ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 506
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
Адам аттары туралы ойын: «Қарлы кесек»
«Команда дегеніміз не?» ой-талқысы
Теориялық материал. Командада өзара әрекеттесудің төрт негізі
Теориялық материал. Командалық өзара әрекеттесу, синергия туралы әңгімелесу
«Жарыс автомобильдері» сергіту сәті
«Көшбасшы деген кім?» ой-талқысы
«Көшбасшының қасиеттері» ой-талқысы
«Көшбасшылық және Команда» ой-талқысы
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Теориялық блок. Жаттықтырушының кіріспе сөзі
«Адамдарға байланысу не үшін керек?» ой-талқысы
«Қарым-қатынас жасау жолдары» ой-талқысы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Мәтінді беруге бағытталған жаттығу
Теориялық блок. Байланыс: вербалды және вербалды емес
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
Теориялық блок. Белсенді тыңдау техникасы
«Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» бөлімі
Теориялық блок. Сөз сөйлеу туралы басты құпия
«Көпшілік алдында сөйлеп тұрған адамның сыртқы келбеті» жаттығуы
Теориялық блок. Дене тұрысы. Қимылдар және мимика
Теориялық блок. Визуалдық байланыс
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Теориялық блок. Сөйлеу қарқыны және кідірістер
«Біз қандай паразит сөздер білеміз?» ой-талқысы
Теориялық блок. Дауыс туралы қызықты деректер
Кері байланыс және дағдыларды дамыту парағы
«Бір-бірлеріне Жаңа жылға тілек айту» жаттығуы
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Болжамдарды қарап шығу және жаңа болжамдар жазу.
Тапсырманы хабарлау: топпен презентация көрсетіп, көпшілік алдында сөз сөйлеу.
Теориялық блок. Сөз сөйлеу құрылымы
«Креативті ойлау дағдыларын дамыту» бөлімі
«Креативтілік дегеніміз – ол…» ой-талқысы
«Маған креативті болуға не көмектеседі?» ой-талқысы
«Нәрсені ерекше түрде пайдалану» жаттығуы
Сөз сөйлеуге дайындалу. Сөз сөйлеу. Талқылау, кері байланыс.
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Жанжалдар қалай пайда болады?» ой-талқысы
Сабақтың тақырыбын қорытындылаңыз
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Жанжалдың позитивті нәтижесі» жаттығуы
«Иә, бірақ... Иә, және…» жаттығуы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Диалогқа не кедергі келтіреді?» теориялық блогы
Жаттығу. Жанжалдағы мінез-құлық туралы көріністер
Дәптермен жұмыс істеу: «Өзіңе беретін кеңестерің»
Сергіту сәті/массаж/отырып шеңбер құру
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
«10 жылдан кейінгі өзіңе арнап хат жаз» жаттығуы
«Уақыт дегеніміз не?» ой-талқысы
Теориялық блок. Мақсаттарды көрудің маңыздылығы туралы
«Уақытты басқару құралдары» теориялық блогы
«Мен және менің эмоцияларым» бөлімі
«Сөзсіз сәлемдесу» сергіту сәті
«Менің қызығушылықтарымның матрицасы» жаттығуы
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Теориялық блок. Эмоцияны басқару
«Бір күннің эмоционалдық ретроспективасы» жаттығуы
Теориялық блок. Тақырып бойынша қорытынды
Сергіту сәті. Мамандықтар тізбегі
Жасөспірімдерге арналған «Мамандықты қалай таңдау керек?» тесті
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Бір тоқсан және бір жыл ішіндегі болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
Факультативтің мазмұны.
