ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.11.2021

Просмотров: 1949

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі

1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

2-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРДIҢ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI

2-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТI ЛИЦЕНЗИЯЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ, ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ

4-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ

5-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

6-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ

7-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА

8-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР

9-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ

9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу

3-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

10-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТЕТIКТЕРI

11-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛТIРIЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

4-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

12-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҚОРҒАУ, МОЛЫҚТЫРУ МЕН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ

13-тарау. ИНСПЕКТОРЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР

14-тарау. ӨНДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

15-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

5-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ПЕН КАДАСТРЛАР

16-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТА MEH ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МОНИТОРИНГI

17-тарау. ҚОРШАҒАН ОPTAHЫҢ ЛАСТАНУ УЧАСКЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК ЕСЕПКЕ АЛУ

18-тарау. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЛАРЫ

19-тарау. ӨНДIРIС ПЕН ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ

20-тарау. ЗИЯНДЫ 3ATTAPДЫ, РАДИОАКТИВТI ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ МЕН САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ ЖЕР ҚОЙНАУЫНА АҒЫЗУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ

20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі

21-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТ

22-тарау. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУ КӨЗДЕРIН ЕСЕПКЕ АЛУ

6-БӨЛIМ. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ

23-тарау. ЖЕКЕЛЕГЕН АУМАҚТАРДЫ ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ НЕМЕСЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ ДЕП ЖАРИЯЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТӘРТIБI

24-тарау. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

7-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БIЛIМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

25-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, МАМАНДАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ

26-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР

27-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

8-БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

28-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

29-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

30-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

31-тарау. ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

32-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

33-тарау. СУДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

34-тарау. ОРМАНДАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ӨСIМДIКТЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

35-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

36-тарау. ЖАНУАРЛАРДЫҢ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ЖӘНЕ ҚҰРЫП КЕТУ ҚАУПІ ТӨНГЕН ТҮРЛЕРІН ҚОРҒАУ, ӨСІМІН МОЛАЙТУ, ЕРІКСІЗ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ ЕРІКТІ ЖАҒДАЙДА ӨСІРІП-ӨНДІРУ, ШЕКТЕУЛІ ШАРУАШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

37-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

38-тарау. КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ СОЛТҮСТІК БӨЛІГІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҚ АЙМАҒЫНДА ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

39-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ, АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

40-тарау. ЫҚТИМАЛ ҚАУІПТІ ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЗАТТАРДЫ, ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТҮРЛЕНДІРІЛГЕН ӨНІМДЕР МЕН ОРГАНИЗМДЕРДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

41-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

42-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

43-тарау. ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ ПОЛИГОНДАРЫНА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ САҚТАУ ҚОЙМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

44-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КӨМУ ПУНКТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

45-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен озонды бұзатын заттар саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу

9-БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

46-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

47-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

Базаның жай-күйі

Қолдау қызметі

Құқықтық ақпараттық қызметі

Соңғы құжаттар 

Кеңінен таралған құжаттар

      243-бап. Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттері мен
                өнімдерін пайдалану кезіндегі экологиялық
                талаптар

      1. Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттері мен өнімдерін пайдалануға, жануарларды алып қоймағанда және жоймағанда, олардың тіршілік ету ортасын нашарлатпағанда және жануарларға зиян келтірмегенде, жол беріледі.
      2. Жабайы жануарларды олардың тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында пайдалануға жануарларды алып қоймағанда және жоймағанда және олардың тіршілік ету ортасын нашарлатпағанда жол беріледі.
      3. Жабайы жануарларды олардың тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында пайдалану жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ережелер бойынша жүзеге асырылады.

      244-бап. Зоологиялық коллекцияларға қойылатын
                экологиялық талаптар

      1. Жеке және заңды тұлғалар жануарларды табиғи ортадан алу жолымен зоологиялық коллекцияларды (жануарлар дүниесі объектілерінің тұлыптарын, жұмыртқаларын, препараттары мен бөліктерін, жануарлар дүниесі объектілерін, оның ішінде жабайы жануарлар зоопарктерін, зообақтарын, цирктерді, зоологиялық питомниктерді, аквариумдерді, океанарумдарды) жасауды және толықтыруды жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсаттар негізінде жүзеге асырады.
      2. Ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелік немесе эстетикалық құндылық болып табылатын және жалпымемлекеттік маңызы бар зоологиялық коллекциялар мемлекеттің есебіне алынуға тиіс.
      3. Зоологиялық коллекцияларды жасау, толықтыру, сақтау, пайдалану, иеліктен алу мен мемлекеттік есепке алу, олармен сауда жасау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасына әкелу, одан тысқары жерлерге жөнелту мен әкету жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін 
ережелер бойынша жүзеге асырылады.

