Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі аз мма жоары жне жоонан кейінгі мамандытар бойынша білім беру оудістемелік секциясы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 638

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

I – ТАРАУ. ІШ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ЖАРЫҚТАРЫ

1.1. ШАП ЖАРЫҚТАРЫ (Hernia inguinalis)

II- ТАРАУ. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ҰЛТАБАР ІШЕГІНІҢ АУРУЛАРЫ

2.1. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ҰЛТАБАР ІШЕГІНІҢ ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУЛАРЫ

2.2. ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУДЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ

2.4. ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛҒАН АСҚАЗАННЫҢ АУРУЛАРЫ

2.5. ІШЕК ҚАРЫННЫҢ ДАМУ АУЫТҚУЛАРЫ - (АНОМАЛИЯЛАРЫ).

III-ТАРАУ. ІШЕК АУРУЛАРЫ

3.1. ЖЕДЕЛ АППЕНДИЦИТ (APPENDICITIS АCUTA)

3.2. СОЗЫЛМАЛЫ АППЕНДИЦИТ

3.3. ІШЕКТІҢ ЖЕДЕЛ ТҮЙІЛУ АУРУЛАРЫ (ILEUS)

3.4. ТОҚ ІШЕКТІҢ АУРУЛАРЫ

3.5. АЩЫ ІШЕКТІҢ АУРУЛАРЫ

3.6. ІШЕК ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ

IV-ТАРАУ. БАУЫР, ӨТ, ҰЙҚЫ БЕ3І АУРУЛАРЫ

4.1. ХОЛЕЦИСТИТ ЖӘНЕ ӨТКЕ ТАС БАЙЛАНУ АУРУЛАРЫ.

4.3. ҮЙҚЫ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫ

СОЗЫЛМАЛЫ ПАНКРЕАТИТ

4.5. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ КИСТАСЫ ЖӘНЕ ЖЫЛАНКӨЗІ

4.6. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ІСІКТЕРІ

4.7. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫН АЙЫРУ

V – ТАРАУ. ЖАЙЫЛМАЛЫ ІРІҢДІ ПЕРИТОНИТ

5.1. АУРУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЖІКТЕЛУІ, КЛИНИКАСЫ МЕН ДИАГНОЗЫ, ЕМДЕУІ ЖӘНЕ АҚЫРЫ

5.2. ҚОРШАЛҒАН ПЕРИТОНИТТЕР (АБСЦЕССТЕР)

VI – ТАРАУ. ӨҢЕШТІҢ АУРУЛАРЫ МЕН ЖАРАҚАТТАРЫ

6.3. ӨҢЕШТІҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ

VII - ТАРАУ. ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ АУРУЛАРЫ

7.1. ЭНДЕМИЯЛЫ ЖЕМСАУ ЖӘНЕ ТИРЕОТОКСИКОЗ.

VIII – ТАРАУ. СҮТ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ.

ІХ-ТАРАУ. ӨКПЕНІҢ ЖӘНЕ КЕУДЕ КӨК ЕТІНІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ

9.1.КЕУДЕ ЖӘНЕ КӨК ЕТІНІҢ АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ

9.2. КЕУДЕНІ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ

9.7. ӨКПЕ КИСТАЛАРЫ

9.8. ӨКПЕНІҢ ЭХИНОКОКК АУРУЫ

9.9. ӨКПЕ КАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ

Х-ТАРАУ. ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ

10.1. ОБЛИТЕРАЦИЯЛЫ ЭНДОАРТЕРИИТ, АУРУДЫҢ ЭТИОПАТОГЕНЕЗІ, СИМПТОМДАРЫ МЕН ДИАГНОЗЫ, ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ

10.4. ТРОМБОФЛЕБИТТЕН СОҢҒЫ СИНДРОМ

ХІ-ТАРАУ. ТІК ІШЕКТІҢ АУРУЛАРЫ

Кураторлық науқаснама

ӘДЕБИЕТТЕР





3.4. ТОҚ ІШЕКТІҢ АУРУЛАРЫ



а)Тоқ ішектің ерекшеліксіз ойық жаралы колит ауруы.Аурудың себептері, көріністері, диагнозы, емделуі

Бұл көлденең және тік ішектердің кілегейлі қабатының ұзаққа созылатын жаралы-некрозды ауруы. Ауру әрбір 100000 адамның 1,2-сінде кездеседі.

