ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.12.2023
Просмотров: 476
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Жылулық сəулеленуді өлшеу құралдары
Гидростатикалық теңестірілген қысымды өлшеу сұйықтық құралдары
Қысымды өлшеуге жалпы əдістемелік нұсқаулықтар
тарау. Сұйықтық, газ жəне будың мөлшері мен шығынын өлшеу
Ағынмен айналып өтетін шығын өлшегіштер
Электромагниттік шығын өлшегіштер
Ультрадыбыстық шығын өлшегіштер
Тахометриялық шығын өлшегіштер
Кориолис массалық шығын өлшегіш
3.11 Үшінші тарауға бақылау сұрақтары
Деңгейді өлшеудің электрлік құралдары
Деңгейді өлшеудің акустикалық құралдары
Төртінші тарауға бақылау сұрақтары
Сұйықтықтың тұтқырлығын өлшеу құралдары
5.3 Бесінші тарауға бақылау сұрақтары
6.4 Алтыншы тарауға бақылау сұрақтары
Ерітінділерді талдаудың потенциометрлік əдісі
6.2 сурет – Инфрақызыл газанализатордың сұлбасы
Сұлбадағы белгілеулер: 1 – тұрақты сəулелену көзі; 2 - тесіктері бар айналатын диск (обтюратор); 3 – светофильтр; 4 – камера; 5 – сезімтал элемент (микрофон).
Рқысым қозғалысынан мембрананың орыны ауысады, бұл саңылаудың өзгеру себебінен Сконденсатордың сыйымдылығының өзгерісіне əкеледі.
Осындай типті құрылғылар оптика-акустикалық деп аталады, өйткені басында жарық ағынның обтюрациясы дыбыстық жиілікпен орындалған.
Өндірістік оптикалық газанализаторларының күрделі өлшегіш сұлбалары бар жəне олар əдетте екі каналды болады.
Осындай анализаторлардың өлшеу диапазоны - 0-1-ден 0-100 %-ға дейін. Дəлдік кластары: 2,5-10 (өлшеу диапазонына тəуелді).
-
Ультракүлгін газанализатор.
Көптеген газдар мен булар ультракүлгін
Мұндай оптикалық газанализаторлары ауада сынаптың, хлордың, никель карбонилінің уытты буларының болуын өлшеу үшін қолданылады. Ультракүлгін сəулесінің көзі ретінде сынап шамдары қолданылады. Сəулелену қабылдағышы ретінде фоторезисторлар, вакуумды фоторезисторлар, вакуумды фотоэлементтер жəне фотокөбейткіштер қолданылады.
Сұлбалар бір каналды немесе екі каналды болуы мүмкін.
6.4 Алтыншы тарауға бақылау сұрақтары
-
Физика-химиялық қасиетерінің аддитивтілігі. -
Парамагнит жəне диамагнит газдар. Магниттік қабылдағыш. -
Көпкомпонентті қоспа, бинарлы қоспа, псевдобинарлы қоспа анықтамаларын берңіз. -
Магнит газанализаторлардың сұлбасы мен əрекет принціпі. -
Оптиқалық газанализаторлардың классификациясы. Олардың ерекшеліктері мен қолдану салалары. -
Инфрақызыл газанализаторлардың сұлбасы мен əрекет принціпі. -
Ультракүлгін газанализаторлардың сұлбасы мен əрекет принціпі.
-
тарау. Сұйықтықтың құрамын талдау
-
Жалпы мəліметтер
Энергетикадағы көптеген технологиялық процестер сұйықтықтың құрамын талдаудың нəтижесіне негізделген. Қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмыстың маңызды сəттерінің бірі табиғи жəне жасанды су айдындарының жай-күйін бақылау жəне өнеркəсіптік кəсіпорындар мен елді мекендердің төгінді суларын талдау болып табылады.
Өнеркəсіптік анализаторларда сұйықтықтарды талдаудың келесідей əдістері кеңінен таралған:
-
электрхимиялық
-
оптикалық
потенциометрлік кондуктометрлік жалынды-фотометрлік калориметрлік
-
жылулық термокондуктометрлік
-
Ерітінділерді талдаудың кондуктометрлік əдісі
Бұл əдісте электрөткізгіштік, ерітіндіде диссосацияланатын заттыңконцентрациясы,кондуктометрліктитрлеуөлшенетін шамалар болып табылады.
