ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.11.2021

Просмотров: 1953

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі

1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

2-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРДIҢ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI

2-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТI ЛИЦЕНЗИЯЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ, ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ

4-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ

5-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

6-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДI БАҒАЛАУ

7-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА

8-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР

9-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ

9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу

3-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ

10-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТЕТIКТЕРI

11-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА КЕЛТIРIЛГЕН ЗАЛАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

4-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

12-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҚОРҒАУ, МОЛЫҚТЫРУ МЕН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ

13-тарау. ИНСПЕКТОРЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР

14-тарау. ӨНДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

15-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

5-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ПЕН КАДАСТРЛАР

16-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТА MEH ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МОНИТОРИНГI

17-тарау. ҚОРШАҒАН ОPTAHЫҢ ЛАСТАНУ УЧАСКЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК ЕСЕПКЕ АЛУ

18-тарау. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЛАРЫ

19-тарау. ӨНДIРIС ПЕН ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ

20-тарау. ЗИЯНДЫ 3ATTAPДЫ, РАДИОАКТИВТI ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ МЕН САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ ЖЕР ҚОЙНАУЫНА АҒЫЗУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК КАДАСТРЫ

20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі

21-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТ

22-тарау. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУ КӨЗДЕРIН ЕСЕПКЕ АЛУ

6-БӨЛIМ. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ

23-тарау. ЖЕКЕЛЕГЕН АУМАҚТАРДЫ ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ НЕМЕСЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ ДЕП ЖАРИЯЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТӘРТIБI

24-тарау. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗIЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

7-БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БIЛIМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

25-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ, МАМАНДАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ

26-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР

27-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

8-БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

28-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

29-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

30-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

31-тарау. ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

32-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

33-тарау. СУДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

34-тарау. ОРМАНДАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ӨСIМДIКТЕРДI ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

35-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

36-тарау. ЖАНУАРЛАРДЫҢ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ЖӘНЕ ҚҰРЫП КЕТУ ҚАУПІ ТӨНГЕН ТҮРЛЕРІН ҚОРҒАУ, ӨСІМІН МОЛАЙТУ, ЕРІКСІЗ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ ЕРІКТІ ЖАҒДАЙДА ӨСІРІП-ӨНДІРУ, ШЕКТЕУЛІ ШАРУАШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

37-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

38-тарау. КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ СОЛТҮСТІК БӨЛІГІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҚ АЙМАҒЫНДА ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

39-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ, АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

40-тарау. ЫҚТИМАЛ ҚАУІПТІ ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЗАТТАРДЫ, ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТҮРЛЕНДІРІЛГЕН ӨНІМДЕР МЕН ОРГАНИЗМДЕРДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

41-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫНА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

42-тарау. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

43-тарау. ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ ПОЛИГОНДАРЫНА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ САҚТАУ ҚОЙМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

44-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ КӨМУ ПУНКТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

45-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен озонды бұзатын заттар саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу

9-БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

46-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

47-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

Базаның жай-күйі

Қолдау қызметі

Құқықтық ақпараттық қызметі

Соңғы құжаттар 

Кеңінен таралған құжаттар

      228-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман
                шаруашылығын ұйымдастыру кезiндегi экологиялық
                талаптар

      1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу ормандардың ресурстық және экологиялық әлеуетiн арттыруды қамтамасыз етуге тиiс.
      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандардың ресурстық және экологиялық әлеуетiн арттыру ағаш кесудiң ғылыми негiзделген жүйесiн iске асыру, ормандарды молықтыру, олардың тұқымдық құрамын жақсарту, селекциялық-гендiк негiзде тұрақты ормандық тұқым базасын жасау және оны тиiмдi пайдалану, су-орман мелиорациясы, күтiп-баптау үшiн ағаш кесу мен санитарлық ағаш кесудi қоса алғанда, орманды күтiп-баптау, орман шаруашылығы мақсатында жол салу, басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын өткiзу нәтижесiнде жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандардың ресурстық және экологиялық әлеуетiн арттыру жөнiндегi iс-шараларды орман мекемелерi мен орман пайдаланушылар орман орналастыру жобаларына сәйкес жүргiзедi.

