Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 272
Скачиваний: 8
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер
Зерттеу нәтижелерінің негіздемелігі
1 Қазақ күресінен жас балуандарды техникалық-тактикалық дайындау теориясы
1.1 Қазақ ұлттық дене мәдениетінің теориялық- әдістемелік негіздері
1.2 Қазақ ұлттық дене мәдениетінің педагогикалық қызмет мүмкіндіктері
1.3 Өзіндік зерттеу материалдарын алу әдістері
Қазақ күресі балуандарының техникалық- тактикалық даярлығын жетілдірудің эксперименталды әдістемесі
нақты сұраныстардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырудың арнайылығын көрсетеді.
Қазақ күресіне деген орнықты өзқарас пен балуандардың өзіндік жүзеге асырылуына арналаған біршама мүмкіндіктерін түсіне білу ҚҰДМ даму деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, нақтырақ айтқанда: жүйелі түрде (аптасына үш реттен кем емес) ДШжС шұғылданушы республика халқы санын; балуандардың халықаралық жарыстарда көрсететін нәтижелерін арттыруға жағдай жасайды.
Шешуші жарыстарда балуандардың маңызды жарыстарда өнер көрсетуі мен қатысуының қорытындыларының сараптамасын нақты мәселе тұрғысынан қарастырған кезеңде барлық әдістер жан-жақты үйлесімділікпен бірлікте алыну қажеттілігі туындайды.
Педагогикалық тәсілдерді ұтымды пайдалану ТӘ уақытша, кеңістікті, динамикалық өлшемдері; қазақ күресінің ТТӘ жетілдіругің педагогикалық тәсілдерінің реттілігі; балуандардың жекелей бейімділіктері мен қабілеттерін педагогикалық тұрғыдан сенімді қолдану секілді бірқатар жайттарға қатаң түрде мақсатты әсер етуді қамтамасыз етеді.
Балуандардың жалпы және арнайы даярлығын жетілдіру кезінде шапшаңдық, шапшаңдықты-күшті және күшті төзімділік сияқты негізгі дене қасиеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет.
Қарастырылып отырған зерттеу жұмысында ғылыми әдебиеттерді зерттеу мен жинақтау, жаттықтырушылар мен балуандар арасында сауалнама жүргізу, бақылау, педагогикалық эксперимент, алынған мәліметтердің математикалық- статистикалық өңдеуден өткізілу сынды арнаулы мәселелерге серекше көңіл бөлінді.
2.1 Қазақ күресі жас балуандарының жарыстық қызметі (ЖҚ) зерттеу нысаны ретінде
Қазақтың ұлттық спорттық күресі – қазақ күресі мәдениеттің әлеуметтік, этнопедагогикалық құбылысы және феномені ретінде өзіне оқушы жастарды (ОЖ) денелік тәрбиелеуді, жоғары жетістікті спорт (ЖЖС) ретінде қарастырсақ, ҚР ұлттық жетістіктерін айқындаудың жауапты міндеттерін жүктейді [27]. Заманауи спорттық даярлық балуандардың ЖӘ ерекшеліктерімен және талаптарымен үйлестіріле жүргізілуі қажет. Зерттеудің басты міндеттерінің бірі – ЖӘ зерттеу барысында алынған мәліметтер қолданылған әдістемені жасау болып табылады [28, 29].
Адамдардың күнделікті тіршілік әрекеті уақыт талабына сай бірлестікті, бүтін сипатты болып келеді және ол адамды жеке тұлға, тарихи үдерістің субъектісі мен объектісі ретінде қалыптастыратын , объективті-субъективті қарым-қатынастардың, әлеуметтік және өзара байланыстар жүйесінде жүзеге асырылады. Адамның іс-әрекеті үзбей болып тұратын өзгерістерімен, тасымалдылығымен сипатталады [30-32].
Адамның сыртқы және ішкі іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі оның заттық сипатында болады, өйткені іс-әрекеттің ұжымды және жекелей субъектісі қажетті талаптарын қамтамасыз етуі барысында өзінің тіршілік әрекетінің заттық саласын өзгертеді. Адамның тіршілік әрекеті күрделі құрылымды болып келеді, өйткені ол тұрақты өзара байланыстарды және тасымалдарда болатын сұраныстардан, уәждемелерден, мақсаттардан, іс-әрекеттерден құралады.
