Файл: 20232024 оу жылында азастан республикасыны жалпы орта білім беру йымдарындаЫ.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 769
Скачиваний: 8
СОДЕРЖАНИЕ
ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл
Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл
STEM/ STEАM технологияларды қолдану
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту
Инклюзивті білім беру ортасын құру
Білім күнінде өткізілетін шаралар
«Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы
2.5 ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ ЕСКЕРТУЛЕР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
2.11 АУЫЛДЫҚ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
2.13 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
2.14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.15 АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ
-
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспар -
Пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспар.
Екі жоспар да қағаз түрінде де, электронды түрде де жүргізілуі мүмкін (word, pdf).
1. Қысқа мерзімді (сабақ) жоспар
Барлық оқу пәндерінің мұғалімдері күн сайын кестеге сәйкес қысқа мерзімді сабақ жоспарын жүргізеді. №130 бұйрыққа сәйкес сабақ жоспары келесі міндетті тармақтарды қамтуы керек:
-
оқу бағдарламасының бөлімі; -
педагогтің аты-жөні; -
сабақты өткізу күні; -
сыныпта қатысқандардың / қатыспағандардың саны; -
сабақтың тақырыбы; -
оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары; -
сабақтың мақсаттары (оқу мақсаттарына сәйкес жасалады); -
сабақ барысы (сабақ кезеңі, мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті, бағалау және ресурстар) (6-кесте).
3-кесте. Қысқа мерзімді сабақ жоспарының үлгісі
Бөлім | | |
Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) | | |
Күні | | |
Сынып | Қ атысушылардың саны | Қатыспағандар саны |
Сабақтың тақырыбы | | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | | |
Сабақтың мақсаттары | | |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңі/уақыты | Педагогтің әрекеті | іс- | Оқушының әрекеті | іс- | Бағалау | Ресурстар |
| | | | | | |
| | | | | | |
Педагог тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда кәсіби қызметті ұйымдастыру тәсілдері мен нысандарын дербес таңдауға құқылы.
Сыныпта ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар болған кезде әдістемелік бірлестіктер мақұлдаған жеке бағдарламаларды бейімдеу және іске асыру жөніндегі іс-қимылдар көзделеді.
2. Пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспар
Педагог оқу жылы басталғанға дейін бір рет пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспар әзірлейді. №130 бұйрыққа сәйкес орта мерзімді жоспарда төрттен бір бөлігіндегі мынадай міндетті тармақтар болуы тиіс:
-
бөлім / тақырыптар; -
сабақтың тақырыбы; -
оқу мақсаттары; -
сағаттар саны; -
мерзімдері мен ескертпесі.
4-кесте. Пәндер бойынша орта мерзімді жоспардың үлгісі
№ р/с | Бөлім/ Тақырыптар | Сабақ тақырыбы | Оқу мақсаттары | Сағаттар саны | Мерзімдер | Ескертпе |
І тоқсан | | | | | | |
| | | | | | |
ІІ тоқсан | | |||||
| | | | | | |
ІІІ тоқсан | | |||||
| | | | | | |
ІV тоқсан | |
2.8 | МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ |
Мектепішілік бақылау – білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің жағдайын бағалау жүйесі.
Мектепішілік бақылау – білім беру ұйымының қызметін жетілдіру, сонымен қатар жалпы мемлекеттік талаптарға (нормативтерге), білім алушылар мен педагогтердің сұраныстарына сәйкес оқу-тәрбие процесін зерделеу және талдау негізінде мектептегі білім беру сапасын жақсарту мақсатында жүргізіледі.
Оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына сәйкес дайындалады.
Білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылауды педагогикалық кеңес бекітетін Мектепішілік бақылау туралы ережеге сәйкес жоспарлы немесе жедел тексерулер, мониторинг, әкімшілік жұмыстар жүргізу түрінде жүзеге асыру ұсынылады.
Оқу процесін ұйымдастыру мен мектепішілік бақылауды тиімді жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдарының әкімшілігіне келесі нормативтер ұсынылады (5-кесте).
5-кесте. Білім беру ұйымдарының әкімшілігіне арналған мектепішілік бақылау нормативтері
№ | Бақылау нысандары | Нормалар |
1 | Сабаққа қатысу, бақылау және талдау | Айына кемінде 4 сабақ ( білім беру ұйымдарының басшылары үшін). Айына кемінде 8 сабақ (білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары үшін). Сабаққа қатысу бақылау мақсатына байланысты. |
2 | Қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларды тексеру | Мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес |
3 | Электронды сынып журналдарын тексеру | Мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес |
4 | БЖБ және ТЖБ-ның жүргізілуін тексеру | Мектептің бекітілген кестесі бойынша |
5 | Оқыту процесінде педагогтердің қашықтан оқыту технологиялары мен ЦБР қолдануы | Мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес |
Сабақтарға қатысу білім беру ұйымының басшысы бекіткен және педагогтерді аттестаттау, жас педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, оқыту мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік қолдауды жүзеге асыру, мектептің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу мәселелері бойынша мектепішілік бақылауды жүзеге асыру үшін міндетті түрде ашық қолжетімділікте орналастырылған кесте бойынша жүзеге асырылады.
