ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 294

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Бөлім: Оқылым








Бөлімше 2.1 Оқу түрлерін қолдану

Оқу мақсаты




3.2.1.1 Мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Өз рөлін сақтай отырып, түсініп оқиды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтін мазмұнын түсініп, рөлге бөліп оқы. Сұрақтарға жауап бер.


  • Анау қарбызды ала кетейік, – деді Жәлел. Үйге келе жатып көргенбіз, үлкен!

Соны айтады.

  • Әлі көк қой, дедім. Әрі көріп қойса ұят болады.

  • Көрмейді.

  • Өзенбай атай осы жаққа қарап тұр ғой.

  • Жақындағанда белгі беремін. Түсіріп алған болып шелекті тастап жібер. Сонан соң жерге түсесің де, қарбызды шелекке салып, әпере қоясың...

  • Көк болса ше? деймін.

Жәлелдің тапқырлығына қайран қалдым. Қалай ойлап таба қояды?! Лажсыз келістім. Қонақты ренжітуге болмайды. Атам солай деген.

Жәлел белгі берді. Мен шелекті тастап жібердім. Қалтырап есектен түсе алмадым. Жәлелдің өзі секіріп түсіп, қарбызды әп сәтте шелекке салды да, маған әперді. Ештеңе болмағандай тізгінді қайта ұстады. Бақша күзетшісі Өзенбай атай қолын көлегейлеп қарап тұрған. Көрген жоқ шығар, байқаса, дауыстар еді ғой.


  • Мәтіннің кейіпкерлерін ата.

  • Олар не істеді?

  • Жәлелді тапқыр деуге бола ма? Неліктен?

  • Өзенбай атай балаларды көрмей қалды деп ойлайсың ба?

  • Кейіпкердің орнында болсаң сен не істер едің?

Дескриптор

Білімалушы

  • мәтінді өз рөлін сақтай отырып, қатесіз оқиды;

  • рөлмен оқуда дауыс мәнерін сақтайды;

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады.


Бөлімше 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

Оқу мақсаты




3.2.2.1 Шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды және жауап береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.
Диқан атызға бір түп гүл әкеп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған гүл күннен-күнге тамыр жайып, өсе берді. Бәріне де ынтық: мөп-мөлдір суға да, тап-таза ауаға да, күннің нұрына да. Бәріне де еркелей, құмарлана қараудан жалықпайды. Өзін әкеліп отырғызған адамға да разы. Бір күні:

  • Әй, сен көп асқақтама. Әлі өмірге келгеніңе өкінетін боласың, - деген шіңкілдек дауысқа жалт қараса, төменде ұсқынсыз тырбық шөп басын қылтитып тұр екен.

Гүлдің көңілі ортайып, жабырқап қалды. Ештеңе дей алған жоқ. Көздері жасаурап кетті. Бірте-бірте солып, сарғая бастады. Амалсыз жанындағы өзінен жасы үлкен гүлге басын сүйеді.

  • Жабырқама! Сабыр ет!- деп жұбатты ол. – Адамдар оны «арам шөп» деп атайды. Ол өз басынан басқа ешнәрсе ойламайды. Одан әлі-ақ құтыламыз. Жамандардың өмірі әманда қысқа.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген ғой. Жас гүлдің көңілі біраз көтеріліп қалды. Үлкен гүлдің айтқаны рас болды. Ертеңіне адам келді де, арам шөпті тамырымен жұлып тастады.

Гүл қайтадан құлпырды. Көп сырды ұқты. Өмірде жақсылар да, жамандар да бар

екен.



  • Мәтіннің мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастыр.

  • Сыныптастарыңның қойған сұрақтарына жауап бер.

Дескриптор

Білімалушы

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;

  • мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.





Бөлімше 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Оқу мақсаты




3.2.3.1 Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Мәтінге тақырып қояды

  • Мәтіннен негізгі ойды білдіретін бөлікті анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

«Менің атым Қожа» әңгімесінен берілген үзіндіні түсініп оқы.
– Менің қазіргі талқыға салып отырған тәртіпсіздік қылықтарымның қай- қайсысының да себебі бар еді. Қазды атқан мен емеспін, Сұлтан. Ал бақаны мен сумкаға Майқанова апай талып қалсын деп, оның соншалық шошымал адам екенін біліп салған жоқпын. Тіпті, мұның ақыры не болады деп ойлап та жатпадым, салғым келді - салдым. Осындай бір ақымақтық кейде ақылға мұрша бермей дедектетіп әкететіні бар. Істеп алып, соңынан бармағыңды тістейсің.

Осының бәрі осылай бола тұрса да, мен өзімді ақтап, бір ауыз сөз айтпадым. Ақталудың тіпті қисыны бар ма?


  • Мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді тауып, дәптеріңе көшіріп жаз.

  • Мәтінге ат қой.


Дескриптор


Білімалушы

  • мәтіннен негізгі ойды білдіретін бөлікті табады;

  • мәтін мазмұнына сәйкес тақырып қояды.




Бөлімше 2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау

Оқу мақсаты




3.2.4.1 Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Мәтіндерді жанры бойынша ажыратады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтіндердің жанрын анықтап, меңзермен байланыстырып көрсет.




Дескриптор


Білімалушы

  • мақал-мәтелдерді ажыратады;

  • нақыл сөзді анықтайды;

  • батаны ажыратады.


Бөлімше 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау

Оқу мақсаты




3.2.6.1 Кейіпкердің портретін сипаттау,оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Мәтіннің кейіпкеріне мінездеме береді

  • Кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себебін анықтап, бағалайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы. Cұрақтарға жауап бер.
Қызғаныштың кесірі

Назымға анасы секіретін жіп алып берген еді. Ол күні бойы аулада жіпті айналдырды. Біресе бір аяқпен, біресе екі аяқпен секірген ол өзін цирктің әртісіндей сезінді.

Жанына көрші тұратын досы Шынар келіп, біраз қызықтап қарап тұрды да:

  • Екеуміз кезек-кезек секірейік. Жібіңді маған да бере тұр,-деді.

  • Бұл менің жібім, өзіңдікін әкел де секіре бер,- деді Назым тыржиып.

Досына ренжіген Шынар әрірек барып, орындықта біраз отырды.

Назым жалғыз өзі секіре-секіре әбден шаршады. Біраз уақыттан кейін жібін жинап алды да, қабағын түйіп үйіне келді.

Бағанадан бері ашық терезеден апасы қызының қимылын бағып тұрған болатын:

  • Қызым, саған не болды?-деп сұрады.

  • Ойын қызық емес - деді Назым.

  • Шынар екеуің бірігіп ойнағанда қызық болар еді, - деді апасы жай ғана.

Бұл сөзден кейін Назым есік алдына жүгіріп шықты. Бірақ маңайда досы көрінбеді.

  • Назым үйіне неге көңілсіз кірді?

  • Назымның Шынарды іздеуіне не себеп болды?

  • Шынар неліктен кетіп қалды?

  • Назымның қылығы дұрыс па? Өз ойыңды айт.

  • Назымға мінездеме бер.

Дескриптор

Білімалушы

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себебін анықтайды;

  • кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;

  • кейіпкерге сәйкес мінездеме береді.