ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.11.2021
Просмотров: 1902
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI
5-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
6-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ
7-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА
8-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР
9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу
3-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
10-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТЕТIКТЕРI
11-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛТIРIЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
13-тарау. ИНСПЕКТОРЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР
14-тарау. ӨНДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
15-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
5-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ПЕН КАДАСТРЛАР
16-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТА MEH ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МОНИТОРИНГI
17-тарау. ҚОРШАҒАН ОPTAHЫҢ ЛАСТАНУ УЧАСКЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК ЕСЕПКЕ АЛУ
18-тарау. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЛАРЫ
19-тарау. ӨНДIРIС ПЕН ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ
20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі
22-тарау. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУ КӨЗДЕРIН ЕСЕПКЕ АЛУ
6-БӨЛIМ. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ
25-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, МАМАНДАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ
26-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР
8-БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
28-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
29-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
30-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
31-тарау. ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
32-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
33-тарау. СУДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
34-тарау. ОРМАНДАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ӨСIМДIКТЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
35-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
37-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
41-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
42-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
44-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КӨМУ ПУНКТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
9-БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
46-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
20-1-бап.
Аудандардың, облыстық маңызы бар
қалалардың
жергiлiктi
атқарушы органдарының коммуналдық
шаруашылық
саласындағы құзыретi
Аудандардың,
облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi
атқарушы органдары коммуналдық шаруашылық
саласында:
1)
коммуналдық қалдықтардың пайда болуы
мен жинақталуы нормаларын әзірлейді
және аудандардың, облыстық маңызы бар
қалалардың жергiлiктi өкілді органдарына
бекітуге ұсынады;
2) коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету,
көму және кәдеге жарату тарифтерін
әзірлейді және аудандардың, облыстық
маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкілді
органдарына бекітуге ұсынады;
2-1) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу
саласында мемлекеттік саясатты іске
асырады;
3) жергілікті
мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан
Республикасының заңнамасымен жергiлiктi
атқарушы органдарға жүктелген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту.
20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.22 №
479-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N
239-V(алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
2-БӨЛIМ.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ
ҚЫЗМЕТТI
ЛИЦЕНЗИЯЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
НОРМАЛАУ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
САЛАСЫНДАҒЫ
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ, ҚОРШАҒАН ОРТАҒА
ӘСЕРДI
БАҒАЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА,
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР,
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
АУДИТ
21-бап.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
қызметтi
лицензиялау
1.
Жеке және заңды тұлғалардың табиғат
қорғау iсiн жобалау, нормалау және
экологиялық аудит жөнiндегi қызметi осы
Кодекстiң 40-бабына сәйкес шаруашылық
және өзге де қызметтiң I санаты үшiн
қоршаған ортаны қорғау саласындағы
жұмыстарды орындау мен қызметтер
көрсетуге арналған лицензияның негiзiнде
жүзеге асырылады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
жұмыстарды орындау мен қызметтер
көрсетуге қызметті лицензиялауды
Қазақстан Республикасының рұқсаттар
және хабарламалар туралы заңнамасына
сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын
бiлiктiлiк талаптарын қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкілетті орган
бекітеді.
Ескерту.
21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
2011.07.15 N
461-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін алты ай
өткен соң қолданысқа енгізіледі),
2012.07.10 N
36-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
16.05.2014 №
203-V (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін алты
ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
29.09.2014 N
239-V (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
4-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ
22-бап. Экологиялық нормалаудың мақсаты
1.
Экологиялық нормалаудың мақсаты
экологиялық қауiпсiздiктi, экологиялық
жүйелер мен биологиялық әртүрлiлiктi
сақтауды қамтамасыз ететiн қоршаған
орта сапасын реттеу және оған жол беруге
болатын әсердi белгiлеу болып табылады.
2. Экологиялық нормалау процесiнде
қоршаған орта сапасының нормативтерi,
эмиссиялар нормативтерi және табиғи
ресурстарды пайдалану мен қорғау
саласындағы нормативтер белгiленедi.
23-бап.
Қоршаған орта сапасының нормативтерi
және оларды
белгiлеу тәртiбi
1.
