ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.11.2021
Просмотров: 1940
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI
5-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
6-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ
7-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА
8-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР
9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу
3-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
10-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТЕТIКТЕРI
11-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛТIРIЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
13-тарау. ИНСПЕКТОРЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР
14-тарау. ӨНДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
15-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
5-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ПЕН КАДАСТРЛАР
16-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТА MEH ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МОНИТОРИНГI
17-тарау. ҚОРШАҒАН ОPTAHЫҢ ЛАСТАНУ УЧАСКЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК ЕСЕПКЕ АЛУ
18-тарау. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЛАРЫ
19-тарау. ӨНДIРIС ПЕН ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ
20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі
22-тарау. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУ КӨЗДЕРIН ЕСЕПКЕ АЛУ
6-БӨЛIМ. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ
25-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, МАМАНДАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ
26-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР
8-БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
28-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
29-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
30-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
31-тарау. ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
32-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
33-тарау. СУДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
34-тарау. ОРМАНДАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ӨСIМДIКТЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
35-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
37-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
41-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
42-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
44-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КӨМУ ПУНКТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
9-БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
46-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
117-бап.
Мемлекеттiк экологиялық бақылауды
жүзеге
асыратын лауазымды адамдардың құқықтары
1.
Мемлекеттiк экологиялық бақылауды
жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) табиғат пайдаланушылармен, жеке
тұлғалармен және қоғамдық бiрлестiктермен
өзара iс-қимыл жасасуға;
2) тексерiлетiн объектiлерде, оның iшiнде
әскери және қорғаныс объектiлерiнде
Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген тәртiппен кедергiсiз
болуға;
3) жеке және
заңды тұлғалардың аумақтарына сынамалар
алуға арналған өлшеу аспаптары мен
жабдықтарды алып кiруге, қажет болғанда
мамандарды және жұртшылық өкiлдерiн
тарта отырып, қажеттi өлшеу жұмыстарын
жүргiзуге, сынамалар (оның iшiнде тауарлар
мен материалдардың үлгiлерiн) алуға және
оларға талдау жасауға;
4) мемлекеттiк экологиялық бақылауды
жүзеге асыруға қажеттi құжаттаманы,
талдаулар нәтижелерiн және өзге де
материалдарды сұратуға және алуға;
5) қоршаған ортаға және (немесе)
халықтың денсаулығына аса ірі залал
келтiруге әкеп соққан, табиғат
пайдаланушы экологиялық нормалар
мен талаптарды, экологиялық рұқсатта
көзделген табиғат пайдалану шарттарын
бұзған жағдайда, Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген
тәртiппен лицензияны тоқтата тұру немесе
одан айыру және (немесе) табиғи ресурстарды
пайдалану және алу шартын (келiсiмшартты)
бұзу жөнінде, табиғат пайдалануға
экологиялық және өзге де рұқсаттарды
тоқтата тұру немесе одан айыру жөнiнде
ұсыныстар енгiзуге;
6) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан
Республикасының экологиялық заңнамасын
бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар
шығаруға;
7) соттарға Қазақстан Республикасының
заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын
шаруашылық және өзге де қызметтi шектеу,
тоқтата тұру және тыйым салу туралы
талап-арыздар ұсынуға;
8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
қарауға, тұлғаларды әкiмшiлiк немесе
қылмыстық жауапқа тарту туралы
материалдарды тиiстi органдарға
жiберуге;
9) Қазақстан Республикасының экологиялық
заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған
ортаға келтiрiлген залал мөлшерiн
айқындауға немесе анықтауға қатысуға,
залалды өтеу туралы нұсқама шығаруға
және сотқа талап-арыз ұсынуға;
10) Қазақстан Республикасының экологиялық
заңнамасын бұзушылардың iс-әрекеттерiн
болғызбау немесе олардың жолын кесу
үшiн жәрдемдесуiн сұрап, прокуратураға
және құқық қорғау органдарына
жүгiнуге;
11) мердiгер барлау, өндiру, бiрлескен
барлау мен өндiру жүргiзудi не барлаумен
және (немесе) өндiрумен байланысты емес
жер асты құрылыстарын салуды және
(немесе) пайдалануды тоқтата тұру туралы
шешiм қабылдауға әкеп соққан себептердi
жоюдан бас тартқан жағдайда не осы
себептердi жою үшiн жеткiлiктi мерзiм
iшiнде оларды жоймаса; жер қойнауын
пайдаланушы Қазақстан Республикасының
экологиялық заңнамасында көзделген
шараларды қолданбаған кезде; жер қойнауын
пайдалану жөнiндегi операцияларды
тоқтата тұруға әкеп соққан себептердi
жою мүмкiн болмағанда; мердiгер
келiсiмшартта не бағдарламалық жұмыстарда
белгiленген мiндеттердi елеулi түрде
бұзған кезде жер қойнауын пайдалану
жөнiндегi операцияларды жүргiзуге
арналған келiсiмшарттың қолданылуын
тоқтату туралы өз құзыретi шегiнде
құзыреттi органға ұсыныс енгiзуге
құқылы.
