ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 314

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Бөлімше 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру

Оқу мақсаты

3.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру

Бағалау критерийі

Білімалушы

  • Көркем шығарманы суретпен салыстыра сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Суретке мұқият қара. Мәтінді түсініп оқы.
Ауылдың шығыс жағында көл бар. Ержан мен Нұржан көлге балық аулауға барды. Олар оңаша жерге келіп орналасты. Таңертеңнен түс ауғанша қармақ салды. Екеуі бір шелектей балық аулады. Үйден ала шыққан тамақтарын жеді. Сусын ала келуді ұмытып кетіпті. Көлдің суы ішуге жарамайды. Олар үйлеріне қайтты.





  • Суретте әңгіменің қай сәті бейнеленген? Мәтінмен салыстыра әңгімеле.

  • Мәтінге тақырып қой.

Дескриптор

Білімалушы

  • мәтіннен суретке сәйкес үзіндіні анықтайды;

  • суреттегі оқиғаны мәтінмен салыстыра сипаттайды;

  • мәтінге сәйкес тақырып қояды;

  • сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.




Бөлім: Жазылым





Бөлімше 3.1 Шығарманың жоспарын құру

Оқу мақсаты




3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды

  • Мәтін бөліктеріне тақырып қояды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.
Атаның ақылы

Аппақ шыңды Алатаудың аясындағы Алматының орталық саябағы жайқалып тұр.

Бой түзеген күміс қылқанды шыршалар, жасыл сырғалы ақ қайыңдар, жұпар иісті аршалар гүлзарлы алаңдарды қоршап, қоңырсалқын самалмен тербеледі.

Бес жасар Бекжан атасымен бірге бақ аралап, әткеншек тепті, серіппемен секіріп ойнады. Бір кезде тәмпіш мұрны тершіп, атасына:

  • Ата, шөлдедім, -деді.

Атасы алма шырынын сатып әперді. Бекжан құтыдағы салқын шырынды құшырлана жұтып алды да:

  • Ата, балмұздақ жегім келеді, - деп ентіге сөйледі.

Ақжарқын атасы балмұздақ сатып әперді де:

  • Ботам, балмұздақты көп жеме, тамағың ауырып қалады,- деп ескертті.

Бекжан атасы алып берген балмұздақтан біраз жалады да:

  • Ата, шоколад жегім келеді, -деді.

  • Жарығым, әр нәрсенің қалпы бар. Қанағат керек.

  • Ата, қанағат деген не? - деп сұрады Бекжан.

  • Қанағат деген әр нәрсенің қалпын біліп, соған риза болу. Тамақ ішудің де шегін, ретін білу керек. Қанағат жасамай, не болса соны талғамай іше берсең, ауырып қаласың, -деп атасы ақыл айтты.

Бекжан ойланып қалды. Атасының ақылын түсініп, айтқанын істеген Бекжан бақта сергек сейілдеп, жақсы демалды.



  • Мәтінді мазмұнына қарай бөліктерге бөліп, жоспар құр.

  • Әр бөлікке тақырып ойлап тап.

Дескриптор

Білімалушы

  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;

  • әр бөлікке сәйкес тақырып қояды.


Бөлімше 3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу

Оқу мақсаты




3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу


Бағалау критерийі





Білімалушы

  • Мәтін кейіпкеріне хат жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.
Назерке ұйқысынан кештеу тұрды. Жуынып-шайынып, құрбысы Гүлжанның үйіне бет алды. Жолда бірге оқитын Маржанның ауласына көзі түсті. Сап-сары гүлдер көздің жауын алады. Көңілін қызғаныш биледі. Жақында екеуі ұрсысып қалған еді. Қақпадан ішке еніп, гүлдерді аяусыз үзе бастады.

Гүлжанның үйіне келді. Оған Маржанның ауласынан жинап алған бір шоқ гүлін ұсынды.

Арада екі-үш күн өтті. Бүгін Назеркенің туған күні. Достары жинала бастады. Маржан да келді. Қолында – бір шоқ гүл. Гүлдерімді бұзық балалар үзіп, таптап кетіпті, – деді ол.

Назеркенің іші удай ашыды. Қанша оқталса да, досына «мен кінәлімін» деп айта алмады. Бірақ іштей енді қайталамауға ант етті.



  • Назерке кінәсін неге мойындамады? Белгіле (????).


қорықты қуанды ұялды мұңайды


  • Мәтіннің кейіпкеріне хат жаз.


Дескриптор


Білімалушы

  • мәтін кейіпкерінің іс-әрекетін бағалайды;

  • кейіпкерге өзіндік көзқарасын білдіріп хат жазады;

  • хаттың құрылымын сақтайды;

  • сөздерді/сөйлемдерді қатесіз жазады.









Бөлімше 3. 4 Қатені табу және түзету

Оқу мақсаты




3.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Мәтіндегі стильдік қателерді анықтайды және түзетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып шық. Мәтіннің мазмұнына сай келмейтін сөйлемдерді алып тастап, көшіріп жаз.
Кеше Думанның туған күні болды. Туған күнге оның достары жиналды. Анасы неше түрлі тәтті тағамдар пісіріп, дастарқанды жайнатып тастады. Жеміс-жидектің де түр-түрі салынды. Жемістерді базардан сатып алып келді. Әсіресе, мәшиненің үлгісімен жасалған торт ерекше дәмді болды. Думанның анасы тамақты ылғи да дәмді пісіретін.

Балалар ойындар ой сыйлықтарды дүкен

Дескриптор

нап, көңілді тарқасты. Думанға түрлі сыйлықтар тарту етті. Олар нен сатып алды.

Білімалушы

  • мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін сөйлемдерді анықтайды;

  • мәтінді қатесіз көшіреді;

  • каллиграфиялық талаптарды сақтап жазады.