Файл: 20232024 оу жылында азастан республикасыны жалпы орта білім беру йымдарындаЫ.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 766

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл

Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл

Тұлғаға бағытталған тәсіл

STEM/ STEАM технологияларды қолдану

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

TIMSS

PISA-2025

ICILS-2018

Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту

Инклюзивті білім беру ортасын құру

Білім күнінде өткізілетін шаралар

«Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы

ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ»

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР

ШЕТЕЛ ТІЛІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

МАТЕМАТИКА И ИНФОРМАТИКА

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Цифрлық кітапхана

2.5 ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ ЕСКЕРТУЛЕР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

2.10 ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ

2.11 АУЫЛДЫҚ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

2.13 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

2.14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.15 АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ

ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ

ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ


«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру үдерісін келесі құжаттар негізінде құру ұсынылады:

1 папка. Нормативтік және білім беру құжаттамасы:

  • дене шынықтыру бойынша бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

  • ағымдағы оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хат;

  • дене шынықтыру бойынша 1-4, 5-9, 10-11 сыныптардың оқу бағдарламалары;

  • қосымша бағдарламалар (егер мектеп жүктемесі төмендетілген типтік оқу жоспарлары бойынша жұмыс істесе);

  • оқу жылын күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау (ұзақ мерзімді

жоспарлау);

2 папка. Қауіпсіздік техникасы бойынша құжаттама:

  • спорт залының төлқұжаты;

  • акт – спорттық құрал-жабдықтарды және инвентарларды жаңа оқу жылына әзірлікке тексеру және қабылдау;

  • дене шынықтыру сабағын өткізуге акт-рұқсат;

  • оқу жоспарының тараулары бойынша сабақ кезіндегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар;

  • 1-11 сынып оқушыларына арналған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық журналы;

  • жарақаттарды тіркеу журналы. Жарақат туралы есеп; - спорт залының жұмыс жүктемесінің кестесі.



3 папка. Дене шынықтыру педагогтері әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі құжаттама (бұдан әрі – Бірлестік):

  • бірлестік құру және дене шынықтыру педагогтері Бірлестігінің жетекшісін тағайындау туралы бұйрық;

  • бірлестіктің оқу жылындағы жұмысының мақсаты мен міндеттері;

  • бірлестіктің өткен жылғы жұмысын талдау;

  • бірлестіктің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары;

  • бірлестіктің педагогтері туралы жалпы мағлұмат (сапалық құрамы);

  • бірлестік педагогтерінің біліктілігін арттырудың ұзақ мерзімді жоспары;

  • пәндік онкүндіктің жоспары (ашық сабақтар мен іс-шаралар кестесі);

  • бірлестік отырыстарының хаттамалары.



4 папка. Сабақтан тыс спорттық іс-шаралар жұмысының құжаттамасы мен есебі:

  • сыныптан тыс спорттық іс-шаралар бағдарламалары;

  • сыныптан тыс спорттық жұмыстардың тақырыптары көрсетілген оқу жылына арналған жұмыс жоспары;

  • білім алушылардың мектептен тыс спорттық іс-шараларға қатысуын тіркеу, қол жеткізген спорттық нәтижелерді тіркеу;

  • қауіпсіздік журналы;

  • оқу жылындағы жұмыс туралы есеп.



Тәрбие жұмысы

Бұқаралық спортты насихаттау
, білім алушыларды дене шынықтыру мен спортқа жүйелі түрде баулу, салауатты өмір салтын насихаттау аясында жыл сайын Ұлттық мектеп лигасы өткізіледі.

Ұлттық мектеп лигасында басқа кешенді жарыстардан айырмашылығы тек бір мектептің 5-6, 7-8, 9-11 сынып білім алушылары қатыса алады, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептері, бейіндік сыныптар, спорт интернаттар мен Академия білім алушылары қатыса алмайды. Дегенмен, жасөспірімдер спорт мектебінің білім алушылары лига ережелерін сақтаған жағдайда өздерінің негізгі мектептері атынан жарысқа қатыса алады.

Лига төрт кезеңнен тұрады:

1-кезең: сыныптар арасындағы мектепішілік іріктеу;

2-кезең: мектептер арасындағы аудандық/қалалық жарыстар;

3-кезең: облыстық жарыстар ІІ кезең жеңімпаздары арасында өткізіледі;

4-кезең: республикалық – қорытынды кезең үшінші кезең жеңімпаздары арасында осы кезеңнің қорытындысы туралы хаттаманы ұсынғаннан кейін өткізіледі.