Қоршаған орта сапасының нормативтерiне:
1) қоршаған орта жай-күйiнiң химиялық
көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген
нормативтер, оның iшiнде радиоактивтi
заттарды қоса алғанда, жол беруге болатын
шектi шоғырлану, химиялық заттардың
шамалап алынған қауiпсiз деңгейлерiнiң
нормативтерi;
2)
қоршаған орта жай-күйiнiң физикалық
көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның
iшiнде шудың, тербелiстiң, магнит
өрiстерiнiң, радиоактивтiлiктiң, жылудың
және өзге де физикалық әсерлердiң жол
беруге болатын шектi деңгейлерiнiң
нормативтерi;
3)
қоршаған орта жай-күйiнiң биологиялық
көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның
iшiнде қоршаған орта сапасының индикаторлары
ретiнде пайдаланылатын өсiмдiктердiң,
жануарлардың және басқа да организмдердiң
түрлерi мен топтарының нормативтерi,
сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық
ережелермен және нормалармен, гигиеналық
нормативтермен регламенттелетiн,
микроорганизмдердiң жол беруге болатын
шектi шоғырлану нормативтерi:
топырақ бонитетi, қарашiрiндiнiң құрамы,
топырақтың су және жел эрозиясына
ұшырау, олардың батпақтану, сортаңдану,
тұздану көрсеткiштерi және жер топырағының
басқа да сипаттамалары;
аумақтың ормандылығы және онда орман
өсiру, орманның қоқыстануы, ормандардың
санитарлық жай-күйi, орман қорының
жекелеген учаскелерiнiң басқа да сандық
және сапалық көрсеткiштерi;
ауыз суға және өзге де мақсаттарға
пайдаланылатын су сапасының
нормативтерi;
табиғи ресурстар жай-күйiнiң Қазақстан
Республикасының заңнамасында көзделген
өзге де нормативтерi;
4) қоршаған орта сапасының Қазақстан
Республикасының заңнамасында көзделген
өзге де нормативтерi жатады.
2. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi
мемлекеттiк орган жол беруге шектi
шоғырлану нормативтерiн белгiлеу
мақсатында зиянды заттарды қауiптiлiк
дәрежесiне қарай сыныптауды қамтитын,
ықтимал қауiптi химиялық заттарды
мемлекеттiк тiркеудi жүргiзедi. Мемлекеттiк
тiркеуден өткен химиялық заттарды
Қазақстан Республикасының аумағында
қолдануға жол берiледi.
3. Жол беруге болатын шектi шоғырлану
және заттардың шамамен алынған қауiптiлiк
деңгейлерiнiң нормативтерiн белгiлеу
тәртiбi Қазақстан Республикасының
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
туралы, жануарлар
дүниесiн қорғау,
өсiмiн молайту және пайдалану туралы
заңнамаларында, Қазақстан Республикасының жер
заңнамасында айқындалады.
4. Табиғи ресурстар жай-күйiнiң нормативтерi
Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес табиғи ресурстардың әрбiр түрi
бойынша белгiленедi.
24-бап. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi
1.
Жекелеген аумақтар үшiн қоршаған орта
сапасының нысаналы көрсеткiштерi
белгiленуi мүмкiн.
2. Қоршаған орта сапасының нысаналы
көрсеткiштерi қоршаған орта сапасын
бiрте-бiрте жақсарту қажеттiгi ескерiле
отырып, қоршаған ортаның нормаланатын
параметрлерiнiң белгiлi бiр уақыт кезеңiне
арналған шектi деңгейiн реттейдi.
3. Қоршаған орта сапасының әртүрлi
нысаналы көрсеткiштерi:
1) қоныстану аумағы;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
3) рекреациялық аймақтар;
4) шөл және шөлейт аудандар;
5) су объектiлерi үшiн белгiленуi
мүмкiн.
4. Қоршаған орта сапасының нысаналы
көрсеткiштерi Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің
құжаттарында белгiленедi.
5. Қоршаған орта сапасының нысаналы
көрсеткiштерiн белгiлеу:
1) Қазақстан Республикасының бүкiл
аумағында қоршаған орта сапасының
нормативтерiне кезең-кезеңмен қол
жеткiзiлуiн;
2) экологиялық қауiпсiздiктi және халық
денсаулығы үшiн қатердi азайтуды;
3) әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
жоспарлау жүйесінің құжаттары, сондай-ақ
экожүйелердi, өсімдіктер мен жануарлар
дүниесiнiң тектiк қорын сақтау қажеттiгi
ескеріле отырып, қоршаған орта сапасының
нормалануын қамтамасыз етуге тиiс.
6. Қоршаған орта сапасының нысаналы
көрсеткiштерiн айқындау тәртiбiн қоршаған
ортаны қорғау саласындағы уәкілетті
орган белгiлейдi.
Ескерту.
24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
03.07.2013 №
124-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
29.09.2014 N
239-V (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
25-бап. Эмиссиялар нормативтерi
1.
