Файл: Дипломды Жмыс 5В01401 Дене трбиесi жне спорт.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 282

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақ күресі үшін аксиологтялық және этикалық сипатты философиялық- әлеуметтік зерттеулер өзекті болып табылады. Бұл дүниетанымдылық- иедологиялық бағдарлардың өз мәндерін жояды және біршама өзгереді. Спорт индустрия саласы, спортшылардың кәсіби қызметінің көріністі саласы болып отыр, сондықтан бәсекелестіктік әлеуметтік танылуын, допингтік құралдар мәселелерін, эстетикалық, этикалық, діни құндылықтарды қажет етеді.

Е.А.Алимхановтың пікірі бойынша, қазақ күресінің көріністілігін қоғамдық-бұқаралық ісшаралармен, қазақ ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық іс-шараларға деген шынайы сезімдердің белсендірілуімен байланыстырылады, қимыл-қозғалыстардың, дене сұлулығының және іс-әрекет этикасының қабылдануына, түсіндірілуіне ерекше көңіл бөлінеді. Кейбіреулерді балуандардың қарсыластығының эмоционалды жағы көбірек қызықтырады, бірақ дегенмен дөрекілік, тәртіпсіздік емес, ҚӘ қарсыласпен жекпе-жекте қол жеткізуге ықпал ететін жеңілдігі мен әдемілігі басты болып табылады [72].

Осыған байланысты, қазақ күресі СК көрермендер түсінуі үшін қолжетімді болу, тартымдылық, эмоциялық күйді арттыру және түрлі қозғалмалы, тиімді (есте қаларлықтай, таңқалдырарлықтай) іс-әрекеттерді орындау, жарыстық жекпе-жектердің эститикалық тартымдылығы мақсатында жарыс ережелері өзгертіліп, толықтырылып отырады.

Е.А.Алимханов зерттеулерінде [73] қазақ күресінің техникасы мен тактикасының тартымдылығын жіктемеге сәйкес тәсілдер бойынша анықтауға және жеңімпаздарды айқындаудың жаңа ережелерін қарастыруға талпыныс жасалған (3 кесте).

Автор біршама көріністі тәсілдерінің тобын анықтаған, олар: қапсыра лақтырулар - 4,8; айналдыра лақтырулар - 4,6; иықтан асыра лақтырулар - 4,3; бүгілген күйде лақтырулар - 4,2; көрінісі біршама төмендері: құлату – 1,8 және
басқа амалдар - 0,9.

Жоғарыда аталған мәселелерге байланысты қазақ күресі спорттық күресіндегі көріністілік деп жалпылама қолжетіміділік пен қабылдаудың артуы түсіндіріледі.
Кесте 1– Қазақ күресі әдістерінің көріністілігі»


Техникалық іс-әрекеттер

Көріністілік бағасы

Лақтырулар:

Х




-Аяқпен алдынан қағып лақтыру

2,7

0,95

-Аяқпен жанынан қағып лақтыру

3,5

0,98

-Аяқпен іліп лақтыру

4,2

0,48

-Іштен шалып лақтыру

4,6

0,63

-Аяқпен бұттан қағып лақтыру

4,8

0,28

-Сырттан шалып лақтыру

4,3

0,59

-Кеудеден асырып лақтыру

4,2

0,68

-Арқадан асыра лақтыру

4,3

0,66

-Жамбастан асыра лақтыру

3,2

0,57

-Иіріп лақтыру

2,7

0,83

-Жығу

1,8

0,90

-Отырғызу

4,7

0,49

Басқа техникалық әдістер

0,9

0,44



45,9

8,49

Х

3,53

0,65


Көрермендерің алдында спортшылардың тиімді, есте қаларлықтай, таңқаларлықтай, жоғары бағаланатын, нәтижелі ТТӘ көрсетуі.

«Жарыс ережелерін балуандардың ЖӘ жүзеге асыруын шектеуші шарттар

ретінде негізгі құқылы құжат ретінде қабылдай отырып ескерте кететін жайт, ережелерге енгізілетін өзгерістер қатаң түрде негіздемелі және балуандардың даярлық әдістемесін жетілдіру жолдарын айқындауы қажет. Мұндай өзгерістерді жастық жекпе-жектердің мазмұнына спортшылар ағзасының түрлі жүйелерінің осы жекпе-жектердің әсерінен болатын оң және теріс динамикасын екере отырып сараптама жүргізу қажет»[74].

Жарыстық күрестің негіздемелі құрылған стратегиясын жүзеге табысты асыру көбіне жарыс ережелерімен анықталады. Жарыс ережелерінің аздаған өзгерістерінің өзі спортшының ЖӘ сапалы және сандық көрсеткіштерінде және оның СД жаттығу тәртібінде айқындалады [75].

Өкінішке орай, қазақ күресі СК халықаралық федерациясы қызметі берілген жекпе-жек түрінің көріністілігі мен танымалдылығын арттыру мақсатында балуандардың жепе-жектерін белсендіруге арналған, жекпе- жектерді жүргізудің объективті заңдылықтарына аздау көңіл бөлінбеген, кілем үстіндегі жеңістің спортшы ағзасына қандай бағамен келетіндігі аз мөлшерде қызықтырылды. 1990 жылдан бастап қазақ күресінен халықаралық жарыстар біршама өзгертілді және сегіз реттей толықтырулар енгізілді, дегенмен мұның өзін позитивті құбылыс деп айту мүмкін емес. Балуандар жекпе-жегінің көріністілігін шын мәнінде арттыратын ережелердің өзгертілуімен қатар қазақ күресі Халықаралық федерациясы осы уақыт ішінде не балуандардың ЖӘ ешбір оң өзгерістер енгізбеген, не теріс әсерлі болған бірқатар өзгерістар саны енгізді [8, б.6].