      245-бап. Жануарлардың санын реттеу кезіндегі
                экологиялық талаптар

      1. Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі, ауылшаруашылық және басқа үй жануарлары ауруларын болдырмау, қоршаған ортаға, шаруашылық және басқа қызметке зиян келтіруді болдырмау мүддесінде жабайы жануарлардың жекелеген түрлерінің санын реттеуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады. Бұл шаралар жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасының сақталуын қамтамасыз ететін және оларға зиян келтіруге жол бермейтін тәсілдермен жүзеге асырылуға тиіс.
      2. Жануарлар санын реттеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі 
бекітеді.
      
Ескерту. 245-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


      246-бап. Аңшылық және балық шаруашылығын жүргізу
                кезіндегі экологиялық талаптар

      Аңшылық және балық шаруашылығын жүргізу кезінде мынадай экологиялық талаптар қойылады:
      1) жануарлар дүниесі объектілерін ұтымды пайдалану, өз қызметінің нәтижесінде жануарлардың тіршілік ету ортасының экологиялық жай-күйінің нашарлауына жол бермеу, өндірістік процестерді жүзеге асырған уақытта табиғат қорғау технологияларын қолдану;
      2) жабайы жануарлардың саны мен пайдаланылуының бастапқы есебін жүргізу, олардың жай-күйін және аңшылық алқаптарының сипатын зерделеу, ол ақпаратты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға беру;
      3) жануарларды аулаудың белгіленген ережелерін, нормаларын, лимиттері мен мерзімдерін сақтау;
      4) бекітіп берілген аумақтағы жануарлар дүниесінің объектілерін, соның ішінде құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін қорғауды жүзеге асыру;
      5) жабайы жануарларды өсіруге, оның ішінде қолдан өсіруге, олардың тіршілік ету ортасын сақтауға және жақсартуға бағытталған кешенді іс-шараларды жүргізу;
      6) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру;
      7) аурулардың алдын алу мен оларға қарсы күрестің кешенді іс-шараларын жүзеге асыру, жануарлар ауруларының анықталуы, олардың тіршілік ету ортасы жай-күйінің нашарлауы, жануарлардың құрып кету қаупінің туындауы және қырылу жағдайлары туралы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарына дереу хабарлау;
      8) жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйі мен олардың тіршілік ету жағдайлары нашарлаған, жануарлардың көбею қабілеті төмендеген және олардың құрып кету қаупі туған жағдайда оларды пайдалануды өз бетімен тоқтату, жануарларға және олардың тіршілік ету ортасына теріс әсерді жою шараларын шұғыл қолдану.
      
Ескерту. 246-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      247-бап. Жануарлар дүниесін пайдалануға лимиттер мен
                квоталар белгілеу кезіндегі экологиялық
                талаптар

      Жануарларды сақтау және өсімін молайту мақсатында Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдалануға лимиттер мен квоталар белгіленеді.

      248-бап. Жануарлар дүниесін биотехнология өнімдерінің
                зиянды әсерінен қорғау


      Микроорганизмдердің жаңа штаммдарын, биологиялық белсенді заттарды жасау, генетикалық түрлендірілген организмдерді жасап шығару, басқа да биотехнология өнімдерін өндіру мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары болған кезде жүзеге асырылады. Мұндай қорытындылар болмаған кезде көрсетілген организмдер мен заттарды пайдалануға тыйым салынады.

