ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.12.2023
Просмотров: 463
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Жылулық сəулеленуді өлшеу құралдары
Гидростатикалық теңестірілген қысымды өлшеу сұйықтық құралдары
Қысымды өлшеуге жалпы əдістемелік нұсқаулықтар
тарау. Сұйықтық, газ жəне будың мөлшері мен шығынын өлшеу
Ағынмен айналып өтетін шығын өлшегіштер
Электромагниттік шығын өлшегіштер
Ультрадыбыстық шығын өлшегіштер
Тахометриялық шығын өлшегіштер
Кориолис массалық шығын өлшегіш
3.11 Үшінші тарауға бақылау сұрақтары
Деңгейді өлшеудің электрлік құралдары
Деңгейді өлшеудің акустикалық құралдары
Төртінші тарауға бақылау сұрақтары
Сұйықтықтың тұтқырлығын өлшеу құралдары
5.3 Бесінші тарауға бақылау сұрақтары
6.4 Алтыншы тарауға бақылау сұрақтары
Ерітінділерді талдаудың потенциометрлік əдісі
3.11 Үшінші тарауға бақылау сұрақтары
-
Көлемді есептегіштердің түрлері жəне жұмыс істеу принципі. -
Көлемді есептегіштердің жұмыс істеу принципі, артықшылықтары мен кемшіліктері. -
Жылдамдық есептегіштерінің əрекет принципі. -
Қысымның ауыспалы ауытқу шығын өлшегіштерінің əрекет принципі. -
Ағынмен айналып өтетін шығын өлшегіштері туралы айтып беріңіз. -
Электрмагниттік шығын өлшеуіштердің жұмыс істеу принципі, артықшылықтары жəне кемшіліктері. -
Тахометриялық шығын өлшегіштердің əрекет принципі, артықшылықтары жəне кемшіліктері. -
Жылу шығын өлшегіштердің жұмыс істеу принципі, артықшылықтары жəне кемшіліктері. -
Кориолисті массалық шығын өлшегіштің əрекет принципі, артықшылықтары жəне кемшіліктері. -
Кориолис шығын өлшегішті қолданудың кейбір ерекшеліктері.
-
тарау. Деңгейді өлшеу
-
Жалпы мəліметтер
Сұйық немесе сусымалы дене болатын жұмыс ортамен технологиялық аппаратты толтырылу биіктігін деңгейдеп аталады.
Деңгейді ұзындықтың бірліктерімен өлшейді (мм,см,м).
Деңгейді өлшеу құралдарын деңгейөлшегішдеп атайды.
Өлшеу диапазонына байланысты деңгей өлшегіштерді кең аралықтыжəне тараралықтыдеп ажыратады. Кең аралықты (0,5-20м) деңгей өлшегіштер тауарды есепке алатын операцияларда қолданылады. Тар аралықты (0-100мм), (0-450мм) деңгей өлшегіштер əдетте автоматты реттеу жүйелерінде қолданылады.
Қазіргі уақытта деңгей өлшегіштерді əрекет ету принципі бойыншакелесідей топтарға бөледі: визуалды, қалтқылы, буектік, гидростатикалық, электрлік, ультрадыбыстық, радиоизотоптық деңгей өлшеу құралдары.
Бірінші топқа өлшегіш сызғыштар, рейкалар, цилиндрлік шынысы бар
рулеткалар, жəне деңгей өлшегіш шынылар жатады.
-
Қалтқылы деңгей өлшегіштер
Деңгей өлшегіштердің ішіндегі қалтқылыдеңгейөлшегіштерең қарапайымы. Қалтқылы деңгей өлшегіштердің тар жəне кең диапазонды түрлері болады. Тар аралықты деңгей өлшегіштері тот бастпайтын болаттан жасалған диаметрі 80-200 мм болатын шар тəрізді қалтқыдан тұрады (4.1 сурет).
4.1 сурет – Қалтқылы фланцты деңгей өлшегіштің сұлбасы Қалтқы сұйықтың бетінде қалқып жүреді жəне штанга арқылы өлшеуіш
аспаптың тілшесімен немесе бұрышытық орын ауыстыруды унифицирленген электрлік немесе пневматикалық сигналдарға түрлендіргішімен байланысады. Өлшеу аралығы: минималдысы ±10 мм, максималдысы ±200 мм.
