ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.12.2023
Просмотров: 461
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Жылулық сəулеленуді өлшеу құралдары
Гидростатикалық теңестірілген қысымды өлшеу сұйықтық құралдары
Қысымды өлшеуге жалпы əдістемелік нұсқаулықтар
тарау. Сұйықтық, газ жəне будың мөлшері мен шығынын өлшеу
Ағынмен айналып өтетін шығын өлшегіштер
Электромагниттік шығын өлшегіштер
Ультрадыбыстық шығын өлшегіштер
Тахометриялық шығын өлшегіштер
Кориолис массалық шығын өлшегіш
3.11 Үшінші тарауға бақылау сұрақтары
Деңгейді өлшеудің электрлік құралдары
Деңгейді өлшеудің акустикалық құралдары
Төртінші тарауға бақылау сұрақтары
Сұйықтықтың тұтқырлығын өлшеу құралдары
5.3 Бесінші тарауға бақылау сұрақтары
6.4 Алтыншы тарауға бақылау сұрақтары
Ерітінділерді талдаудың потенциометрлік əдісі
тарау. Сұйықтық, газ жəне будың мөлшері мен шығынын өлшеу
-
Жалпы мəліметтер
Заттыңмөлшеріноның массасымен немесе көлемімен анықтайды жəне сəйкесінше масса (кг,т) немесе көлем бірліктерімен (м3,л) өлшейді.
Белгілі бір уақыт аралығында затмөлшерінөлшеу құрылғыларын
санағыштардеп атайды.
δτ = τ1 – τ2таңдалған уақыт аралығында санағыш арқылы өткен көлем бірлігіндегі V зат мөлшері τ1жəне τ2уақыт аралығында алынған N1жəне N2санағыштар көрсеткіштерінің айырымы арқылы анықталады:
V=q (N2–N1), (3.1)
мұндағы q– санағыш көрсеткішінің бірлігіне келетін зат мөлшерін анықтайтын санағыш тұрақтысы.
Технологиялық процестердің маңызды параметрлерінің бірі құбырлар бойынша өтетін заттардың шығыныболып табылады.
Заттыңшығыны– уақыт бірлігінде берілген канал бөлігі арқылы ағатын зат мөлшері.
Зат шығыны келесідей бөлінеді:
-көлемдікшығынQ; м3/с, м3/ч, л/мин бірліктерімен өлшенеді;
-массалықшығынG; кг/сек, кг/сағ, т/сағ бірліктерімен өлшенеді;
- орташа шығын:
Q = V / (τ1– τ2), (3.2)
мұндағы V– τуақыт аралығында санағышпен өлшенген зат көлемі.
- шын немесе лездік шығын:
Q =dV/dτ немесе G1=dm /dτ-
зат мөлшерінің уақыт бойынша туындысыболып табылады.
-
Көлемдік санағыштары
Көлемдік санағыштардың жұмыс жасау принципі өлшенетін ортаның көлемін белгілі көлемі бар камераларымен тікелей өлшеп, санағыш арқылы өткен порциялар санын санауда негізделген.
Көлемдік санағыштар босайтынжəне ығыстырғышдеп бөлінеді.
Босайтын көлемдік санағыштарда өлшенетін орта оңай ағып кететін қатаң камералары бар. Олар газ мөлшерін өлшеу үшін жарамсыз болып келеді.
Қатаң камерасы бар босайтынсанағыштың қарапайым түрі өлшем бакболып табылады. Сонымен қатар бұл түрге барабанды жəне аударылатын санағыштары жатады.
Ығыстырғыш көлемдік санағыштардыңқозғалатынқабырғалары бар өлшем камералары болады, олар өлшенетін фазаны ығыстырып, камераны келесіпорция үшін босатады.
Осы типті көлемдік санағыштарына бір поршеньді; көп поршенді; сақиналық; сопақ тiстегершiктері бар; ротациялық; құрғақ газдық; сұйық газдық; дискілі санағыштар жатады.
Сопақтiстегіршiктерібаркөлемдіксанағыштар.
Сұйық заттар үшін сопақ тiстегершiктері бар көлемдік санағыштар таралған (3.1 сурет)
P2
P2
3.1 сурет – Сопақ тiстегершiктері бар көлемдік санағыштар Суреттегі белгілеулер: 1 - корпусы; 2,3 - сопақ тiстегершiктері.
Жұмысістеупринципі.Тістегершіктерге шабуылшатын өлшенетін ағын оларда P1жəне P2қысым құлауын жасайды. Осы құлаудың əсерінен ағын 3 сопақ тістегершікте бұру моментін тудырады жəне 2 тістегершікті жүргізетін 3 тістегершікті айналуға мəжбүрлейді.
3 тістегершік пен корпус арасындағы V1көлем əуелі кесіледі жəне содан соң тістегершіктің айналуы кезінде - ығыстырылады. Осылайша, тістегершіктің бір айналымында
V1жəне V2өлшегіш қуыстар екі рет толтырылады жəне екі рет босатылады. Соңында бір айналымда санағыш арқылы V1-дің төрт көлеміне тең сұйықтық көлемі өтеді. Тістегершіктердің біреуінің осі құрылғы корпусынан тыс орналасқан санағыш механизмді айналдырады.
