ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.12.2023
Просмотров: 490
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Жылулық сəулеленуді өлшеу құралдары
Гидростатикалық теңестірілген қысымды өлшеу сұйықтық құралдары
Қысымды өлшеуге жалпы əдістемелік нұсқаулықтар
тарау. Сұйықтық, газ жəне будың мөлшері мен шығынын өлшеу
Ағынмен айналып өтетін шығын өлшегіштер
Электромагниттік шығын өлшегіштер
Ультрадыбыстық шығын өлшегіштер
Тахометриялық шығын өлшегіштер
Кориолис массалық шығын өлшегіш
3.11 Үшінші тарауға бақылау сұрақтары
Деңгейді өлшеудің электрлік құралдары
Деңгейді өлшеудің акустикалық құралдары
Төртінші тарауға бақылау сұрақтары
Сұйықтықтың тұтқырлығын өлшеу құралдары
5.3 Бесінші тарауға бақылау сұрақтары
6.4 Алтыншы тарауға бақылау сұрақтары
Ерітінділерді талдаудың потенциометрлік əдісі
Деңгейді өлшеудің электрлік құралдары
Сезімтал элементінің түріне байланысты оларды келесідей бөледі:
-
сыйымдылықты шығын өлшегіштер; -
кондуктометрлік шығын өлшегіштер.
-
Сыйымдылықты деңгей өлшегіштер.
Бұл деңгей өлшегіштердің əрекет принципі бірінші ретті өлшеу түрлендіргіштің сезімтал элементінің электрлік сыйымдылығының сұйықтың деңгейіне тəуелділігінде негізделген.
Сезімтал элементтер құрылымдық жағынан коаксилді орналасқан цилиндрлік электродтар түрінде орындалады.
Олардың құрылымы сұйқытықтың физика-химиялық қасиеттеріне тəуелді болады:
-
электрөткізгіштігі 10-6 См/м-тен төмен болатын электр өткізбейтін сұйықтықтарға (диэлектриктерге) сұлбасы 4.4 А) суретте көрсетілген деңгей өлшегіштер қолданылады; -
электр өткізетін (меншікті электрөткізгіштігі 10-4 См/м-тен көп болатын) сұйықтықтардың деңгейін өлшеу үшін басқа сезімтал элементтері бар деңгей өлшегіштер қолданылады (4.4 Ə) сурет).
4.4 сурет – Сыйымдылықты деңгей өлшегіштердің сұлбалары
4.4 А) суретіндегі белгілеулер: 1,2 – коаксиалды орналасқан электродтар (цилиндрлік конденсаторлар); 3 – оқшаулағыш.
hбиіктікке дейінгі электродтар арасындағы кеңістік сұйқтықыпен толтырылған, ал (H-h) кеңістік – бу-газ қоспасымен толтырылады. 3
оқшаулағыш электродтардың өзара орналасуын фиксациялауға қолданылады.
-
Ə) суретіндегі белгіленулер: 1 – металды электрод; 2 – фторопласт оқшауламалар.
Резервуардың қабырғасы металдан жасалған болса, ол екінші электрод ретінде қолданылады, ал резервуар қабырғасы
диэлектриктен жаслаған болса
- арнайы метал электроды қолданылады. Осы сезімтал элементтердің электрлік сыйымдылығын өлшеу ақпаратының сигналына түрлендіру көпірлік, резонансты немесе импульсты əдістерімен жүзеге асырылады.
Сыйымдылық деңгей өлшегіштердің өлшеу диапазондары: минималды
00,4м, максималды - 020м. Жұмыс қысымы 2,510 МПа. Дəлдік кластары
- 0,5; 1.0; 2.5.
Сұсымалыорталарғаарналғансыйымдылықдеңгейөлшегіштерібар.
Өлшеудің жоғарғы шегі - 420 м. Дəлдік кластары - 2,5.
Кондуктометрлікдеңгейсигнализаторы.
Кондуктометрлік деңгей сигнализаторлары меншікті өткізгіштігі 10-3 См/м мəнінен үлкен болатын электрөткізгіш сұйықтықтар мен жəне сусымалы орталардың деңгейін хабарлауғаға арналған (4.5 сурет).
-
сурет – Жоғарғы шекті сұйықтық деңгейін сигнализатордың
сұлбасы
Сұлбада белгіленгендер: 1 – электрод; 2 – реле.
Сұйықтықтың деңгейі h биіктікке жеткенде технологиялық аппараттың корпусы мен 1 электрод арасындағы тізбек тұйықталады. Сонда 2 реле əсерге келіп, сұлбаның сигнализациясы қосылады.
Электродтар арнайы маркалы болаттан немесе көмірден жасалады, жəне көмірлі электродтар тек сұйық ортаның деңгейін өлшеуге қолданылады.
- 1 ... 15 16 17 18 19 20 21 22 ... 28
Деңгейді өлшеудің акустикалық құралдары
Акустикалық деңгей өлшегіштердің құрастырылуының əртүрлі принциптері бар. Ең көп тарағаны - локацияпринципі: сəулелегіштен екі ортаның шекарасына дейін жəне кері қарай қашықтықты ультрадыбыс тербелістердің өту уақыты бойынша деңгейді өлшеу.