7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей
Тре нинг № | Тақырыбы | Блок | Тоқсан |
1 | Кіріспе сабақ: Танысу, болжамдар/келісімдер; курспен, тақырыптармен, жұмыс істеу нышандарымен танысу. | Кіріспе | 1 |
«Команда» бөлімі Мақсаты: оқушыларда командалық өзара әрекеттесу процестеріне деген оң көзқарас қалыптастыру. Қалаулы нәтиже: оқушылар бірлескен әрекеттерді қалай үйлестіру және айналадағы адамдармен өзара түсіністікті қалай орнату керектігін біледі; оқушылар командада өзара әрекеттесудің 4 негізін біледі; оқушылар синергия және командадағы ынтымақтастықты қалыптастыратын құралдармен таныс, оқушылар командада жұмыс істеудің жағымды тәжірибесін алды. | |||
2 | «Командалық жұмыс» ұғымының анықтамасы, командада жұмыс істеуге арналған жаттығулар. Командада өзара әрекеттесудің 4 негізі. | Команда | 1 |
3 | Командада өзара әрекеттесу. Синергия. Ынтымақтастық. | Команда | 1 |
«Көшбасшылық» бөлімі Мақсаты: оқушыларға өмірдегі көшбасшылық қасиеттердің маңыздылығын көрсету. Қалаулы нәтиже: оқушылар көшбасшылық – бұл дағдылар жиынтығы және өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыс екенін біледі; оқушылар өздерінің негізгі көшбасшылық дағдыларын дамытқылары келеді; оқушылар әрқайсысы көшбасшы бола алатынына сенімді; оқушылар тренингтік оқытуға оң көзқараспен қарайды. | |||
5 | Заманауи көшбасшының қасиеттері. Өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу. Заманауи көшбасшының портретін құру. | Көшбасшылық | 1 |
6 | Көшбасшылық мінез-құлық принциптері. Осы принциптерді іс жүзінде меңгеру. | Көшбасшылық | 1 |
7 | Көшбасшылық құндылықтар. Өзін-өзі бағалауды нығайту. | Көшбасшылық | 1 |
8 | «Көшбасшылық» және «Команда» тақырыптары бойынша нәтижелер. | Қорытынды | 1 |
«Коммуникация» бөлімі Мақсаты: оқушыларға тиімді коммуникацияның негізгі ережелерін үйрету. Қалаулы нәтиже: оқушылар өміріміздегі қарым-қатынастың маңыздылығын түсінеді; оқушылар коммуникация кезінде қиындықтардың неге туындайтынын түсінеді; оқушылар басқа адамдармен коммуникацияны қалай дұрыс құру керектігін түсінеді. | |||
9 | «Коммуникация» дегеніміз не? Кіріспе сабақ: коммуникацияның заманауи әлемдегі маңыздылығы. SMR ақпаратты беру/алу моделі. | Коммуникация -лар | 2 |
10 | Коммуникациядағы кедергілер. Ақпаратты тиімді түрде беруге не көмектеседі? | Коммуникация -лар | 2 |
11 | Белсенді тыңдау техникасы. Практика. Тиімді коммуникация тәжірибесі. | Коммуникация лар | 2 |
«Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» бөлімі Мақсаты: оқушыларға кез келген аудитория алдында ыңғайлы сөйлеу үшін жағымды әдетті қалыптастыруға көмектесу. Қалаулы нәтиже: оқушылар сөйлеудің не екенін біледі және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытудың маңыздылығын түсінеді; оқушылар тиімді сөйлеудің барлық компоненттерін біледі; оқушылар жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін өздерінің бастапқы деректерімен жұмыс істей алады; оқушылардың көпшілік алдында сөйлеуде оң тәжірибесі бар және олар осы саладағы өз мүмкіндіктерін біледі. | |||
