Файл: 20232024 оу жылында азастан республикасыны жалпы орта білім беру йымдарындаЫ.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 768

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл

Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл

Тұлғаға бағытталған тәсіл

STEM/ STEАM технологияларды қолдану

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

TIMSS

PISA-2025

ICILS-2018

Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту

Инклюзивті білім беру ортасын құру

Білім күнінде өткізілетін шаралар

«Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы

ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ»

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР

ШЕТЕЛ ТІЛІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

МАТЕМАТИКА И ИНФОРМАТИКА

АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Цифрлық кітапхана

2.5 ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ ЕСКЕРТУЛЕР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

2.10 ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ

2.11 АУЫЛДЫҚ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

2.13 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

2.14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.15 АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ

ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ

ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ



Жалпы білім беретін мектептің қосымша білім беру блогындағы оқу жылы ағымдағы оқу жылының 15 қыркүйегінде басталып, 25 мамырында аяқталады. Білім алушыларды бірлестіктерге қабылдау бағдарламаны игеру үшін көзделген мерзімде жүзеге асырылады.

Жазғы демалыс кезінде білім беру процесі жеке жоспар бойынша жорықтар, жиындар, пленэрлер, экспедициялар, әртүрлі бағыттағы лагерьлер және т.б. түрінде жалғасуы мүмкін. Жазғы кезеңге арналған кестені әкімшілік мұғалімнің ұсынысы бойынша білім алушылардың ең қолайлы еңбек және демалыс режимін ескере отырып белгілейді.

Сабақтардың ұзақтығы және олардың апталық саны педагогтің қосымша білім беруге арналған білім беру бағдарламасымен, сондай-ақ балалардың мектептегі жұмыс режиміне қойылатын талаптармен анықталады.

Қосымша ресурстарды, интернет-ресурстарды пайдалану және мектеп білім алушылары бірлестігінің бейіні бойынша ақпаратты табу, өңдеу қабілетін қалыптастыру ұсынылады. Компьютерлік техниканы қолдана отырып сабақ өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар сақталуы керек.

2023/2024 оқу жылында мектепішілік, аудандық (қалалық) және облыстық деңгейлерде республикалық маңызы бар 13 жобаны іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

Білім алушылармен техникалық шығармашылық және конструкция бойынша жұмысты жандандыру үшін техникалық шығармашылық және өнертабыс жарыстары (авиа, зымыран, авто, және кеме модельдеу) және «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауы өткізіледі.

«Менің отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтары слеті, жас өлкетанушылар, экологтар және натуралистердің «Табиғатты аяла» форумы, «Кәсіптер әлемін ашамыз» форумы балалар мен жастардың патриоттық сезімін және азаматтығын тәрбиелеуге, туристік қызметті жандандыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға, экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге, білім алушылардың кәсіптерді зерделеуге шығармашылық көзқарасын жандандыруға бағытталған еңбек нарығында сұранысқа ие және болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін қажетті.

Театр бірлестіктерінің білім алушыларымен жұмыста театрландырылған қойылым түрлерін – монтаждау барысында әдебиет пен өнердің түрлері мен жанрлары біріктірілген бірыңғай авторлық мақсатта біріктірілген сахналық эстрадалық-театрлық жұмыстарды қолданған жөн. Театрландырылған қойылым тарихи және мәдени күндерге, әлеуметтік оқиғаларға, ақындардың, суретшілердің, театрдың танымал қайраткерлерінің шығармашылығына арналуы мүмкін.


Білім алушылардың «Театрдың ғажайық әлемі» театр өнерінің фестивальконкурсына қатысуы балалар мен жастар театры шығармашылығын өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиесінің факторы, тұлғаның үйлесімді дамуы, өзін-өзі көрсетуге, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінуге бірегей қабілеттерін қалыптастыру және дамыту факторы ретінде қолдауға және дамытуға ықпал етеді.

«Балалар мен театр» ағартушылық жобасы аясында білім алушылар жас ұрпақтың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру ресурсы, тұлғаны әлеуметтендірудің, көркемдік талғамды қалыптастырудың қуатты құралы, эстетикалық дамыған, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу тетігі болып табылатын театрларға барады.

Қазақстандық патриотизмді, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту үшін мектепте өзін-өзі басқару және пікірталас қозғалысы бойынша жобалар іске асырылуда.

Белсенділер клубтары мен мектептерінің жұмысын ұйымдастыру, білім алушылардың ұйымдастырушылық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту бойынша семинарлар мен тренингтер өткізу ұсынылады. Білім беру ұйымдарының сайттарында мектептің өзін-өзі басқару органдары мен пікірсайыс клубтарының қызметі көрсетілетін тақырыптық бөлім құру қажет.

Білім алушыларды әлеуметтік маңызы бар қызметке тартуға және олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға елдегі қоғамдық маңызы бар оқиғаларға, мемлекеттік мерекелерге, мерейтойлық және атаулы күндерге арналған іс-шараларға қатысу, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарын насихаттау, балалар мен жастар ұйымдарының әлеуетін пайдалану ықпал ететін болады.

Мектеп Парламентінің қатысушылары арасында челлендждер өткізу ұсынылады: «Алтын жүрек»; «Мобильді көзқарас: менің жаздағы бір күнім»; «Мектеп парламентінің өмірінен бір күн» және т.б.

