Файл: 20232024 оу жылында азастан республикасыны жалпы орта білім беру йымдарындаЫ.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 773
Скачиваний: 8
СОДЕРЖАНИЕ
ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл
Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл
STEM/ STEАM технологияларды қолдану
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту
Инклюзивті білім беру ортасын құру
Білім күнінде өткізілетін шаралар
«Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы
2.5 ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ ЕСКЕРТУЛЕР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
2.11 АУЫЛДЫҚ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
2.13 КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
2.14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.15 АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ/СЫНЫПТАРДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ
Типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары негізінде педагогикалық кеңесте талқыланатын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары әзірленеді. Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес типтік оқу жоспарының инвариантты бөлігінің оқу пәндері арасында сағаттың 20% - на дейін қайта бөлуге мүмкіндік беріледі.
Қажет болған жағдайда оқушылардың жеке ерекшеліктері мен әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес оқу бағдарламаларын бейімдеу жүзеге асырылады.
Оқу үдерісінде арнайы оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК), сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер үшін ОӘК қолданылады.
Зағип балаларды оқыту Брайль шрифтімен шығарылған жалпы білім беретін мектепке арналған оқулықтар бойынша жүзеге асырылады. Нашар көретін білім алушыларды оқыту үлкейтілген қаріпті пайдалана отырып шығарылған жалпы білім беретін мектепке арналған оқулықтар бойынша оқытылады.
Екінші (қазақ немесе орыс) және үшінші (шет) тілдерді оқыту білім алушылардың тілдік дамуының деңгейін ескере отырып жүзеге асырылады, оқу мазмұнын, әдістерін және жетістіктерді бағалау соған бейімделеді.
Есту, көру және тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушыларға арналған арнайы мектептерде зияты төмен (жеңіл және орташа) білім алушылар анықталған кезде 4-6 білім алушыдан құралған арнайы сыныптар ашылады. Білім алушыларды оқыту зияты төмен білім алушылар үшін үлгілік оқу жоспарының инвариантты компонентіне сәйкес және ПМПК қорытындысы мен ұсынымдарына сәйкес зияты төмен білім алушылар үшін Үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жасалған жеке оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Зияты төмен білім алушыларға арналған типтік оқу жоспары, оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұны ҚР МЖМБС мазмұнын жүзеге асырмайды. Оқу үдерісі зиятының жеңіл және орташа төмендігі бар білім алушылар үшін Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес, арнайы оқулықтар мен оқыту әдістемелерін пайдалана отырып, арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Зияты орташа төмен білім алушыларды оқыту педагогикалық кеңестің шешімі бойынша жекелеген сыныптарда (II бөлімше) немесе зияты жеңіл бұзылған білім алушылармен (3 оқушыдан аспайтын) бірлесіп ұйымдастырылады.
Зияты орташа төмен білім алушыларды оқыту үлгілік оқу жоспарына сәйкес және зияты орташа төмен білім алушыларға арналған үлгілік оқу бағдарламалары негізінде педагог құрастырған жеке оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Бастауыш білім беру деңгейінде зияты орташа төмен білім алушыларға арналған сыныптардағы оқу үдерісі арнайы құрылған пән арқылы дамытушы ортада пәнсіз оқыту негізінде ұйымдастырылады. Білім алушыларға оқу бөлмесінде еркін жүріп-тұру мүмкіндігі беріледі. Барлық сабақтар біріктірілген және білім алушылардың жалпы дамуына (коммуникативті, моторлы, сөйлеу, сенсорлық) бағытталады. Білім алушылардың жеке дамуының нәтижесіне қарай пәндік оқытуға көшу жүзеге асырылады. Арнайы мектептердің/сыныптардың педагогтері сынып құрамы және білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, дидактикалық, компенсаторлық-дамытушы материалдарды таңдауға құқылы.
Арнайы мектептерде/сыныптарда оқу-тәрбие үдерісін психологиялықпедагогикалық сүйемелдеуші мамандар (психолог, логопед, арнайы педагогтар: тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, ЕДШ нұсқаушысы, әлеуметтік педагог) әрбір білім алушының қажеттіліктерін психологиялық-педагогикалық бағалау деректеріне негізделген сараланған және жеке тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырады. Педагогтар мен психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандары білім алушылармен жұмыс жасауда командалық тәсілді қолданады.
Арнайы мектептің/сыныптардың білім алушылары типтік оқу жоспарында (түзету компоненті) бөлінген сағат шеңберінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарының арнайы психологиялық-педагогикалық көмегін алады. Түзету компонентінің Типтік оқу бағдарламаларының негізінде білім алушылардың даму ерекшеліктері мен компенсаторлық мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке/кіші/топтық түзету сабақтарын өткізу үшін жеке дамыту бағдарламалары жасалады.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарымен сабақтар арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың барлық түрлерінде міндетті болып табылады. Түзету компонентінің пәндерін оқу жоспарының инвариантты компонентінің пәндерімен ауыстыруға, сондай-ақ осы сағаттардың санын қысқартуға жол берілмейді.