Ауруға шалдыққан ішектің қабырғалары ісінеді, қызарады, оңай жарақаттанады. Кілегейлі қабатына көптеген эрозиялар мен ойық жаралар, олардың түбінде қанағыш тамырлар бар. Жаралар тереңдеп перфорация беруі мүмкін, кілегейлі қабаттың беті іріңді кілегеймен жабылған. Аурудың өте ауыр түрінде кілегейлі қабат үлкен аймақта сыдырылып қалады. Аталған өзгерістер көлденең және тік ішекті толық немесе олардың жеке бөлшектерін қамтиды.

Аурудың жедел, шапшаң, созылмалы түрлері бар. Шапшаң түрінде ішектен қан ағуы, перфорация, уландыру салдарынан науқастың аурудың алғашқы күндерінде немесе айларында өлуі мүмкін. Дегенмен, көбінесе аурудың созылмалы - қайталанбалы түрі кездеседі. Ойық жаралы колиттің барлық түрлерінде қан азаюы байқалады.

Бұл ауру туралы бірінші хабар 1669 жылдан басталады. Осы жылы Сиденгам "қанды тышқақ" ауруы туралы жазған. 1842 ж. Рокитанский колитте байқалатын морфологиялық бұзылыстарды тексеріп, бұл аурудың жеке ауру екендігін дәлелдеген.

Бұл аурудың көптеген аты болғанымен ең жиі пайдаланылатыны және аурудың ерекшелігін көрсететін аталуы – ерекшеліксіз ойық жаралы колит.

Аурудың ерекшеліктерімен клиникасын анықтау ректороманоскопия қолданылғаннан басталады. Алғашқы толық тексеріс 1925 ж. орындалған (Мейо, Робсон, А.В.Тихонов).

Бұл ауруды хирургиялық тәсілмен емдеуді 1913 ж. В.А.Оппель қолданған. Аурудың жиі кездесетіндігінен I960ж. Америкада бұл ауруды емдеу комитеті кұрылған.

Аурудың этиологиясы мен патогенезінің бірнеше теориялары белгілі:

а) Инфекциялық теория – колитті дезинтерияның жалғасы санайды. Бірақта, жаралы колитті шақыратын ерекше микроорганизмнің табылмайтындығы аурудың басқада көптеген себептерінің маңызын көрестеді. Сондықтан бұл теория дұрыс емес.

б) Ферментативті теория - ішектің клегейлі қабатына протеолитті ферменттер әсер етеді. Бірақта ойық жаралы колитте кездесетін ферменттік бұзылыстар ауру шақырмайды, олар осы аурудың әсерінен басталады. Сондықтан оларды аурудың себебі санауға болмайды.

в) Алиментарлы жөне авитаминозды теория -

бойынша тағаммен және оны қабылдаудың ерекшелігімен, бұзылуымен байланысты саналады.

Расында ұзақ уақыт ашыққан адамның ішегінде ерекшеліксіз ойық жаралы колитте кездесетін өзгерістерге ұқсас өзгерістер байқалатындығы. Бірақта ашыну ойық жаралы колит шақырмайды.

Витаминдер кемістігі кейбір ауруларды шақыратындығы белгілі (спру, пеллагра), бірақта тек витаминдер кемістігі колит ауруын шақыра алмайды.

г) Лимфа тамырларының бітелуі теориясы.

д) Вегетативті нерв жүйесінің бұзылу теориясы. Психикалық бұзылыстар әсерінен ішектің нерв аппаратында өзгерістер дамып, оның әсерінен ойық жаралы колит басталады деп саналады.

е) Эндокринді теория.

ж) Аллергиялық теория бойынша ішектегі өзгерістер ағзаға аллергендердің әсер етуінен басталады деп саналады.

Сонымен, барлық белгілі теориялардың бірде-біреуі тоқ ішектің ойық жаралы ауруының себебін толық анықтай алмайды.

Аурудың патологоанатомиялық келесі төрт түрі белгілі: флегмонозды, ойық жаралы, полипозды, геморрагиялы.

Ішектегі өзгерістер аурудың аттарына сай. Флегмонозды түрінде ішектің барлық қабаттары флегмонозды қабынуға ұшырайды.