2023-2024 оқу жылында Ұлттық мектеп лигасы спорттың 10 түрінен («Шұбар доп» волейбол, «Алтын доп» баскетбол, «Былғары доп» футбол, «Теңбіл доп» футзал, «Ұшқыр доп» гандбол, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, «Ақбоз ат» шахматы, үстел теннисі, жеңіл атлетикалық кросс) өткізіледі.

АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ

Алғашқы әскери-технологиялық дайындық білім алушыларға әскерипатриоттық және адамгершілік тәрбие берудің жалпы жүйесінде олардың өзіндік санасын, танымдық қызығушылықтарын, коммуникативті дағдыларын, ерікжігер қасиеттерін, алғашқы практикалық дағдыларын, әскери іс-әрекет дағдыларын дамытуда маңызды орын алады. істері, робототехникадағы теориялық негіздері, автокөлік жүргізу, цифрлық фото және бейне техниканы пайдалану және даму тарихымен танысу арқылы ерлік-жігері мықты, қайсар, физикалық денсаулығы мықты, әскери мағынада функционалды сауатты тұлғаны дамытуға бағытталған. қазақ әскері және оның қазіргі жағдайын зерттеу. Оқу пәні қазақ армиясының даму тарихымен танысып, оның қазіргі жай-күйін зерделей отырып, ерік-жігері мықты, қайсар, дене бітімі дені сау, функционалдық құзыретті әскери тұлғаны дамытуға бағытталған.

Алғашқы әскери-технологиялық дайындық теориялық және практикалық сабақтарда да жүзеге асырылады: теориялық сабақтар негізінен дидактикалық материалды, техникалық құралдарды және оқытудың инновациялық әдістерін пайдалана отырып әңгіме және әңгімелесу түрінде өткізіледі; практикалық жаттығулар қару-жарақ пен әскери техниканы, аспаптарды және басқа да

техниканы пайдалана отырып, оқытылатын материалды бекітуге бағытталған.

Тіршілік қауіпсіздігі негіздері және ақпараттық технологиялар бөлімінде азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері бойынша сабақтар, бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының халқын табиғи апаттардың, ірі авариялардың, апаттардың зардаптарынан қорғау бойынша жүргізілетін ісшаралар және терроризм актілері қарастырылған.

10-сыныпта оқушылардың практикалық дағдылары мен дағдыларын дамыту, сонымен қатар әскери істерді оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру мақсатында оқу жылының соңында бес күндік далалық (лагерь) оқу-жаттығу жиындары өткізіледі. Жас жігіттермен 30 сағат көлемінде әскери бөлімдердің базаларында (әскери бөлімдердің қолбасшылықтарының келісімі бойынша) немесе тиісті оқу-материалдық базасы бар білім беру ұйымдарында.

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабақтары әртүрлі интерактивті оқыту әдістерін қолдана отырып, тәжірибеге бағытталған болуы керек. Тәжірибелік сабақтардың басталуына дейін тыңдаушылар негізгі міндеттерді орындау және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша міндетті нұсқамадан өтеді.

2.3

ЭЛЕКТИВТІ КУРСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ



2023-2024 оқу жылында келесі тақырыптағы элективті курстарды өткізу ұсынылады:

ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ:

  • Жазылым дағдысын тіл білімі арқылы жетілдіру

  • Тіл мәдениеті

  • Сатылай кешенді оқыту технологиясы

  • Эссе, оның түрлері, бағалауға қойылатын талаптары, өлшемдері

  • Ахметтану

  • «Әлем әдебиеті» курсы

  • Тіл дамыту және сөйлеу мәдениеті

  • Көркем мәтінді талдау

  • Оқу сауаттылығына байланысты мәтін талдау



Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін:

  • Қызықты грамматика

  • Абай тағылымы

  • Тіл таным

  • Жылдам оқу

  • Алаштану

  • Үндестік заңы



ШЕТЕЛ ТІЛІ


  • Дыбыстар сөйлейді. 2-4 сыныптарға арналған Фонетика

  • Жазу дағдылары арқылы білім алушылардың жазбаша сөйлеуін дамыту.