Типтік оқу жоспарларының түзету компонентінің сабақтарын «Дефектология» («Арнайы педагогика») мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және арнайы мектеп түріне сәйкес білім беру бағдарламасы бар педагогтер жүргізеді. Білімдегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша сабақтарды педагогтер жүргізеді. Түзету компоненті пәндері бойынша білім алушылардың жетістіктерін бағалау кезінде балдық бағалау пайдаланылмайды. Сабақтар мектептің кеңесі талқылайтын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін кестеге сәйкес күннің бірінші және екінші
жартысында топтармен, кіші топтармен және жеке өткізіледі.
Оқытудың компенсаторлық-дамытушылық бағыты түзету пәндері, жалпы білім беру циклі пәндері шеңберінде, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінде іске асырылады.
Бастауыш білім беру деңгейіндегі арнайы мектептердің/ сыныптардың жұмысы ұзартылған күн режимінде ұйымдастырылады, бұл бұзылған функцияларды еңсеру және өтеу, қажетті денсаулық сақтау педагогикалық режимін қамтамасыз ету, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасайды. Оқу күн тәртібі білім алушылардың шаршау мүмкіндіктерін ескере отырып белгіленеді: үзілісте демалу үшін жеткілікті уақытымен бірінші ауысымда оқыту жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымы білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен бірлесіп, білім алушылардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес үйде жеке тегін оқытудың типтік оқу жоспарының бөлінген сағаттары шегінде пәндер арасында сағаттарды бөледі. Емдеуші дәрігердің келісімі бойынша білім алушылардың мектепте сабақтарға және жекелеген сабақтарға қатысуы көзделеді.
Бастауыш білім беру деңгейі
Арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептермен бірлесе отырып білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін, сондай-ақ оқытудың арнайы жағдайларын жасай отырып, қалпы бұзылған қызметтерді атқару міндеттерін қарастырады, оларға мыналар жатады:
-
бастауыш білім беру деңгейінде оқудың ұзартылған (ұлғайтылған) мерзімдері-5 жыл (0-4 сыныптар); -
арнайы оқу жоспарлары және арнайы оқу бағдарламалары; -
оқытудың арнайы әдістері, тәсілдері мен құралдары;
-
техникалық және компенсаторлық құралдар; -
тіршілік ортасы; -
арнайы дайындалған педагогтер; -
психологиялық-педагогикалық көмек (логопедтер, арнайы педагогтер:
сурдопедагогтар, тифлопедагогтар, олигофренопедагогтар, психологтар, әлеуметтік педагогтар, ЕДШ нұсқаушылары);
-
даму кемшіліктерінің орнын толтыруды, әлеуметтік, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқу жоспарының арнайы пәндері; -
медициналық, әлеуметтік және өзге де қызметтер; -
жеңілдетілген педагогикалық режим (ұзартылған күнмен бірінші ауысымда оқыту).
Арнайы мектептерде /сыныптарда бастауыш білім беру деңгейінде оқу ұзақтығы 0 сынып есебінен білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін, оқытудың баяу қарқынын, мектепке дейінгі жаста туындаған даму және оқыту олқылықтарының орнын толтыруды қамтамасыз ететін жалпы білім беретін пәндерге пропедевтикалық және компенсаторлық-дамытушы бөлімдерді енгізу қажеттілігін ескере отырып, 1 жылға ұлғайтылды.
Негізгі орта білім деңгейі
Негізгі орта білім беру деңгейінде арнайы мектептер/сыныптар жалпы білім беретін мектептермен ортақ білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін, сондай-ақ бұзылған функцияларды өтеу, өмірлік дағдыларды қалыптастыру, кәсіптік бағдарлау, арнайы оқу жағдайларын жасай отырып, бастапқы кәсіптік даярлау міндеттерін шешеді, оларға мыналар жатады:
-
негізгі орта білім беру деңгейінде ұзартылған (ұлғайтылған) оқу мерзімдері-6 жыл (5-10 сыныптар); -
арнайы оқу жоспарлары және арнайы оқу бағдарламалары; -
оқытудың арнайы әдістері, тәсілдері мен құралдары; -
техникалық және компенсаторлық құралдар; -
тіршілік ортасы; -
арнайы дайындалған педагогтер; -
психологиялық-педагогикалық көмек (логопедтер, арнайы педагогтер:
сурдопедагогтар, тифлопедагогтар, олигофренопедагогтар, психологтар, әлеуметтік педагогтар, ЕДШ нұсқаушылары);
-
даму кемшіліктерінің орнын толтыруды, әлеуметтік, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқу жоспарының арнайы пәндері; -
медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтер.
Арнайы мектептерде /сыныптарда негізгі орта білім беру деңгейінде оқу ұзақтығы білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін, оқытудың баяу қарқынын, оқу бағдарламаларының мазмұнын толық меңгеруге ықпал ететін пропедевтикалық және компенсаторлық-дамытушы бөлімдерді жалпы білім беретін пәндерге енгізу қажеттілігін ескере отырып, 10 сынып есебінен 1 жылға ұлғайтылды.