2. Мемлекеттiк
экологиялық бақылауды жүзеге асыратын
лауазымды адамдардың Қазақстан
Республикасының заңнамасында көзделген
жағдайларда арнаулы құралдарды (арнайы
байланыс құралдарын, фото-бейне
аппаратураларды, өлшеу құралдарын)
сақтауға, алып жүруге және қолдануға
құқығы бар.
Ескерту.
117-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.10 N
383-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
2011.12.03 N
505-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
118-бап.
Мемлекеттiк экологиялық бақылауды
жүзеге
асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi
Мемлекеттiк
экологиялық бақылауды жүзеге асыратын
лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасының экологиялық
заңнамасы талаптарының сақталуын
бақылауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарын сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының экологиялық
заңнамасын бұзудың қылмыстық жаза
қолданылатын әрекет белгiлерi бар
фактiлерi туралы құқық қорғау органдарына
хабарлауға;
4) Қазақстан Республикасы экологиялық
заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету
мәселелерi бойынша басқа да мемлекеттiк
органдармен, сондай-ақ жеке және (немесе)
заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл
жасауға;
5) инспекторлық ақпарат құпиялылығын
сақтауға;
6) қызметтiк әдеп ережелерiн сақтауға
мiндеттi.
13-тарау. ИНСПЕКТОРЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР
119-бап. Инспекторлық экологиялық тексерулер
1.
Инспекторлық экологиялық тексеру -
мемлекеттік экологиялық бақылауды
жүзеге асыратын лауазымды адамдар
табиғат пайдаланушылардың Қазақстан
Республикасының экологиялық заңнамасын
сақтауы туралы ақпаратты жинау мен
талдау арқылы жүргізетін іс-шаралар
кешені.
1-1. Инспекторлық
экологиялық тексерулерді жүргізуге
мемлекеттік экологиялық бақылауды
жүзеге асыратын лауазымды адамдар ғана
жіберіледі.
2.
Инспекторлық экологиялық тексеруді
жүргізу, Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген жағдайларды
қоспағанда, табиғат пайдаланушының
қызметін тоқтата тұруға тиіс емес.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
мемлекеттік бақылау тексеру нысанында
және өзге де нысандарда жүзеге
асырылады.
Тексеру
"Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік бақылау және қадағалау
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың
өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес
жүзеге асырылады.
Ескерту.
119-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N
188-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз)
Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06 N
378-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
2011.12.03 N
505-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
120-бап.
Инспекторлық экологиялық тексерулер
жүргiзудiң
кезеңдiлiгi мен мерзiмдерi
Ескерту. 120-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
121-бап.
Инспекторлық экологиялық тексерулер
жүргiзу
тәртiбi
Ескерту. 121-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
122-бап.
Мемлекеттiк экологиялық
инспекторлардың
инспекторлық экологиялық тексеру
жүргiзу үшiн
аумаққа немесе үй-жайға кiруiне жол беру
Ескерту. 122-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
123-бап. Инспекторлық экологиялық тексеру нәтижелерi
Ескерту. 123-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
124-бап.
Инспекторлық экологиялық тексеру
нәтижелерiн
ресiмдеу тәртiбi
Ескерту. 124-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
125-бап.
Мемлекеттік экологиялық бақылаудың
өзге де
нысандары
1.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкілетті органның құрамына кіретін
зертхана бақылауды қамтамасыз ету
мақсатында тікелей табиғи объектілерде
және ластау көздерінде талдамалық
бақылауды жүзеге асырады.