Соңғы жылдары қазақ күресі СК бірнеше рет енгізілген өзгерістер жаңа талаптарға сай өзгеше, бірақ көбіне балуаннның замануи жарыстық үлгісіне қайшы келетін болды. Керісінше, спортшылардың іс-әрекеттерін қарқындандыру жолымен жекпе-жектің көріністілігін арттыруға деген қызметін федерация бұл жекпе-жек
дұрыс жолмен дамып келеді және қазіргі таңда заманауи, дамыған және тартымды спорт түрі деп есептейді. Бұл енді тым асыра сілтеулік, өйткені мамандардың көптеген зерттеулері көрсетіп отырғандай, балуандардың жарыстық жекпе-жектерде көрсетіп жүрген тиімді және көріністі-әсем ТТӘ саны артып отырғна жоқ, керісінше кейбір мәліметтер бойынша қысқарып отыр [76- 78].

Басты мамандар-практиктер арасында жүргізілген қазақ күресі СК даму бағыттарын есепке ала отырып, балуандардың ТТД негізгі салалары бойынша сауалнамалық сұраунама нәтижесінде анықталғаны:

  • соңғы уақытта федерация енгізген күрес бойынша жарыс ережелерінің өзгерісі негізінен күрестің көріністілігін арттыру емес, балуандардың басымдылығын және басқа елдердің балуандарына арналған жоғары орындарды иелену мүмкіндіктерін төмендетуге бағытталған;

  • респонденттер ережелердің сәтсіз өзгерістері деп: ауыр салмақты балуандардың салмағын шектеуді, салмақтық дәрежелер санын қысқартуды, жеңіл салмақты жарыстарды болдырмауды, балуандарды алдн-ала 3-4 адамнан топтарға бөле отырып, турнирлерді өткізудің аралас жүйесін енгізуді есептейді;

  • мамандар біршама тиімді өзгеріс деп біршама сылбыр балуанды жазалауды есептейді;

  • респондент қазақ күресі бойынша жарыс ережелеріне жиі өзгерістер енгізу теріс бағаланады, бірақ дегенмен бұл өзгерістер енгізілетін болғандықтан спортшылардың ОЖҮ және СӘ тиімділіктерін арттыру мақсатымен балуандардың ТТД жетілдіру мәселесін ары қарай қарастыруды жүзеге асыру қажет [79].

Жарыс ережелерін енгізудің оң жағы деп шабулыдаушы балуанға лақтыруды орындаған кезінде қосымша
бір баллды қосу деп есептелінеді. Берілген қосымшалардың нәтижесінде спортшылар жоғары амплитудалы, тиімді, көріністі ТТӘ жүргізуге тырысады.

Жарыс ережелерінің маңызды бір өзгерісі – тең түскен нәтижелі жекпе-жек кезінде жеңімпазды уақыт бойынша анықтау болып табылады, ол жеңімпазды біршама объективті анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақ күресінен жарыстар өткізу ережесі ары қарайда қарастыруды және түзетулер енгізуді талап етеді. Кез келген өзгерістер мен толықтырулар негіздемелі сипатты болуы қажет, күрес дамуының объективті заңдылықтарын ескеріп, берілген спорт түрін тиімді жетілдіруге ықпал етуі қажет [3, б.6; 5, б. 6; 4, б.14].

Балуандардың ОЖҮ, әсіресе заманауи және мәнді қайта құруды жүзеге асыру мәселесі қазақ күресі СК бойынша жарыс және спортшылардың СҚ сәйкес ережелеріне байланысты өзекті болып отыр және үзбей жетілдіруді талап етеді.

Жарыс ережелерін өзгерту жекпе-жекті жүргізудің уақытша шектелуіне ғана қатысты емес, сонымен бірге ТӘ бағалауға, сылбыр күрес жүргізугенді жазалауға қатысты, бұл балуандардың техникалық-тактикалық қабілеттеріне және тәсілдер сәйкестігіне мәнді әсер етеді. қазақ күресі СК заманауи ережелері арқасында балуандардың техникалық мүмкіндігінің негізін үлесі жалпы бағалау тәсілдерінің 87% көбін құрайтын төмен бағаланатын (бір немесе екі балл) ТӘ құрайды. Заманауи ережелер спортшыларды күрес техникасы мүмкіндігін максималды жүзеге асыруға ынталандырмайды және тек қана бірнеше баллдарды иеленуге мүмкіндік береді.

Қазақ күресі балуандарының ТТӘ заманауи мүмкіндігі негізінен «бүк» болып есептелетін қарапайым тәсілдерден құралады.

Күшті спортшылардың ЖӘ сараптамасы көрсеткендей, балуанның шеберлігі оның жекпе-жекті жоғары қарқынмен жүргізе білуге мүмкіндігімен, қолы жтекен жетістігін ұстап түра алу мүмкіндігімен, белсенді