Эмиссиялар нормативтерiне:
1) эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi;
2) ластаушы заттардың жол беруге болатын
шектi шығарындылары мен төгiндiлерiнiң
нормативтерi;
3)
өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру
нормативтерi;
4) жол берiлетiн физикалық әсер (жылу
мөлшерiнiң, шу, тербелiс, иондаушы сәуле
және өзге де физикалық әсерлер деңгейiнiң)
нормативтерi;
5)
күкіртті қоршаған ортада ашық түрде
орналастыру нормативтері жатады.
2. Эмиссиялар нормативтерi аумақтардың
және акваторияның табиғи ерекшелiктерi
ескерiле отырып, қоршаған орта сапасы
нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз
етуге тиiс және жол берiлетiн шектi
шоғырлану немесе қоршаған орта сапасының
нысаналы көрсеткiштерi негiзiнде
есептеледi.
3.
Эмиссиялар нормативтерiнiң шамалары
шаруашылық және өзге де қызметтiң
қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына
терiс әсерiн азайту мақсатында экологиялық
рұқсаттар беру мен қажеттi техникалық
iс-шаралар өткiзу қажеттiгi туралы шешiмдер
қабылдауға негiз болып табылады.
Ескерту.
25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N
505-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
26-бап. Эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi
1.
Эмиссиялардың техникалық үлестiк
нормативтерi өнеркәсiптiң нақты процестерi
мен салалары үшiн ең озық қолжетiмдi
технологиялар енгiзу негiзiнде
белгiленедi.
2. Эмиссиялардың техникалық
үлестiк нормативтерi техникалық регламенттерде белгiленедi
және кешендi экологиялық рұқсаттардың
негiзi болып табылады.
3. Атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың
жылжымалы көздері үшін эмиссиялардың
техникалық үлестік нормативтері
техникалық регламенттерде белгіленеді.
Ескерту.
26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N
505-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
27-бап.
Ластаушы заттар шығарындылары мен
төгiндiлерiнiң
жол
берiлетiн шектi нормативтерi, өндіріс
және
тұтыну
қалдықтарын орналастыру нормативтері
1.
Парниктік газдар шығарындыларын
қоспағанда, ластаушы заттар шығарындылары
мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi,
өндіріс және тұтыну қалдықтарын
орналастыру нормативтері қоршаған орта
сапасының нормативтерiне қол жеткiзудi
қамтамасыз ететiндей шартпен
эмиссиялардың әрбiр стационарлық
көзi және тұтастай кәсiпорын үшін
есептеулер негiзiнде белгiленетiн
эмиссиялардың шамалары болып
табылады.
2. Ластаушы
заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң
жол берiлетiн шектi нормативтерi, өндіріс
және тұтыну қалдықтарын орналастыру
нормативтері қоршаған ортаға эмиссияларға
рұқсаттар беру кезiнде шығарындылардың
стационарлық және жылжымалы көздері,
технологиялық процестер мен жабдықтар
үшін эмиссиялар нормативтерінің есептеу
мәндерiн, техникалық үлестік нормативтерінiң
белгiленген мәндерiн қамтитын жобалар
құрамында пайдаланылады. Ластаушы
заттардың жол берiлетiн шекті шығарындылары
мен төгiндiлерiнiң белгіленген
нормативтерінің қолданылу мерзімі,
өндіріс және тұтыну қалдықтарын
нормативтік орналастыру мерзімі I, II
және III санаттардағы объектілер үшін
күнтізбелік он жылды құрайды, IV санаттағы
объектілер үшін – мерзімсіз.
Ескерту.
27-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.03 N
505-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 №
269-V (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
28-бап. Эмиссиялар нормативтерiн айқындау тәртiбi
1.
Қоршаған ортаға эмиссия нормативтері
көзделген шаруашылық және өзге де
қызметтің қоршаған ортаға әсерін
бағалау құрамында не жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындар үшін жеке құжаттар түрінде
негізделеді.
2. Осы
Кодекстің 40-бабына сәйкес шаруашылық
және өзге де қызметтің I санаты үшін
эмиссиялар нормативтерiн әзiрлеудi
қоршаған ортаны қорғау саласындағы
жұмыстарды орындау мен қызметтер
көрсетуге лицензиясы бар жеке және
заңды тұлғалар жүзеге асырады.
3. Жекелеген көздер бойынша эмиссиялар
нормативтерi эмиссиялардың техникалық
үлестiк нормативтерiне теңестiрiлiп
белгiленедi не қоршаған орта сапасының
нормативтерi негiзiнде есептеу арқылы
айқындалады.
4.
Эмиссиялар нормативтерiн есептеу арқылы
айқындау әдiстемесiн қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкiлеттi
орган бекiтедi.
