Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 270
Скачиваний: 8
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер
Зерттеу нәтижелерінің негіздемелігі
1 Қазақ күресінен жас балуандарды техникалық-тактикалық дайындау теориясы
1.1 Қазақ ұлттық дене мәдениетінің теориялық- әдістемелік негіздері
1.2 Қазақ ұлттық дене мәдениетінің педагогикалық қызмет мүмкіндіктері
1.3 Өзіндік зерттеу материалдарын алу әдістері
Қазақ күресі балуандарының техникалық- тактикалық даярлығын жетілдірудің эксперименталды әдістемесі
Қазақ күресі ҰСК біршама жиі қолданылатындар тәсілдер – жамбастан асыра лақтыру - 26%, жығу - 13%, аяқпен алдынан қағып лақтыру - 10%. спортшылар сирек қолданатындары – сырттан шалып лақтыру - 2%, иіріп лақтыру - 2%, іштен шалып лақтыру - 3%.
Қарапайым және «бүк» күйіндегітөмен бағаланатын ТӘ анықталды. Балуандар жекпе-жегінің көріністілігін арттыруға арналған жарыс ережелерін жетілдіру жоғары бағаланатын , бірақ өкінішке орай қазіргі кезде біршама сирек қолданылатын ТТӘ ((«жартылай жеңіс», «таза») талап етіледі. Берілген нәтижелер түрлі зерттеулермен дәлелденеді [3, б.6; 5, б.6; 76, б.48; 77, б.48; 143, б.60].
СӘ зерттеу нәтижесінде балуандар қолданатын шалып лақтырулар, бүгіле лақтырулар, қапсыра лақтырулар, иықтан асыра лақтырулар сияқты тиімді ТТӘ айқындалды.
Аталып кеткен ТТӘ көріністі болып келеді, бұны басты қазақ күресінен спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылардың арасында сауалнама жүргізу барысында анықталды [177].
Біршама қарапайым және төмен бағаланатын ТӘ жиі қолдану қарқындылықтың артуымен – қатал бәскелестік жағдайында жарыстық жекпе- жекті жүргізудің жоғары белсенділігі, спортшылардың жоғары жауапкершілігі мен керемет эмоциялы ширығуымен байланысты болады. Мұның барлығы түрлі және жоғары бағаланатын ТТӘ қолданудың шектелуіне әкеп соғады, бұл өз кезегінде спортшыларды функционалды қорларының айқындалуына жүгінуіне мәжбүрлейді. Мұның басты себептерінің бірі – қазақ күресі СК бойынша жарыс ережелері, жарысты ТТӘ қарабайырлануының айқын басымдылығы байқалады. Спорттық шеберліктің өсуі бойынша қарапайым, төмен бағаланатын, ТТӘ орындаудың жекелей көптүрлілігімен ерекшелене бермейтін тәсілдерінің жиынтығын жасау.
Арнайы әдебиеттер мәліметтері [3, б.6, 4, б.6; 5, б.6; 44, б.45; 151, б. 62], СӘ мен ОЖҮ зерттеу жарыста ТТӘ кейбір ерекшеліктерін, жарыс ережелерінің өзгеріп отырғандығын есепке ала отырып, «қазақ күресінен» білікті балуандардың ТТД жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді (кесте 3).
Кесте 3 – Білікті балуандардың ТТД жетілдіру ерекшеліктері
Балуандардың жарыстық техникалық- тактикалық әрекеттер ерекшеліктері | Балуандардың ТТӘ жетілдіру бағыттары |
Қарапайым және төмен бағалымды техникалық-тактикалық әрекеттерді қолдану | Түрлі тәсілдерді біршама тиімді жарыстық техникалық-тактикалық әрекеттерді үйлесімділікте қалыптастыру |
Кілемнің үстінде белсенді қозғала жүріп жекпе-жек өткізу | Белсенді күрес дағдыларын белдесулерда және қатаң қысым көрсетілуі, тепе-теңдіктен шығару жағдайларында жетілдіру |
Күресті белсенді жүргізу | |
Жарыстық жекпе-жекті сылбыр жүргізгендігі үшін ескерту берілмейтін қорғану техникалық- тактикалық әрекеттерін қолдану | |
Түрлі және жоғары бағаламалы техникалық әрекеттерді қолдануды азайту | |
Жарыстық ТТӘ төмендегідей ерекшеліктері кездеседі:
-
мықты балуандардың ТТӘ заманауи сараптамасы негізінен салыстырмалы түрде қарапайым және төмен бағаланатын тәсілдерден тұрады. Спортшылардың ТӘ біршама тиімді және көптүрлілігі аз болып келеді, сонымен қатар жарыстардағы ТӘ орындалуының сенімділігі артып келеді; -
балуандар жекпе-жегі жарыс ережелеріне сай құрылады. Спортышлар тұрған күйде мақсатты-бағытты белсенді күресті көрсеткендей болып, күресті өзіне ыңғайлы күйге көшіріп алуға тырысады; -
заманауи ережелер қазақ күресі СК ТӘ мүмкіндігін максималды жүзеге асыруға жағдай жасамайды және тек аздаған басымдылықпен жеңуге (негізгі уақытта жеңіске қол жеткізуге қажетті)мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде функционалды қорлардың айқындалуына жүгінуге мәжбүрлейді.