Электролиттердің су ерітінділері 2-ші текті өткізгіштер болып табылады, оларда токтың тасымалдануы иондардың қозғалысымен жүзеге асырылады. Электрөткізгіштік ерітінддегі иондардың қосынды концентрациясын сипаттайды, осыған байланысты концентрацияны өлшеуге арналған аспаптар меншікті электрөткізгіштік бірліктерінде: См/см, шартты тұз мөлшері (мг/кгNaCl) немесе концентрация бірліктерімен (%H2SO4) градуирленеді.
Меншікті электрөткізгіштік χ – меншікті кедергіге кері шама, концентрацияға тəуелділігінің күрделі сипаты бар:
-
концентрация 5-10 % болғанда - сызықты тəуелдік; -
концентрациясының өсуі (>15-30 %) электр өткізгіштіктің азаюымен қатар жүреді, ол азаю молекулалардың диссоциация деңгейінің төмендеуі себебінен пайда болады;
Осыдан, экстремум аймағында өлшеу мүмкіндігін қоспағанда, кондуктометрдің жұмыс аймағын алдын ала білу қажет.
Ерітіндінің меншікті электрөткізгіштігі температураға өте тəуелді:
t=
25 1 (t 25) (t 25)2 , (7.1)
Теориялық тұрғыда таза су t=250Cтемпературасында χ=0,0055мкСм/смэлектрөткізгіштікке ие болады. Ерітілген заттардың аз концентрациясын өлшеу кезінде судың электр өткізгіштігі фондық құрамдастарын құрады.
Жылу жəне атом электр станцияларында қыздырылған жəне қаныққан бу конденсаты, қоректік жəне химиялық тұзсыздандырылған су аз тұз құрамды бола отырып, құрамында Н, NH4, OH, HCO3, CO3 иондарын құрайтын СО2 жəне NH3 ерітілген газдары болады. Нəтижесінде ұшпайтын компоненттердің концентрациясымен шартталған судың электр өткізгіштігі жалпы электр өткізгіштігінің пайызын құрайды.
Электрөткізгіштікке ерітілген газдардың əсерін азайту үшін Н- катионды сүзгілер пайдаланылады, сынамаларды газсыздандыру жəне буландыру жолымен оның шоғырлануы жүргізіледі.
Ерітінділердің концентрациясын олардың электр өткізгіштігі бойынша өлшеу үшін электродты жəне электродты емес əдістерді қолданады, соңғысы аз таралған жəне негізінен қышқылдар, сілтілер концентрациясын өлшеу үшін қолданылады.
-
Электродты кондуктометр.
Жалпы жағдайдағы электродты кондуктометр – бұл сұйықтыққа салынған екі пластина (электродтар), олар арасындағы ерітіндінің Rхкедергісі меншікті электрөткізгіштікпен келесідей байланысты:
RX
l k
S
, (7.2)
мұндағы l,S– электродтар арасындағы қашықтық жəне олардың ауданы;
k– бастапқы түрлендіргіштің (датчиктің) тұрақтысы.
Бастапқытүрлендіргіштің тұрақтысы белгілі электрөткізгіштігі бар үлгілік ерітінді бойынша градуирлеу жолымен анықталады.
Электрөткізгіштіктің бастапқы түрлендіргішінің кедергісін өлшеу үшін қолданылатын өлшеуіш көпірлер айнымалы тоқпен қоректенеді. Тұрақты токты қолданғанда электродтардың поляризациясы жүреді, кері əсер ететін ЭҚК-і пайда болады жəне ерітіндінің кедергісі өседі.
Платиналықэлектродтарминималды поляризациялау кедергіге ие болады жəне оларды жоғары дəлдікті өлшеу мақсатында зертханалық кондуктометрлерде қолданады. Өндірістік кондуктометрдің электродтарытот баспайтын болаттан жасалады.
