ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.12.2023
Просмотров: 491
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Жылулық сəулеленуді өлшеу құралдары
Гидростатикалық теңестірілген қысымды өлшеу сұйықтық құралдары
Қысымды өлшеуге жалпы əдістемелік нұсқаулықтар
тарау. Сұйықтық, газ жəне будың мөлшері мен шығынын өлшеу
Ағынмен айналып өтетін шығын өлшегіштер
Электромагниттік шығын өлшегіштер
Ультрадыбыстық шығын өлшегіштер
Тахометриялық шығын өлшегіштер
Кориолис массалық шығын өлшегіш
3.11 Үшінші тарауға бақылау сұрақтары
Деңгейді өлшеудің электрлік құралдары
Деңгейді өлшеудің акустикалық құралдары
Төртінші тарауға бақылау сұрақтары
Сұйықтықтың тұтқырлығын өлшеу құралдары
5.3 Бесінші тарауға бақылау сұрақтары
6.4 Алтыншы тарауға бақылау сұрақтары
Ерітінділерді талдаудың потенциометрлік əдісі
Деформациялық қысымды өлшеу құралдары
Деформациялық СҚ əрекет ету принципі сезімтал элементтің (СЭ) немесе ол дамытатын күштің серпімді деформациясын пайдалануда негізделген.
-
Сезімтал элементтер.
Серпімді СЭ деформациясы немесе ондағы пайда болатын күші осы типті ӨҚ өлшеніп жатқан қысымның өлшемі болып табылады.
СЭ-ді негізгі үш түріне бөледі: құбырлы серіппе, сильфондар, мембраналар (2.4 сурет)
Құбырлысеріппелер.
Бір ұшы орын ауыстыру қасиетіне ие, ал екінші ұшы қатаң бекітілген серпімді қисық металл қуыс түтікше құбырлы серіппелер немесе манометрлік серіппе (Бурдон серіппесі) деп аталады. Құбырлы серіппелер əдетте серіппенің ішкі кеңістігіне берілген өлшеніп жатқан қысымның оның бос ұштарына пропорционалды орын ауыстыруына түрлендіру үшін қолданылады.
-
сурет – Деформациялық қысымдарды өлшеу құралдарының сезімтал элементтері
Бірорамдытүтікшелісеріппе.
Сопақша көлденең қималы бірорамды түтікшелі серіппе кеңірек таралған ( 2.4а сурет).
N=k·P. (2.7)
мұндағы
N–күш;
P- қысым;
k=f(γ),γ–түтікшенің орталық бұрышы.
γпрактикалық өсуі, түтікшелі серіппенің орамының өсуі нəтижесінде болады (2.5б сурет ).
γ= 3600·n,
мұндағы n– орамдар саны.
Қисықсызықтыжəнетіксызықтытүтікшелісеріппелер.
Жоғары P≤1000 кПа қысымдарды өлшеу үшін тік сызықты (2.4в сурет) жəне қисық сызықты (2.4г сурет) түтікшелі серіппелер қолданылады.
Бос ұшының орын ауыстыруы көлденең қимасының өзгеруіне
емес, иілу моментіне байланысты.
Тік сызықты түтікшелі серіппенің негізгі кемшілігі − беру механимзді қолдануды қажет ететін айналыстың шағын бұрышы.
Бұл кемшілік сопақша жəне жұлдыз қималары бар қисық сызықты түтікшелі серіппелерде жоқ. Бұралған түтікшелі серіппенің айналыс бұрышы 40-600С-қа тең. Сондықтан нұсқағышы беріліс механизмнің көмегінсіз серіппенің бос ұшында бекітіледі.
P≤5 МПа үшін түтікшелі серіппелерді жез, қоладан жасайды; P≥5 МПа үшін - қоспаланған қорытпалардан, əр түрлі құрамды болаттан; P≥1000 кПа үшін - 50ХФА типті қоспаланған қорытпалардан.