5. Эмиссиялар нормативтерiн белгiлеу
кезiнде қоршаған ортаның iс жүзiндегi
ластануы ескерiледi. Қоршаған орта сапасы
параметрлерiнiң фондық шоғырлануы
жөнiндегi деректерді жобаның тапсырыс
берушiсiмен немесе жобалау ұйымымен
жасалған шарт бойынша ұлттық
гидрометеорологиялық қызмет ұсынады.
Қоршаған орта сапасы параметрлерiнiң
фондық шоғырлануы жөнiндегi деректерді
ұсыну қоршаған ортаның жай-күйіне
мониторинг жүргізуге технологиялық
байланысты қызметке жатады.
6. Атмосфераға ластаушы заттар шығарудың
жылжымалы көздерінен туындайтын эмиссия
нормативтерi белгіленбейді. Шығарылған
газдардағы атмосфералық ауаны ластайтын
негiзгi заттардың шектi концентрациясы
Қазақстан Республикасының техникалық
реттеу туралы
заңнамасымен айқындалады.
Ескерту.
28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N
461-IV(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін алты ай
өткен соң қолданысқа енгізіледі),
2011.12.03 N
505-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
2012.07.10 N
34-V (алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
29-бап.
Табиғи ресурстар жай-күйiнiң өзге
де
нормативтерi
1.
Табиғи ресурстарды қорғау мен молықтыру
мақсатында табиғи ресурстар жай-күйiнiң
нормативтерi белгiленедi.
2. Табиғи ресурстар жай-күйiнiң нормативтерi
және оларды белгiлеу тәртiбi Қазақстан
Республикасының жер
қойнауы және жер қойнауын пайдалану
туралы, жануарлар
дүниесiн қорғау,
молықтыру және пайдалану саласындағы
заңнамасында, Қазақстан
Республикасының жер, су, орман заңнамасында
айқындалады.
5-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
30-бап.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
сәйкестiктi
растау объектiлерi мен рәсiмi
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестiктi растау объектiлерi мен рәсiмi Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында айқындалады.
31-бап.
Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз
ету
мақсатында сәйкестiктi растауға
арналған
стандарттар
1.
Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк
құқықтық актiлерде белгiленген талаптарды
орындау үйлестiрiлген стандарттармен
қамтамасыз етiледi.
Ұйымдардың стандарттары қолдану үшiн
ерiктi сипатта болады және техникалық
реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық
актiлерде белгiленген талаптарға қайшы
келмеуге тиiс.
2. Сәйкестiгiн растаудан өтпеген,
сәйкестiгiн растаудан мiндеттi түрде
өтуге тиiс өнiмдердi, қызметтер көрсетудi,
процестердi өткiзуге тыйым салынады.
32-бап. Экологиялық таңбалау
1.
Экологиялық таңбалаудың мiндеттерi:
1) тұтынушыларды қоршаған ортаға қауiптi
өнiмдердi сатып алудан (пайдаланудан)
қорғау;
2) өнiмдердiң
барлық түрлерiн өндiру, пайдалану және
жою, (кәдеге жарату, өңдеу) кезiнде
қоршаған ортаның ластануын болдырмау;
3) жабдықтардың, технологиялық процестердiң,
өндiрiстердiң және өнiмдердiң экологиялық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
4) экологиялық қауiпсiз технологиялық
процестердi, жабдықтарды және өндiрiстердi
енгiзу;
5) елге
экологиялық қауiптi өнiмдер мен
технологиялардың әкелiнуiн болдырмау;
6) отандық өнiмнiң экспортталуына
жәрдемдесу және бәсекеге қабiлеттiгiн
арттыру болып табылады.
2. Өндiрiлу кезiнде қоршаған ортаға,
халықтың денсаулығына және биологиялық
ресурстарға зиянды әсерi неғұрлым аз
немесе қолайлы әсер ететiн өнiм экологиялық
таңбалау объектiсi болып табылады.
Экологиялық таңбалау объектiсi өнiм
өндiру процесi мен қолданылатын
технологияларды қамтиды.
3. Өндiрушiлер өз өнiмiн сәйкестiгi
расталғаннан кейiн экологиялық таза
өнiм белгiсiмен ерiктi негiзде таңбалайды.
Өнiмдi экологиялық таңбалауды тиiстi
саладағы коммерциялық емес ұйым Қазақстан
Республикасының техникалық
реттеу туралы заңнамасында
көзделген тәртiппен жүзеге асырады.
4. Экологиялық таза өнiм стандарттарын,
экологиялық таза өнiм белгiсiнiң нысанын
және оған қойылатын техникалық талаптарды
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес
аккредиттелген коммерциялық емес ұйым
белгiлейдi.