Файл: 20232024 оу жылында азастан республикасыны жалпы орта білім беру йымдарындаЫ.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 767

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл

Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл

Тұлғаға бағытталған тәсіл

STEM/ STEАM технологияларды қолдану

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

TIMSS

PISA-2025

ICILS-2018

Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту

Инклюзивті білім беру ортасын құру

Білім күнінде өткізілетін шаралар

«Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы

ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ»

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР

ШЕТЕЛ ТІЛІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

МАТЕМАТИКА И ИНФОРМАТИКА

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Цифрлық кітапхана

2.5 ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ ЕСКЕРТУЛЕР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

2.10 ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ

2.11 АУЫЛДЫҚ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

2.13 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

2.14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.15 АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ

ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ

ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ


консультативтік жұмыс;

  • реттеу және дамыту жұмысы.

Білім алушыларды тиімді бейімдеу үшін келесі іс-шаралар атқарылуы керек:

  1. Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін назарға алу, олардың дамуының жеке траекторияларын әзірлеу және іске асыру, білім алушылардың нәтижелеріне мониторинг жасау және оны реттеу жұмыстары.

  2. Оқыту кезіндегі іс-әрекеттілік пен кіріктірілген оқыту тәсілдерін, оқу-тәрбие процесінің практикалық бағыттылығын, оқытудың интербелсенді әдістерін қолдану негізінде оқытуды іске асыру.

«Негізгі мектеп-орта мектеп» деңгейіндегі сабақтастық


Жалпы білім берудің үшінші кезеңінің ерекшелігі бейіндік оқытуға көшу болып табылады. Жалпы орта білім беру деңгейінде жалпы және кәсіптік білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп түлектерін кәсіптік жоғары білім беру бағдарламаларын игеруге даярлау қажет. Сабақтастық оқу бағдарламасының мазмұнын құрайтын білім мен дағдыларды нығайту, тереңдету және кеңейту арқылы жүргізіледі.

Сабақтастық мәселесін шешудің негізгі міндеттері:

  • білім алушының орта мектеп жағдайына сәтті бейімделуі;

  • негізгі және орта мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеу үрдісін жақындастыру;

  • білім алушылардың білім беру нәтижелерін бағалаудың тәуелсіз нысандарына, оның ішінде ҰБТ-ға дайындығы;

  • өзін-өзі тану және айналасына қамқорлықпен қарап нәтижелі кері байланыс жағдайын жасау;

  • білім алушылардың денсаулығын сақтау жағдайлары.

Оныншы сынып оқушысына «жоғары сынып оқушысы» екенін сезінуіне, оқудың мәні мен мағынасын анықтауына көмектесу маңызды.

Негізгі және орта білім беру арасындағы оқытудың сабақтастығын қамтамасыз ету бағыттары:

  1. Профильге сәйкес білім беру бағдарламаларын таңдау арқылы оқыту сабақтастығын жүзеге асыру.

  2. Пән мұғалімдерін 9-10 сыныптарда барынша ауыстырмауға тырысу.

  3. Білім беру нәтижелерінің мониторингі.

  4. Негізгі мектепте оқытуды қолдайтын, орта мектепте саналы түрде оқуға және ҰБТ тапсыруға дайындықты қалыптастыратын пәндер бойынша элективті сабақтар ұйымдастыру.

  5. Пәндер (үйірмелер, факультативтер) мен жеке сабақтар бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.

  6. Пәндер бойынша бірыңғай жалпы мектептік онкүндіктерді өткізу.

  7. Ата-аналармен жұмыс: жеке кеңес беру, ашық есік күні, мектеп сайты, қамқоршылық кеңестер.

Бейімделу процесін жүзеге асыру жолдары:

  • білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

  • 10-сыныпқа келген 9-сынып оқушыларының пәндері бойынша және 10сыныптың бүкіл оқу жылында білім сапасын мониторингілеу, анықталған олқылықтардың орнын толтыру;

  • бейімделу қиындықтарын анықтау және талдау, реттеу жолдарын әзірлеу;

  • оқу процесіне барлық қатысушылардың: мұғалімдердің, ата-аналардың, білім алушылардың қатысуымен сабақтастықты іске асыру шеңберіндегі міндеттерді шешу;

  • негізгі мектепте (9-сыныптар) және орта мектепте (10-сыныптар) оқытудың мазмұны мен әдістерінде сабақтастық байланыстарды іске асыру; кері байланыс мүмкіндіктерін жасау.