  • Құмарлықпен оқу

  • Айналамыздағы шет тілі

  • Елтану сабағы

  • Әлемге саяхат

  • 10-11-сыныптарға арналған Өзін-өзі жобалауға арналған нұсқаулық

  • 10-11-сыныптарға арналған Іскерлік шет тілі

  • Көркем мәтін және аударма

  • Қанатты сөздер

  • Эссе және оның түрлері

  • Ақпараттық шет тілі


ЖАРАТЫЛЫСТАНУ


  • Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер;

  • Дұрыс тамақтанудың денсаулықты сақтаудағы ролі;

  • Экологиялық этика;

  • Биологиялық белсенді қоспалар және олардың денсаулыққа әсері;

  • Үй іргесіндегі телім;

  • Денсаулықты күту және нығайтудың негізгі аспектілері;

  • Нанотехнология жетістіктері

  • Тапсырмалар мен жаттығулардағы химия

  • Химиялық эксперименттік есептерді шешу

  • Мектептегі агрохимия

  • Көмірсутек шикізаты. Кеше, бүгін, ертең

  • линикадағы химиялық зерттеу әдістері

  • Химия және материалтану

  • Медициналық физика;

  • Ғарыш физикасы;

  • Физика және экология;

  • Биофизика;

  • Биохимиялық физика;

  • Нанотехнология;

  • Физика және Қазақстан энергетикасы;

  • Космонавтиканың элементтері;

  • Заманауи ғарышкерліктің жетістіктері;

  • Физикадан қиындығы жоғары есептерді шешу әдістері;

  • Физикадан эксперименттік есептер шешу;

  • Физика ғылымындағы іргелі эксперименттер;

  • Астрофизиканың практикалық негіздері;

  • Ұлттық астрономия;

  • Бейбіт атом;

  • Қоршаған ортаның физикалық ластануы және олардың адамға әсері;

  • Физика және компьютер;

  • Физикалық-техникалық модельдеу;

  • Радиациядан қорғану;

  • PHYSICS IN ENGLISH;

  • Қазақ физиктерінің тарихы.

  • Туризм географиясы

  • Этногеография

  • Рекреациялық география

  • Топография және картография негіздері

  • Экологиялық география

  • «Киелі-қасиетті жерлер» географиясы (сакральная)

  • Гуманитарлық география

  • Қоғамдық география


МАТЕМАТИКА И ИНФОРМАТИКА


  • Математика өмірде (1-4-сыныптар)

  • Математика шыңы (1-4-сыныптар)

  • Математика және логика (1-4-сыныптар)

  • Математикалық жобалар (1-4-сыныптар)

  • Робототехника (4, 5-11-сыныптар)

  • 3D моделдеу (8-9-сыныптар)

  • «Python» тілінде бағдарламалау курсы (6, 8-11-сыныптар)



АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ


  • Алтын адам жәдігерлері

  • Түркі ғұламалары

  • Ұлы даланың тарихындағы әскери дәстүр

  • Ұлы дала көшпенділерінің мемлекеттілік идеясы мен дәстүрлі институттары, саяси нышандар мен билік атрибуттарының сабақтастығы

  • Қазақтың дәстүрлі тұрмыс-тіршілік салты

  • Қазақ қолөнерінің мәдени-тарихи негіздері

  • Алаш идеясы және Алаш қозғалысы

  • Әлемдік озық мәдениеттің жауһарлары

  • Әлемдік мұражайлар өркениеттер тарихы

  • Еуразия кеңістігіндегі көшпелілер өркениеті

  • Тарихи демография

  • Жаһандану үдерістері: теория және қазіргі заман

  • Дүниежүзі тарихында әлеуметтік-саяси қозғалыстар: коммунистік, социалистік, жаңа демократиялық қозғалыстар

  • ҒТР және оның әлеуметтік және рухани салаға ықпалы

  • Батыстық өркениет: мәселелер мен үдерістер

  • Қазақстан Республикасындағы негізгі қоғамдық процестерді құқықтық реттеу негіздері

  • Қазіргі заманның негізгі құқықтық жүйелерін жіктеу

  • Экологиялық құқық-қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық механизмі

  • Құқықтық ақпараттандыру

  • Құқық негіздері бойынша Практикум



2.4 БІЛІМ ҚОЛДАНУ

БЕРУ

ЖҮЙЕСІНДЕ

ЦИФРЛЫҚ

ОҚУЛЫҚТАРДЫ



Білім беру процесінде «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 25 тамыздағы № 428 бұйрығымен бекітілген Білім беру ресурстары оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, цифрлық ресурстар пайдаланылады.

(https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100024126).

Оқулықтардың электронды нұсқаларына сілтемелер 1-11 сыныптар:

қазақ тілінде

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/article/details/98056?direction

Id=3599&lang=kkорыс тілінде https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/article/details/98056?lang=ru

«Тіл және әдебиет» білім беру саласы бойынша интернет-ресурстарға сілтемелер:

https://www.uba.edu.kz/ru

http://ustazuni.kz http://mugalimder.kz http://bilimland.kz http://abai.kz