      229-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру кезiндегi
                экологиялық талаптар

      1. Ормандарды молықтыру мақсаты мемлекеттiк орман қорының ағашы кесiлген, өртелген және бұрын орман өскен өзге де аумақтарында орманды уақытында қалпына келтiру, ормандардың тұқымдық құрамын жақсарту, олардың өнiмдiлiгiн арттыру, мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету болып табылады.
      2. Орман өсiрудiң мақсаты бұрын орман өспеген аумақтарда екпелер отырғызу болып табылады.
      3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру жөнiндегi iс-шаралар орман өсiру жағдайлары мен экономикалық мақсатқа сәйкестiгi ескерiле отырып, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталып, неғұрлым қысқа мерзiмде өнiмдiлiгi жоғары және төзiмдi екпелер жасауды қамтамасыз ететiн тәсiлдермен жүргiзiлуге тиiс.
      4. Мемлекеттiк орман қорында ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегі жұмыстар көлемi мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен жобалармен айқындалады.

      230-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру үшiн
                орман тұқымдары мен екпе материалдарды
                дайындау, өңдеу, сақтау, орнын ауыстыру, сату
                және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

      1. Сатуға және егу үшiн пайдалануға жататын орман тұқымдарының егу сапасын, олардың ұлттық стандарттарға, техникалық шарттарға және орман тұқым шаруашылығы жөнiндегi басқа да нормативтiк құжаттарға сәйкестiгiн айқындауды орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның мамандандырылған ұйымдары жүзеге асырады.
      2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тексеруден өтпеген орман тұқымдарын сату мен егуге тыйым салынады.
      3. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлердi қалыптастыру, оларды мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде пайдаланудың режимiн белгiлеу мемлекеттiк-экологиялық сараптамадан өткен жобалармен айқындалады.
      
Ескерту. 230-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


      231-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды
                молықтырған және орман өсiрген кезде
                мемлекеттiк орман қорының учаскелерiн
                пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтырған және орман өсiрген кезде мемлекеттiк орман қорының учаскелерiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      232-бап. Қалалық ормандар мен орман саябақтарында
                орманды пайдалану кезiндегi экологиялық
                талаптар

      Қалалардың шекарасы шегінде орналасқан ормандар (қала ормандары мен орманды саябақтар) халықтың тынығуына, мәдени-сауықтыру және спорт шараларын өткiзуге, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны сақтауға арналған. Қалалық ормандарда және орманды саябақтарда басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге және осы ормандардың мақсатымен сыйыспайтын орман пайдаланудың өзге де түрлерiн жүзеге асыруға тыйым салынады.

      233-бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер
                пайдаланушыларға пайдалануға берiлген
                мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және
                бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру
                және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға ауыл және орман шаруашылықтарын кешендi жүргiзу үшiн берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану Қазақстан Республикасының Орман кодексiнің талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
      2. Пайдалануына мемлекеттiк орман қоры учаскелерi берiлген жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар Қазақстан Республикасының 
Орман кодексiнде белгiленген тәртiппен оларда орман орналастыру жұмыстарын жүргiзуге және орман қорының мемлекеттiк есебiн жүргiзуге қатысуға мiндеттi.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ағаш және бұта өсiмдiктерiнiң жай-күйiн, күзетiлуiн, қорғалуын, пайдаланылуы мен молықтырылуын бақылауды орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

      234-бап. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер
                пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында
                орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн
                күзету, қорғау, пайдалану, мемлекеттiк орман
                қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру
                кезiндегi экологиялық талаптар

      1. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзетудi, қорғауды, пайдалануды, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыруды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк орман иеленушiлердiң Қазақстан Республикасының Жер кодексiндебелгiленген тәртiппен бөтен жер учаскесiн шектеулi мақсатта пайдалану (сервитут) құқығы бар.
      2. Табиғи өсiп шығатын ормандарды сыртқы қолайсыз әсерлерден қорғау үшiн басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнiң шекарасын бойлай енi жиырма метр болатын күзет аймақтары белгiленедi.
      3. Күзет аймағы шегiнде мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң жай-күйiне керi әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынады.