12 | Көпшіліктің алдында сөйлеу дегеніміз не, біз қайда және қашан сөз сөйлейміз, сөйлеуге не кедергі келтіреді/көмектеседі? Тыңдаушылардың назарын үлестіру, сөз сөйлеуге дайындалу. | Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары | 2 |
13 | Дауыс және интонация, сөйлеу ырғағы, дауыс тембрі, кідірістер. Көпшілік алдында айтатын сөздің құраушылары. | Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары | 2 |
14 | Сөйлеу мазмұны, паразит сөздер және оларға қарсы күресу. | Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары | 2 |
15 | Қорытынды. | Қорытынды | 2 |
«Презентация жасау» бөлімі Мақсаты: оқушыларға әдемі, пайдалы әрі қызық презентация жасауды үйрету. Қалаулы нәтиже: оқушылар презентация жасау техникасын біледі; оқушылар басты нәрсені ерекшелеп көрсету, презентацияны визуалдық тұрғыдан көркемдеу біледі; оқушылар көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгерді; әсерлі презентация жасау принциптерін біледі. | |||
16 | Кіріспе сабақ: Шығармашылық сабақ. Тақырыпты хабарлау және түсіндіру. Дайындық. | Презентация | 3 |
17 | Презентация жасау қағидаттары. Презентацияны қызықты әрі пайдалы қылып жасау жолдары. | Презентация | 3 |
18 | Сөз сөйлеу құрылымы. Айтатын сөзді дайындау қағидаттары. Әдістері мен ерекшеліктері. Презентацияны визуалдық тұрғыдан көркемдеу. | Презентация | 3 |
«Креативті ойлау қабілеті» бөлімі Мақсаты: оқушылардың ерекше ойлау ниетін ынталандыру. Қалаулы нәтиже: оқушылар креативті ойлаудың қызықты және пайдалы екенін көреді; оқушылар өздерінің креативті қабілеттеріне сенеді; оқушылар күнделікті өмірде жан-жақты болуға ынта алады. | |||
19 | Креативтілік тұлғаның даму әдісі ретінде, креативті адамның қасиеттері. | Креативті ойлау қабілеті | 3 |
20 | Күнделікті жағдайларда креативті болу; ассоциациялар әдісі. Креативті әдістерді қолдану. «3 егер» техникасы. | Креативті ойлау қабілеті | 3 |
21 | Шығармашылық сабақ. Презентация. | Шығармашы- лық | 3 |
«Жанжалдар» бөлімі Мақсаты: оқушыларды жанжалды жағдайларда сындарлы әрекет етуге ынталандыру. Қалаулы нәтиже: оқушылар «жанжал», ұғымымен, оның құрамдас бөліктерімен танысты; оқушылар адамдардың жанжалды жағдайда әрекет етуінің түрлі стильдерін меңгерді; оқушылар жанжалдарды сындарлы шешу дағдыларын меңгерді; тиімді қарым-қатынастың өзіндік тәсілдерін әзірлеу қабілетін дамытты. | |||
22 | «Жанжалды жағдай» ұғымының анықтамасы, жанжалдардың пайда болу себептері. | Жанжалдар | 3 |
23 | Жанжалдардың жағымды жағы (пайдасы). | Жанжалдар | 3 |
24 | Жанжалда әрекет етудің 5 стилі, жанжалды жағдайларды «Ынтымақтастық» стилінде шешу тәжірибесі. | Жанжалдар | 3 |
25 | «Жанжалдар» тақырыбы бойынша қорытынды сабақ. Өмірдегі жанжалды жағдайларды тиімді түрде шешу үшін сабақта үйреніп-білген құралдарды одан әрі пайдалануға ынталандыру. | Қорытынды | 3 |
«Уақытты басқару» бөлімі Мақсаты: оқушыларды уақытты басқару бойынша жеке дағды дамытуға ынталандыру. Қалаулы нәтиже: оқушылар жеке уақытты ұйымдастырудың өз мәселелерін анықтады; оқушылар уақытты тиімді пайдалану маңыздылығын түсінеді; оқушылар күнделікті шаруаларын талдады; оқушылар мақсат қою және жоспарлау құралдарын біледі және түсінеді; оқушылар уақытты басқарудың негізгі құралдарын біледі және түсінеді. | |||