Датчиктерді айнымалы токпен қоректрендіру кезінде өлшеудің нəтижесіне электродтардың поляризациясының əсері fжиіліктің өсу шамасына қарай төмендейді. Өнеркəсіптік кондуктометрлердің датчиктері жиілігі f=50Гцболатын айнымалы тоқпен, ал зертханалық кондуктометр
f=1÷2кГцболатын дыбыстық генератордан қоректенеді. Бірақ айнымалы тоқпен қоректену кезінде электродтар арасында активті кедергімен қатар ерітіндінің диэлектрлік өтімділігіне тəуелді болатын сыйымдылықты кедергі пайда болады. Кедергінің бұл кешенді сипаты көпірдің жақын иықтарының біріне кешенді кедергіні енгізумен ескеріледі.
Өнеркəсіп үшін электродты түрлендіргіштер магистралды,батырылатынжəне ағындыболып бөлінеді.
Магистральдытүрлендіргіштерталданатын ерітінді ағып өтетін құбырға кіргізіледі. Батырылатын түрлендіргіштербақыланатын сұйықтығы бар резервуарға түсіріледі. Ағындытүрлендіргіш арқылы талданатын ерітіндінің сынамасы өтеді.
АК-310 кондуктометр 0-1, 0-10, 0-100 мкСм/см өлшеу диапазонына ие болады жəне ± 5 % шектік қателігіне сəйкес шығысындағы тоқтық сигнал 0- 5мА болады.
Кеңінен таралған сұйықтық талдағыштардың қатарына 2 жəне 4 электродты түрлендіргіштері бар жəне түрлендіргіші жоқ ККсериялы кондуктометрлер жатады. Шекті негізгі қателігі ± 2,5 % болады жəне t0=25±15 0Cаралықтағы температурада жұмыс жасағанда өлшеу аралығы 10-6-ден 1-геСм/смдейін болады.
Электродты кондуктометрлердің кемшіліктерінемыналар жатады: олардың бетінде өтетін электрхимиялық реакциялардың өнімдерімен, сондай-ақ, ерітіндідегі заттармен электродтардың поляризациялануы жəне ластануы. Оларды мезгіл-мезгіл механикалық немесе химиялық тазалау жəне жуу қажет.
- 1 ... 20 21 22 23 24 25 26 27 28
Ерітінділерді талдаудың потенциометрлік əдісі
Металл электродты ерітіндіге салған кезде оның бетінде ерітіндідегі осы металдың иондарының активті концентрациясына тəуелді болатын потенциал пайда болады. Потенциалдың пайда болуы металл иондарының ерітіндіге көшуімен байланысты. Тепе-теңдік жағдайында беттік потенциал металл иондарының ерітіндіге жəне ерітіндіден электродқа ауысуына байланысты анод жəне катод процестерінің жылдамдықтарын теңестіруді қамтамасыз етеді. Электродтың беттік потенциалын өлшеу ерітіндідегі сəйкес иондардың концентрациясын жорамалдауға мүмкіндік береді.
Тепе-тең Ебеттік потенциал үшін ерітіндіге қосымшанемесе салыстыру электроды деп аталатын екінші электродты енгізе отырып, электр тізбегін бекіту қажет. Өлшеу процесінде бұл электродтың потенциалы тұрақты болып тұруы керек.
Егер қалыпты ретінде қабылданған қосымша электрод - платиналы сутекті болса, онда электродтардың тепе-тең потенциалдары сутектік деп аталатын шкала бойынша өлшенген болып табылады жəне қалыпты деп саналады.
Ерітіндегі иондардың активті концентрациясы ондық логарифм бірліктерінде көрсетіледі:
pH lg aH , (7.3)
мұндағы ан– ерітіндідегі сутегінің иондарының активті концентрациясы.
Сəйкесінше: pNa =-lg aNa+
Сондықтан, өлшеу аспатар рН-метрлер жəне рNa-метрлер деп аталады.
Таза су – Н+сутегі жəне ОНгидроксилдың иондарының пайда болуымен əлсіз диссоциациаланатын нейтралды зат.
to=220Cболғанда судың диссоциация тұрақтысы:
2
КНО
=аН
а =1014 ,