Дəлдік класы 1,5.
- 1 ... 13 14 15 16 17 18 19 20 ... 28
Буектік деңгей өлшегіштер
Буектік деңгей өлшегіштер Мемлекеттік аспаптар жүйесінің аспаптар номенклатурасы қатарына кіреді. Буектік деңгей өлшегіштердің жұмысы Архимед заңымен сипатталатын физикалық құбылыста негізделген. Тығызыдығы сұйықтың тығызыдығынан үлкен не тең болатын материалдан жасалатын цилиндрлікбуекосындай деңгей өлшегіштердің сезімталэлементіболып табылады. Буек тігінен орнатылған жəне бір бөлігі сұйықтыққа батырылған. Аппараттағы сұйықтың деңгейі өзгерген сайын сұйықтықтағы буектің массасы деңгейге пропорционалды түрде өзгереді. Буектің салмағының өлшеу ақпараттың сигналына түрленуі униицирленген
«күш – қысым» жəне «күш – тоқ» түрлендіргіштерінің көмегімен жүзеге асады, сондықтан оларды пневматикалық жəне электрлік буектік деңгей өлшегіштер деп ажыратады (4.2 сурет).
1 – буек; 2 – рычаг; 3 – сопло; h0– сұйықтықтың алғашқы деңгейі; М – айнымалы момент.
4.2 сурет – Буектік деңгей өлшегіштің сұлбасы Сұйықтықтың деңгейі hбиіктікке өскен кезде буек сұйықтыққа
батырылады, Архимед заңы бойынша буектің Gсалмағы азаяды, демек айнымалы М моментіде азаяды жəне 2 рычаг О нүктесінің айналасында сағат тілінің бағыты бойынша айналады. Жапқышпен 3 соплоның саңылауы жабыла бастайды, осыдан пневматикалық беріліс келесіге тең:
Ршығ=k.ΔG, (4.1)
мұндағы ΔG– буектің салмағының өзгеруі;
k
– деңгей өлшегіштің беріліс коэффициенті.
Деңгей өлшегішті салмақтық əдіспен градуирлеуге болады.
Ршығ өзгеру диапазоны 0,02 МПа-дан 0,1 МПа-ға дейін. Жұмыс ортаның температурасы (-40 ÷ +400)0С тең. Жұмыс қысым - 16 МПа. Дəлдік кластары: 1,0 –1,5.
-
Гидростатикалық деңгейді өлшеу құралдары
Гидростатикалық деңгей өлшегіштермен өлшеу ρтұрақты тығыздықтағы сұйықтықтың hбиіктігімен жасалатын Ргидростатикалық қысымды келесі теңдік бойынша өлшеуге алып келеді:
Р= ρgh.
Гидростатикалық қысымды өлшеу келесілермен жүзеге асырылады:
-
деңгейдің төменгі шекті мəніне сəйкес келетін биіктікте қосылған
манометрмен;
-
деңгейдің төменгі шекті мəніне жəне сұйықтықтан жоғары орналасқан газдық кеңістігіне сəйкес келетін биіктіктегі резервуарға қосылатын дифманометрмен.
-
Деңгейді манометрмен өлшеу сұлбалары.
а) ə)
4.3 сурет – Деңгейді манометрмен өлшеу сұлбалары
4.3а) суретте манометрдің кезкелген түрі қолданылуы мүмкін.
4.3ə) суретте саңылауы жіңішке эластикалық 1мембранамен жабылған 2 қоңыраудағы ауаның қысымын өлшейтін манометр қолданылады.
Көрсетілген сұлбалардағы өлшеудің қателіктері манометрдің дəлдік класымен жəне сұйықтықтын тығыздығының
өзгеруімен анықталады.
Атмосфералық қысымда жұмыс істейтін резервуарларда P қысымды манометрлермен өлшеу орынды.
Қысымдағы технологиялық аппараттарда сұйықтық деңгейін өлшеу үшін дифманометрлер кеңінен қолданылады. Олардың көмегімен ашық резервуарлардағы сұйықтық деңгейін, фазаларды бөлу деңгейлері мен сұйықтықтарды бөлу деңгейлерін өлшеуге болады.
- 1 ... 14 15 16 17 18 19 20 21 ... 28