Еңбекке баулу жұмысшы кадрларға қажеттілікке бағдарланған өңірлік, жергілікті жағдайларға сүйене отырып және психологиялық-физикалық дамудың жеке ерекшеліктерін, денсаулығын, мүмкіндіктерін, сондай-ақ тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе еңбек бейінін таңдау негізінде өзге де заңды өкілдерінің мүдделерін ескере отырып ұйымдастырылады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін еңбекке баулу бейіндері бойынша типтік оқу бағдарламалары білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, мектеп педагогтері құрастырған және мектептің педагогикалық кеңесі бекіткен бағдарламаларды пайдаланылады. Кәсіптік – еңбекке оқыту (жалпы еңбек даярлығы), әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, шаруашылық еңбек, қолөнер сабақтары үшін сыныптар екі топқа бөлінеді. Еңбек түрлері бойынша топтарды жинақтау білім алушылардың психофизикалық жағдайы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, дәрігердің ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. Білім алушыларды параллель және сабақтас сыныптардың кіші топтарына біріктіруге болады.
10-сыныпта зияты төмендеген білім алушыларды оқыту тереңдетілген кәсіптік-еңбек даярлығы үшін арнайы жағдайлар жасай отырып ұйымдастырылады. Мектепте оқу кәсіптік-еңбек даярлығы бойынша емтихан тапсырумен аяқталады. Білім алушылар белгіленген тәртіппен бітіру емтихандарынан босатылуы мүмкін. Ақыл-ойы орташа бұзылған білім алушылардың еңбек даярлығы пәндері бойынша бітіру емтиханы тапсырылмайды.
Есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеуі ауыр бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектептердің түлектері алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі аттестат алады. Негізгі мектеп курсы үшін жалпы білім беру бағдарламаларын сәтті меңгерген білім алушылар жалпы орта білім және кәсіп алу мақсатында кәсіптік колледждерде, кешкі мектепте оқуын жалғастырады.
Зиятында жеңіл және орташа төмендігі бар түлектер осы санаттағы білім алушылар үшін белгіленген үлгідегі аттестат алады. Зияты төмен білім алушылар екінші жылға (қайта оқыту) қалдырылмайды.
Жалпы орта білім деңгейі
Арнайы мектептер/сыныптар жағдайында 11-12 сыныптарда көру, есту қабілеті бұзылған, тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушылар жалпы орта білім алады. Бейіндік оқыту екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: қоғамдықгуманитарлық және жаратылыстану-математикалық. Бір немесе екі бағытты таңдау білім алушылардың қажеттіліктері мен ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып жүзеге асырылады. Білім беру үдерісінің компенсаторлықдамытушылық бағыты жалпы білім беретін пәндер бойынша сабақтарда қамтамасыз етіледі;Типтік оқу жоспарының түзету компонентінің сағат көлеміне сәйкес психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарымен сабақтар өткізіледі.
Сабақтар топтық және жеке нысандарда өткізіледі: 1) көру қабілеті бұзылған оқушылар үшін:
-
әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау (ӘТБ); -
кеңістіктік бағдарлау; -
мимика мен пантомимиканы дамыту.
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушылар үшін:
-
емдік дене шынықтыру; -
әлеуметтік-тұрмыстық бағдар;
3) есту қабілеті бұзылған оқушылар үшін:
- айтылымды қалыптастыру және есту қабілетін дамыту; - ауызекі және күнделікті сөйлеуді дамыту; - қимылмен сөйлеуді үйрену.
Түзету компонентінің сабақтарына сағаттарды бөлу мектептің педагогикалық кеңесінің қалауы бойынша жүргізіледі.
Арнайы мектеп/сынып оқушыларын бағалау жүйесі
Арнайы мектептер білім беру мазмұнының ерекшеліктері мен оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, оқушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау мен аралық аттестаттауды жүргізудің нысандарын, тәртібі мен кезеңдерін дербес айқындайды. Оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау кезінде оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесі қолданылады. Формативті бағалау үрдісінде мұғалім оқушылардың оқу материалын игерудегі қиындықтарын анықтайды және оларды жеңу жолдарын белгілейді. Оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерін бағалау кезінде арнайы оқу бағдарламаларында немесе әр оқушының жеке оқу бағдарламаларында ұсынылған оқу мақсаттарына назар аудару қажет. Мұғалім сараланған және/немесе жеке бақылау тапсырмаларын пайдаланады, сондай-ақ оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізеді. Арнайы мектептерде және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы әзірлейді. Түзету компонентінің пәндері бойынша балдық бағалар қойылмайды. Жартыжылдық және оқу жылының соңында «Музыка», «Музыка және ән айту», «Еңбекке баулу», «Көркем еңбек», «Бейнелеу өнері», «Қол еңбегі», «Дене шынықтыру», «Бейімделген дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» пәндері бойынша «сыналды» / «сыналмады» қойылады.