Мектеп парламенттері, мектептегі пікірталас қозғалысы туралы ақпарат ҚР Оқу-ағарту министрлігі Қосымша білім берудің республикалық оқуәдістемелік орталығының ziyatker.org сайтында, «Мен пікірсайысшымын» Телеграм каналында, Rumcdo_debate_bot Телеграм каналында орналастырылған.

Наурызды мерекелеу аясында жыл сайын республиканың барлық білім беру ұйымдарында 10-20 наурыз аралығында түрлі іс-шаралар өткізіледі, оның ішінде барлық мектептерде Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» және т.б. күйлері бір уақытта орындалады.

Жалпы білім беретін мектептер ұлттық мерекелер, халықтық салтдәстүрлер негізінде балаларды рухани-адамгершілік бағытта тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыруы керек.



Қазақстандық патриотизмді, ұлттық бірегейлікті, әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыруға, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, көпұлтты мемлекет жағдайында жалпыадамзаттық құндылықтарға баулуға «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағарту жобасы ықпал етеді.

Жоба елдің зияткерлік байлығы ғана емес, сонымен қатар жалпыадамзаттық құндылықтардың, халықтардың мәдени және адамгершілік дәстүрлерінің орасан зор қоры болып табылатын ұлттық құндылықтарды сақтауға бағытталған. Жоба аясында әр тоқсанда бір-бірден 4 іс-шара анықталды. Бұлар: «Ақындар айтысы» поэтикалық сайысы; «Алтын сақа» олимпиадасы; «Ұлттық өнер» көрмесі; «Туған өлкем» фестивалі.

Бірінші тоқсанда Республика күнін мерекелеуге арналған «Ақындар айтысын» өткізу жоспарлануда. Айтыстың ұсынылатын тақырыптары: «Жаңа күн – жаңа Қазақстан», «Туған жерім – мақтанышым», «Тілім – тұмарым», «Тәуелсіздігім – тұғырым», «Топырақ жыр – торқа жыр», «Көк тудың желбірегені...» және т. б.

Екінші тоқсанда Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Алтын сақа» олимпиадасы өтеді.

Үшінші тоқсанда Наурыз мерекесі аясында әрбір білім беру ұйымында «Ұлттық өнер» көрмесін ұйымдастыру ұсынылады. Тоқыма бұйымдарын жасау сияқты номинациялар ұсынылады: гобелен, кесте, бисер, батик, киіз басу, патчпластик; ұлттық ою-өрнек элементтері бар халықтық киім үлгісін жасау және т.б. Төртінші тоқсанда «Туған өлкем» фестивалін өткізу ұсынылады. Фестиваль аясында өлкетану жобаларының конкурсы өткізіледі. Қатысушыларға көмектесу үшін өлкетану жобаларының үлгі тақырыптары ұсынылады. Мысалы, «Zhasyl El», «Туған жердің бояулары» - бұл электронды экологиялық карта. Бұл номинацияда кез келген графикалық редактордың (фотосуреттер, картиналар, портреттер, суреттер, коллаждар және т.б.) көмегімен дербес орындалған сурет ұсынылады.

«Eko-Bolashak» – абаттандыру, көгалдандыру бойынша атқарылған экологиялық жұмыстар, өткізілген экологиялық акциялар, жылыжайлардың, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік учаскелердің, мектеп орманшылықтарының, экологиялық патрульдердің жұмысы туралы бейнероликтің тұсаукесері.

«Жас өлкетанушы» – халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен өнері – туған өлкенің мәдениеті, әдебиеті, өнері, халық шығармашылығы, тарихи, археологиялық және этнографиялық ескерткіштерді зерделеуге және қорғауға қатысу; халық ауыз шығармашылығының бай мұрасы, республикада тұратын халықтардың салт-дәстүрлері; мектеп мұражайларын ашу; тұрмыстық заттарды жасау, киімдер тігу, ұлттық тағамдар әзірлеу және басқалар. «Туған өлкем» фестивалі де оқушылардың туған өлкесін зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға арналған.


2.15 АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ




Арнайы мектептерде / сыныптарда оқыту білім алушылардың дамуындағы бұзылудың түрлері бойынша ұйымдастырылады:

  • есту қабілеті бұзылған балаларға арналған;

  • көру қабілеті бұзылған балаларға арналған;

  • сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған;

  • тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған;

  • психикалық дамуы тежелген балаларға арналған (бұдан әрі-ПДТ);

  • зияты бұзылған балаларға арналған (зиятының жеңіл және орташа бұзылыстары).

Білім алушыларды арнайы мектептерге/сыныптарға қабылдау «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен ПМПК қорытындысы мен ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады.

Сыныптардың толымдылығы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен реттеледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген).

Білім алушыларды арнайы мектептен / сыныптан басқа білім беру ұйымына ауыстыру растайтын құжаттар негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арнайы жағдайлар жасау үшін мектеп педагогтары мен мамандары бағалауды жүзеге асырады.

Оқу жылының ұзақтығы «Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8

қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8170 болып тіркелген) бекітілген Типтік оқу жоспарына сәйкес белгіленеді.

Есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеуі ауыр бұзылған, психикалық дамуы тежелген оқушыларға арналған типтік оқу жоспарларының инвариантты бөлігінің жалпы білім беретін пәндерінің тізбесі және олардың негізгі мазмұны ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келеді.

Оқыту білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктерін, танымдық мүмкіндіктерін, сондай-ақ ұзақ оқу мерзімдерін ескере отырып, бастауыш білім берудің оқу бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын (бағдарламалар Академияның www.uba.edu.kz