Файл: 20232024 оу жылында азастан республикасыны жалпы орта білім беру йымдарындаЫ.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 781

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл

Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл

Тұлғаға бағытталған тәсіл

STEM/ STEАM технологияларды қолдану

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

TIMSS

PISA-2025

ICILS-2018

Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту

Инклюзивті білім беру ортасын құру

Білім күнінде өткізілетін шаралар

«Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы

ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ»

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР

ШЕТЕЛ ТІЛІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

МАТЕМАТИКА И ИНФОРМАТИКА

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Цифрлық кітапхана

2.5 ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ ЕСКЕРТУЛЕР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

2.10 ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ

2.11 АУЫЛДЫҚ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

2.13 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

2.14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.15 АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ

ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ

ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ



Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы дағдылардың бірі – оқылым. Оқылым арқылы білім алушы не үйренеді? Олар мәтінді және оқу стратегиясының типтерін түсінуге, негізгі ойды және мәтіннің құрылымдық бөліктерін, мәтіннің стилі мен типін анықтауға, оқылған мәтін негізінде сұрақ құрастыруды, әртүрлі деректерден қосымша ақпаратты айқындауды және мәтіндердің салыстырмалы сараптамасын қолдануды үйренеді. Мысалы: бастауыш білім беру деңгейінің 3–сыныбындағы «Әдебиеттік оқу» пәнін оқытуда «3.2.2.1 қолдануға (практикалық) және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру» оқу мақсаты; орта білім беру деңгейінің 6-сыныбындағы «6.2.2.1 құттықтау, өмірбаян, жаңалық, хабарландырудың құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату» мақсаттары оқылым дағдысына берілген, бұл жерде білім алушының жас ерекшелігіне қарай оқу мақсаты қарапайымнан күрделіге өсіп отыр. Бұл алынып отырған бастауыштағы оқу мақсаты күрделілік деңгейіне қарай бір сабақта жүзеге асырылатын болса, орта білім беру деңгейіндегі оқу мақсаттары түгел бір сабақта жүзеге асырылмайды. Бір сабақта құттықтаудың, келесі сабақта өмірбаянның, одан кейінгі сабақта жаңалықтың, хабарландырудың құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін ажырату тапсырмасын даралап бересіз және бұл оқу мақсаты басқа бөлімде қайталанып келгенде, білім алушыға қажеттілігін ескересіз. Мысалы, сізге ұсынылған үлгіде тақырып драма театры туралы болғандықтан, құттықтау мен өмірбаяннан гөрі жаңалық пен хабарландыру мәтінін қолдану тиімді болды. Алайда білім алушылар хабарландырудың құрылымын, ерекшеліктерін жылдам меңгеріп алғанына көз жеткізсеңіз, оның орнына жаңалықты немесе театр жетістіктері мен құттықтауды, тіпті болмаса белгілі бір актердің өмірбаянын алсаңыз да болады. Ең бастысы, мәтін құрылымы сақталып, жанрлық ерекшелігін танитындай болуы керек. Оқылым мақсатын жазылым дағдысына бағытталған мақсат толықтырады. Бұл жерде жазылымға «өмірбаян, хабарландыру, құттықтау жазу үшін құрылымын ескеріп, қарапайым жоспар құру» мақсаты алынып, хабарландыру жазу үшін қарапайым жоспар құру тапсырмасын беруге болады. Сонда оқылым мақсатындағы алған дағдыларын жазылыммен бекітеді, сабақ жүйелі жүргізіледі. Ал әдіс пен тәсілді өз ыңғайыңызға қарай қолданыңыз. Тек оқу мақсатын жүзеге асыруды ұмытпаңыз. Егер оқу мақсаттарын жүйелі, тиімді жоспарласаңыз, бағалауды да тиімді жүргізесіз.

Жазылым – барлық тілдік дағдылардың негізінде қалыптасатын күрделілік деңгейі жоғары дағды. Жазылымды қалыптастыру бірізді жүйелі жұмыс тізбегінен қалыптасады. Жазылым сөздерден ғана емес, ойды жеткізуге негізделген сөздердің логикалық тізбегі, яғни сөйлемнен тұрады. Жазылым дағдысы тіл білімінің барлық салалары бойынша білімді қажет етеді. Сөйлемнің синтаксисін, яғни сөйлемдегі сөздерді байланыстыру мен сөздердің сөйлемдегі орын тәртібін меңгеру міндетті. Сонымен қатар пунктуациялық емлелерді тәжірибеде қолдана алу дағдыларын да қажет етеді.


