Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар аза тілі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 214
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Жоспар бойынша тыңдаған мәтіннің мазмұнын айт.Тірек сөздерді пайдалан.
«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
1. Оқыған мәтіннің мазмұнын жаз. Тірек сөздерді қолдан.
«Су - тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Демалу мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
[4]
Балл қою кестесі
Тапсырма № | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат |
2 | Білімалушыныңықтимал жауабы:
| 1 | Тақырыпқа сәйкес болатын баламалы диалог қабылданады. Тақырыпқа сәйкес сұрақтар қояды. |
1 | Сұрақтарға лайықты жауап береді. | ||
1 | Сөйлемдердің құрылымын сақтайды | ||
1 | Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. | ||
Барлығы | 4 | |
Оқылым
1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
-
Іс-әрекеті бойынша мәтіннің кейіпкерлерін анықта. Кейіпкердің атын жаз.
-
Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастыр.
-
Мәтін қай жанрда жазылған?
[4]
Балл қою кестесі
Тапсырма № | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат |
1 | Роза/Роза Рымбаева | 1 | |
Самал | 1 | ||
Білім алушының ықтимал жауабы: Бүгін қай күн?/Самал не істеп отыр?/Кімнің концерті болып жатыр?/Роза Рымбаева кім?/... | 1 | Мәтіннің мазмұны бойынша баламалы сұрақтар қабылданады. | |
әңгіме | 1 | ||
Барлығы | 4 | |
Жазылым
1. Оқыған мәтіннің мазмұнын жаз. Тірек сөздерді қолдан.
Тірексөздер:демалыс, радио, ән тыңдау, Роза Рымбаева, концерт, ұнату, атақты әнші, жақсы көру.
[4]
Балл қою кестесі
Тапсырма № | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||
4 | Білім алушының ықтимал жауабы: Бүгін демалыс. Самал радио тыңдап отыр. Роза Рымбаеваның концерті болып жатыр. Ол –атақты әнші. Самал Розаны жақсы көреді. Оның әндерін үнемі тыңдап жүреді. | 1 | Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтай отырып, мазмұнын жүйелі жазады. | ||
1 | Сөйлемдердің құрылымын сақтайды. | ||||
1 | Тірек сөздерді орынды қолданады. | ||||
1 | Орфографиялық нормаларды сақтайды (3 қатеден артық емес). | ||||
Барлығы | 4 | |
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
- 1 ... 11 12 13 14 15 16 17 18 19
Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Су - тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Тыңдалым Айтылым |
Оқу мақсаты | 3.1.2.1* Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну 3.2.4.1* Жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау 3.2.5.1* Оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Мәтінді тыңда. Тапсырманы орында. Аулада құмыра тұр. Оның ішінде суы бар. Аулаға қара қарға келіп қонды. Қарғаның су ішкісі келді. Құмыра биік. Қарғаның тұмсығы құмырадағы суға жетпеді. Ол жерде жатқан тасты көрді. Қарға тасты құмыраның ішіне салды. Құмырадағы су көтерілді. Қарға су ішті.
|
-
тапсырма
Суреттерді пайдаланып, мәтіннің мазмұнын айт. Мәтін саған ұнады ма? Неліктен?
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білімалушы | |||
Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады | 1 | бірінші сөйлемге сәйкес суретті анықтайды; | 1 |
екінші сөйлемге сәйкес суретті анықтайды; | 1 | ||
үшінші сөйлемге сәйкес суретті анықтайды; | 1 | ||
Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды Мәтіннің мазмұнына қатысты пікірін білдіреді | 2 | суретті жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды; | 1 |
сөйлемдердің құрылымын сақтайды; | 1 | ||
тілдік нормаларды сақтап сөйлейді; | 1 | ||
сұраққа сәйкес дәлелді пікір айтады. | 1 | ||
Барлығы | 7 |