Файл: Диссертация ылыми жетекшісі П.. к., доцент Навий Лиза азастан Республикасы к кшетау, 2023.docx
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 417
Скачиваний: 10
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
оларға түсініктер беріп, қалыптастыру. Түсінік - таным ішкі өзегіне айналып оның негізі болып табылады.
Ғылыми танымның көрсетілген кезеңдерін жүзеге асыру барысында әдіс-тәсілдерді орынды қолдану - бастауыш сынып оқушылары үшін ұйымдастырылып, жүргізілетін зерттеу үдерісін неғұрлым нәтижелі жасауға мүмкіндік туғызып, тиімді етеді. Дегенмен, «зерттеу» түсінігінің мазмұнына не кіретіндігін саналы ұғыну маңызды болып табылады. Ол зерттелетін заттың немесе нысанның жеке қасиеттері мен оның әрекетінің заңдылықтарын анықтау үшін, зерттеуге алынған затқа немесе нысанға қатысты орындалған логикалық және эксперименталды операциялар кешені, мақсатты бағытталған таным тұрғысынан түсіндірілуі әбден мүмкін және [36] ғылыми зерттеудің келесідей белгілерін ажыратады:
Ұйымдастырылған ғылыми
зерттеуді жүргізу барысын жүйелеп, негіздеуді есепке алу қажет және олардың сипаттамаларында жүйе бар екендігін басшылыққа алған дұрыс. Мәселен, зерттеу әдіснамасы, зерттеуді ұйымдастыру ерекшеліктері /жүргізу тәртібі/, зерттеудің ұстанымдық қағидаттары, зерттеудегі ғылыми этикалық мәдениет, зерттеу әрекетін жүргізудегі ерекшелікке байланысты таңдап және басшылыққа алынатын әдістер, зерттеу құралдары. Мысалы, осы мәселе жайында : «осы жұмыс субъектісінің шынайы өмір объектілерімен немесе өзге субъектілермен белсенді өзара әрекеттесу үдерісі; субъект белсенділігінің түрі /формасы/, ол зерттеушілік іс-әрекетте субъект дамуының барлық деңгейлерінде көрініс табады, яғни: зияткерлік, әрекеттік, әлеуметтік деңгейлерде» деп түсінеді.
Сондай-ақ, зерттеушілік іс-әрекет мәні жаңа білімді «ашу» факторымен сипатталады, және де ол бар білімдер мен адам тәжірибесі негізінде туындайды. Яғни, бұны - зерттеушілік іс-әрекет деп, түйіндейді [39].
Оқушының зерттеушілік әрекетіндегі ізденушілік қабілеттерінің қызметі нәтижесінде туындайтын белсенділік және де белгісіздік жағдайы шартында шешімдер іздеуді, сонымен қатар талдамалы ойлау /алынған нәтижелерді талдау/, осы негізде жағдайды бағалау, оның дамуын болжау. Бұл оқушының болашақ әрекеттерін болжауды меңзейтін іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде көрініс береді. Зерттеушілік іс-әрекеттің анықтаушы қасиеті оның процессуалды сипаттамасы болып табылады. Бастылары анықталмағандығы, нәтиже алу үшін жүргізілетін операцияларды білмеу немесе толық білмеу. Қажетті шарт болып табылатыны шешім қабылдаудағы
жеке әрекет.
Зерттеушілік іс-әрекет деп - «адамның ерекше іс- әрекеті, ол жеке тұлғаның санасымен және белсенділігімен реттеледі, зияткерлік танымдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған, оның өнімі қойылған мақсатқа сәйкес және объективті заңдарға сәйкес және де мақсаттың шынайылығы мен қолжетімділігін анықтайтын жеке жағдайларға сәйкес алынған жаңа білім болып табылады. Мәселені анықтау арқылы әрекеттердің нақты тәсілдері мен тәсілдерін анықтау, зерттеу объектісін айқындау, эксперимент өткізу, эксперимент нәтижесінде алынған деректер мен мәліметтерді сипаттау және түсіндіру, болжам /теория/ құру, алынған білімді болжамдау және тексеру осы іс-әрекеттің ерекшелігі мен мәнін анықтайды» [40].
«Оқушылар әлемді, өзін қоршаған ортаны және сондай-ақ өзін танып білуге итермелеу», яғни оқушылардың зерттеушілік әрекетінде белгісіздің шешімін іздестіру бағытындағы мұғаліммен бірлескен ізденушілік әрі шығармашылық әрекетіндегі үдерісі ретінде орын алады, олардың арасында мәдени құндылықтар тасымалдануы жүзеге асады, оның нәтижесі дүниетанымның қалыптасуы болып табылады» - деп көрсетеді [41].
Зерттеушілік іс-әрекет – «оқушылардың ғылыми іс-әрекеті» «оқу іс- әрекетінің белгілері: ол іс-әрекет субъектісімен жүзеге асырылып жеке оқушының тұлғалық ерекшеліктері және білім алу мүмкіндігі, себап-салдары мен мақсаттары аясында жүзеге асады; субъект іс-әрекетінде пайда болатын қиындықтар мен мәселелерді шешудегі зерттеу жүргізуге қажетті әдістер, мен құралдар таңдалады және басқада шарттарды жеткілікті түрде меңгерумен негізделеді; жүзеге асырылып отырған іс-әрекет түріне үйлесімді жаңа білім беру өнімін құруға әкеледі» - деп негіздейді [42].