Жазылым дағдысының ең күрделі әрі шығармашылықты қажет ететін түрі – эссе. Эссе жазу білім алушының бірнеше ойлау әрекеттерін жүзеге асыру арқылы білім алушының шығармашылығын дамытады. Эссе жазуға дағдыландыру үшін ең алдымен білім алушыларға өз ойын, жеке көзқарасын, пікірін тиянақты жеткізе білуді қалыптастыру қажет. Ол үшін мысалы, «4 сөйлем» әдісі, «Синквейн» «Комментарий жазу», «Дербес пікір жазу (негативтен-позитивке)», «Екі жақты күнделік» сияқты әдістерді пайдаланған тиімді. Бұл әдістер арқылы білімалушы өз ойын дәлелдеп, растауды, аргумент келтіруді меңгереді. Сонымен қатар, ойын қорытындылап, шешім шығаруға дағдыланады.

Пәндік, метапәндік және түйінді (жоғары сыныптарда) құзыреттерді дамыту бойынша ұсыныстар


Тілдік пәндер бойынша метапәндік құзыреттілікті қалыптастыру тілдік дағдылар негізінде жүзеге асады. Тілдік дағдыларды: тыңдалым, оқылым, айтылым мен жазылымды қалыптастыру білім алушының алған білімін мектептен тыс кез келген жағдайда, кез келген ортада қолдануына мүмкіндік береді. Әр сабақ оқу мақсатына байланысты түрлі тілдік дағдыларды дамыту арқылы метапәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады.

Жалпы оқу сабақтары «рухани адамгершілік сабақтары» екені ескеріліп, мәтін таңдауда оның танымдық, тәрбиелік сипаты басты назарда ұсталуы керек.

Көркем мәтіндермен қатар қарапайым әдеби түсініктердің келтірілуі шығарманы саналы қабылдауды қамтамасыз ететіні анық. Сондықтан 2-сыныпта берілген мәліметтер 3-сыныпта толықтырылып, «Әдебиеттік оқу» кітабында бағдарламада көрсетілгендей халық ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары ертегі, аңыз, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер шешендік сөздер туралы нақыл сөздер, бата жанрының басты белгілері туралы жаңадан мағлұмат, мысал, әңгіме туралы ұғым тереңдетіліп, шығарманың тақырыбы, идеясы, сюжеті туралы қарапайым түсініктер, теңеу, эпитет, кейіптеу қолданысы, олардың анықтамалары, кейіпкерге мінездеме, портрет, диалог, монолог туралы берілген теориялық білім 4-сыныпта ары қарай дамытылып бұлармен қоса, шығарманың құрылымын (сюжеттің басталуы, жалғасуы, аяқталуы) анықтау, өлеңдерге сай ырғақты таңдай білу, сөздіктерге сүйене отырып, сөздердің мағынасын түсіндіру, жазушы тіліне назар аудару, көркем сөздерді қолдану, эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру, көркем шығарманы басқа үлгідегі басқа өнер туындысымен (музыка, бейнелеу) нұсқасымен салыстыру, түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу, тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету, «автормен диалог» жүргізу, оқыған шығарманың басты ойын өздігінен тұжырымдау, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланысты орнату беріледі. Теориялық түсініктердің бала түсінігіне лайықты, жас ерекшеліктеріне сай нақты болуы қадағаланып, жалаң, жаттау түрінде емес талдау, тапсырма, жаттығулар үлгісінде келтіріліп, практикалық қолданыста болуы басты назарда ұсталады.



Жағдаяттық тапсырмалар білім алушылардың метапәндік құзыреттіліктерін дамытуды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Білім алушылар ұжымда жұмыс жасап, өз пікірлерін қорғап, ел алдында сөз сөйлеп дағдыланады. Бұл дағдылар білім алушылардың мектептен тыс өмірлерінде де аса маңызды.