Сильфондар.
Сильфон – қысымның немесе күштің əсерінен едəуір қозғалыстар алуға қабілетті көлденең гофрлары бар жұқа қабырғалы цилиндрлік қабық (2.4д сурет).
Сильфонға əсер ететін күш пен оның əсерінен пайда болатын деформацияның қатынасы тұрақты болады жəне сильфон қаттылығы деп аталады. Сильфон қаттылығын арттыру үшін əдетте ішіне серіппе салады.
Сильфондарды көбінесе қоладан, тот баспайтын болаттан, алюминий қорытпаларынан дайындайды.
Сильфон диаметрлері - 8-10 мм, 80-100 мм.
Осьтік Nкүш əсерінен сильфон түбінің осьтік орын ауыстыруы δ:
=kN, (2.8)
мұндағы k=f(R,r,n,α);
R– сильфон радиусы;
r–гофрдың дөңгелектеу радиусы.
n– гофр саны;
α–тығыздау бұрышы.
N=ΔP·Fэф,
мұндағы ΔP- сильфонға əсер ететін қысымдар айырмасы;
Fэф– сильфонның эффективті ауданы.
Мембраналар.
Мембраналар серпімді жəне эластикалық болады.
Серпімді мембраналар – қысымның əсерінен иілу қабілеті бар икемді жалпақ дөңгелек немесе гофрленген пластина,
Жалпақ мембраналардың статикалық сипаттамасы Р
қысымның артуымен бейсызықты. Сондықтан жұмыс аймағы ретінде ықтимал жүрістің шағын бөлігі пайдаланылады.
-
суретте жалпақ (е) жəне гофрленген (ж) мембраналардың сұлбалық суреттері берілген.
Жалпақ мембранаға қарағанда гофрленгенмембранасипаттамаларының айтарлықтай кіші бейсызықтығ себебінен үлкен иілімдерде қолданылуы мүмкін.
Мембраналар болат, қола, жездің əр-түрлі маркаларынан жасалады.
Гофр тереңдігі статикалық сипаттамасының сызықтығына айтарлықтай əсер етеді: тереңдік неғұрлым көп болса, сипаттама соғұрлым сызықты.
Атмосфералық қысымды өлшеуге ауасы жоқ гофрленген мембраналы қораптар қолданылады.
Эластикалықмембраналар– шағын қысым мен қысым айырымын өлшеуге арналған, резеңкелі матадан, тефлоннан жəне басқа да материалдардан жасалған жалпақ (2.4м сурет) немесе гофрленген (2.4н сурет) дискілер болып табылады.
Көп жағдайда мембрананың максималды ықтимал жүрісінің бөлігін ғана қолданады (10 % дейін). Мембарананың үлкен жүрісінде N күші мен мембрана ортасының жүрісі арасындағы байланыс бейсызықты болады.
Бейсызықтықты азайту үшін қатты орталығы бар мембраналарды қолданады: мембрананың екі жағына бекітілген екі металл дискілер орнатылады.
Сезгіш элементтердің (СЭ) барлығына көп ретті қолдану ұсынылмайды, себебі қалдық деформацияның жиналуына байланысты, өлшеудің қателіктері пайда болады. Өлшеу шегі статикалық сипаттаманың пропорционалдық шегіне сəйкес келетін қысымның жартысымен шектеледі (жұмыс істейтін СЭ үшін).
Қысымдыөлшеугеарналғандеформациялықаспаптар.
Өлшеу аспаптарының (ӨА) жоғары дəлдігі, құрылымының қарапайымдылығы,
сенімділігі жəне төмен құны, олардың өндірісте жəне ғылымдық зерттеулерде қолдануына себеп болды.
БірорамдытүтікшелісеріппесібарӨА.
ӨА артық қысымды жəне агрессиялы емес сұйық жəне газ тəрізді ортаның сиретілуін өлшеуге арналған.
