ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 20.11.2021
Просмотров: 1941
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI
5-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
6-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ
7-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА
8-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР
9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу
3-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
10-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТЕТIКТЕРI
11-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛТIРIЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
13-тарау. ИНСПЕКТОРЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР
14-тарау. ӨНДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
15-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
5-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ПЕН КАДАСТРЛАР
16-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТА MEH ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МОНИТОРИНГI
17-тарау. ҚОРШАҒАН ОPTAHЫҢ ЛАСТАНУ УЧАСКЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК ЕСЕПКЕ АЛУ
18-тарау. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЛАРЫ
19-тарау. ӨНДIРIС ПЕН ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ
20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі
22-тарау. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУ КӨЗДЕРIН ЕСЕПКЕ АЛУ
6-БӨЛIМ. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ
25-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, МАМАНДАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ
26-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР
8-БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
28-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
29-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
30-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
31-тарау. ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
32-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
33-тарау. СУДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
34-тарау. ОРМАНДАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ӨСIМДIКТЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
35-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
37-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
41-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
42-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
44-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КӨМУ ПУНКТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
9-БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
46-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
206-бап.
Әскери және қорғаныс объектiлерiне,
әскери
қызметке қойылатын экологиялық талаптар
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, осы Кодексте белгiленген экологиялық талаптар әскери және қорғаныс объектiлерi мен әскери қызметке қолданылады.
207-бап.
Табиғи ресурстарды пайдалану
кезiндегi
экологиялық талаптар
1.
Жердi, жер қойнауын, суды, орманды және
өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн
пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
осы Кодексте және Қазақстан Республикасының
өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде
айқындалады.
2. Табиғи
экологиялық жүйелердiң бұзылуына, тiрi
организмдердiң генетикалық қорының
жойылуына, халықтың өмiрi мен денсаулығына
қауiптi қоршаған ортаның басқа да
өзгерiстерiне әкеп соғатын шаруашылық
және өзге де қызметке тыйым салынады.
31-тарау. ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
208-бап.
Жердiң нысаналы пайдаланылуы өзгерген
және оны
бiр санаттан екiншiсiне ауыстырған
кездегi
экологиялық талаптар
Ескерту. 208-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
209-бап.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi
аймақтарға
бөлу және пайдалану кезiндегi
экологиялық
талаптар
1.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi
аймақтарға бөлу және пайдалану кезiнде
экологиялық қауiпсiздiк пен ауыл
шаруашылығы алқаптарының сапалы жай-күйi
қамтамасыз етiлуге тиiс.
2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi
аймақтарға бөлу критерийi физикалық
тозу мен химиялық ластану болып табылатын
экологиялық қолайсыздық дәрежесiнiң
көрсеткiштерiне негiзделедi.
3. Жердiң химиялық ластану деңгейiн
айқындау қоршаған ортаны қорғау және
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк
органдар бекiткен топырақтағы химиялық
заттардың жол берiлетiн шектi шоғырлануы
пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
4. Жерлердi неғұрлым бағалыдан бағасы
төмендеу жерге ауыстыру, жерлердi
консервациялау, сондай-ақ оларды
экологиялық зiлзала аймағына немесе
төтенше экологиялық жағдай аймағына
жатқызу қажеттiгiн айқындау мақсатында
жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн
(бұдан әрi – жердi бағалаудың экологиялық
критерийлерi) қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту.
209-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N
239-V Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi).
210-бап.
Елдi мекендердiң жерiн аймақтарға бөлу
мен
пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
1.
Елдi мекендердiң жерiн аймақтарға бөлу
жердi бағалаудың экологиялық критерийлерi
негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Елдi мекендердiң жерiн басқа санаттағы
жерлерге ауыстыру кезiнде ластаушы
заттардың осы аумақтардағы ауа мен суға
өту мүмкiндiгi және олардың халық
денсаулығына тiкелей әсер етуi
ескерiледi.
3. Төтенше
экологиялық жағдайдағы аймақ үшiн
экологиялық ахуалдың одан әрi нашарлауына
әкеп соқпайтын ерекше пайдалану режимi
белгiленедi.
211-бап.
Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және
өзге
де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес
жердi
аймақтарға бөлу және пайдалану
кезiндегi
экологиялық талаптар
1.
Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және
өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы
емес жердi аймақтарға бөлу кезiнде
экологиялық қауiпсiздiк және жердi ұтымды
пайдалану қамтамасыз етiледi.
2. Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
және өнеркәсiп, көлiк және өзге де
объектiлердi пайдалану үшiн қажеттi
жағдайлар жасау мақсатында қоршаған
ортаның жай-күйiн жақсартуға ықпал
ететiн, аталған жердi пайдаланудың ерекше
жағдайлары ескерiле отырып, аймақтар
белгiленедi
3.
Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және
өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы
жердi басқа санаттағы жерге ауыстыру
кезiнде өз шегiнде аймақтарды белгiлеу
мақсаттарына сай келмейтiн қызмет
түрлерiне шек қойылатын немесе тыйым
салынатын аймақтар ескерiледi.
4. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс
және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы
емес жердi басқа санаттағы жерге ауыстыру
кезiнде олардың химиялық заттармен
жерлердi бағалаудың экологиялық
критерийлерiнде белгiленген деңгейлерден
артық ластануы қосымша экологиялық
критерий болып табылады. Ластанудың
жоғары деңгейiне жатқызылған жер
консервациялануға тиiс және босалқы
жер құрамына ауыстырылады.
212-бап.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
жерiн
және сауықтыру мақсатындағы жердi
пайдалану
кезiндегi экологиялық талаптар
1.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
жерiн пайдалану режимi Қазақстан
Республикасының Жер
кодексiменжәне
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
туралы" Қазақстан
Республикасының Заңымен реттеледi.
2. Сауықтыру мақсатындағы жерде қолайлы
экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық
жағдайларды сақтау мақсатында оларды
аймақтарға бөлу кезiнде санитарлық
қорғаныш аймақтары белгiленедi.
213-бап.
Орман қорының жерiн пайдалану
кезiндегi
экологиялық талаптар
1.
Орман қорының жерiн пайдалану режимi
Қазақстан Республикасының Жер және Орман кодекстерiмен
реттеледi.
2. Жердi
орман қоры санатына жатқызу кезiнде
аумақтың экологиялық жай-күйiнiң
индикаторы ретiнде өсiмдiктердiң жай-күйiн
экологиялық критерийлер деп есептеген
жөн.
3. Орман
шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн
пайдаланылмайтын орман қоры жерiндегi
ауыл шаруашылығы алқаптары Қазақстан
Республикасының орман заңнамасына сәйкес
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң
санатына ауыстырылуы мүмкiн.
4. Орман қорының жерiн басқа жер санатына
ауыстыруға Қазақстан Республикасының
орман заңнамасының талаптарына сәйкес
орман орналастыру және жерге орналастыру
материалдарының негiзiнде мемлекеттiк
экологиялық сараптаманың оң қорытындысы
болған кезде:
1) бұрын
белгiленген нысаналы мақсатына сәйкес
пайдалану мүмкiн болмаған;
2) қоныстар шегi өзгерген;
3) елдi мекендердiң шекаралары (шектерi)
өзгерген;
4) ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардың жерiнiң
санатына жатқызылған жағдайда жол
берiледi.
5. Орман
қорының жерiн басқа санаттарға ауыстыру
кезiнде жердi бағалаудың экологиялық
критерийлерiне сәйкес жердiң жай-күйiнiң
шөптi және сүректi өсiмдiктерге әсер
етуiн көрсететiн экологиялық көрсеткiштердi
ескерген жөн.
214-бап.
Су қорының жерiн аймақтарға бөлу
және
пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
1.
Су қорының жерiн аймақтарға бөлу кезiнде
су объектiлерiн қорғау және суды ұтымды
пайдалану қамтамасыз етiледi.
2. Су қоры жерiнiң құрамындағы жер
учаскелерiн жергiлiктi атқарушы органдар
су қорын пайдалану және қорғау
саласындағы уәкiлеттi
мемлекеттiк органдарының келiсiмi
бойынша жеке және заңды тұлғаларға ауыл
шаруашылығының, орман, балық, аңшылық
шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн және
жер учаскесiнiң негiзгi нысаналы мақсатына
қайшы келмейтiн, жердiң ластануы мен
тозуына және тиiсiнше экологиялық
ахуалдың нашарлауына әкеп соқтырмайтын
басқа да мақсаттар үшiн уақытша жер
пайдалануға беруi мүмкiн.
