Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар аза тілі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 201
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Жоспар бойынша тыңдаған мәтіннің мазмұнын айт.Тірек сөздерді пайдалан.
«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
1. Оқыған мәтіннің мазмұнын жаз. Тірек сөздерді қолдан.
«Су - тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Демалу мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
35
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес сыныптары үшін) пәні бойынша бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы), 1-4 сыныптар
-
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
-
Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны – 16
-
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екіншісі - айтылым, үшіншісі - оқылым, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
36
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
№ | Ортақ тақырып | Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқу мақсаты | Тапсырманың сипаттамасы | Тапсырма саны | Жалпы балл |
1 | Атақты тұлғалар Өнер | Тыңдалым | 3.1.2.1* Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну | Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар тапсырманы орындайды. | 1 | 4 |
2 | Айтылым | 3.2.1.1 Берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану 3.2.3.1* Белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру | Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. | 1 | 4 | |
3 | Оқылым | 3.3.3.1* Мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/ сипаттау мәтіндерін анықтау 3.3.4.1* Мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс- әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру | Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. | 1 | 4 | |
4 | Жазылым | 3.4.2.1* Оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу | Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. | 1 | 4 | |
Барлығы | 4 | 16 |
37
- 1 ... 9 10 11 12 13 14 15 16 ... 19
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым
Тапсырма
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
-
Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін 4 сөйлемді белгіле ().
[4]
Балл қою кестесі
Тапсырма № | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат |
1 | Айтуар ағаштан кебеже жасады. | 1 | Әр дұрыс белгілеуге 1 балл қойылады. |
Кебежеге салынған тамақ бұзылмайды. | 1 | ||
Кебеже әдемі болып шықты. | 1 | ||
Кебеженің ішіне тамақ салады. | 1 | ||
Барлығы | 4 | |
Айтылым
Жұптықжұмыс
1. «Музыкалықаспаптар» тақырыбында диалог құрастыр. Тірек сөздерді қолдан.
Тірексөздер: домбыра, қобыз, сазсырнай, баян, бубен, ішекті аспаптар,