Аспаптар тек қана көрсетуші аспапт болып орындалады (2.5 сурет).
Деформациялық СЭ бос шетінің орын ауыстырғанын манометрдің көрсеткішіне беру үшін секторлыжəне рычагтыберілісмеханизмдеріқолданылады. Осы беріліс механизм көмегімен түтікшелі серіппенің бос шеті бірнеше градусқа немесе миллиметрге орын ауыстырғаны көрсеткіштің 270-300 градусқа бұрыштық орын ауыстыруына түрленеді.
Рычагтыберілісмеханизмдеріжоғары дəлдік қажет болмаған кезде жəне аспап вибрацияға ұшыраған кезде қолданылады.
Секторлыберілісмеханизмдеріүлгілі аспаптарда жəне пайдалану шарты бойынша вибрация болмайтын аспаптарда қолданылады.
-
сурет – Секторлы беріліс механизмі бар өлшеу аспабы Сұлбадағы белгілер: 1- ұстаушы; 2 - плата; 3 - шкала; 4 - нұсқағыш; 5
- түтікшелі серіппе; 6 - спиральді серіппе; 7 - тісті дөңгелек; 8 - тісті сектор; 9 - ұштық; 10 – тяга (тарту).
Серіппенің 5 қуысы өлшенетін ортамен 1 ұстаушытағы канал арқылы байланысқан. 1 ұстаушы 2 платамен жабдықталған, ал платаға секторлы беріліс механизмі орнатылады. Секторлы беріліс механизмде 7 тісті дөңгелек жəне 8 тісті сектор болады. Беріліс механизмде люфтіні болдырмау үшін 6 спиральді серіппе қолданылады. 8 секторға 10 тарту бекітіледі, ал тартудың басқа шеті 9 ұштыққа бекітіледі.
Тарту арқылы серіппенің бос ұшының орын ауыстыруы тісті секторға беріледі, ал оның айналуы 3 бірқалыпты шкала бойынша көрсетулерді алу үшін 4 нұсқағышқа беріледі,
Бірорамдытүтікшелісеріппесі бар вакуумметрлер манометрлерге ұқсас, бірақ нұсқағыш сағат тілі бағыты бойынша да, сағат тіліне қарсы да қозғалуы мүмкін.
СильфондысезгішэлементібарӨА.
Бұл аспаптар асқын қысымды, сиретілуді жəне қысым айырымын өлшеуге арналған. Оларды көрсететінжəне өзіжазатынтүрлерде орындайды.
Қысымның айырымын жəне сұйық пен газ тəріздес орталарының шығынын өлшеу кезінде сильфонды дифмонометрлер кең қолданылады (2.6 сурет).
-
сурет –Сильфонды дифмонометр
Сұлбадағы белгілер: 1,4 – жұмыс сильфондары; 2 – шток; 3 – рычаг; 5 –
қарама-қарсы əсер ету серіппелер.
Өлшеніп жатқан қысымның ауытқуына байланысты 1 жұмыс сильфоны қысылады, сол себептен ол дифмонометрдің ішкі жағын толтырып тұратын жұмыс сұйықтығының 4 жұмыс сильфонның ішкі жағына қарай ығыстырулуына əкеледі. Сильфон деформациясы 2 штоктың орын ауыстыруын болдырады жəне 5 қарсы əсер етуші серіппенің тартылысын өзгеріске ұшыратады. Сильфонның деформация күші қарсы əсер етуші серіппенің тартылыс күшімен теңескенде штоктың орын ауыстыруы тоқтайды. 2 штоктың орын ауыстыру кезінде ол өзі жазатын механизммен байланысқан 3 рычагты сағат тіліне қарама-қарсы бағытта бұрады.
Қысымның ауытқуының шектері: 0,0063 – 0,25 МПа.
Осы аспаптардағы өлшеніп жатқан асқын қысымның рұқсат етілген шектері: 6,3; 16 жəне 32 МПа.
Дəлдік