Іс-әрекетті оның құрылым жағынан, оның динамикасында, оның түрлері бойынша толыққанды қарастыру қажет. Бірақ, іс-әрекет қандай жағдайда, қандай түрде жүзеге
асырылғанмен де ол қоғамдық қарым-қатынастарға енгізілген жүйе болып табылады – олардан тыс болуы мүмкін емес. Іс-әрекет өндірістің дамуынан туындайтын рухани және материалдық қарым- қатынастардың түрлерімен анықталады. Нақты бір тұлғалардың іс- әрекеттерінің қоғами жағдайлары оның жүзеге асырылуының уәждері мен мақсаттарын, құралдары мен тәсілдерін туындатады [33].
ЖӘ теориясы спорттық шеберлікті, жарыстардағы нәтижелер мен жеңістерді айқындау мен объективті салыстыру мақсатындағы «салыстыру» болып саналады.
«Жарыс» терминінің негізін «салыстыру» термині құрайды. Салыстыру стандарттауды негіздеу қажеттігін туындатады. «Салыстыру» түсінігі қосарланған мәнді болып келеді:
Ережесіз жарыс өткізу мүмкін емес, ал жарыс ережелерін білмей мақсатты- бағыт ОЖҮ жүргізуге болмайды. Жарыс ережелері балуандарды спорттық даярлығы ОЖҮ маңызды әсер етеді» [36].
ЖӘ білікті балуан қарсыластықтың қандай деңгейіне сай келетіндігін айқындауға мүмкіндік беретіндіктен маңызды мәселе болып табылады. Оның талаптары жаттықтыру және жаттықтырудан тыс қызмет бағдарламаларының негізін құрайды [37].
Жарыс спортшының шешуші әрекеті ретінде қарастырылады, тікелей жарыста спортшы даярлығының оң және теріс жақтары айқындалады. Балуанды даярлаудан алдын бәсекелестіктің жүргізілу шарттарын,
жекелей қызметтерге қойылатын талаптарды білу қажет, содан соң даярлық құралдары мен әдістерін таңдау керек. Қазақ күресі СК СЖ тұрғысынан алғанда бізде спортшының жоғары спорттық жетістігінің даярлықтың жекелей салаларына (денелік, психологиялық, техникалық-тактикалық) бөлінуі туралы түсінік қалыптастырады. Жарыстарда барлық бұл құрамдастар бірлестікте қарастырылады және жоғары жетістікке қол жеткізу үдерісін басқару үшін жарыстық қарсыластықтың шынайы сипаты туралы түсінік болуы қажет.
Жарыстық әрекетке (ЖӘ) мақсатты-нәтижелі - мақсат – құрал – нәтиже сипатты қарым-қатынастар тән.
Мақсат дегеніміз спортшы ЖӘ барысында талпынатын үлгі (образ), құрал
– алға қойылған мақсатқа жетуге арналған әдіс-тәсілдер, нәтиже – нақты бір ЖӘ нәтижесінде қол жеткен спорттық нәтиже.
ЖӘ құрылымын анықтайтын фактор дегеніміз нақты бір спортшының ең жоғары жетістікке жетуіндегі алған бағыты [38].
«Қызмет теориясына сай, балуанның көпжылдық даярлығы жоғары спорттық жетістікке жетуге талпынушы (уәждемелі), осы мақсатқа жетуді жүзеге асыруға арналған барлық іс-әрекеттерді меңгерген мүмкіндігін сезіне білуші педагогикалық үдеріс ретінде берілген [39].
Қазақ күресі СК спортшылардың даярлау қатаң бәсекелестікте, қатаң жауапкершілікпен, керемет эмоциялық ширығумен өтетін жарыстарда жеңіске қол жеткізуіне арналған. Спорттық нәтиже ЖӘ сапалы сипаттамасы ретінде спортшылар үшін өзіндік бір құндылық болып табылады, оның әрекетінің уәждемесі болып табылады. Дегенмен, спортшы үшін оның спорттық жетістігінің қоғамдық танылуының мәні де зор[14,
б.14].
