ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 291

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.










Бөлімше 3.4 Қатені табу және түзету

Оқу мақсаты




3.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Жіберілген қателерді анықтап, түзетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Өлеңді түсініп оқы және жатқа жаз. Қатесін тексер және түзет.

Адамдық – борышың Адамдық – борышың

Халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай Ар сақта, оны біл.

Талаптан да, білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз,

Болады ақыл тұл.

Ш. Құдайбердіұлы


Дескриптор


Білімалушы

  • өлең мазмұнын жатқа жазады;

  • жіберілген грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

  • жіберілген пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді.



  1. ТОҚСАН

Бөлім: Тыңдалым және айтылым




Бөлімше 1.2 Шығарманы мазмұндау

Оқу мақсаты




3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айтады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда.
Көктем кезі. Шоқан ауылына жер картасын жасайтын Сотников деген кісі келді. Шоқан да сол кісімен бірге даланы жиі аралады. Сотников салған суреттерге еліктеп, тауды, көлді бейнеледі.

Бір күні оған Мысықтың балшықтан жасаған күймесін көрсетті.

  • Мынаны кім жасаған? - деп сұрады Сотников.

  • Менің жолдасым - Мысық.

  • Ол қайда?

  • Ауылда.

  • Оқыған ба?

  • Жоқ, оқымаған.

  • Бұл өнерпаз бала екен. Оған білім керек. Білім беру үшін мектеп ашу қажет. Сенің қалаға барып оқығаның жөн. Оқып, білімдіболған соң Мысық сияқтыларды үйретесің, - деді Сотников.

Шоқан алыс қырға қарап, ойланып тұрып қалды.



  • Мәтін бөліктерінің ретін анықтап, цифрмен белгіле.


Балшықтан жасалған күйме Сотниковтың кеңесі

Шоқанның арманы Карта жасайтын кісі


  • Құраған жоспарға сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айт.

Дескриптор

Білімалушы

  • мәтін бөліктерінің ретін анықтайды;

  • мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес баяндайды.

Бөлімше 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау

Оқу мақсаты




3.1.3.1 Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс- әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Оқиғаның негізінде сюжеттің соңын болжайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Әрі қарай не болады деп ойлайсың? Мәтінге сүйеніп, суреттегі кейіпкерлер арасында диалог құрастыр.
Бозторғай өзінің туысы қараторғаймен көрші тұрады. Ертелі-кеш ән салып, көңілін көтеретін. Қараторғайдың да шықылдап бірсыдырғы ыңылдайтын «әндері» болатын. Бозторғайдың әнінен кейін, оның шиқылы аяқ асты болып ескерусіз қалды.

Өзін әншілердің санатына қосып жүрген қараторғайды күншілдік жеңді.

Бозторғай әндете бастаса, қабағын түйіп, ашуын шақырып:

— Сен-ақ шиқылдаудан жалықпайды екенсің? Не дауыс, не әуен жоқ, сенің әніңді кім тыңдасын,- деп жақтырмайтын...

Сен-ақ шиқылдаудан жалықпайды екенсің? Не




Дескриптор

дауыс, не әуен жоқ, сенің әніңді кім тыңдасын.
.....





Білімалушы

  • тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;

  • мәтіндегі оқиғаны жүйелі жалғастырады;

  • сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.





Бөлімше 1.4 Тыңдарманның назарын аударту

Оқу мақсаты




3.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Бірде әл-Фараби Бағдат қаласы әмірінің сарайына барыпты. Ол жерде ғалымдар, әкімдер, өнерпаздар көп жиналған екен. Әл-Фараби елеусіз бір шетке барып отыра қалады да, өзі жасаған домбырасымен бір көңілді күй тартады. Күйді естіген адамдар мәз-мейрам болады. Әл-Фараби басқа бір қайғылы күй тартса, әлгі адамдар қамығып жылай бастайды. Осыдан кейін ол бір баяу күйді тартқанда сарайда отырғандар түгел ұйықтап қалыпты.