Екі ортаның шекарасының орнатылуы газ арқылы жүзеге асырылса деңгей өлшегіштер акустикалықдеңгейөлшегіштердеп, ал екі ортаның шекарсының орнатылуы жұмыс ортаның қабаты арқылы жүзеге асырылса ультрадыбыстықдеңгей өлшегіштердеп аталады.
Акустикалық деңгей өлшегіштердің артықшылығы – олардың өлшеу дəлдігі, жұмыс ортаның құрамына жəне физика-химиялық қасиеттеріне тəуелді емес болатыны. Кемшілігі – өлшеу дəлдігі температураға, қысымға жəне газдық құрамына тəугелділігі.
Əдетте акустикалық деңгей өлшегіштер бастапқы, аралық, ал кей кездерде беріліс түрлендіргіштердің комбинациясы болып табылады. Сондықтан қатаң айтқанда акустикалық деңгей өлшегіштерді акустикалық өлшегіш түрлендіргіштері бар өлшеу жүйенің бір бөлігі ретінде қарастырған жөн.
Сұйық ортадағы акустикалық деңгей өлшегіштері бастапқы жəне аралық түрлендіргіштерден тұрады. Бастапқы түрлендіргіш ультрадыбыстық тербелістерінің көзі жəне қабылдауыш функцияларын бір уақытта орындайтын пъезоэлемент болып табылады. Аралық түрлендіргіште өлшеулер барысында генератор белгілі бір жиілікпен пъезоэлементке берілетін жəне ультрадыбыстық импульске түрленетін электрлік импульсті тудырады. Бұл импульстер акустикалық трактының бойымен таралады, сұйықтық – газ шекарасында шағылады жəне оларды электрлік импульстерге
түрлендіретін сол пъезоэлементпен қабылданады. Одан əрі импульстер сигналды уақыт бойынша шағылдыратын өлшеу сұлбасындағы аралық түрлендіргішіне беріледі. Бастапқы жəне аралық түрлендіргіштердің ара қашықтығы 25 м-ден көп болмайды. Денгейді өлшеу аралығы: 0-1; 0-2; 0-3 м. Дəлдік класы 2,5. Бақыланатын ортаның температурасы 10-500С, технологиялық аппараттағы қысым 4 МПа-ға дейін болады.
Сусымалы орталар деңгейін акустикалық өлшегіштердің əрекет ету принципі жəне құрылысы бойынша сұйықтық орталардың деңгейін акустикалық өлшегіштеріне ұсқас болып келеді. Сусымалы ортадалардың деңгейін өлшегіштер Мемлекеттік аспаптар жүйесінің номенклатурасына кіреді жəне унифицирленген токтық сигналына ие болады. Олар бір нүктелі жəне көп нүктелі болуы мүмкін. Көпнүктелі деңгей өлшегіштер коммутатор арқылы аралық түрлендіргішке қосылатын жəне технологиялық аппаратқа жекелей орналастырылатын акустикалық типтегі бірнеше (30-ға дейін)бастапқы түрлендіргіштерден тұрады. Бақыланатын орта – диаметрі 2÷200 мм болатын түйіршіктер. Өлшеу аралығы: минималды – 0÷2,5 м; максималды – 0÷30 м. Дəлдік кластары - 1,0÷1,5.
- 1 ... 16 17 18 19 20 21 22 23 ... 28
Төртінші тарауға бақылау сұрақтары
-
Деңгей өлшегіштердің классификациясы. -
Қалтқылы деңгей өлшегішті сипаттап беріңіз. -
Буектік деңгей өлшегіштің сұлбасы мен əрекет принципі. -
Манометрмен өлшеулерді орындау сұлбаларын келтіріңіз. -
Сыйымдылық деңгей өлшегіштің əрекет принципі. -
Кондуктометрлік деңгей сигнализатордың əрекет принципі. -
Акустикалық деңгей өлшегіштердің əрекет принципі, артықшылықтары жəне кемшіліктері. -
Ультрадыбысты деңгей өлшегіштің əрекет принципі. -
Дифманометрдің əрекет принципі. -
Бірнүктелі жəне көпнүктелі деңгей өлшегіштері.
-
тарау. Сұйықтықтар мен газдардың физика – химиялық қасиеттерін өлшеу
Автоматты бақылауы химия-технологиялық процестер арқылы жүзеге асырылатын физика-химиялық қасиеттер қатарына тығыздық, тұтқырлық, қаныққан будың қысымы, жану жылуы жатады.
Сұйықтықтарменгаздардыңтығыздығынөлшеухимия- технологиялық процестерді басқару жəне шикізаттың, отынның, реагенттердің мөлшерін есепке алу операцияларын орындау үшін жүзеге асырылады.
Мұнай майларды, консистентті жағармайларды, полимерлерді, ерітінділерді өндірумен байланысты химия-технологиялық процестердің өнімінің сапасын тұтқырлық анықтайды.
Қаныққан будың қысымы біркомпонентті сұйық заттар үшін олардың тазалығының сипаттамасы ретінде қолданылады; мұнай өнімдері үшін олардың булануға бейімділігін жəне отындық двигательдер жүйелеріндегі бу тығындарының пайда болуын сипаттайды.
Қазіргі таңда отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу бойынша өткізілетін іс-шараларға байланысты маңызды болатын сұйықтық жəне газ тəрізді отындардың жылулық