      235-бап. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына,
                каналдарға, магистральдық құбырларға және
                басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген
                белдеулердегi қорғаныштық екпелердi күзету,
                қорғау және пайдалану кезiндегi экологиялық
                талаптар

      1. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулерде орналасқан қорғаныштық екпелер осы объектiлердi қолайсыз табиғи құбылыстардан қорғауға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, шудың әсерiн азайтуға арналған.
      2. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулердегi қорғаныштық екпелерде, қорғаныштық екпелер жасау жобаларына сәйкес орманды күтiп-баптау үшiн кесуге, санитарлық кесуге, бағалылығы төмен екпелердi, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалта бастаған екпелердi реконструкциялауға байланысты кесуге және өзге де мақсаттарда кесуге жол берiледi.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қорғаныштық екпелердi күзетудi, қорғауды және пайдалануды, Қазақстан Республикасының 
Орман кодексiне сәйкес жер пайдаланушылар өздерi орналасқан жерлерде жүзеге асырады.

35-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ТАЛАПТАР

      236-бап. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану кезiндегi
                экологиялық талаптар

      1. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы  заңнамасына  сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiн табиғи ортадан алып қойылмай жүзеге асырылады.
      2. Жануарлар тiршiлiгiнiң пайдалы қасиеттерiн, сондай-ақ жануарлар дүниесi объектiлерiн ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк, эстетикалық және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа мақсаттарда пайдалану жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      3. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалануды жүзеге асыру кезiнде жануарларды алып қоюға, олардың паналау орындарын және басқа да құрылыстарды қиратуға, жануарларды көбею кезеңiнде мазалауға, жануарлардың тiршiлiк ету ортасын бұзуға және олардың көбею жағдайларын нашарлатуға тыйым салынады.

      237-бап. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, темiр
                жолдарды, автомобиль жолдарын, магистральдық
                құбырларды, электр беру және байланыс
                желiлерiн, каналдарды, бөгеттердi, өзге де
                құрылыстар мен объектiлердi орналастыру,
                жобалау мен салу кезiндегi экологиялық талаптар

      1. Кәсiпорындар, құрылыстар мен басқа да объектiлер орналастырылатын орын, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне әсер ететiн және әсер етуi мүмкiн жаңа техниканы, технологияны, материалдар мен заттарды енгiзу жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiледi.
      2. Жануарларды және олардың тiршiлiк ету ортасын қорғау құралдарымен қамтамасыз етпей объектiлердi пайдалануға беруге және технологияларды қолдануға тыйым салынады.
      3. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, қолданыстағы технологиялық процестердi жетiлдiру және олардың жаңаларын енгiзу, пайдаланылмайтын, жағалау маңындағы, батпақты, бұта басқан аумақтарды шаруашылық айналымына қосу, жерлердi мелиорациялау, орман ресурстарын және су объектiлерiн пайдалану, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын және оларды айдап өтетiн жерлердi айқындау, туристiк маршруттарды әзiрлеу мен халықтың жаппай тынығу орындарын ұйымдастыру кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерiнiң тiршiлiк ету ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтау  жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, сондай-ақ жабайы жануарлардың тiршiлiк ету ортасы ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге қол сұғылмауы қамтамасыз етiлуге тиiс.
      4. Кәсiпорындар, құрылыстар мен басқа да объектiлер салу мен реконструкциялау жобаларын экологиялық сараптамадан өткiзу кезiнде олардың жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне, тiршiлiк ету ортасына, жануарлардың өрiс аудару жолдарына және көбею жағдайларына әсерi мiндеттi түрде ескерiледi.
      5. Жеке және заңды тұлғалар жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн кез келген қызметтi жүзеге асырған кезде жануарлардың тiршiлiк ету ортасының, көбею жағдайлары мен өрiс аудару жолдарының қорғалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндiрiстiк процестердi жүзеге асырған уақытта, оның iшiнде жануарларға қауiптi препараттарды, химиялық заттар мен қоспаларды сақтау, тасымалдау, қолдану, қалдықтарды жинап қою, жою, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, ағаш дайындау және басқа жұмыстар жүргiзген кезде, сондай-ақ электр желiлерi мен көлiк құралдарын пайдалану кезiнде жануарлардың қырылуын болдырмауға арналған iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi.
      6. Темiр жолдарды, автомобиль жолдарын, магистральдық құбырларды, электр беру және байланыс желiлерiн, сондай-ақ каналдарды, бөгеттердi және өзге гидротехникалық құрылыстарды жобалау мен салу кезiнде жануарлардың өрiс аудару жолдарының сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шаралар әзiрленуге және жүзеге асырылуға тиiс.
      7. Жануарлардың көбею жерлерiнде жоғары шуыл көздерi болып табылатын жару және басқа да жұмыстар жүргiзуге Қазақстан Республикасының заңнамасымен шек қойылады.
      8. Су объектiлерiнде гидротехникалық және басқа құрылыстарды пайдалану, су объектiлерiнiң гидрологиялық режимi мен олардан су тұтыну режимiн, сондай-ақ жабайы жануарлардың тiршiлiк ету ортасының жай-күйiне әсер ететiн және әсер етуi мүмкiн басқа да қызметтердi белгiлеу жануарлар дүниесiн қорғау талаптары, балық және аң шаруашылығы мүдделерi ескерiле отырып жүзеге асырады.
      