СК ұлттық және халықаралық түрлерінде ТТӘ қалыптастыру табысты ЖӘ шешуші факторы болып табылады.Спорттық-педагогикалық зерттеулерде қалыптастыру түсінігі қолданылады, ол дегеніміз: қандай да бір іс-әрекетті табысты жүзеге асыруға арналған қажетті дене саапаларын (денелік, психологиялық, зияткерлікті) дамыту, қасиеттерді, білімді, тәжірибелік дағдылар мен біліктіліктердің мақсатты-бағытты кешені, аяқталғандыққа нақты бір сипат беру. Қалыптастыру нақты бір шекті көрсеткіштергі қол жеткізудегі мақсатты-бағытты өзгерістермен байланысты [40, 41]. ТТӘ негізгі құрамдас бөлімдері балуандардың көпжылдық даярлығы барысында қалыптасады және спорттық шеберліктің өсімімен, шеберліктің артуымен ерекше маңызғы ие болады.
Спорттық қызмет салыстырмалы түрде аса көп емес аралықты - 15-20 жас қамтиды, ЖӘ жоғары жетістіктерге қол жеткізу уақыты - барлығы 5-10 жыл. Оған денелік және жарыстарға даярлық пен қатысу барысында психологиялық- эмоционалды әсерлердің жоғары, тіпті шекті деңгейі тән [42].
«Қазіргі уақытта қазақ күресі СК адам ағзасының түрлі функционалды жүйелері шекті мүмкіндік реакциясы тәртібімен жұмыс жасайтын адам қызметінің бір саласы ретінде қарастырылады, ол өз кезегінде СӘ тосын, шұғыл жағдайларға бейімделуін зерттеуге арналған объективті алғышарттарын қалыптастырады [43].
Спорттық жетістіктер өсімі байқылады. Бұл бірқатар факторлармен байланысты, атап айтқанда:

- Ұлттық спорттық күрес – қазақ күресі жас балуандарының техникалық-тактикалық даярлығын жетілдірудің алғы шарттары

-
бірдеңемен салыстыру; -
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау. Бұл екі мәнде жарыстың кез келген ережесі қамтылған: -
салыстыру үшін жарыс ережелерін жасау қажет; -
ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындау үшін жарыстың жеңу, тең түсу, жеңілу ережелерін жасау қажет.
Ережесіз жарыс өткізу мүмкін емес, ал жарыс ережелерін білмей мақсатты- бағыт ОЖҮ жүргізуге болмайды. Жарыс ережелері балуандарды спорттық даярлығы ОЖҮ маңызды әсер етеді» [36].
ЖӘ білікті балуан қарсыластықтың қандай деңгейіне сай келетіндігін айқындауға мүмкіндік беретіндіктен маңызды мәселе болып табылады. Оның талаптары жаттықтыру және жаттықтырудан тыс қызмет бағдарламаларының негізін құрайды [37].
Жарыс спортшының шешуші әрекеті ретінде қарастырылады, тікелей жарыста спортшы даярлығының оң және теріс жақтары айқындалады. Балуанды даярлаудан алдын бәсекелестіктің жүргізілу шарттарын,
жекелей қызметтерге қойылатын талаптарды білу қажет, содан соң даярлық құралдары мен әдістерін таңдау керек. Қазақ күресі СК СЖ тұрғысынан алғанда бізде спортшының жоғары спорттық жетістігінің даярлықтың жекелей салаларына (денелік, психологиялық, техникалық-тактикалық) бөлінуі туралы түсінік қалыптастырады. Жарыстарда барлық бұл құрамдастар бірлестікте қарастырылады және жоғары жетістікке қол жеткізу үдерісін басқару үшін жарыстық қарсыластықтың шынайы сипаты туралы түсінік болуы қажет.
Жарыстық әрекетке (ЖӘ) мақсатты-нәтижелі - мақсат – құрал – нәтиже сипатты қарым-қатынастар тән.
Мақсат дегеніміз спортшы ЖӘ барысында талпынатын үлгі (образ), құрал
– алға қойылған мақсатқа жетуге арналған әдіс-тәсілдер, нәтиже – нақты бір ЖӘ нәтижесінде қол жеткен спорттық нәтиже.