3. Су қорының жерiн басқа жер санатына
ауыстыруға, мемлекеттiк экологиялық
және санитарлық-эпидемиологиялық
сараптамалардың оң қорытындылары
Қазақстан Республикасының су
заңнамасының талаптарына
сәйкес болған кезде:
1) су объектiсiнiң жұмыс iстеуi тоқтатылған
немесе оның экологиялық және гигиеналық
көрсеткiштерi едәуiр өзгерген;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
жерiне жатқызылған;
3) елдi мекендердiң шекаралары (шектерi)
экологиялық ахуалдың өзгеруiне әкеп
соқтыратындай өзгерген жағдайда жол
берiледi.
4. Су қорғау
белдеулерiне бөлiп берiлген жер елдi
мекендер мен өнеркәсiп жерiнiң санатына
ауыстырылмайды, онда судың ластануын,
қоқыстануын және сарқылуын болғызбау
үшiн шаруашылық қызметтiң арнайы режимi
белгiленедi.
215-бап.
Босалқы жердi аймақтарға бөлу және
пайдалану
кезiндегi экологиялық талаптар
1.
Босалқы жердi аймақтарға бөлу кезiнде
келеңсiз өзгерiстер байқалған алаңдарды
және зерттелетiн аумақтағы тозу дәрежесi
әртүрлi учаскелердi бөлудiң кеңiстiктi
әркелкiлiгi ескерiледi.
2. Экологиялық жүйелердiң тозу жылдамдығы
елу жылдық байқау қатары бойынша
есептеледi. Экожүйелердiң тозуын бағалау
жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiне
сәйкес жүргiзiледi.
3. Босалқы жер басқа жер санатына одан
әрi пайдалану мақсаттарына қарай сол
орында санатына ауыстырылатын жердiң
шекаралары белгiленгеннен кейiн ғана
ауыстырылуы мүмкiн. Босалқы жердi басқа
жер санатына ауыстыру кезiнде жер
учаскесiн осындай жер санатына қойылатын
экологиялық талаптарға сәйкес таңдау
алдын ала жүзеге асырылады.
4. Бұзылған жердi босалқы жер санатынан
ауыстыру қалпына келтiру және жердiң
сапасы мен экологиялық жағдайды жақсарту
жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырғаннан
кейiн мүмкiн болады.
5. Ядролық қаруды сынау жүргiзiлген жер
учаскелерi босалқы жер құрамынан ядролық
қаруды сынау зардаптарын жою және
кешендi экологиялық тексеру жөнiндегi
барлық iс-шаралар аяқталғаннан кейiн
мемлекеттiк экологиялық және
санитариялық-эпидемиологиялық
сараптамалардың оң қорытындысы болған
кезде ғана меншiкке немесе жер пайдалануға
берiлуi мүмкiн.
Ескерту.
215-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N
505-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
216-бап.
Оңтайлы жер пайдалану жөнiндегi
экологиялық
талаптар
1.
Оңтайлы жер пайдаланудың негiзгi
экологиялық талаптары:
1) ұсынылып отырған жердiң қайта түлетiлуi
және жердi қайта бөлу салдарларын ғылыми
негiздеу және болжау;
2) барлық санаттағы жердiң ұтымды
пайдаланылуы мен қорғалуын жоспарлау
мен ұйымдастыруда бiрыңғай мемлекеттiк
саясатты негiздеу және iске асыру;
3) жердiң нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз
ету және ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi
құнарлы жердi сақтау;
4) экологиялық негiзделген жинақы және
алаңы жағынан оңтайлы жер учаскелерiн
қалыптастыру және орналастыру;
5) ауыл шаруашылығы алқаптарын жақсарту,
топырақтың құнарлылығын арттыру, тұрақты
ландшафттарды күтiп ұстау және жердi
қорғау жөнiндегi шаралар кешенiн
әзiрлеу;
6) жердi
ұтымды пайдалану және қорғау жөнiндегi
iс-шараларды әзiрлеу;
7) жерге түгендеу жүргiзу және
пайдаланылмайтын, ұтымды пайдаланылмайтын,
нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын
жердi анықтау;
8)
жердiң өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында
және адам денсаулығын сақтау мүддесiне
орай ормандардың орта құрау, су қорғау,
қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық,
сауықтыру және өзге де пайдалы табиғи
қасиеттерiн сақтау және күшейту;
9) биологиялық әралуандықты сақтау болып
табылады.
