ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 307
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Әдебиеттік оқу 3-сынып
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
Мазмұны
-
ТОҚСАН 4
Бөлім: Тыңдалым және айтылым 4
Бөлім: Оқылым 9
Бөлім: Жазылым 17
-
ТОҚСАН 20
Бөлім: Тыңдалым және айтылым 20
Бөлім: Оқылым 24
Бөлім: Жазылым 34
-
ТОҚСАН 37
Бөлім: Тыңдалым және айтылым 37
Бөлім: Оқылым 41
Бөлім: Жазылым 50
-
ТОҚСАН 54
Бөлім: Тыңдалым және айтылым 54
Бөлім: Оқылым 59
Бөлім: Жазылым 66
1-ТОҚСАН
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық
сұрақтар қою және жауап беру
Бағалау критерийі Білімалушы
-
Мәтін бойынша ашық сұрақтар қояды және жауап береді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
-
Мәтінге сүйеніп кестені толтыр.
Күз | Күзгі табиғат | Жан-жануарлардың күзгі тіршілігі | Күзгі еңбек |
| | |
-
Жұптық жұмыс-
Кестеге сүйеніп, мәтін бойынша жұбыңа ашық сұрақтар қой. -
Жұбыңның қойған сұрақтарына жауап бер.
-
Дескриптор Білімалушы
-
мәтіннен кестеге сәйкес ақпараттарды анықтайды; -
мәтін мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастырады; -
мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
| | Бөлімше 1.2 Шығарманы мазмұндау | |
Оқу мақсаты | | 3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау | |
Бағалау критерийі | | Білімалушы
| |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану | ||
Тапсырма Ертегіні мұқият тыңда және мазмұнын айт. Арыстан күшігін асыраған мысық Бір мысық қаңғырып жүріп, өліп жатқан арыстанға тап болады. Оның жетім қалған күшігін емізіп асырайды. Арыстанның күшігі өсіп, азулы аң болады. Өз тамағын өзі тауып жейтін халге жетеді. Бірде ашыққан арыстан өзін асыраған мысықты жемек болады. Мысық ағаштың басына өрмелеп шығып кетеді. Сонда арыстан:
Сонда мысық:
Білген ақыл-айламның бәрін үйреттім. Бірақ ашқарақтығыңнан қорқып, бір өнерімді айтпап едім. Соны бүгіп қалғаным ақыл болған екен,- депті.
| |||
Дескриптор | Білімалушы
|
Бөлімше 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау | ||
Оқу мақсаты | | 3.1.3.1 Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс- әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау |
Бағалау критерийі | | Білімалушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары | |
Тапсырма Мысалды мұқият тыңда. Құмырсқа қандай әрекет жасайды деп ойлайсың? Оқиғаны әрі қарай жалғастырып көр. Құмырсқа және бидай дәні Егінді түгел жинап алғаннан кейін бидайдың жалғыз дәні жерде қалып қойған еді. Қыс түспей тұрып, өзіне топырақ астынан пана іздеуді ойлады. Осы кезде қасынан өтіп бара жатқан құмырсқа бидайдың дәнін көрді де, қуанғаннан бұл олжасын илеуіне қарай домалатып ала жөнелді. Қабырғасы қайысып, көп азапқа түскен құмырсқаға бидай дәні: - Әй, құмырсқа, сен бұлай бейнетке бата бермесең қайтеді. Мені таста да кете бер, - деді. Жұптықжұмыс
- Мен сені тастап кетсем, қыста азықсыз қаламын ғой. Біз көппіз. Осылай әрқайсымыз бір-бірден дән - Егер мені тастап апарсақ, қысқа көп азық жинап кетсең, келесі жылы .... аламыз. | ||
Дескриптор | Білімалушы
|
Бөлімше 1.4 Тыңдарманның назарын аударту | ||
Оқу мақсаты | | 3.1.4. 2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану |
Бағалау критерийі | | Білімалушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану | |
Тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Кішкентай құс Мұқаш таңертең күшігімен үйдің сыртындағы бақша ішін аралап келе жатты. Ол топ гүлдің ығында бұғып отырған балапанды көріп, тоқтай қалды. Жақында ғана ұшуға жараған бозторғайдың балапаны екен. Әбден жаңбыр өткен, екі қанаты салбырап, дір-дір етеді. Ала күшік балапанның қасына жүгіріп барды. Балапан өзіне жетіп келген үлкен аңнан қорқып кетті. Салбыраған қанатын сүйрете, топ гүлді сырт айнала берді. Бірақ ол кәдімгі бозторғайдай жүгіріп кете алмай, жығылып қалды. Мұқаш балапанды жерден көтеріп алды.
| ||
Дескриптор | Білімалушы
|
Бөлімше 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру | ||
Оқу мақсаты | | 3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу |
Бағалау критерийі | | Білімалушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану | |
Тапсырма Өлеңді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында. Көлдің беті кілегей, Жер сап-сары бірегей. Тырау- тырау тырналар Түстікке бетті бұрды олар. Қара суық жел есті, Күннің көзі көмескі. Бастап егін орады, Бұл қай кезде болады?
қыста көктемде жазда күзде
кілегейлену бірегей түстік көмескі
| ||
Дескриптор | Білімалушы
|