Жоспарлы тексерулер шеңберінде сабақтарға қатысу кестесі оқу жылының басында (қыркүйек) мұғалімдердің назарына жеткізіледі.
Білім беру процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сақтау (жабдықтарды пайдалану, оқу бағдарламаларын өту мерзімдері мен табыстылығы, оқу жоспарын, бағдарламалық талаптарды орындау), сонымен қатар неғұрлым біржақты мәселелерді анықтау: педагогтің кәсіби өсуі мен дамуы үшін нақты әдістемелік көмек көрсету, сабақтастық мәселесін зерделеу, жаңа келген білім алушылардың бейімделуін, сынып климатын, білім алушылар мен ата-аналардың сұраныстары мен мүдделерін, ұжымдағы ашықтық пен толеранттылықты зерделеу мақсатында сабақтарға жоспарланбаған (жеке) түрде қатысуға жол беріледі.
Мұғалімнің рұқсатынсыз (келісімінсіз) оның сабақтары мен сыныптан тыс іс-шараларына мектеп және білім басқармасының басшылары, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) қызметкерлері қатыса алады.
Дәлелді себептер бойынша (мұғалімнің сырқаттануы, эпидемияға байланысты сабақта білім алушылардың көп бөлігінің болмауы және т.б.) мұғалім лауазымды тұлғалардан сабаққа қатысуды басқа уақытқа ауыстыруын сұрауға құқылы.
Білім беру ұйымы әкімшілігінің сабаққа қатысу нәтижелері бақылау парақтарында, сабаққа қатысу журналында тіркеледі.
-
Сабақтарға қатысу мақсаттары білім беру ұйымының мақсаттарына, міндеттеріне және ерекшеліктеріне байланысты анықталады. -
Мектепішілік бақылаудың мақсаттарына байланысты сабақты бақылау парағы
әзірленеді
Сабақтарды бақылау, зерттеу және талдау нәтижелері оқыту процесін жақсартудың, педагогтің кәсіби өсуі мен дамуының, мектеп ұжымында қолайлы психологиялық ахуал, сондай-ақ білім алушылардың білім сапасын арттырудың негізі болып табылады.
Сабақтарды бақылау нәтижелері пәндік әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің отырыстарында жүйелі түрде талқылануы тиіс.
Сабақты талдау (ауызша жүргізілуі мүмкін) мыналарды қарастырады:
-
педагогтің сабақты өзіндік талдауы; -
сабақтың ұтымды және проблемалық тұстарын бөліп көрсету; - педагогке ұсыныстар беру.
Педагогтердің бір-бірінің сабағына жүйелі түрде қатысуы ұсынылады.
Карантиндік және шектеу шаралары кезеңіндегі оқыту жағдайында мектепішілік бақылау онлайн форматта жүргізіледі.
Электрондық журналдарды тексеру нормаларын тоқсанына 1 рет анықтау ұсынылады.
Педагог дәптерлерді, жазбаша жұмыстарды тексеру нәтижелері бойынша білім алушыға кері байланыс (түсініктеме, орындалған жұмыстағы олқылықтарды түсіндіру және т.б.) ұсынады.
Мұғалімдердің тиімді жұмысын ұйымдастыру үшін әр мектепте «мұғалімдер бөлмесі» болуы керек.
Білім беру ұйымының әкімшілігі білімнің таңдамалы тақырыптық бақылау кесімдерін жүргізуді, білім алушылардың жазбаша жұмыстарын (эссе, диктант, мазмұндама және шығарма) тексеруді жоспарлайды.
Білім беру ұйымының әкімшілігі білімнің таңдаулы тақырыптық бақылау бөлімдерін өткізуді, оқушылардың жазба жұмыстарын (эссе, диктант, презентация және шығарма) тексеруді жоспарлап отыр.
Мектептердің білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесі өзара байланысты және өзара шартты элементтерді қамтиды:
-
білім беру сапасын басқарудың ішкі жүйесін жобалау және жоспарлау (орта білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін нормативтік, ұйымдастырушылық, әдістемелік және өзге де құжаттарды әзірлеу және бекіту); -
оқу-тәрбиелік, ұйымдастырушылық, әдістемелік (қажеттіліктерді зерделеу, ресурстармен қамтамасыз ету, сапаны бақылау және т. б.) процестерді басқару; -
процестер мониторингі және түзету (сапа көрсеткіштері мен индикаторларына қол жеткізу бойынша бағалау және талдау, мүдделі тараптармен кері байланыс, басқару жүйесіне және Қызметке білім беру қызметтерін көрсету ретінде түзету іс-қимылдарын енгізу). (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 23 маусымдағы № 292 бұйрығы).
✓ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2022 жылы «Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» құралын әзірледі. Материалдар www.uba.edu.kzсайтында қол жетімді
2.9 БІЛІМ ҚЫЗМЕТ | БЕРУ | ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ | ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ |
Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет – білім беру ұйымының алқалық органы. Оның негізгі қызметі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық салауаттылығын сақтауға және нығайтуға, білім беру қызметіне қатысушылар арасында қолайлы психологиялық ахуал жасауға, білім алушыларды оқытуда, олардың оқу-танымдық процесін дамыту мен тәрбиелеуде әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге бағытталған.