2.
Кәсiпорындар, құрылыстар және өзге де
объектiлердi орналастыру және пайдалану
үшiн жер учаскелерiн беру аталған
объектiлер қызметiнiң экологиялық,
санитарлық-эпидемиологиялық салдарларын
ескерiп, қоршаған ортаны қорғаудың,
табиғи ресурстарды молайтудың және
ұтымды пайдаланудың шарттары мен
ережелерi сақтала отырып жүргiзiледi.
3. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiмен байланысты
емес объектiлердi салу мен тұрғызу үшiн
ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн
жарамсыз, топырағының бонитет балы ең
төмен жер бөлiнуге тиiс.
217-бап. Жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
1.
Табиғат пайдаланушылар жердi пайдалану
кезiнде:
1)
санитарлық-эпидемиологиялық және
экологиялық талаптарға сәйкес келетiн
өндiрiс технологияларын қолдануы,
халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға
зиян келтiруге жол бермеуi, қолжетiмдi
озық технологияларды енгiзуi;
2) топырақтың ластануына, қоқыстануына,
тозуына және құнарлылығының төмендеуiне,
сондай-ақ құнарлы қабаттың мүлдем
жоғалуын болғызбау үшiн оны алу қажет
болған жағдайларды қоспағанда, басқа
тұлғаларға сату немесе беру мақсатында
топырақтың құнарлы қабатын алуға жол
бермеуi;
3) қалдықтарды
жинақтау мен жоюды олардың құзыретi
шегiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi органмен, сондай-ақ арнайы
уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм
бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың
шешiмiмен айқындалатын жерде жүргiзу
талаптарын сақтауы тиiс.
2. Табиғат пайдаланушылар пайдалы
қазбаларды қазу, геологиялық-барлау,
құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргiзу
кезiнде:
1) иеленiп
отырған жер учаскелерiн оларды одан әрi
мақсатына сай пайдалануға жарамды күйде
ұстауға;
2) жердiң
бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген
кезде топырақтың құнарлы қабатын сылып
алуға, сақтауға және пайдалануға;
3) бүлiнген жердi қалпына келтiрудi
жүргiзуге мiндеттi.
3. Бүлiнген жердi қалпына келтiру бағытын
таңдау кезiнде:
1)
жер учаскесiнiң үстiңгi жағының бүлiну
сипаты;
2) объект
орналасқан ауданның табиғи және
физикалық-географиялық жағдайлары;
3) ауданның даму перспективалары және
қоршаған ортаны қорғау талаптарын
ескере отырып, объектiнi орналастырудың
әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктерi;
4) қара топырақты жердiң таралу және
үдемелi ауыл шаруашылығы аймағында
бүлiнген жердiң негiзгi көлемiн жыртылатын
жер алқаптары ретiнде қалпына келтiру
қажеттiгi;
5) кенi
алынған бос жерде су тоғандарын және
аршылған жыныстар мен байытылған
қалдықтар үйiндiлерiнде сәндiк бақ-парк
кешендерiн құруды қоса алғанда, елдi
мекендерге тым жақын орналасқан бүлiнген
жердi бақ, қосалқы шаруашылықтар және
демалыс аймақтары етiп қалпына келтiру
қажеттiлiгi;
6)
өндiрiстiк объектiнiң аумағында жоспарлау
жұмыстарын орындау, қажетсiз шұңқырлар
мен үйiндiлердi жою, құрылыс қоқыстарын
жинау және жер учаскесiн абаттандыру;
7) пайдаланылатын жер учаскесiндегi
жыралар мен су шайған жерлердi топырақпен
жабу немесе тегiстеу;
8) мiндеттi түрде аумақты көгалдандыру
ескерiлуге тиiс.
4.