Жекпе-жектердің нәтижелілігі мен көріністілігін қамтамасыз етуге арналған білікті балуандардың ТТӘ қалыптастыруы келесі шарттардың орындалуы барысында жүзеге асырылады:
-
жарыстық белдесулерде тиімді іс-әрекеттерді қолдану мақсатында түрлі ТӘ жиі бағаланатын жарыстық ТТӘ үйлесімділікті жетілдіру қажет, сондықтан бұл тәсілдерді үйлесімділікте қарастыру жарыстық жекпе-жек тиімділігін арттырады; -
жарыстық жекпе-жектің моделін құру: уақыты шектелуі белсенді күрес жағдайында белдесудің алғашқы минуттарында қатаң күштік қысым көрсету, тығыз байланысты белдесулі күрес, тепе-теңдіктен шығару; -
тиімді жарыс тәсілдерімен үйлесімділікте таза жеңіске жетуге арналған ТТӘ жетілдіру, ТӘ үйлесімділігін орындау; -
қорғану ТТӘ туындап отырған стандартты және динамикалық жағдайларды есепке ала отырып, жоғарыбағаламалы ТӘ сенімділігін арттыру.
ТТД жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтау, біршама тиімді ТӘ, СӘ ерекшеліктерін құрастыру нәтижесінде білікті балуандардың тиімді ТТӘ қалыптастыруға арналған эксперименталды әдістеме жасалынды. Жылдық жаттығу цкилінде білікті балуандарды даярлау бөлімдерінің үйлесімділігі берілген (кесте 4).
Кесте 4 – Спорттық жаттығудың жылдық цикліндегі даярлық бөлімдерінің үйлесімділігі, %
Спорттық даярлық бөлімдері | Құралдар көлемі | |
Бақылау тобы | Экспериментальді топ | |
Теориялық даярлық | 2,0 | 2,0 |
ЖДД | 21,0 | 19,0 |
АЖД | 17,0 | 14,0 |
ТТД | 54,0 | 60,0 |
Қалпына келтіру іс-шаралары мен даярлықтың басқа бөлімдер | 6,0 | 5,0 |
∑ | 100,0 | 100,0 |
Спорттық жетілдірілу топтарында теориялық даярлық бөлімі 2,0 %, ЖДД– 21,0 %, АДД – 17,0 %, ТТД– 54,0 % және басқа бөлімдері – 6,0 % құрайды.
Біз ұсынып отырған жетілдіру құралдары әдістемесінде: теоретиялық бөлім – 2,0%; ЖДД– 19,0%; АДД – 14,0 %, ТТД - 60,0% және басқа бөлімдері
-
5,0 % құрайды.
Түрлі ТӘ тиімді және жиі қолданылатын жарыстық ТТӘ БТ және ЭТ үйлесімділікте жетілдіру 8 кестеде айқындалған.
Белсенді күрес дағдыларын жетілдіруге арналған ОЖС тығыз белдесуде, қатаң күштік қысым көрсету жағдайында жаттықтырудың жылдық циклінде– 12,0 %, тепе-теңдіктен шығару– 10,0 % құрайды.
Күрестің заманауи ережелері балуандардың функционалды даярлығын жүзеге асыруға арналғандықтан спортшылардың СК ТТӘ түрлі мүмкіндіктерін қолдануы шектеледі, бұл жарыстық жекпе-жектердің көріністілігін біршама төмендетеді. қазақ күресі СК дамуының басымдылық танытатын түрлі және жоғары бағалымды ТТӘ орындалуын талап ететін жарыс ережелеріне ары қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге арналған (8 кесте).
Білікті балуандардың даярлығын жетілдіру әдістемесі ұсынылған үлгіде жетілдірудің жасалған әдістемесі, түрлі, үйлесімді, қазіргі кезде жарыстарда сирек қолданылатын қорғану және шабуыл кезеңінде жоғары бағаламалы ТТӘ қалыптастырып, жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кесте 5 – Кешенді тапсырмалар уақытын балуандарды жаттықтырудың жылдық циклінде бөлу
Оқу-жаттығу тапсырма кешендері | Сағаттар саны, % | |
Бақылау тобы | Экспериментальді топ | |
Тиімді жарыстықтехникалық- тактикалық әрекеттерді жетілдіру | 7,0 | 9,0 |
Тепе-теңдіктен шығару және тәсілді жүргізу үшін оңтайлы жағдайлар жасау дағдыларын жетілдіру | 8,0 | 10,0 |
Қатаң күшті қысым жағдайларындағы бесленді күресу, белдесу дағдыларын жетілдіру | 10,0 | 12,0 |
Шабуылдау және қорғану іс- әрекеттерін жетілдіру | 6,0 | 8,0 |
Түрлі тәсілдерді тиімді жарыстық ТТӘ үйлесімділікте жетілдіру | 14,0 | 21,0 |
∑ | 45,0 | 60,0 |
Х | 9,0 | 12,0 |
ОЖТ мәліметтерін қолдану қолдағы жарыс ережелерінің балуандардың ТТӘ құрамы мен құрылымына қатысты пайдаланылды.