Ал, бастауыш білім
беру жүйесінде зерттеушілік іс- әрекет ұғымының мазмұнын зияткерлік-шығармашылықтық іс-әрекеттің ерекше түрі деп бағалайды. Себебі, ізденістік пен шығармашылық белсенділік әрекет жасау қызметі нәтижесінде туындайды және де зерттеушілік мінез-құлық негізінде жасалады. Ізденістік пен шығармашылық белсенділік әрекеттері белгісіздік жағдай шартындағы қажетті мәліметтік деректерді таңдап, сұрыптаумен анықталады. Зерттеушілік мінез-құлық болса басымды түрде осы жағдайдағы субъекттің қызмет етуінің сыртқы контексін ғана сипаттайды. Ал, зерттеушілік іс-әрекеттегі қызмет - өзіндік құрылымын ғана сипаттайды. Ол логикалық тұрғыда өзіне зерттеушілік мінез-құлықының ынталандырушы факторларын /ізденістік, шығармашылық белсенділік/ және қолдану тетіктерін кіріктіреді. Бұнда дивергентті және конвергентті ойлау көрініс табады. Белгісіздік жағдайда зерттеушілік мінез-құлықты жүзеге асыру үшін бұл басты талап болып табылады [43].
Зерттеушілік іс-әрекетті - оқушылардың шындықты меңгеруі мен зерттеушілік ойлау қабілеттіліктілігінің дамуы және субъективті жаңа білімдерді /яғни өз бетімен алынған білімдер, нақты оқушы үшін жаңа болып табылатын және тұлғалық тұрғыда маңызды болатын білім/ меңгеру негізінде оқушының білім беру үдерісіндегі жеке тұлғалық ұстанымын арттырудың ауқымды және жан-жақты тәсілі ретіндегі зерттеудің қызметтік дағдысын меңгеруін түсінген [44].
Оқушының оқу-танымдық болмысын дамытудағы зерттеушілік әрекетінің ерекшелігі - оқушылар зерттеліп отырған ғылым әдістеріне сәйкес тәсілдерді пайдаланады, жаңа білімдер меңгерумен шектелмейді, керісінше ізденушілік шығармашылық үдеріске өз шешімін қосады, белгісіз жаңа сұрақтардың жауабын таба біледі, дерек көздерін кең ауқымды пайдаланады, бағдарламадан ауқымды және жетілдірілген танымдық іс-әрекет
әдістерін пайдаланады. Бұл оқушылардың зерттеушілік әрекетін ғылымилылықа жақындатады, дегенмен ерекшеліктерін сақтайды: тақырып мектеп бағдарламасы талаптарына сай анықталған және субъективті ғылыми жаңалықты ашуды болжайды, яғни зерттеуші үшін жаңашылдық болып табылатын шынайы нәтижеге қол жеткізу. Сонымен бірге, оқушылар ғылыми-зерттеу жұмысын да жүзеге асырады, ол оқушылардың мәліметтерді жинау және өңдеудің негізгі әдістері бойынша білімдеріне, осы әдістерді зерттеу логикасына сәйкес қолдану іскерліктеріне негізделеді.
Оқушылардың зерттеушілік әрекеті ретінде, олардың бұрыннан белгілі шешімі бар ізденушілік негіздегі шығармашылдық жұмыстары, яғни, зерттеушілік міндетін орындап, оның шешімін іздеумен байланысты және де зерттеуге тән келесідей негізгі кезеңдердің болуын болжайтын іс-әрекеттері: ғылымда қабылданған дәстүрлерден шығатын заңдылық ережелеріне мәселені қою, зерттеу мәселесіне арналған теорияны зерделеу, зерттеу әдістемесін іріктеу және оларды тәжірибелік тұрғыда меңгеру, жеке материалын жинақтау, оны талдау және жалпылау, өз қорытындыларын шығару.
Біз жоғарыда атап көрсеткендей, зерттеу ғылыми таным әдіснамасына сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Осы тұрғыдан алып қарағанда, зерттеушілік әрекеттің де өзіндік заңдылық ережелері бар.
3 ЖОБАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕСІ
3.1 Жобалық іс-әрекет арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекетінде қажетті болып табылатын ғылыми таным тетіктері мен жолдарын сипаттай отырып, қабылдау мен түсіну арқылы бақылау және осы бақылаулар арқылы алынған

-
ғылым саласындағы нақтылы зерттеу, эмпирикалық мәліметтері бар тәжірибелер, эксперименттер арқылы; -
кезеңдік өсу сатыны сақтау және кешенді эмпирикалық қатынас /деректер мен мәліметтерді ажырату, өлшеу әдістерін жасау/, логикалық /ішкі байланыстығы тізбектік негізінде бір тұжырымнан екінші тұжырым жасау және олардың өзара байланысын көрсету, ашу/ және теориялық /негіз іздеу, ұстанымдық қағидаларды айқындау, болжамдар мен заңдарды тұжырымдау/ танымдық міндеттерді шешу; -
нақтыланған деректер мен жалпы болжамдарға сипаттамалар бере отырып ажырату, себебі болжамдар эксперимент арқылы тексеруден өткізіледі; -
ғылыми зерттеу мақсаты – бұл нақтыланған деректер мен мәліметтерді және оған негізделген үдерістерді тек түсіндіру емес, сондай-ақ оларды ғылыми айналымға түсіру әрі тәжірибеге ендіру болып табылады.