36-тарау. ЖАНУАРЛАРДЫҢ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ЖӘНЕ ҚҰРЫП КЕТУ
ҚАУПІ ТӨНГЕН ТҮРЛЕРІН ҚОРҒАУ, ӨСІМІН МОЛАЙТУ, ЕРІКСІЗ ЖӘНЕ
ЖАРТЫЛАЙ ЕРІКТІ ЖАҒДАЙДА ӨСІРІП-ӨНДІРУ, ШЕКТЕУЛІ
ШАРУАШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

      249-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету
                қаупі төнген түрлерінің тізбесі

      1. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және ол Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңы мен айрықша экономикалық аймағында табиғи еркін жағдайда құрғақ жерде, суда, атмосферада және топырақта тұрақты немесе уақытша мекендейтін жануарлардың (омыртқалы және омыртқасыз) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін (шағын түрлерін, популяцияларын) қамтиды.
      2. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне жатқызылған жануарлар мемлекеттік меншік болып табылады, ал еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда өсірілетін және ұсталатын жануарлар мемлекеттік меншікте де, жеке меншікте де болуы мүмкін.
      3. Жеке және заңды тұлғалар сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарларды Қазақстан Республикасының 
заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен пайдалануға құқылы.

      250-бап. Табиғи еркін жағдайда тіршілік ететін
                жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету
                қаупі төнген түрлерін қорғау және өсімін
                молайту

      1. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің қырылуына, санының азаюына немесе тіршілік ету ортасының бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін іс-әрекеттерге жол берілмейді.
      2. Жеке және заңды тұлғалар бекітіп берілген аумақтар шегінде жануарларды қорғауды қамтамасыз етуге, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылуының өздеріне белгілі болған немесе анықталған жағдайлары туралы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға міндетті. Мұндай жағдайларды тексеру тәртібін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
      3. Дүлей зілзалалар кезінде және басқа да себептер салдарынан жануарлардың жаппай ауруы, оларға қырылу қаупі төнген жағдайларда, жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы 
заңнамасына сәйкес көмек көрсетіледі.
      4. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне жатқызылған жануарлардың қырылуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ерекше жағдайларды қоспағанда, оларды алып қоюға тыйым салынады.
      5. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің өсімін молайту мақсатында:
      1) табиғи өсімін молайту жағдайларын жақсарту;
      2) қонысын ауыстыру, жерсіндіру, қайта жерсіндіру;
      3) қолдан өсірілген жануарларды тіршілік ету ортасына жіберу жүргізілуі мүмкін.
      6. Осы баптың 5-тармағында аталған іс-шаралар мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негіздемелер негізінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
      7. Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау және өсімін молайту үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылады, сондай-ақ олардың айналасында осы аймақтардың шегінде жануарлар дүниесінің жағдайына теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым сала отырып, күзет аймақтары белгіленуі мүмкін.
      8. Шаруашылық және өзге де қызметті жоспарлау мен жүзеге асыру кезінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тіршілік ету ортасы мен көбею жағдайларын, өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар әзірленуге тиіс, сондай-ақ осы жануарлардың тіршілік ету ортасы ретінде ерекше құнды болып табылатын, бөлініп берілетін учаскелерге қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.


      251-бап. Табиғи еркін жағдайда тіршілік ететін
                жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету
                қаупі төнген түрлерін пайдалану

      1. Егер табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалану жануарларды тіршілік ету ортасынан алып қоймай жүзеге асырылса, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілі бір орынға баруға және белгілі бір мерзімге шектеу енгізуге құқылы. Көрсетілген шектеулер туралы мәліметтер аудандық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, ал тиісті жерлерде ескерту қалқалары қойылады.
      2. Мүдделі жеке және заңды тұлғалар тіршілік ету ортасынан алынған сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың орнына белгіленген мерзімде қолдан өсіру жолымен алынған толыққанды жануарларды тіршілік ету ортасына жіберуге міндетті. Жануарларды жіберу акт бойынша аулап алынған біреуінің орнына екі жеке-дарасын жіберу қатынасында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту мен пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қоршаған ортаны қорғау органдарының лауазымды адамдарының қатысуымен жүзеге асырылады.