Зерттелушілердің ЖТ және БТ 17-19 жас аралығындағы түрлі білікті спортшылардан құралған: 15 балуан ЭТ және 15 балуан БТ құрады. ПЭ қатысушы балуандардың біліктілігі: СШ - 10 спортшы, СШҮ - 20 спортшы, осыған сәйкес әрбір тәжірибе тобында - 5 СШ және 10 СШҮ. Ескере кететін жайт, ЭТ және БТ СӘ көрсеткіштері бойынша экспериментке дейін бірдеңгейлі даярлық болды және бір-біріне қатысы еркешелене қойған жоқ болатын (Р>0,05).
ЭТ ТТД жетілдіруге арналған жоспарлы уақытта түрлі, сенімді, қорғану және жоғары бағаламалы шабуыл ТТӘ қалыптастыруға арналып жасалған ОЖС қолданылды.
Жасалған әдістеме тиімділігі ЭТ СД көрсеткіштерімен салыстыру жолымен бағаланды. Жасалған әдістеменің ЭТ көрсеткіштерін ПЭ басында СӘЭ көрсеткіштерімен салыстыра қарастыру жолымен бағаланды (кесте 9).
Кесте 6 – Бақылау тобындағы экспериментке дейінгі көрсеткіштері
Сынақталушы | Шабуылдау әрекеттерінің белсенділігі | Қорғаныс әрекеттерінің белсенділігі | Шабуылдау әрекеттерінің сенімділігі | Қорғаныс әрекеттерінің сенімділігі | Шабуылдаушы әрекеттердің үйлесімділігі | Тиімді техника көлемі | Тәсілдердің сапалы бағаламасы | Жарыстық техника көлемі | Жарыстарда иеленген орын |
М-в | 1,13 | 1,16 | 0,80 | 9,37 | 1,72 | 2,04 | 2,53 | 2,66 | 12,25 |
Б-в | 0,33 | 0,40 | 0,30 | 8,49 | 0,41 | 0,68 | 0,72 | 1,44 | 5,04 |
Т-в | 0,41 | 0,37 | 0,38 | 8,87 | 0,40 | 0,55 | 0,73 | 0,94 | 6,45 |
Б-в | 0,32 | 0,45 | 0,31 | 7,84 | 0,38 | 0,55 | 1,68 | 1,46 | 4,09 |
К-в | 0,43 | 0,38 | 0,42 | 9,15 | 0,39 | 0,45 | 0,73 | 0,98 | 5,52 |
И-в | 0,35 | 0,42 | 0,29 | 8,80 | 0,40 | 0,48 | 0,65 | 0,95 | 7,02 |
Д-в | 0,39 | 0,44 | 0,33 | 8,14 | 0,47 | 0,55 | 0,71 | 0,93 | 4,92 |
Е-ы | 0,36 | 0,40 | 0,38 | 8,39 | 0,38 | 0,50 | 1,59 | 1,45 | 8,57 |
С-ы | 0,31 | 0,44 | 0,41 | 9,00 | 0,43 | 0,53 | 1,67 | 0,97 | 5,15 |
П-в | 0,35 | 0,41 | 0,35 | 8,34 | 0,47 | 0,50 | 0,69 | 0,93 | 5,50 |
А-ы | 0,33 | 0,60 | 0,32 | 8,48 | 0,40 | 0,53 | 0,72 | 1,49 | 7,10 |
А-в | 0,31 | 0,53 | 0,33 | 9,30 | 0,43 | 0,65 | 0,69 | 0,93 | 7,12 |
К-ы | 0,31 | 0,51 | 0,36 | 8,27 | 0,42 | 0,68 | 0,70 | 0,94 | 6,52 |
Р-в | 0,37 | 0,48 | 0,30 | 9,14 | 0,45 | 0,58 | 1,75 | 1,46 | 7,00 |
А-в | 0,30 | 0,36 | 0,27 | 6,42 | 0,37 | 0,48 | 0,66 | 0,92 | 4,89 |
Х | 0,40 | 0,49 | 0,37 | 8,57 | 0,50 | 0,65 | 0,88 | 1,23 | 6,53 |
∑ | 0,24 | 0,23 | 0,15 | 0,85 | 0,39 | 0,45 | 0,54 | 0,50 | 2,12 |