Файл: 20232024 оу жылында азастан республикасыны жалпы орта білім беру йымдарындаЫ.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 771
Скачиваний: 8
СОДЕРЖАНИЕ
ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл
Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл
STEM/ STEАM технологияларды қолдану
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту
Инклюзивті білім беру ортасын құру
Білім күнінде өткізілетін шаралар
«Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы
2.5 ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ ЕСКЕРТУЛЕР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
2.11 АУЫЛДЫҚ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
2.13 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
2.14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.15 АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ
2.11 АУЫЛДЫҚ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
Ауылдық шағын жинақты мектептер ерекше назар аударуды және проблемаларды шешуде қалыпты емес көзқарасты қажет етеді.
Білім берудің жаңаша бағыты педагогтердің алдына білім алушылардың белсенділігін арттыруға ықпал ететін заманауи білім беру технологияларын іздеу міндетін қояды және білім алушыны объект ретінде емес, субъект ретінде қарауды ұсынылады.
Ауылдық шағын жинақты мектепті дамытудың жаңа деңгейіне қол жеткізу: мектептерді сапалы интернетпен, цифрлық оқу жабдықтарымен қамтамасыз ету, электрондық оқулықтар мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, әртүрлі онлайн білім беру платформалары арқылы цифрлық білім беру кеңістігінде жұмыс істеу үшін тірек және ауылдық шағын жинақты мектептердің педагогтері мен білім алушыларын даярлау сынды кешенді тәсілді талап етеді.
Қолда бар статистикалық деректерді, халықаралық тәжірибені, сондай-ақ зерттеу нәтижелеріндегі талдауды ескере отырып, қазіргі уақытта келесідей жобаларды іске асыру арқылы шағын жинақты мектеп проблемаларын кешенді шешу мүмкіндігі көзделіп отыр. Оларға:
-
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдық және шағын жинақты мектептерінің педагогтері мен білім алушыларын қолдау бойынша «Microsoft» компаниясымен бірлескен жоба (2023 жылғы қаңтардан басталды).
Аталған жобаны пилоттық режимде іске асыру бағытында 7 тірек, 18 магнитті, барлығы 25 мектеп анықталды. «Microsoft» компаниясы «Математика», «Информатика», «Физика», «Химия», «Биология», «География», «Тарих», «Ағылшын тілі» пәндері бойынша 107 педагог және педагогтерге техникалық қолдау көрсететін 10 IT-маманды оқытуды ұйымдастырды. Барлық педагогтер мен білім алушылар үшін есептік жазбалар жасалды, пилоттық мектептерге оқу процесінде «Microsoft» өнімдерін пайдалануға лицензиялар бере отырып, верификация рәсімі жүргізілді, пилоттық мектептерде «Microsoft 365 А3» платформасы орнатылды. Академия жоспарлы түрде педагогтерді қолдау бойынша іс-шараларды ұйымдастырып келеді. Онда: педагогтердің кәсіби қиындықтары мәселелері бойынша кеңестер беріліп, онлайн-сессиялар; білім беру процесінде «Microsoft 365А3» платформасының мүмкіндіктерін пайдалану бойынша педагогтер мен білім алушыларға арналған нұсқаулықтар әзірленді. Алдағы уақытта жобаны барлық өңірдің шағын жинақты мектептеріне масштабтау жоспарланған.
-
Ақтөбе облысының ауылдық шағын жинақты мектептерінде жекелеген пәндерді қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша «Цифрлық технологияларды пайдаланып Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы.
Аталған жобаны іске асыру үшін Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдар тарапынан жылдам интернетке қосылған және цифрлық оқу жабдықтарымен жабдықталған 10 жетекші және 120 шағын жинақты мектеп анықталды.
Қашықтан оқыту 5-11-сыныптарда 5 пән бойынша: «Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «Ағылшын тілі» пәндері бойынша жүргізіледі.
Жоба аясында облыстың 35 білікті педагогі 10 575 білім алушыға виртуалды сабақ өткізді.
-
2023-2024 оқу жылынан бастап шағын жинақты мектептерде жекелеген пәндерді онлайн оқытуда білім беру процесін ұйымдастыруға бағытталған «Ауылдық шағын жинақты мектептерде сапалы білім беруді қолжетімділігін қамтамасыз ету» жобасы кезең-кезеңімен 5 облыста (Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында) пилоттық режимде іске асыру жоспарланып отыр.