Әдебиеттің білім алушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы рөлі аса ауқымды. Міндетті оқытылатын әдеби білім мазмұнымен ғана шектелмей, сонымен бірге қосымша әдеби шығармаларды өздігінен оқуға дағдыландыру білім алушылардың нәтижелі білім алуының барлық мүмкіндіктерін көрсетпек. Мұғалім білім алушының ізденісіне жол ашуға түрткі болатындай әдістәсілдерді таңдап алуы қажет. Жүйелі жүргізілген сапалы оқыту барысында білім алушылар шығармашылық бағытта ізденіске түсіп, берілген тақырыптарға ойтолғау, эссе, сыни мақала, т.б. жаза білуге үйренеді.

«Тіл мен әдебиет» бойынша бастауыш, орта білім беру деңгейлерінде сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстар білім алушының жас ерекшелігін ескере отырып, күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға бағытталуы қажет. Шығармашылық жұмыстарәртүрлі тапсырмаларды өздігінен орындау білігін қалыптастыруды нысана тұтып, оқытудың қай түрі болмасын білім алушы құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.

Тілдік пәндерді оқытуда баланың тұлғалық ерекшелігін ескерген жөн:

  1. шығармашылық қабілеті жоғары білім алушыларға әртүрлі тақырыптарда шығарма, эссе, әңгіме жазғызып, ізденімпаз, қызығушылығы жоғары білім алушыға ақпарат құралдарынан материал жинап, баспасөзконференция сабағын өткізуді тапсыру оң нәтижесін береді;

  2. оңтайлы пайдаланылған дидактикалық, сюжеттік, рөлдік ойындар да білім алушының өзін таныта алуына, сыныптастар пікірімен санасуына, шешен сөйлеу қабілетін үйренуіне және білімін жан-жақты көрсетуіне мүмкіндік береді;

  3. білім алушылардың ой-өрiсiн дамытып, оларға тiлдiң ұлттық мәдени мұра, тiршiлiктiң өзегi, танымның көзi екендiгiн сезiндiру үшін ақпараттық технология ресурстарын, мультимедиалық құралдарды, ғаламтор материалдарын, бейнероликтерді, электронды оқулықтарды кеңінен қолдану тиімді.

Оқу процесінде цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту бойынша ұсыныстар


Цифрлық құзыреттілік ақпаратты өз бетінше іздеу, талдау, өңдеу, жіктеу, синтез жасау, қайта өңдеу, сақтау және бере білуінде, сондай-ақ оны оқу үдерісінде пайдалануда көрінеді. Тілдік оқу тапсырмаларын орындау үшін ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу, әртүрлі ақпараттық құрылғылармен және құралдармен (электрондық оқулықтар, мультимедиялық энциклопедиялар мен анықтамалар, интернет-қаржы) жұмыс жасау дағдыларын меңгеру, өңделген ақпаратты оқу процесінде қолдана білу.


Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу процесінде білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ, қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.

Білім алушылар тілдік пәндерді оқу барысында ақпаратты табу, құрастыру және басқару, мәліметтермен және идеялармен бөлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмысын бағалайды және жетілдіре отырып, АКТ-ны қолдану дағдыларын дамытады.

Тілдік пәндерді оқытуда АКТ-ны қолдану:

  • көркем шығарма бөлімдерін толықтай түсіну үшін және оның негізгі идеяларын түсіндіру үшін медиа-құралдарды қолдану;

  • білім алушыларды сабаққа белсенді қатыстыру үшін АКТ мүмкіндіктерін сабақта қолдану;

  • медиа құралдарды қолдана отырып, ақпаратты түсінеді, әртүрлі пікірлерді талдайды және салыстырады;

  • медиа құралдарды қолдана отырып, ғаламдық тақырыптарға қатысты мәселелерді нақтылайды және проблемаларға әртүрлі пікір тұрғысынан талдау жасайды;

  • АКТ арқылы презентация жасайды, салыстырады, бағалайды, жетілдіреді, зерттейді және бірлесе отырып, пікірлерін дәлелдейді.