Ескерту. 237-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


      238-бап. Қамыстарды шабу мен құрғақ өсiмдiктердi өртеу
                кезiндегi экологиялық талаптар

      Қамыстарды шабу мен құрғақ өсiмдiктердi немесе оның қалдықтарын өртеуге жабайы фаунаның сақталуы жөнiндегi iс-шаралар әзiрлене отырып, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi рұқсаттарына сәйкес шаруашылыққа қажеттi жағдайда ғана жол берiледi.
      
Ескерту. 238-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      239-бап. Өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық
                тыңайтқыштар мен шаруашылық және өзге де
                қызметте пайдаланылатын басқа да препараттарды
                тасымалдау, сақтау мен қолдану, жаңа
                препараттар жасау кезiнде қойылатын
                экологиялық талаптар

      1. Өсiмдiктердi қорғау құралдарынминералдық тыңайтқыштар мен шаруашылық және өзге де қызметте пайдаланылатын басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау мен қолдану, жаңа препараттар жасау кезiнде жеке және заңды тұлғалар аталған препараттарды тасымалдау, сақтау мен қолдану ережелерiн сақтауға және жануарлардың ауыруы мен қырылуын болдырмауды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi.
      2. Жаңа препараттар жасаған кезде оларды қоршаған ортада қолданудың нормативтерi әзiрленуге тиiс.
      3. Жануарлардың қырылуын және олардың тiршiлiк ету ортасының нашарлауын болдырмау мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынысы бойынша пестицидтердiң (улы химикаттардың) қолданылуы шектелетiн немесе оған тыйым салынатын жекелеген аумақтарды айқындай алады.
      4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы 
уәкiлеттi органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiзiмiне енгiзiлген пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдануға рұқсат етiледi.
      4-1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген, құрамында жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге және пайдалануға тыйым салынады. Осы заттардың экспорты мен импортына оларды жою мақсатында ғана рұқсат етіледі.
      5. Пестицидтердi (улы химикаттарды) осы баптың 4-тармағында аталған тiзiмге енгiзуге уыттылық зерттеулер, олармен жұмыс iстеуге гигиеналық регламенттеу жүргiзiлгеннен, гигиеналық және экологиялық нормативтер белгiленгеннен және осы пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеу жүзеге асырылғаннан кейiн жол берiледi.
      6. Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган 
белгiлегентәртiппен жүргiзiледi.
      7. Минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарда ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттар болған кезде, өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша уыттылық зерттеулерiн жүргiзiп, соның негiзiнде осы минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттар бойынша экологиялық нормативтер белгiленедi.
      8. Мыналарға:
      1) дала кемiргiштерiн құрту кезiнде, сондай-ақ жануарлардың жаппай құтыру iндетi және басқа аурулары болған жағдайларда жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша улы химикаттар қолдануды қоспағанда, жануарлар дүниесi объектiлерiн улы химикаттар қолдана отырып аулауға;
      2) пестицидтердi (улы химикаттарды), минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды:
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қорық режимi аймақтарында;
      өрiс аудару және көбею кезеңiнде жануарлар жаппай топтасатын жерлердегi белгi қойылған тыныштық аймақтарында, сондай-ақ жабайы жануарлардың тiршiлiк ету ортасы ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерде;
      жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің белгі қойылған тіршілік ету және қолдан өсіру орындарында қолдануға;
      3) ауыл шаруашылығы және басқа да алқаптарда топыраққа сіңірілмеген және жабайы жануарлардың қоректенуі мүмкін уланған тұқымдарды жер бетінде қалдыруға тыйым салынады.
      9. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларының тіршілік ету орталарын пестицидтермен (улы химикаттармен) ластанудан қорғау мақсатында су шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің қазіргі бар жағалауларынан екі километр шегінде:
      1) өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен және арам шөптермен күресте авиация арқылы тозаңдату тәсілін қолдануға;
      2) пестицидтер (улы химикаттар), минералдық тыңайтқыштар мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды салуға, авиахимиялық жұмыстар жүргізу үшін ұшу-қону жолақтарын, сондай-ақ жер бетіндегі аппаратураларды пестицидтермен (улы химикаттармен) толтыру алаңдарын және қой тоғытуға арналған әуіттер орнатуға тыйым салынады.
      Ескерту. 239-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу трәтібін 2-б. қараңыз), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