Артықшылықтары.Өлшеу дəлдігі жоғары: өлшенетін мəннің (0,5 – 1,0) %, қысым жоғалуы елеусіз, көрсетулері тұтқырлыққа тəуелді емес.
Сопақ тiстегершiктері бар көлемдік санағыштар əртүрлі сұйықтықтарды, соның ішінде мұнай мен мұнай өнімдерін өлшеуге қолданылады.
Кемшілігі:өлшенетін орта механикалық қоспалардан жақсы сүзілуі қажет.
Өлшеу шегі: 0,01 – 250 м3 /сағ.
Калибр: D=12 – 250 мм.
- 1 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 ... 28
Жылдамдық санағыштары
Көлемдік санағыштарға қарағанда жылдамдық санағыштарда (тахометрлерде) өлшеу камералары болмайды, заттың мөлшерін көлемдік бірліктерде жанама өлшеу жолымен орындайды.
Санағыш арқылы өтетін сұйықтықтың ағынымен қозғалысқа келтірілетін аксиалды немесе тангенциалды турбинкалар жылдамдық санағыштардың сезгіш элементі болып табылады.
Жұмысістеупринципі:уақыт бірлігінде турбинканың айналым саны
-
турбинканы жуып өтетін ағын жылдамдығына пропорционалды:
n=k∙ w,
мұндағы k– пропорционалдық коэффициенті;
???? - ағын жылдамдығы.
Cанағыш арқылы көлемдік шығын:
Q=w ∙ F, (3.3)
мұндағы F–санағыш қимасы.
Осыдан: ???? = ???? Q . (3.4)
????
Сондықтан тахометр шкаласы өлшенетін сұйықтықтың Qкөлемдік шығыны бірліктерінде градуирленуі мүмкін.
Аксиалды тубинкалары бар санағыштар 1300 м3 /сағ дейінгі шығындағы заттың мөлшерін өлшеу үшін қолданылады.
Дəлдік кластары: 1; 1,5; 2.
Тангенсиалды тубинкалары бар санағыштар шағын шығындағы заттың мөлшерін өлшеу үшін қолданылады.
Өлшеудің жоғарғы шегі: 3 - 20 м3 /сағ.
Дəлдік кластары: 2; 3.
Бұл санағыштардың кемшілігі – көрсетулердің өлшенетін сұйықтықтың тұтқырлығынан тəуелділігі.
-
Қысымның айнымалы құлау принципінде негізделген шығын өлшегіштері
Сұйықтықтардың, газдардың жəне булардың шығынын өлшеудің ең таралған бір принципі - тарылтатынқұрылғыдақысымныңайнымалықұлауының
шығынынөлшеу принципіболып табылады.
-
сурет –Тарылтатын құрылғыда қысымның айнымалы құлау
принципі
Қарастырылып отырған принципке сəйкес құбырға тарылтатынқұрылғыны(ТҚ) орнатады. А-А қимасын өтіп ағын қысылады жəне инерция арқасында қысылу жалғасып, тарылтатын құрылғының шығысында одан бір арақашықтықта ең үлкен мəнге жетеді (3.2 сурет). Ағыстың азаюы ағынның Wтарылту құрылғы алдындағы жылдамдығына қарағанда жылдамдығының үлкеюіне əкеледі. Бұл ағынның кинетикалық энергиясының көбеюін білдіреді. Энергияны сақтау заңына сəйкес, кинетикалық энергияның көбеюі потенциалдық энергияның азаюы есебінен жүреді. Ал бұл ағын Pқысымының тарылтатын құрылғы шығысында азаюына əкеледі. Тарылтатын құрылғыда дифманометрмен өлшенетін қысым құлауы ∆P=P1-P2пайда болады.
Стандартты тарылтатын құрылғыларға келесілер жатады (3.3 сурет):
-
стандартты диафрагма (а); -
стандартты сопло (б); -
Вентури соплосы (в); -
Вентури құбырлары (г).
Қарапайымдылығы жəне төмен құны диафрагмалардың кең қолданысын шарттайды. Бірақ тарылтатын құрылғыларды таңдау кезінде келесі факторларды да ескеру керек:
-
Тарылтатын құрылғыдағы қысым жоғалуы (δр) шектелсе, онда тарылтатын құрылғыны таңдау кезінде график бойынша анықталатын осы жоғалуды ескеру керек.
-
сурет – Стандартты тарылтатын құрылғылар
-
Диафрагма жəне соплоны қолдану кезіндегі қысым жоғалуы іс жүзінде бірдей. -
Вентури соплосында δрбірталай төмен. -
Шығын коэффициенті αөзгере алады, өйткені құбырдағы жергілікті кедергілер жағымсыз əсерлерді əкеледі. -
δр/рқатынасы εкеңейтілуіне түзету көбейткіштің анықтау қателігіне əсер етеді.