Педагогтерге білім беру процесінде тілдік пәндерді оқытуда цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту бойынша ұсыныстар:

  1. Оқу процесіне сандық құралдар мен қосымшаларды қосуды жоспарлаңыз. Бұл құралдар оқуға, тіл үйренуге арналған қосымшалардан, интерактивті тақталардан, пән мазмұнын меңгеруге, тіл үйренуге арналған вебсайттардан және бейнеконференция бағдарламаларынан тұрады. Әлеуметтік медианы пайдалану білім алушылардың материалды өздігінен ізденіп, меңгеруін қамтамасыз етеді. Мысалы, мұғалімдер әлеуметтік желілерде бейнелер мен подкасттар құрып, орналастыра алады, ал білім алушылар пікірлер қалдырып, материалды талқылауға қатыса алады.

  2. Білім алушыларды өздігінен ізденіп оқуға, тіл үйренуге ынталандыру үшін ойын әдістерін қолдану. Бұл әдістер оқып-үйренуді қызықты ету үшін ойын принциптерін қолданады. Педагогтер білім алушыларға сөздіктен сөздерді немесе сөйлем құрылымдарын талдауға, есте сақтауға көмектесетін интерактивті викториналар мен ойындар жасау үшін түрлі платформаларды пайдалана алады.

  3. Тілдік дағдыларды дамытудың тиімді әдісі болып табылатын және білім алушыларға бір-бірімен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін бірлескен оқытуды ынталандыруды онлайн оқыту платформалары арқылы жүзеге асыруға болады.


Бұл платформалар білім алушылар бірлесіп жұмыс істей алатын, пікірталастарға қатыса алатын және ресурстармен бөлісе алатын онлайн орталар болып табылады.

Үштілді білім беруді іске асыру жөніндегі ұсынымдар


«Тіл мен әдебиет» саласында қазақ мектептерінде «Қазақ тілі» пәнін ана тілі ретінде, «Орыс тілі» пәнін екінші тіл ретінде, «Ағылшын тілі» пәнін шетел тілі ретінде оқытуды жоспарлау кезінде педагогтер мынадай ерекшеліктерді ескеруі керек:

  1. жан-жақты қарау (өтпелі тақырыптарды белсенді пайдалану, оқу үдерісі бойынша рефлексия жасау, пәндік мазмұнды игеруді қолдау);

  2. қауіпсіз және білімді тереңдететін оқу ортасы (күнделікті әрекеттер мен тілдік бірліктерді пайдалану, көрнекі материалдарды, сондай-ақ сөйлеу мен жазудағы қателерді түзетудің әртүрлі әдістерін пайдалану, себебі олар оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады);

  3. түпнұсқалық және дереккөзге жақындық (материалды білім алушылардың күнделікті өмірімен байланыстыру, әртүрлі көздерден алынған түпнұсқалық материалдарды пайдалану, білім алушылардың мүдделерін ескеру);

  4. белсенді оқыту (білім алушы педагогтен гөрі көп сөйлейді, сабақтарда өзара әрекеттесудің әртүрлі формалары қолданылады: жұптық және топтық жұмыстар);

  5. тірек құрылымы (білім алушылардың қолда бар тәжірибесіне, білімі мен іскерлігіне сүйене отырып, сабақтарды жоспарлау, оқытудың әртүрлі стильдерін ескеру);

  6. ынтымақтастық (тілдік және тілдік емес пәндер педагогтерінің бірлесіп жоспарлауы).

Сабақта үштілділікті дамытудың кейбір әдістемелік тәсілдері

  1. Сөздер мен сөз тіркестерін өзара тексеру. Тілдерді үйрену кезінде ынтымақтастықтың ең көп таралған түрі - білім алушылардың бір-бірінің жеке сөздер мен сөз тіркестерін (идиомаларды) білуін тексеру.

  2. Жаңа мәтінмен бірлесіп жұмыс істеу. Жаңа мәтіндерді аудару бойынша жұмыс әртүрлі жолдармен жүруі мүмкін. Белгілі бір уақыт кезеңінде жаңа мәтіндермен және олардың ана тіліне аудармасымен педагог білім алушыларды таныстырады. Болашақта білім алушылар жаңа мәтіндерді алып, оларды тұрақты және ауыспалы құрамдағы жұптарда аудару үшін жұмыс істейді, әдетте жұптарда бір білім алушы мәтінді оқиды және әр сөйлемді өзі аударады, оған серіктесін де тартады.