2. Талдамалық бақылауды табиғат пайдалану
объектісінің санитариялық-қорғаныш
аймағынан тыс жерлерде жүзеге асыру
үшін сынамаларды іріктеп алу кез келген
уақытта тіркеусіз жүзеге асырылады.
3. Талдамалық бақылаудың нәтижелері
табиғат пайдаланушылардың қоршаған
орта сапасының нормативтерін сақтауын
айқындайды және Қазақстан Республикасы
экологиялық заңнамасының сақталмауын
негіздеу үшін пайдаланылады және
қоршаған орта сапасының нормативтері
шегінен асып кету фактілері бойынша
тексеруді тағайындау туралы актіні
ресімдеуге негіз болып табылады.
4. Камералдық бақылау қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкілетті органның
тікелей орналасқан жері бойынша табиғат
пайдаланушы табыс еткен есептілікті
және басқа да құжаттарды зерделеу мен
талдау негізінде жүзеге асырылады.
5. Табиғат пайдаланушының есептілігінде
және басқа да құжаттарында қамтылған
мәліметтер арасында қателіктер мен
қайшылықтардың анықталуы тексеруді
тағайындау туралы актіні ресімдеуге
негіз болып табылады.
Ескерту.
125-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. N
188-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз)
Заңымен.
126-бап.
Мемлекеттiк экологиялық бақылауды
жүзеге
асыратын лауазымды адамдардың
әрекеттерiне
(әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға және (немесе) лауазымды адамға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.
127-бап.
Инспекторлық экологиялық тексерудi
жүргiзу
кезiнде ақпараттың құпиялылығын
қамтамасыз ету
1.
Табиғат пайдаланушыға қатысты құпия
ақпарат табиғат пайдаланушының жазбаша
рұқсатынсыз басқа тұлғаға берiлмейдi.
Ақпараттың құпиялылығы Қазақстан
Республикасының заңнамалық актiлерiнде
және халықаралық шарттарда
айқындалады.
2. Мемлекеттiк экологиялық инспектор
мемлекеттiк құпияларды, коммерциялық
және өзге де заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамалық актiлерiнде
көзделген құпия ақпарат берудi қоспағанда,
экологиялық тексеру барысында алынған
құпия ақпаратты жария етпеуге мiндеттi.
14-тарау. ӨНДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
128-бап.
Өндiрiстiк экологиялық бақылауды
тағайындау
және оның мақсаттары
1.
Арнайы табиғат пайдалануды жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғалар
өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүзеге
асыруға мiндеттi.
2. Өндiрiстiк экологиялық бақылаудың
мақсаттары:
1) табиғат пайдаланушының экологиялық
саясатына, қоршаған орта сапасының
нысаналы көрсеткiштерiне және қоршаған
ортаға ықпалды әсер ететiн өндiрiстiк
процестердi реттеу аспаптарына қатысты
шешiмдер қабылдау үшiн ақпарат алу;
2) Қазақстан Республикасының экологиялық
заңнамасы талаптарының сақталуын
қамтамасыз ету;
3) табиғат пайдаланушының өндiрiстiк
процестерiнiң қоршаған ортаға және адам
денсаулығына әсер етуiн мейлiнше
азайту;
4) табиғи және энергетикалық ресурстарды
пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру;
5) тосын жағдайларға жедел кiдiрiссiз ден
қою;
6) табиғат пайдаланушылардың басшылары
мен қызметкерлерiнiң неғұрлым жоғары
деңгейде экологиялық хабардар болуы
мен жауапкершiлiгiн қалыптастыру;
7) кәсiпорындардың экологиялық қызметi
және халықтың денсаулығы үшiн қатер
туралы жұртшылықты хабардар ету;
8) экологиялық талаптарға сәйкестiктiң
деңгейiн арттыру;
9) қоршаған ортаны қорғауды басқару
жүйесiнiң өндiрiстiк және экологиялық
тиiмдiлiгiн арттыру;
10) инвестициялау және кредит беру кезiнде
экологиялық тәуекелдердi есепке алу
болып табылады.
129-бап.
Өндiрiстiк экологиялық бақылауды
жүргiзу
тәртiбi
1.
Өндiрiстiк экологиялық бақылауды табиғат
пайдаланушы әзiрлеген өндiрiстiк
экологиялық бақылау бағдарламасы
негiзiнде табиғат пайдаланушы жүзеге
асырады.