Ойық жаралы түрінде ішектің кішкене жаралары, полипозды түрінде - полиптер, ал геморрагиялы түрінде ішектен қан және шырыш ағауы байқалады.

Ойық жаралы колитпен жас адамдар жиі ауырады.

Аурудың негізгі симптомдары:

1) Ішектен қан ағу. Қан қорыған нәжіспен немесе толық қорымаған нәжіспен қоса ағады.

2) Нәжістің ұзақ уақыт шықпауы және іш өтуі. Бұл екеуінің бір-бірімен алмасуы.

3) Нәжістің түсі өзгерген. Ол шырышты, іріңмен, қанмен аралас.

4) Нәжіс шығару іштің ауырсынуын шақырады. Ауру адамның жиі-жиі дәретке шыкқысы келеді (тенезмдер).

Басталған ауру – науқастың жағдайын күннен күнге ауырлата түседі. Үйқы бұзылады, бас айналады, буындар ауырады, ауру жүдейді, арықтайды.

Науқас адамның шағымдары көп және әр түрлі. Кейде оның шағымдары ойық жаралы колитпен еш байланыссыз.

Аурудың іші кебеді, ішек ауырғыш, тоқ ішек катты, қалың, ауырғыш "арқанша" сезіледі. Кейде бауыр және көк бауыр үлкейеді.

Саусақпен тік ішекті тексергенде ішектің ісініп қалыңданғаны анықталады.

Дене терісі кұрғақ,қышиды. Пиодермия, шаш түседі, тырнақтар сынғыш.

Аурудың симптомдарын жеке, жалпы деп екіге бөлуге болады:

Жеке көріністері - ішектен қан кету, іш өтуі, желдің шықпауы, тоқ ішектің, тік ішектің қалыңдануы, anus айналасы терісінің мацерациялануы, ішек ауырсынуы.


Жалпы көріністері- арықтау, қызу (субфебрилитет), қан азаюы, гемоглобин, лейкоцитер азаюы, тамырсоғысының жиіленуі, қан кысымы төмендеуі, бауыр және көк бауыр ісінуі.

Аурудың клиникалық ерекше 3 түрі бар:

Бірінші түрі - тез ауырланатын ойық жаралы колит - ішектің диффузды қабынуына ұшыратып, қысқа уақытта ауру адамды әлсіретіп жұмыс қабілетінен айыратын түрі.

Екінші түрі- Ұзакқа созылатын, аурудың жалпы жағдайын аздап ауырлатады. Тоқ ішектің сол жақ бөлшегін ғана қамтитын түрі.

Үшінші турі -аурудың жеңіл түрі. Аурудың жалпы жағдайы өзгермеген. Іштің кебуі, өтуі, нәжістің шықпауы жоқ.

Колиттің ауыр түрінде көптеген асқынулар кездеседі. Тік ішекпен сигма ішегінде көптеген полиптер өседі. Бұл полиптердің қатерлі ісікке айналу қаупі зор. Жаралардың орнында ішекті тарылтатын тыртықтар пайда болады.

Ойық жарадан қан ағуы жедел немесе созылмалы анемияға ұшыратады.

Ішектің қабынуы және ойық жаралары парапроктитке (тік ішек айналысы майының іріңдеп қабынуына) әкелуі мүмкін.

Ойық жаралы колит ауруы тері, буын, көз (кератит), құлақ ауруларына да үшыратуы мүмкін.

Ойық жаралы колиттің диагнозын анықтау үшін ректороманоскопияныңжәне фиброколоноскопияның маңызы зор. Бұл тәсілдер тік және тоқ ішектің ішкі кілегейлі қабатының жағдайын көзбен көріп ондағы ойық жараны, полипті, қан ағуын т.б. өзгерістерді анықтауға көмектеседі.

Рентгеноскопия, рентгенографиямен - ойық жаралы колитте ішектің кілегейлі қабатының суреті өзгеруі, гаустрация жоғалуы, полипоз, стриктура т.б. өзгерістер анықталады.

Лабораторлы тексерістермен- анемия, лейкопения, диспротеинемия, протромбин, калий, кальций кемістіктері, қан аққыштығы анықталады.

Копроскопиялытексерістер нәжісте қан, шырыш, ішек эпителиі, қорытылмаған еттер қалдығын көрсетеді.