2.2 БІЛІМ БЕРУ САЛАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ



ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ




«Тіл және әдебиет» білім беру саласы бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес:

  • бастауыш білім беру деңгейінде «Әліппе» (1-сынып), «Ана тілі» (1сынып), «Букварь» (1-сынып), «Обучение грамоте» (1-сынып), «Қазақ тілі» (2-4 сыныптар), «Қазақ тілі» (оқыту орыс тілінде 1-4-сыныптар), «Әдебиеттік оқу» (2-4 -сыныптар), «Орыс тілі» (2-4-сыныптар), «Шетел тілі» (3-4-сыныптар);

  • негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақ тілі» (5-9 сыныптар), «Қазақ тілі мен әдебиеті» (5-9 сыныптар), «Орыс тілі» (5-9 сыныптар), «Өзбек тілі», «Ұйғыр тілі», «Тәжік тілі» (5-9-сыныптар), «Шетел тілі» (5-9-сыныптар), «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті» (5-9 сыныптар), «Өзбек әдебиеті», «Ұйғыр әдебиеті», «Тәжік әдебиеті» (5-9-сыныптар);

  • жалпы орта білім беру деңгейінде оқытудың екі бағыты бойынша:

«Қазақ тілі» (10-11 сыныптар), «Қазақ тілі мен әдебиеті» (10-11 сыныптар), «Орыс тілі» (10-11 сыныптар), «Өзбек тілі», «Ұйғыр тілі», «Тәжік тілі» (10-11сыныптар), «Шетел тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті» (10-11 сыныптар), «Өзбек әдебиеті», «Ұйғыр әдебиеті», «Тәжік әдебиеті» (10-11-сыныптар) пәндері оқытылады.

Жоғарыда аталған пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының (өзгерістер мен толықтыруларға ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022 № 412 бұйрығымен енгізілген) 1–3, 11–15-қосымшаларында (1-4 сыныптар), 6–8, 16– 20-қосымшаларында (5-9-сыныптар), 21–30, 85–90-қосымшаларында (10-11сыныптар) көрсетілген.

«Тіл және әдебиет» білім беру саласының мазмұны басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланысты пайдалануды; білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сәйкес тілдік дағдыларын дамытуды; қазіргі әлемде тілдерді оқытудың маңыздылығын түсінуді; рухани-адамгершілік құндылықтардың дамуын; көптілді және көпмәдениетті әлемнің тұтастығын түсінуді; қарым-қатынас процесінде тұлғаарлық және мәдениетаралық байланыстарды орнатуды; оқыту тілінде түрлі ақпарат көздерімен, оның ішінде интернет ресурстарымен өз бетінше жұмыс істей білуді; шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту және пайдалануды қамтамасыз етеді.


Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсыныстар

«Тіл мен әдебиет» саласы бойынша оқытудың басты ерекшелігінің бірі – білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда, оқу сауаттылығын арттырып, тілін дамыту, сөздік қорын кеңейту мақсатында оқу және жазба жұмыстарына басымдық беру болып отыр. Әсіресе, балалардың дыбыстарды дұрыс айта білу, ойын дұрыс жеткізе білу, сауатты жаза білу дағдысын қалыптастыруға да ерекше назар аударылады. Осы мақсатта әдеби тілдік норма білім алушының жас ерекшелігін ескере отырып, функционалдық тұрғыдан ұсынылады.

Бастауыш сынып білім алушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін педагогтерге арнайы саралап оқыту, тұлғаға бағдарланған, белсенді білім беру технологияларын қолдану қажет, мысалы:

  • ұйымдастырушылық, интеллектуалдық және басқа да дағдыларды, оның ішінде оқу-жаттығу қызметін өз бетінше жүзеге асыру дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаңа білімді игерудің проблемалық диалогтық технологиясы;

  • маңызды коммуникативтік дағдыларды дамытуға жағдай жасайтын дұрыс оқу іс-әрекетінің түрін қалыптастыру технологиясы;

  • ұйымдастырушылық, зияткерлік, коммуникативтік және бағалау дағдыларын қалыптастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін жобалау қызметінің технологиясы (әртүрлі плакаттар, жадынамалар, модельдер дайындау, алынған нәтижелерді міндетті түрде таныстыруды көздейтін көрмелер, викториналар, конкурстар, спектакльдер, шағын зерттеулер ұйымдастыру және өткізу және т. б.);

– оқытудың деңгейлік саралануы, оны қолдану мұғалімнің білім алушылармен өзара әрекеттесу стиліне белгілі бір өзгерістер енгізеді.