Жер учаскелерi өнеркәсiптiк қалдықтарды
орналастыру, көму, жинақтау үшiн
пайдаланылған жағдайда олар мынадай
талаптарға сай келуге:
1) кәдеге жаратылмаған өнеркәсiптiк
қалдықтарды көмуге арналған полигондарды
жобалаудың, салудың және пайдаланудың
санитарлық-эпидемиологиялық ережелер
мен нормаларға сәйкес келуге;
2) су тоғаны, ауыл шаруашылығы алқаптары,
ормандар, өнеркәсiптiк кәсiпорындар
жағына 1,5 процент еңiсi бар жерлерде
сыйымдылықтың түбiнен алғанда екi метрден
аспайтын ыза суы тұрғанда әлсiз сүзгiш
топырағы болуға;
3)
елдi мекенге қатысты желден ық жақта
және жерасты суы ағысының бағыты бойынша
төмен орналасуға;
4) тасқын су мен нөсер су басып қалмайтындай
жерлерде орналасуға;
5) инженерлiк қарсы сүзгi қорғанышы,
периметрi бойынша қоршауы мен
көгалдандырылуы, қатты жамылғысы бар
кiрме жолдары болуға;
6) жер учаскесiнен шығатын жер үстi және
жер асты ағыны ашық су объектiлерiне
қосылмауға тиiс.
5.
Жаңа технологияларды енгiзуге, жердi
мелиорациялау және топырақтың құнарлығын
арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге
асыруға олар Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген экологиялық,
санитарлық-эпидемиологиялық нормалар
мен ережелерге және өзге де талаптарға
сәйкес келмеген жағдайда тыйым
салынады.
6. Радиоактивтi
және химиялық ластануға ұшыраған жердi
пайдаланудың, күзет аймақтарын
белгiлеудiң, осы жерде тұрғын үйлердi,
өндiрiстiк, коммерциялық және
әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлердi
сақтаудың, оларда мелиорациялық және
техникалық жұмыстар жүргiзудiң тәртiбi
радиациялық және химиялық әсер етудiң
жол берiлетiн шектi деңгейлерiнiң
нормативтерi ескерiле отырып
айқындалады.
7. Жердi
қорғау мақсатында жер учаскелерiнiң
меншiк иелерi, жер пайдаланушылар:
1) жердi су және жел эрозиясынан, селдерден,
су басудан, батпақтанудан, қайта
тұзданудан, құрғап кетуден, тығыздалудан,
радиоактивтi және химиялық заттармен
ластанудан, өндiрiс және тұтыну
қалдықтарымен қоқыстанудан, ластанудан,
оның iшiнде биогендiк ластанудан, сондай-ақ
басқа да терiс әсерлерден сақтау;
2) ауыл шаруашылығы алқаптарын және
басқа да жердi бактериялық-паразиттiк
және карантиндiк зиянкестермен және
өсiмдiктер ауруларымен зақымданудан,
арамшөптер, бұталар және шiлiктер басып
кетуден, жердiң жай-күйiнiң өзге де
нашарлану түрлерiнен қорғау;
3) ластанудың, оның iшiнде биогендiк
ластанудың және жердiң қоқыстануының
салдарларын жою;
4)
мелиорацияның қол жеткiзiлген деңгейiн
сақтау;
5) бүлiнген
жердiң құнарлылығын қалпына келтiру,
топырақ құнарлылығын қалпына келтiру,
жердi айналымға уақтылы енгiзу;
6) топырақтың құнарлы қабатын кейiннен
жердiң құнарлылығын қалпына келтiрудi
жүргiзу кезiнде пайдалану үшiн алу мен
сақтау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге
мiндеттi.
8. Елдi
мекендер жерiнде көктайғаққа қарсы
күресу үшiн ас тұзын пайдалануға тыйым
салынады.
Ескерту.
217-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 №
124-V Заңымен
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
32-тарау.
ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ТАЛАПТАР
218-бап.
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі
операцияларды
жүргiзу
үшiн экологиялық негiз
1.
Жобалау құжаттамасына мемлекеттiк
экологиялық сараптаманың оң қорытындысы
және экологиялық рұқсат жер қойнауын
пайдалану жөнiндегi операцияларды
жүргiзу үшiн экологиялық негiз болып
табылады.
2. Жер
қойнауын пайдаланушы мемлекеттік
экологиялық сараптамаға барлық жобалау
алдындағы және жобалау құжаттамасын
ұсынуға міндетті, оған жоспарланатын
қызметтiң қоршаған ортаға тигiзетiн
әсерiне баға беру енгізілуге және ол
«Қоршаған ортаны қорғау» бөлiмiн қамтуға
тиіс.
Ескерту.
218-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 №
271-V Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi).
219-бап.
Жер қойнауын пайдалану кезiндегi
жалпы
экологиялық талаптар
1.
Жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы
экологиялық талаптар:
1) жер қойнауын Қазақстан Республикасының
экологиялық заңнамасының талаптарына
сәйкес пайдалану;
2) кен орнын игерудiң арнаулы әдiстерiн
қолдану есебiнен жердiң үстiңгi қабатын
сақтау;
3) жердiң
техногендiк шөлейттенуiн болғызбау;
4) барлау, өндiру кезiнде, сондай-ақ
барлаумен және өндiрумен байланысты
емес жер асты құрылыстарын салу мен
пайдалануға беру кезiнде қауiптi
техногендiк процестердiң пайда болуынан
сақтандыру шараларын қолдану;
5) жер қойнауын су басудан, өрттен және
кен орындарын пайдалану мен қазуды
қиындататын басқа да дүлей факторлардан
қорғау;
6) жер
қойнауының, әсiресе мұнайды, газды немесе
өзге де заттар мен материалдарды жер
астында сақтау, зиянды заттар мен
қалдықтарды көму кезiнде ластануын
болғызбау;
7) жер
қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды,
тоқтату, тоқтатып қою, кен орнын игеру
объектiлерiн консервациялау мен жою
жөнiндегi белгiленген тәртiптi сақтау;
8) қалдықтарды жинап қою мен орналастыру
кезiнде экологиялық және
санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды
қамтамасыз ету;
9)
автомобиль жолдарын салу жұмыстары
басталмас бұрын ұтымды схема бойынша,
сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылауда
тармақты тәсiлдi қоса алғанда басқа да
әдiстердi пайдалану, iшкi үйiндiлер жасау
технологиясын қолдану, минералдық
шикiзатты өндiру мен өңдеудiң қалдықтарын
пайдалану арқылы бұзылатын және бүлiнетiн
жердiң аумағын азайту;
10) топырақтың жел эрозиясына ұшырауын,
аршу жыныстары және өндiрiс қалдықтарының
құлауын, олардың тотықтануы мен өздiгiнен
жануын болғызбау;
11) сiңiрме және тұщы су қабаттарының
ластануын болғызбау үшiн оларды
оқшаулау;
12) жер асты
суларының сарқылуын және ластануын
болғызбау, оның iшiнде жуғыш сұйықтарды
дайындағанда уытсыз реагенттердi
қолдану;
13) бұрғылау
ерiтiндiлерiн тазалау және қайталап
пайдалану;
14) бұрғылау
және жанар-жағармай материалдарының
қалдықтарын экологиялық қауiпсiз тәсiлмен
жою;
15) мұнай кен
орындарында қабатаралық қысымды сақтау
жүйесiнде мұнай кәсiпшiлiгi сарқынды
суларын тазалау және қайтадан пайдалану
негiзгi экологиялық талаптар болып
табылады.
2. Жерасты
сулары минералға қаныққан жер астындағы
сутұтқыш белдеулерге сарқынды суларды
ағызуды қоспағанда, нормативтiк
көрсеткiштерге жеткізіліп тазартылмаған
шаруашылық-ауыз су үшін, бальнеологиялық,
техникалық қажеттіліктер үшін,
ирригация және мал шаруашылығы мақсатында
пайдаланылмайтын немесе пайдалануға
болмайтын, сондай-ақ қосымша ілесіп
шыққан карьердің суын арнайы жинақтағыштарға
ағызуды қоспағанда, ол үшін заттардың
нормативтерін белгілеу талап етілмейтін
және су мөлшері тек қана текше метрмен
нормаланатын сарқынды суларды жер
қойнауына ағызуға тыйым салынады.
Пайдалы қазбалармен ілесіп шыққан суды
кері ағызу, сондай-ақ мемлекеттік
экологиялық сараптаманың және Қазақстан
Республикасының заңнамасында көзделген
басқа да сараптамалардың оң қорытындысын
алған жобалар мен технологиялық
регламенттерде көзделген пайдалы
қазбалармен ілесіп шыққан суды жер
қойнауына кері ағызу сарқынды суларды
төгу болып табылмайды.
3. Жер қойнауын пайдаланушы:
1) жұмыстарды жүргiзудiң халықаралық
практикада қабылданған стандарттарға
негiзделген неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен
технологияларын таңдауға;
2) жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын,
қызметкерлердiң, халықтың және қоршаған
ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн
жұмыстарды жүргiзуге арналған технологиялық
схемалар мен жобаларды сақтауға
мiндеттi.
Ескерту.
219-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N
505-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.