Фараби «Бұл күйлерді тартқан қыпшақ әл-Фараби» деп хат жазыпты да, өзі сарайдан шығып кетіпті. Әмірші оны қанша іздесе де таба алмапты.



  • Әл-Фараби кім?

  • Мәтіннен Әл-Фарабидің қарапайым адам екенін көрсететін тұсты тауып оқы.

  • Әл-Фарабидің тартқан күйлері көпшілікке қалай әсер етті?

  • Халықты өнерімен таңдандырған тағы қандай адамдарды білесің?

  • «Өнер» дегенді қалай түсінесің? Өнер туралы ой қорытып айт. Мақал-мәтелдерді қолданып сөйле.


Дескриптор


Білімалушы

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды;

  • берілген тақырыпқа қатысты ой қорытып айтады;

  • сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді орынды қолданады.





Бөлімше 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру

Оқу мақсаты




3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Ойын бейнелі сөздердің көмегімен жеткізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда.
Алматыда
Алда сенбі, жексенбі екі күн демалыс. Батырхан туысқандарын Медеуге, Көктөбеге апарып, Алматыны армансыз аралатты. Алатаудың мал аяғы тимеген бұл бөктері Байбол ағасына қатты ұнады. Жасыл желек жамылған қалың шыршасы мен қаз- қатар тізілген қайыңдарды, желкілдеп тұрған көк шалғынды көргенде, көзі тұнып кетті.

- Па, шіркін, жерім-ақ екен! «Жер жаннаты – Жетісу» деп тегін айтпаған ғой. Сай- сайында күркіреп ағып жатқан көк қасқа бұлақтары қандай! Шөбі кеуіп, жасықтау болғанымен, төрт түлік қанша жайылса да, таусылып бермес-ау, жердің түгі, - деді айналасына жіті көз жіберіп.



  • Мәтіннен табиғатты суреттеген көркем сөздерді теріп жаз.

  • Көркем сөздерді қолдана отырып, еліміздің табиғатын сипаттап айт.


Дескриптор


Білімалушы

  • мәтіннен табиғатты суреттеген көркем сөздерді анықтайды;

  • табиғатты сипаттауда көркем сөздерді қолданады.




Бөлім: Оқылым










Бөлімше 2.1 Оқу түрлерін қолдану

Оқу мақсаты




3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтіннен Барлас ақынның бала Абайдың зеректігін сипаттаған тұсты тауып, мәнерлеп оқы.
Ертеңіне жүруге ыңғайланған екі ақынды Абайдың тілегі бойынша Ұлжан жібермеді.

  • Асықпай, әлі біраз күн қонақ болып, жатып кетіңдер,– деді.

Абай күндіз де, түнде де Барластардың қасынан шықпайды. Осы жолы Абай әрі өзі, әрі шешесі арқылы салмақ салып, Барлас пен Байкөкшені дәл бір айдай жібермей ұстап еді. Бұл уақыттарда жас бала Барлас, Байкөкшемен біржолата дос, жақын боп алды. Үйрене келе, түнде Барластың қойнына кіріп те жатады. Күндіз барынша күтеді. Бала Абайдың ұғымтал, зеректігіне қатты риза боп, шын сүйсінген Барлас бір оңашада жай ғана тақпақтап:

  • Шырағым, ер жетерсің, Ер жетсең, сірә, не етерсің. Алысқа шырқап кетерсің,

Шындасаң, шыңға жетерсің,– деп еді.

Барлас ақын бала Абайдың бойындағы мол дарын-қасиетті сол кезде-ақ байқаған болатын.


  • Мәтіндегі деректерді қолданып, бала Абайға мінездеме бер.

Дескриптор

Білімалушы

  • мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды;

  • үзіндіні мәнерлеп, қатесіз оқиды;

  • кейіпкерге мінездеме береді.