Аталған жобалар цифрлық білім беру технологияларын, электрондық ақпараттық білім беру ортасын, цифрлық білім беру контентін, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды, білім алушылардың тұратын жеріне қарамастан білім беру бағдарламаларын іске асыруға арналған технологиялық құралдарды пайдалана отырып, шарттар жиынтығын білдіреді.
Жоғарыда аталған жобаларды іске асырудың мақсаты – ауылдық шағын жинақты мектептердің білім алушылары үшін сапалы білімді қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Жобалар туралы толық ақпаратты Академия сайтында алуға болады www.uba.edu.kz
2.12 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Террористік тұрғыдан осал объектілерді білім беру және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға қойылатын талаптарға сәйкес білім алушылардың білім беру ұйымдарында қауіпсіз болуын қамтамасыз ету қажет («Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығының» 6-тарауы).
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200027414
Терроризм актісін жасаудың ықтимал салдарларын ескере отырып, объектілердің мынадай топтары белгіленеді:
-
бірінші топтағы білім беру объектілері – персонал және білім алушылар (тәрбиеленушілер) саны 300 адамға дейінгі білім объектілері; -
екінші топтағы білім беру объектілері – білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және персоналдың нақты саны 300-ден 700-ге дейін, сондай-ақ, кенттер мен ауылдық елді мекендерде орналасқан 700-ге дейін толықтырылған білім беру объектілері; -
үшінші топтағы білім беру объектілері – білім алушылардың
(тәрбиеленушілердің) және персоналдың нақты саны 700 адамнан асатын, сондай-ақ, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан (білім беру объектілерінің толықтырылуына қарамастан) білім беру объектілері.
Бірінші топтың объектілері міндетті түрде бейнебақылау жүйесімен және хабардар ету жүйесімен жарақтандырылады.
Екінші топтың объектілері 78-тармақта көзделген техникалық жарақтандыруға қосымша аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне не күзет қызметі субъектілерінің орталықтандырылған бақылау пультіне бейне-бейнені полицияның жедел басқару орталықтарына не аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне бере отырып, дабыл беру құралымен (дабыл түймесі), бейнебақылау жүйесімен жарақталады.
Үшінші топтың объектілері осы тараудың 78 және 79-тармақтарында көзделген қосымша техникалық жабдықтау, техникалық бақылау және басқару жүйелерімен (турникеттер, лицензияланған күзет ұйымы) жарақталады.
Турникет құрылғыны қолмен және автоматты және (немесе) қашықтықтан ашу және блоктау тәсілін қамтамасыз етеді.
Бейнебақылау жүйесі объектідегі жағдайға бақылау жүргізу, сондай-ақ санкцияланбаған кіру фактісін көзбен шолып растау мақсатында, жағдайды бағалау және құқық бұзушылардың іс-әрекеттерін тіркеу үшін белгіленеді.
2.13 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
Орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын дамыту Қазақстан Республикасында кәсіптік бағдар беру проблемаларын шешуге бағытталған мынадай міндеттерді орындау арқылы іске асырылатын болады:
-
ерте кәсіптік бағдар беру элементтерін бастауыш мектеп пәндерінен бастап жоғары сыныптарда әр пәннің оқу мақсаттарына енгізу; -
білім алушыларды саналы түрде мамандық таңдауға дайындау; -
орта білім ұйымы бағдарламасына 9-сынып үшін «Жұмыс тәжірибесі» кәсіби тәжірибе апталығын енгізу; -
әр өңірдің ерекшеліктеріне сәйкес оқу өндірістік шеберханаларының жұмысын жандандыру; -
мектеп-колледж-ЖОО арасында байланысты күшейту; 6) кәсіби бағдарлауды ақпараттық тұрғыдан қолдау.
Елімізді өркендететін бәсекеге қабілетті маман қалыптастыруда шығармашылық және инновациялық ойлауды ынталандыруға бағытталған білім беру шешуші рөл атқарады, оны жеке деңгейде де, сол сияқты қоғам деңгейінде де тарату маңызды. Осыған орай нағыз кәсіби маман болу үшін қажетті жеке қасиеттерді, мінез-құлықты, дағдылар мен құзыреттерді көтермелейтін және дамытатын білім және тәрбие жүйесі құрайды. Білім алушыларды мамандыққа дайындауда еңбекке баулу, патриотизм, салауатты өмір салты, мейірімділік және т.б. құндылықтарды қалыптастыру негізінде мақсатты тәрбие жұмысын жүргізу қажет.
Кәсіби бағдарлау жаңа мамандықтар Атласында көрсетілгендей тұтастай экономиканың өзгеруіне әсер ететін трендке негізделуі тиіс.