      252-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету
                қаупі төнген түрлерін еріксіз және жартылай
                ерікті жағдайларда ұстау және өсіру

      1. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері еріксіз (шағын торларда және вольерлерде ұстау) және жартылай ерікті (табиғи тіршілік ету ортасына жақын жағдайлары бар саябақтарда және басқа учаскелерде ұстау) жағдайларда қолдан өсірілуі мүмкін.
      2. Мамандандырылған питомниктерге және азаматтарға, олар:
      1) жануарларды ұстау үшін жағдайлардың, оған қоса белгіленген тәртіппен бөліп берілген, вольерлермен, шағын торлармен және басқа да құрылыстармен жабдықталған учаскелері мен үй-жайлары бар болу;
      2) зоотехникалық, ветеринариялық және санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралардың қажетті көлемде орындалуы;
      3) зоологиялық, зоотехникалық, ветеринарлық бейіндегі мамандар, ал азаматтарда жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау дағдысы болу;
      4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бар болу талаптарын сақтаған кезде, жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстауға және өсіруге жеке тәртіппен рұқсат етіледі.
      3. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстауға және өсіруге берілген рұқсатта орындалуы міндетті талаптар, сондай-ақ жануарлар түрлері бойынша жеке-дараларының барынша көп саны көрсетіледі. Егер жеке және заңды тұлғалар рұқсат талаптарын орындамаса, алты ай ішінде үш ескертуден кейін рұқсат кері қайтарылып алынуы немесе оның күші жойылуы мүмкін.
      4. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін мамандандырылған экологиялық питомниктерде еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау мен өсіру осы питомниктер туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған және еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлардың иелері осы жануарларға алынбайтын сақина тағуға немесе оларды таңбалау жүргізуге және оларға паспорты болуға міндетті.
      6. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгенге жатқызылған жануарларды еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда ұстайтын жеке және заңды тұлғалар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының рұқсаты бойынша ғана осы жануарларды Қазақстан Республикасының шегінде сатып алуға, сатуға және алмастыруға құқылы.
      7. Меншігінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгенге жатқызылған, еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлары бар жеке және заңды тұлғалар оларды Қазақстан Республикасының 
заңнамасындабелгіленген тәртіппен халықаралық сауда мақсатында пайдалануы мүмкін.
      8. Егер жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда өсірілетін түрлерімен халықаралық сауда мемлекетке экологиялық және (немесе) экономикалық залал келтіретіндей болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі бұл саудаға шектеу енгізуге құқылы.


37-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ТАЛАПТАР

      253-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану
                кезіндегі экологиялық талаптар

      Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тіршілік ету ортасы ретінде ерекше құнды болып табылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жай-күйін сақтау мен жақсарту мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша осы аумақтарға арналған Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы үшін белгіленгенге қарағанда неғұрлым қатаң экологиялық нормативтер әзірлеуі және енгізуі мүмкін.

      254-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда елді
                мекендер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен
                мелиорация, энергетика, көлік пен байланыс
                объектілерін, әскери және қорғаныс
                объектілерін және ерекше қорғалатын табиғи
                аумақтардың мақсаттарына және жұмыс істеуіне
                байланысты емес құрылыстар орналастыру
                кезіндегі экологиялық талаптар

      Экологиялық жай-күйді жақсарту, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға залалды болдырмау мақсатында елді мекендер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен мелиорация, энергетика, көлік пен байланыс объектілерін, әскери және қорғаныс объектілерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мақсатына және жұмыс істеуіне байланысты емес құрылыстар орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде осы аумақтарға арналған экологиялық талаптарға сәйкес жүргізіледі.

      255-бап. Мемлекеттік қорық аймақтарында пайдалы
                қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға
                және өндіруге қойылатын арнайы экологиялық
                талаптар

