зерттеп отырған пән бойынша ғылым саласына тиесілі білімдерді түрлі әдістерді қолдана отырып, терең игеруге мүмкіндік алады, жеке ғылыми тұжырымдарын шығармашылық үдеріске пайдаланады, белгілі дүниені жаңа қырынан қарастырып, таниды, дереккөздерді ашады. Яғни, бастауыш білім беру жағдайында оқушының зерттеу әрекеті ғылым игеруге жақындайды, бірақ ерекшелігі - тақырыптар білім беру талаптарына сай анықталады және шынайы нәтижелерге жетелейді, осы зерттеуге тән жаңалықты сипаттайды.

Білім алу мен оқу - зерттеу әрекетінің басым бағыттары болып: теориялық-танымдық, экспериментті-тәжірибелік, шығармашылық-ізденіс зерттеу әрекетіне қызығушылығын арттыру; оқушының әлеуметтік және өзінің құзыреттілігін анықтауға мүмкіндік жасау; зерттеу жүргізу дағдыларын жетілдіру; шығармашылық қабілеттері мен тұлғалық қасиеттерін дамыту; келешектегі орта және жоғары сыныптарда ғылымды игеру әрекеттерін жалғастыруға бейімдеу. Білім алу мен оқу - зерттеу әрекеті өзіне тән қағидаларды басшылыққа алады: ақиқаттық пен шынайылық, иерархиялық, жеке танымдық әрекетін ұйымдастыру, оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті, табыстылық, жеке және топтық немесе ұжымдық рефлекцияның өзара ішкі байланысы, жекелендіру, ғылыми этикалық мәдени түйсік т.б.

  1. Жоба - зерттеу әрекетіндегі ізденіс пен шығармашылық ой еңбегінің жемісі. Олар: мақала, баяндама, реферат, эссе т.б. зерттеу еңбегінің нәтижелері.

Жоба - зерттеу әрекеті теория мен тәжірибенің бірлігіне негізделіп, оқушының ізденушіліктегі жеке шығармашылық