26 | Кіріспе сабақ. Тақырыпты хабарлау және түсіндіру. | Уақытты басқару | 4 |
27 | Уақытты басқару. Өмірлік режимнің тиімділігі. | Уақытты басқару | 4 |
28 | Уақытты басқару құралдары. Франклин пирамидасы. Эйзенхауэр матрицасы. Помидоро әдісі. | Уақытты басқару | 4 |
«Мен және менің эмоцияларым» бөлімі Мақсаты: оқушыларды өзін-өзі тану, эмоционалдық спектрді түсіну үдерісімен қызықтыру. Қалаулы нәтиже: оқушылар эмоциялар мен сезімдер арасындағы айырмашылықты түсінеді; оқушылар өз эмоцияларын дұрыс білдірудің маңыздылығы туралы біледі; оқушылар сезімдермен бөлісудің маңыздылығын түсінеді; оқушылар өздері үшін эмоциялардың пайдалы көрінісі және басқалардың эмоцияларымен өзара әрекеттесу туралы кеңестер қалыптастырды. | |||
29 | Эмоциялар. Менің қызығушылықтарымның матрицасы. | Мен және менің эмоцияларым | 4 |
30 | Эмоцияны басқару. Өзін-өзі ұстай білу, эмоционалдық күйді реттеу. | Мен және менің эмоцияларым | 4 |
«Мамандықтар» бөлімі Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандықты таңдау маңыздылығын ұғынуға көмектесу. Қалаулы нәтиже: оқушылар болашақ мамандықты таңдау маңыздылығын ұғынады; болашақ мамандыққа дайындалу бағытын анықтай алады; болашақ мамандықтарының өзектілігін біледі; жоғары оқу орнына түсу үшін дайындалудың маңыздылығын түсінеді. | |||
31 | Мамандықты қалай таңдау керек? Таңдау бағыттары. | Мамандықтар | 4 |
32 | Барлық материал бойынша қорытынды шығару, оқушылардың рефлексиясы, оқушыларды өзін-өзі дамытуға ынталандыру. | Қорытынды | 4 |
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 53
сабақ
Тақырыбы:Кіріспесабақ.
Ұғымдар:барлықтопмүшелеріментанысужәнеоларғақұрметбілдіру.
Сабақтыңмақсаты:бүкілтопмүшелеріментанысып,достасу;өзінтаныстыружәнеөзітуралыайту; топтажайлы атмосфера құру.
Әдістер:әңгімелесу,өзітуралыайту,практикалықжұмыс,дәптерлеріменжұмысістеу.Ресурстар:жаттығулар,жұмысдәптері,топтықөсукестесі,плакаттар,маркерлер.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу)
Уақыт:5минут
Кіріспе бөлім. Курс, тақырыптар және сабақта жұмыс істеу нысандары туралы айту.
Уақыт:5минут
Адам аттары туралы ойын: «Қарлы кесек»
Уақыт: 5 минутПроцесі:
Мұғалім оқушылардан шеңбер бойынша өз аттарын айтуды сұрайды. «Тамаша, енді, өз атымыздың бірінші әрпіне жақсы сын есім ойлап табайық. Мысалы, менің атым Асылхан, онда сын есім «ақылды» болады. Келесі адам менің атым мен сын есімді қайталайды және өзінің есімін және оған тиісті сын есімді атайды, үшінші адам менің атымды + сын есімді, екінші адамның атын + сын есімді және өзінің атын атайды + сын есімді атайды. Осылайша, шеңбердің соңына дейін».
Қарлы кесек қағидаты – ақпарат біртіндеп өседі. Оқушыларды жігерлендіріңіз, сын есімдерді еске түсіруге көмектесіңіз. Маңызды жайт, шеңберді мұғалім-тренер аяқтауы керек, яғни барлық қатысушылардың есімдері мен сын есімдерді тағы бір рет айтады. Бұл беделіңізге оң әсер етеді және тренингтер мен сабақ арасындағы айырмашылықты көрсетеді.