      1. Пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеудің, барлау мен өндірудің қоршаған ортаға және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілеріне ықтимал теріс әсерін болдырмау үшін табиғат пайдаланушы:
      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен:
      технологиялық жолдарды және электр беру желілерін жөндеу кезінде қажетті алаңдардың саны мен орналасуын, сондай-ақ табиғат пайдаланушының қызметі кезінде автокөліктің жолдан шығу қажеттілігін;
      келісімшарттық аумақ бойынша көмекші технологиялық жолдардың схемасын;
      өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинақтауға, сондай-ақ жанар-жағар май материалдарын және басқа да ластаушы заттарды төгуге арналған алаңдарды орналастыру мен жабдықтауды;
      жобада көзделген технологиялық алаңдарды әзірлеу үшін келісімшарттық аумақта ағаштар мен бұталарды кесу мен түбірімен қопаруды келісуі;
      2) келісімшарттық аумақтың шекарасын анық белгілеу мақсатында аншлагтар қою жолымен шекараларды нақтылап айқындауы;
      3) химиялық және радиоактивті материалдарды тасымалдауды олардың қоршаған ортаға түсуіне жол бермейтін арнайы ыдыстармен ғана жүзеге асыруы;
      4) технологиялық жолдардың жабындысын жол бетінің бұзылуын, оның өте қатты шаң басуын, тасымалдау кезінде химиялық және радиоактивті заттардың төгілу қаупінің артуын болғызбайтын жағдайда ұстауы;
      5) үйінділерді рекультивациялауды, технологиялық жолдарды және электр беру желілерін жөндеу кезінде пайдаланылған құрылыс материалдарының қалдықтарын тасып әкетуді немесе бөлінген орындарға көмуді жүргізуі қажет.
      2. Мемлекеттік қорық аймақтары аумағында:
      1) елді мекендер, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығы мен мелиорацияның, энергетиканың, көлік және байланыстың тұрақты объектілерін, әскери және қорғаныс объектілерін, санаторийлер, демалыс үйлерін, тамақтану пункттерін, қонақүйлер, мемлекеттік қорық аймағының мақсаттары мен жұмыс істеуіне байланысты емес өзге де объектілер мен ғимараттар орналастыруға және салуға;
      2) табиғи ландшафтың өзіне тән бейнесін өзгертуге, экологиялық жүйенің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін жұмыстар жүргізуге;
      3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын, сондай-ақ радиоактивті материалдарды көмуге;
      4) жергілікті жер рельефінің ойыстарын өнеркәсіптік және өзге де ластанған суларды төгу үшін пайдалануға;
      5) ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды қолдануға, қоршаған ортаға зиянды физикалық ықпал етулерді жүзеге асыруға;
      6) тұрақтар ұйымдастыру, шатырлар құру, алау жағу үшін көзделген орындардың шегінен тысқары жерде осындай әрекет етуге;
      7) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан тысқары және сол үшін арнайы көзделген орындардан тысқары жерде механикалық көлік құралдарының жүруіне және тұруына, үй жануарларын айдауға;
      8) жергілікті флора мен фаунаға жат өсімдіктерді интродукциялауға және жануарларды жерсіндіруге;
      9) медицинада және басқа мақсаттарда пайдаланылатын өсімдіктерді өнеркәсіптік дайындауға;
      10) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның арнаулы рұқсатынсыз жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға, ағаштар мен бұталарды кесуге, қосалқы орман материалдарын дайындауға және шөп шабуға;
      11) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша, арнайы бөлінген алаңдарды қоспағанда, көлік құралдарының технологиялық жолдардан шығып кетуіне, сондай-ақ жол желісінен тыс келісімшарттық аумақпен жүруіне;
      12) кеңінен таралған пайдалы қазбаларды өндіруге;
      13) қалдықтардың келісімшарттық аумаққа және мемлекеттік қорық аймағына көшуін (желмен, жауын-шашынмен) болдырмайтын, осы үшін арнайы бөлінген орындардан тыс жерге өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинақтауға;
      14) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша
келісімшарттық аумақта, арнайы бөлінген алаңдарды қоспағанда, жанар-жағар май материалдары мен басқа да ластаушы заттарды төгуге тыйым салынады.
      3. Қоршаған ортаның жай-күйін бақылау мақсатында қоршаған орта жай-күйінің өндірістік мониторингінің бағдарламасын жыл сайын жасауды және оны ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісуді қамтамасыз ету қажет, онда:
      1) келісімшарттық аумақтан жиырма километрге дейінгі шеңберде артезиан ұңғымалары мен құдықтардағы судың химиялық құрамын тоқсан сайын бақылау;
      2) келісімшарттық аумақта және оның шегінен тыс он километрге дейінгі шеңберде топырақтағы радиация деңгейі мен радиоактивті заттардың болуын тоқсан сайын бақылау;
      3) қоршаған ортада қызмет барысында пайда болатын ластаушы заттардың шоғырлануын тоқсан сайын бақылау;
      4) іс-шаралардың нақты мерзімі және оны орындаушылар, аяқтау және есептілік нысаны көзделуге тиіс.