Тіл мен әдебиет сабақтарында білім алушыларда тек пәндік білім, білік, дағдыларды ғана емес, материалдарды жинау және реттеу әдістерін, сұрақтар құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасауда проблеманы қоя білу біліктілігін, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауын, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру сынды кең ауқымды дағдыларды меңгерту функционалды сауаттылығын қалыптастырады.

Тіл салалары бойынша оқытудың негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым) қолдана отырып, тілдік білімді меңгерту. Тыңдалым дағдысы бойынша негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау, түсінгенін практикада қолдана білу бағаланады; осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғышарты – тыңдалым әрекеті болып табылады. Өйткені күнделікті өмірде білім алушы көптеген ақпаратты сағат сайын естіп, көріп тыңдайды. Кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсіну сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Егер білім алушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым, жазылым, оқылым), яғни айтылып жатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-қатынас жасай алады; тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды; көтерілген мәселеге өз көзқарасын жазбаша жеткізе алады.


Тыңдалым дағдысының мақсаты – аудиожазбаның мазмұнын түсінуге, белгілі бір ақпаратты қабылдауға, мәтін детальдарын түсінуге, айтылған ойды толық түсінуге, сөйлеушінің сөзін еш қиындықсыз ұғынуға, ауызекі, анық құрылмаған сөйлеу тілін өздігінен түсінуге, бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио бағдарламаларды еркін түсініп қабылдауға, таныс және бейтаныс тақырыптағы сөйлесімнің негізгі ойын түсінуге үйрету.

Оқытудағы тыңдалым дағдысы бойынша басты белсенді әрекет – білім алушыларды қоршаған ортадағы кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсінуге бейімдеу керек. Ол үшін сабақ барысында түрлі белсенді жұмыс түрлерін пайдалану және ол өзекті, қызықты, әртүрлі болуға тиісті.

Айтылым дағдысының мақсаты – сөзді дұрыс айта білудің заңдылықтарын және қалыптасқан нормаларын меңгеру. Айтылым – тілмен түсінісуді жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Ол тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару процесі. Айтылым, яғни, сөйлеу негізінен, бір адамға ғана тән болғанымен, тілдік қатынаста екі жақты байланыстың болуын қажет етеді

Айтылым дағдысы бойынша:

  • белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын білдіру;

  • өзкөзқарасын дәлелдеу;

  • шешім шығару, қорытынды пікір жасау;

  • зерттеушілік (анализ, синтез);

  • ақпаратты өңдеу дағдылары қалыптасады. Білім алушылардың айтылым дағдысын қалыптастыруда белсенді әрекеттерді қолдану өте тиімді. Мысалы: Топтық жұмыста айтылым дағдысын қалыптастыруда «Ашық ойла» белсенді оқытуы өте тиімді. Топ мүшелеріөз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып, ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.

Айтылым дағдысын қалыптастыруда тірек сызбалар арқылы оқыту да нәтижелі тәсілдің бірі. Тірек сызбаны пайдалану білім алушыны сөйлеу үшін ғана емес, олардың оқу-танымбелсенділігін арттыру, ой-өрісін кеңейту үшін де қажет. Мұндай тірек схемалардың тиімділігі, біріншіден, сынып білім алушыларын түгел қамтиды,екіншіден, сөйлем құрастыруға, сұрақ қойып,оған жауап беруге көмектеседі, үшіншіден, әңгіме құрастырып, оны әңгімелеп беруге үйретеді және есінде сақтауға ықпалын тигізеді,төртіншіден, білім алушыны пәнге қызықтырады, ынтасын арттырады және мұғалімге сенімді көмекші әдіс. Осы арқылы білім алушылар қиын тақырыпты жеңіл меңгереді, үлгерімі нашар білім алушыларда белсенділік пайда болады.