Нәжістегі флораның антибиотиктерге төзімділігі анықталады.

Диагнозды ажырату- ең бірінші ойық жаралы колитті амебалы дизентериядан айыру қажет. Бұл ұшін нәжісті тексеріп одан дизентерияның себебі ізделеді.

Екінші ішек туберкулезінен айыру қажет. Бұл үшін өкпе туберкулезін және қақырықтан туберкулез микобактериясын іздестіреді.

Ішектің басқа ауруларында (терминальды илеит, дивертикулит) айыру қажет.

Ойық жаралы колитті емдеу

а) Консервативті емдеу - ағзаның жалпы жағдайын түзеуге, инфекцияны басуға, ағзаның регенераторлы қасиетін күшейтуге бағытталады. Іш ауыруын басуға, іш өтуін бәсендетуге, іш кебуіне қарсы қимылдар орындалады.


Жалпы емді седативті дәрілерді пайдаланудан бастайды - бромидтер, барбитураттар. Бұлар аурудың ұйқысын, көңілін түзейді.

Қабыну үрдісіне қарсы - опий, платифилин, атропин, папаверин қолданылады. Нәурызға және витаминдерге бай диета. Тағамдар іру және метеоризм шақырмауы қажет, сондықтан науқасқа кара нан, картопия берілмейді. Жұмыртқа, сары май, ақ нан, балық, піскен ет, жемістер шырыны ішкізіледі, витаминдер А, В-1, В-12, қан қүю, плазма, хлорлы кальций, глюкоза егіледі. Аллергиялық реақцияны басу үшін димедрол ішкізіледі. Антибиотиктермен қоса сульфаниламидтер қолданылады.

Ойық жаралы колиттің барлық түрлерін емдеу консервативті тәсілден басталады. Тек, ішек тесілуімен немесе ішектен қан ағуымен асқынған түрлері жедел операциямен емделеді.

б) Операциямен емдеу - ауруға шалдыққан ішекті толық кесіп алып тастап ішектер арасының анастомозын орындау.

Ауыр жағдайдағы науқастарда операция екі кезегімен орындалады. Алғашқыда ішектің өзгерген бөлшегін ас қорытуынан шектеу үшін цекостомия немесе илеостомия жасалады.

3-6 ай шамасында жасанды жыланкөз арқылы ішекке антибиотиктер жіберіліл ойық жаралы қабыну процессіне шалдыкқан ішек емделеді. Ауру операцияның келесі радикалды кезеңіне дайындалынады. Бұл екінші кезеңде ауруға шалдыққан ішек резекциясы орындалып, болмаса тоқ ішек толық алынып (колэктомия) ащы ішекті тік ішекке жалғайды (ректоилеостомия). Бұл операциядан соң дәрет жиналатын резервуар жоқтығынан дәретке отыру жиіленеді. Бұл кемістікті жою үшін ащы ішектің қабырғалары арасының анастомозын орындап жасанды резервуар кұрылады.
б)Тоқ ішектің дивертикулы

Іштей, туа пайда болатын дивертикул гистогенездің бұзылуынан болса, кейінгі пайда болатын дивертикул ішектің етті қабатының кемістігі арқылы кілегейлі қабаттың томпайып шығуынан (жалға дивертикул) болады. Дивертикул пайда болуына ішектің қабынуы және оның ішіндегі қысымның күшеюі себеп болады.

Көбінесе дивертикул сигма түсті ішекте және тоқ ішектің сол бөлшегінде орналасады. Дивертикулдың 3-5 мм мойыны 0,5-1,5 см денесі бар. Дивертикул үлкейе келе оның қабырғалары жүқарады, кілегейлі қабаты атрофияланады. Онда жиналған нәжіс эррозия, ойық жара, қабыну процессіне (дивертикулит) ұшыратады.

Дивертикулдың клиникасы тек оның қабынуында (дивертикулитте) байқалады. Іш ауырады, дәрет тоқтауының (іш қату) іш өтуімен ауысуы, лоқсу, құсу, субфебрилъді дене қызуы, қанда лейкоцитоз. Қабынған ішек аймагының қатаюы, ауырғыштығы. Науқастың симптомдары жедел аппендицитке ұқсас, бірақта олар іштің сол бөлімінде орналасқан.