      240-бап. Жануарларды жаңа тіршілік ету орындарына
                көшіру, Қазақстан фаунасы үшін жаңа жануарлар
                түрлерін жерсіндіру, жануарларды қайта
                жерсіндіру мен будандастыру, оларды Қазақстан
                Республикасына әкелу және одан тысқары
                жерлерге әкету кезіндегі экологиялық талаптар

      1. Жануарлар дүниесі объектілерін жаңа тіршілік ету орындарына көшіруге, Қазақстан фаунасы үшін жаңа жабайы жануарлар түрлерін жерсіндіруге, сондай-ақ жабайы жануарларды будандастыру жөніндегі іс-шараларға ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатымен жол беріледі.
      2. Жеке және заңды тұлғалардың жабайы жануарларды өз бетінше көшіруіне, жерсіндіруіне және будандастыруына тыйым салынады.
      3. Жабайы жануарларды, сондай-ақ жабайы жануарлармен будандасуы немесе оларға зиян келтіруі мүмкін үй жануарларын жартылай ерікті немесе еріксіз жағдайларда ұстайтын немесе өсіретін жеке және заңды тұлғалар осы жануарлардың табиғи ортаға шығуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге міндетті.
      4. Жануарлардың тіршілігіне қатер төндіретін дүлей зілзала және төтенше экологиялық жағдайлар туындаған жағдайда, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланушылар жабайы жануарларға көмек көрсетуге және бұл туралы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға дереу хабарлауға міндетті.
      5. Жануарлар дүниесі объектілерін Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге әкету жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ережелер бойынша жүзеге асырылады.

      241-бап. Аң аулау, аңшылық алқаптарын бекітіп беру,
                аңшылықты ұйымдастыру кезіндегі экологиялық
                талаптар

      Аң аулау, аңшылық алқаптарын бекітіп беру, сондай-ақ аңшылықты ұйымдастыруды жүргізу кезінде қойылатын экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.

      242-бап. Балық аулау кезіндегі экологиялық талаптар

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу трәтібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      1. Балық аулау ережесі, балық аулау объектілері, балық шаруашылығы мен балық аулауды жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібі, балық ресурстары мен басқа су жануарларын беру тәртібі Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленеді.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға жануарлар дүниесі объектілерін жалпы пайдалану тәртібімен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында бір рет балық аулауға шыққанда бес килограмға дейін тегін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы белгіленген ережелер, нормативтер, шектеулер мен тыйымдар сақталуға тиіс.
      3. Сулы-батпақты алқаптарда және балық ресурстарының және басқа да су жануарларының тіршілік ету және таралу орындарында гидромелиорациялық жұмыстар мұндай қызметтің жобалары мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткеннен кейін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
      4. Балық аулау Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы 
заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 242-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу трәтібін 2-б. қараңыз) Заңымен.