ЖӘ құрылымын анықтайтын фактор дегеніміз нақты бір спортшының ең жоғары жетістікке жетуіндегі алған бағыты [38].
«Қызмет теориясына сай, балуанның көпжылдық даярлығы жоғары спорттық жетістікке жетуге талпынушы (уәждемелі), осы мақсатқа жетуді жүзеге асыруға арналған барлық іс-әрекеттерді меңгерген мүмкіндігін сезіне білуші педагогикалық үдеріс ретінде берілген [39].
Қазақ күресі СК спортшылардың даярлау қатаң бәсекелестікте, қатаң жауапкершілікпен, керемет эмоциялық ширығумен өтетін жарыстарда жеңіске қол жеткізуіне арналған. Спорттық нәтиже ЖӘ сапалы сипаттамасы ретінде спортшылар үшін өзіндік бір құндылық болып табылады, оның әрекетінің уәждемесі болып табылады. Дегенмен, спортшы үшін оның спорттық жетістігінің қоғамдық танылуының мәні де зор[14,
б.14].
СК ұлттық және халықаралық түрлерінде ТТӘ қалыптастыру табысты ЖӘ шешуші факторы болып табылады.Спорттық-педагогикалық зерттеулерде қалыптастыру түсінігі қолданылады, ол дегеніміз: қандай да бір іс-әрекетті табысты жүзеге асыруға арналған қажетті дене саапаларын (денелік, психологиялық, зияткерлікті) дамыту, қасиеттерді, білімді, тәжірибелік дағдылар мен біліктіліктердің мақсатты-бағытты кешені, аяқталғандыққа нақты бір сипат беру. Қалыптастыру нақты бір шекті көрсеткіштергі қол жеткізудегі мақсатты-бағытты өзгерістермен байланысты [40, 41]. ТТӘ негізгі құрамдас бөлімдері балуандардың көпжылдық даярлығы барысында қалыптасады және спорттық шеберліктің өсімімен, шеберліктің артуымен ерекше маңызғы ие болады.
Спорттық қызмет салыстырмалы түрде аса көп емес аралықты - 15-20 жас қамтиды, ЖӘ жоғары жетістіктерге қол жеткізу уақыты - барлығы 5-10 жыл. Оған денелік және жарыстарға даярлық пен қатысу барысында психологиялық- эмоционалды әсерлердің жоғары, тіпті шекті деңгейі тән [42].
«Қазіргі уақытта қазақ күресі СК адам ағзасының түрлі функционалды жүйелері шекті мүмкіндік реакциясы тәртібімен жұмыс жасайтын адам қызметінің бір саласы ретінде қарастырылады, ол өз кезегінде СӘ тосын, шұғыл жағдайларға бейімделуін зерттеуге арналған объективті алғышарттарын қалыптастырады [43].
Спорттық жетістіктер өсімі байқылады. Бұл бірқатар факторлармен байланысты, атап айтқанда:
-
СЖ жоғары жетістігімен ерекшеленетін жаңа әдістерін енгізу [44-48], даярлық әдістемесініндегі кез келген өзгерістер ең алдымен спорттық жетістіктерді жақсартуға арналған [49-52]; -
жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу жағдайларының өзгерістерімен [53- 6], құрал-жабдықтрадың, спорттық жабдықтардың жетілдірілуімен [57, 58] байланысты; -
жаттықтыру жұмысы көлемінің біршама ұлғаюымен байланысты [59- 61]; -
дене жұмыс қабілеттігін арттырудың психологиялық және денелік бағытты жаңа тәсілдерін қолдана отырып [62-65], спортшыларды қалпына келтірудің жаңа фармокологиялық құралдарын жасаумен байланысты [67, 68, 69]. «Спорттық жарыс» түсінігі спортшылардың өзінің СӘ басқа қызығушылық танытушы адамдардың (жаттықтырушылардың, спорттық ғылым өкілдерінің) сайыстарға, бәсекелестікке қатысуын қамтиды. Бұл қалпына келтірудің, ОЖҮ тиімділігін арттырудың жаңа құралдарын жасаумен байланысты ғылыми жаңалықтардың жетілдірілуіне ықпал етеді [70, 71].