Мектеп түлектерінің кәсіби бағдар бойынша базалық құзыреттері: Жүйелік ойлау; Салааралық коммуникация дағдылары; Процестер мен жобаларды басқару мүмкіндігі; Бағдарламалау / Робототехника / Жасанды интеллект; Көптілділік; Экологиялық ойлау және үнемді өндіріс; Клиенттерге бағдарлану және шығармашылық құзыреттіліктер қалыптасуы қажет.
Еңбекке қабілетті, өз күшіне сенімді жастардың ауқымды базасын құру үшін мектепке дейінгі және мектептегі білім беру саясаты және оны іске асыру қазақстандық жастардың функционалдық сауаттылық дағдыларын нығайтуға бағытталуы тиіс.
Бұл модульді орта білім беру ұйымдарында жүзеге асыру келесі ұйымдастырушылық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік мәселелерді шешуді талап етеді:
-
әртүрлі жас топтарының оқушылары үшін кәсіптік бағдарлау жобаларының мазмұндық тақырыбының пилоттық (эксперименттік) алаңдар базасында әзірлеу және байқаудан өткізу; -
кәсіптік бағдарлау жобаларын жалпы білім беру бағдарламаларына интеграциялау моделін әзірлеу (оның ішінде қосымша білім беру ұйымдарының қатысуымен желілік ынтымақтастықты іске асыру арқылы) және үлгілік нормативтік-құқықтық актілерді (жергілікті, желілік) әзірлеу; -
модуль шеңберінде жұмысқа тартылатын мектеп педагогтерінің біліктілігін жаппай арттыруды ұйымдастыру; -
пилоттық (эксперименттік) алаңдардың жұмыс нәтижелерін бұқаралық мектептерінің жұмысына тарату.
2.14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2023-2024 оқу жылындағы балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері жалпы орта және қосымша білім беруді неғұрлым тығыз интеграциялау қажеттілігіне байланысты.
Мектеп сабағында оқытуды ұйымдастыру барысында қосымша білім беру жүйесіне қатысты технологияларды қолдануға болады. Бұлар – кешенді сабақтар, оқу жобалары, пікірталас технологиялары, ойындар. Оларды педагогтің басшылығымен білім алушылардың өзіндік жеке және топтық ісәрекеттерін қамтамасыз ете отырып, сабақтың шеңберінен тыс жүргізуді көздейді.
Мектеп жұмысының тәжірибесінде әртүрлі ұйымдастырушылық модельдерді қолдануға болады. Олар:
-
үйірмелердің, секциялардың, клубтардың түрлері, олардың жұмысы бірбірімен аз үйлесімді және қолда бар кадрлық және материалдық жағдайлармен толықтай байланысты; -
балалардың шығармашылық ұжымдары мен бірлестіктері жұмысының ішкі үйлестігі, олардың іс-әрекеттерінің әртүрлі бағытта болуы; -
балаларға қосымша білім беруді мектептің жеке бөлімшесі ретінде дамыту; -
мектептің негізгі құрылымдарының ұйымдастырушылық және мазмұндық бірлігі ретінде балаларға негізгі және қосымша білім беруді интеграциялау.
Мектепте қосымша білім беру келесі кезеңдерді жүзеге асыру процесінде ұйымдастырылуы керек:
-
Білім алушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын зерттеу. Жазбаша тестілеу, білім алушылар мен ата-аналарға сауалдар қою, сауалнама жүргізу, бастауыш, орта және жоғары мектепті аяқтау кезеңінде балалардың білім сапасына мониторинг жүргізу арқылы деректер жинауға болады. -
Білім алушыларды қызығушылығына қарай топтарға біріктіру, секциялар мен үйірмелер құру сауалнама нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Бұл кезеңде сыныптан тыс оқытудың негізгі бағыттарын ажыратып көрсету қажет.
Іс-шаралар әлеуетті қатысушылардың санына және белгілі бір тақырып бойынша білімге мұқтаж адамдарға негізделуі керек.
Үйірмелер мен секциялардың сабақтарын ұйымдастыру нысандары мынадай талаптарға сай болуы тиіс: дамытушылық сипатқа ие болу, дәлірек айтсақ, білім алушылардың табиғи бейімділігі мен қызығушылықтарын дамытуға бағытталуы, мазмұны мен жүргізу сипаты бойынша әртүрлі болуы, әр түрлі қосымша әдістерге негізделуі.
Жалпы білім беретін мектепте қосымша білім беру блогының жұмысы жылдық және басқа да жоспарлар, білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.