2. Өндiрiстiк
экологиялық бақылау бағдарламасында
өндiрiстiк экологиялық бақылау процесiнде
қадағаланып отыратын мiндеттi параметрлер
тiзбесi, оның мерзiмдiлiгiн, ұзақтығы мен
өлшемдер жиiлiгiн айқындау критерийлерi,
пайдаланылатын аспаптық немесе есептiк
әдiстер белгiленедi.
3. Өндiрiстiк экологиялық бақылау шеңберiнде
өндiрiстiк процестiң тиiмдiлiгiн экологиялық
бағалау қоршаған ортаға эмиссиялар,
зиянды өндiрiстiк факторлар деңгейiн,
сондай-ақ табиғи, энергетикалық және
өзге де ресурстарды тұтынудың нақты
көлемiн өлшеу негiзiнде және (немесе)
есептеу негiзiнде жүзеге асырылады.
Ескерту.
129-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N
461-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін алты ай
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
130-бап.
Табиғат пайдаланушының өндiрiстiк
экологиялық
бақылау жүргiзу кезiндегi құқықтары
мен
мiндеттерi
1.
Өндiрiстiк экологиялық бақылау жүргiзу
кезiнде табиғат пайдаланушының:
1) Қазақстан Республикасы экологиялық
заңнамасының сақталуын қадағалап отыру
үшiн ең аз қажеттi көлемде өндiрiстiк
экологиялық бақылауды жүзеге
асыруға;
2) өзiнiң техникалық және қаржылық
мүмкiндiктерiн ескере отырып, қабылданған
талаптарға сәйкес өндiрiстiк экологиялық
бақылау бағдарламасын әзiрлеуге;
3) өндiрiстiк экологиялық бақылау қызметiнiң
ұйымдық құрылымын және персоналдың оны
жүргiзу үшiн жауапкершiлiгiн дербес
айқындауға;
4) кеңейтiлген өндiрiстiк экологиялық
бақылауды ерiктi негiзде жүргiзуге құқығы
бар.
2. Өндiрiстiк экологиялық бақылау жүргiзу
кезiнде табиғат пайдаланушы:
1) өндiрiстiк экологиялық бақылау
бағдарламасын әзiрлеуге және оны қоршаған
ортаға эмиссияларға рұқсат алу шеңберінде
қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат
беретін органға ұсынуға;
2) өндiрiстiк экологиялық бақылау
бағдарламасының талаптарын iске асыруға
және нәтижелерiн құжаттауға;
3) рәсiмдiк талаптарды ұстануға және
алынған деректердiң сапасын қамтамасыз
етуге;
4) өндiрiстiк
экологиялық бақылаудың нәтижелерiн
жүйелi түрде бағалауға және Қазақстан
Республикасының экологиялық заңнамасының
талаптарына анықталған сәйкессiздiктердi
жою жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;
5) өндiрiстiк экологиялық бақылау нәтижелерi
жөнiндегi есептiлiктi қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкiлеттi
органға белгiленген тәртiппен
ұсынуға;
6) өндiрiстiк экологиялық бақылау процесiнде
анықталған, Қазақстан Республикасының
экологиялық заңнамасын бұзу фактiлерi
туралы қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi
уәкiлеттi органға дереу хабарлауға;
7) қауiпсiздiк техникасын сақтауға;
8) жүзеге асырылатын өндiрiстiк экологиялық
бақылаудың сапасы мен объективтiлiгiн
растау үшiн мемлекеттiк экологиялық
инспекторлардың бастапқы ақпаратқа
қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
9) жұртшылықтың өндiрiстiк экологиялық
бақылау бағдарламаларына және өндiрiстiк
экологиялық бақылау жөнiндегi есептiк
деректерге қол жеткiзуiн қамтамасыз
етуге;
10) мемлекеттiк
экологиялық инспекторлардың талап етуi
бойынша мемлекеттiк экологиялық бақылауды
жүзеге асыру үшiн қажеттi өндiрiстiк
экологиялық бақылаудың құжаттарын,
талдаулардың нәтижелерiн және өзге де
материалдарын ұсынуға мiндеттi.
Ескерту.
130-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N
461-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін алты ай
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
131-бап.
Өндiрiстiк экологиялық бақылау
бағдарламасын
әзiрлеуге қойылатын талаптар
1.
Өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын
табиғат пайдаланушы әзiрлейдi.
2. Өндiрiстiк экологиялық бақылау
бағдарламасында мынадай ақпарат:
1) өндiрiстiк мониторинг процесiнде
қадағаланып отыратын мiндеттi параметрлер
тiзбесi;
2) өндiрiстiк
мониторинг пен өлшеулердi жүзеге асыру
кезеңi, ұзақтығы және жиiлiгi;
3) өндiрiстiк мониторингтi жүргiзуде
пайдаланылатын әдiстер туралы
мәлiметтер;
4) сынамаларды iрiктеп алу нүктесi және
өлшеулер жүргiзу орны;
5) деректердi есепке алуды жүргiзудiң,
талдаудың және хабарлаудың әдiстерi мен
жиiлiгi;
6) iшкi
тексерулердiң жоспар-кестесi және олардың
сақталмауына ден қоюдың iшкi аспаптарын
қоса алғанда, Қазақстан Республикасының
экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды
жою рәсiмi;
7) аспаптық өлшеулердiң сапасын қамтамасыз
ету тетiктерi;
8) тосын жағдайлардағы iс-қимыл
хаттамасы;
9) өндiрiстiк
экологиялық бақылауды жүргiзу үшiн
қызметкерлердiң iшкi жауапкершiлiгiнiң
ұйымдастырушылық және функционалдық
құрылымы;
10) өндірістік
экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен
жүргізу мәселелерi көрiнiс табатын өзге
де мәлiметтер қамтылуға тиiс.
132-бап.
Өндiрiстiк мониторингтiң түрлерi және
оны
жүргiзудi ұйымдастыру
1.
Өндiрiстiк мониторинг өндiрiстiк экологиялық
бақылаудың белгiленген кезеңдiлiкпен
толық деректер алу үшiн орындалатын
элементi болып табылады.
2. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүзеге
асыру шеңберiнде операциялық мониторинг,
қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингi
және әсер ету мониторингi орындалады.
3. Операциялық мониторинг (өндiрiстiк
процесс мониторингi) табиғат пайдаланушының
қызмет көрсеткiштерi оны тиiстi жобалық
пайдалану және осы өндiрiстiң технологиялық
регламентiнiң талаптарын сақтау үшiн
орынды деп есептелетiн ауқымда тұрғанын
растау үшiн технологиялық процестiң
параметрлерiн қадағалауды қамтиды.
Операциялық мониторингтiң мазмұнын
табиғат пайдаланушылар айқындайды.
4. Қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингi
өндiрiстiк ысыраптарды, эмиссиялардың
саны мен сапасын және олардың өзгеруiн
қадағалау үшiн эмиссияларды шығу көзiнде
бақылауды қамтиды.
5. Әсер ету мониторингiн жүргiзу, ол
Қазақстан Республикасының экологиялық
заңнамасының және қоршаған орта сапасы
нормативтерiнiң сақталуын қадағалап
отыру үшiн қажет болған жағдайларда
өндiрiстiк экологиялық бақылау
бағдарламасына енгiзiледi.
6. Әсер ету мониторингi мынадай
жағдайларда:
1) табиғат пайдаланушының қызметi сезiмтал
экожүйеге және халықтың денсаулығына
әсер ететiн болса;
2) технологиялық oбъектiлердi пайдалануға
беру кезеңiнде;
3)
қоршаған ортаға авариялық эмиссиялардан
кейiн мiндеттi болып табылады.
7. Әсер ету мониторингiн табиғат пайдаланушы
жеке, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм
бойынша басқа да табиғат пайдаланушылармен
бiрге жүзеге асыруы мүмкiн.
8. Алып
тасталды - ҚР 2011.07.15 N
461-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін алты ай
өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
9. Қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингi
Қазақстан Республикасының техникалық
реттеу туралы заңнамасында белгiленген
тәртiппен аккредиттелген өндiрiстiк
немесе тәуелсiз зертханаларда жүзеге
асырылады.
10.
Өндiрiстiк мониторингтiң деректерi
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар
мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк
жүйесiн жүргiзу шеңберiнде қоршаған
ортаның жай-күйiн бағалау үшiн
пайдаланылады.
Ескерту.
132-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N
461-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін алты ай
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.