ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 564
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
Адам аттары туралы ойын: «Қарлы кесек»
«Команда дегеніміз не?» ой-талқысы
Теориялық материал. Командада өзара әрекеттесудің төрт негізі
Теориялық материал. Командалық өзара әрекеттесу, синергия туралы әңгімелесу
«Жарыс автомобильдері» сергіту сәті
«Көшбасшы деген кім?» ой-талқысы
«Көшбасшының қасиеттері» ой-талқысы
«Көшбасшылық және Команда» ой-талқысы
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Теориялық блок. Жаттықтырушының кіріспе сөзі
«Адамдарға байланысу не үшін керек?» ой-талқысы
«Қарым-қатынас жасау жолдары» ой-талқысы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Мәтінді беруге бағытталған жаттығу
Теориялық блок. Байланыс: вербалды және вербалды емес
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
Теориялық блок. Белсенді тыңдау техникасы
«Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» бөлімі
Теориялық блок. Сөз сөйлеу туралы басты құпия
«Көпшілік алдында сөйлеп тұрған адамның сыртқы келбеті» жаттығуы
Теориялық блок. Дене тұрысы. Қимылдар және мимика
Теориялық блок. Визуалдық байланыс
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Теориялық блок. Сөйлеу қарқыны және кідірістер
«Біз қандай паразит сөздер білеміз?» ой-талқысы
Теориялық блок. Дауыс туралы қызықты деректер
Кері байланыс және дағдыларды дамыту парағы
«Бір-бірлеріне Жаңа жылға тілек айту» жаттығуы
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Болжамдарды қарап шығу және жаңа болжамдар жазу.
Тапсырманы хабарлау: топпен презентация көрсетіп, көпшілік алдында сөз сөйлеу.
Теориялық блок. Сөз сөйлеу құрылымы
«Креативті ойлау дағдыларын дамыту» бөлімі
«Креативтілік дегеніміз – ол…» ой-талқысы
«Маған креативті болуға не көмектеседі?» ой-талқысы
«Нәрсені ерекше түрде пайдалану» жаттығуы
Сөз сөйлеуге дайындалу. Сөз сөйлеу. Талқылау, кері байланыс.
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Жанжалдар қалай пайда болады?» ой-талқысы
Сабақтың тақырыбын қорытындылаңыз
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Жанжалдың позитивті нәтижесі» жаттығуы
«Иә, бірақ... Иә, және…» жаттығуы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Диалогқа не кедергі келтіреді?» теориялық блогы
Жаттығу. Жанжалдағы мінез-құлық туралы көріністер
Дәптермен жұмыс істеу: «Өзіңе беретін кеңестерің»
Сергіту сәті/массаж/отырып шеңбер құру
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
«10 жылдан кейінгі өзіңе арнап хат жаз» жаттығуы
«Уақыт дегеніміз не?» ой-талқысы
Теориялық блок. Мақсаттарды көрудің маңыздылығы туралы
«Уақытты басқару құралдары» теориялық блогы
«Мен және менің эмоцияларым» бөлімі
«Сөзсіз сәлемдесу» сергіту сәті
«Менің қызығушылықтарымның матрицасы» жаттығуы
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Теориялық блок. Эмоцияны басқару
«Бір күннің эмоционалдық ретроспективасы» жаттығуы
Теориялық блок. Тақырып бойынша қорытынды
Сергіту сәті. Мамандықтар тізбегі
Жасөспірімдерге арналған «Мамандықты қалай таңдау керек?» тесті
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Бір тоқсан және бір жыл ішіндегі болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Нұсқалары: адам атының бірінші әрпіне келетін қала аты, жеміс, түс, қимыл, т.б.
«Болжам» жасау
Уақыт:5минут
Материалдары: плакаттар, маркерлер, жұмыс дәптеріПроцесі:
Оқушылардан мұнда не үшін келгендері және осы сабақтардан не күтетіндері туралы ойлануын сұраңыз.
Оларға осы факультативке топ ретінде өз мақсаттарын қоя алатындарын айтыңыз. Балаларға бірнеше мысал келтіре отырып көмектесіңіз: «жаңа дос табу», «көшбасшылық қасиеттерді үйрену» және т.б. Енді оқушылар өз идеяларын айтсын, оларды жазып алыңыз. Бұл үшін топқа 5 минут берілетінін айтыңыз.
Оқушылардың жасын естеріне салыңыз. Жасы кіші қатысушылар үшін болжамдар оңайырақ болуы мүмкін. Бірақ тұжырымдардың дәлдігі туралы ұмытпаңыз. Сіздің міндетіңіз – қатысушылардың ойларын мүмкіндігінше дәл тұжырымдау, сонда соңғы сабақта
барлықтарыңыз не болатынын нақты түсінесіздер. Мысалы, «бір нәрсені үйрену» тұжырымы анық емес. Болжамды айтқан оқушының идеясын нақтылау керек.
«Келісім» жасау
Уақыт:5минут
Материалдары: плакаттар, маркерлер, жұмыс дәптеріПроцесі:
Балалар осы топта мүмкіндігінше тиімді жұмыс істеуге көмектесетін белгілі бір ережелерді бірге жазсын. Оқушылардың бәрі әртүрлі және әркімнің өз әдеттері бар екенін, бірақ топтағы жұмыс нәтижелі болуы үшін бастапқыда белгілі бір ережелерді айту керектігін түсіндіріңіз. Егер топқа қиын болса, мысал келтіріңіз.
Тренер ой-талқы ережелері бойынша «Келісімдер» жазады.
Егер қажет деп санасаңыз, топтың келісімімен өз идеяларыңыз бен ұсыныстарыңызды (тармақтарыңызды) енгізе аласыз. Олардан осы келісімдер жазылған плакатқа қол қоюды сұраңыз.
Оқушылар Болжамдар мен Келісімдерді жұмыс дәптерлеріне жазып алады және қажет болса, оларды бір жыл ішінде қайталап жүреді.
«Егіздер» жаттығуы Уақыт: 10 минутПроцесі:
Оқушылардың тұруын сұраңыз және жаттығу кезінде аудиторияда еркін жүре алатындарын айтыңыз.
«Қазір бір-біріміз туралы көбірек білеміз. Сендерге 3 адамнан тұратын топтарға бөліну керек. Мен топқа бірігудің принципін айтамын. Үшеуің бір-біріңе бос уақытта не істегенді ұнататындарыңды айтуларың керек. Үштікке бірігу принципі – алақанның өлшемі. Алақандары бірдей үш адам топ болып бірігіп, хобби туралы әңгімелесуі тиіс, үш минут беріледі. Бастайық!»
Талқылау тақырыбы – мен қандай музыка тыңдағынды жақсы көремін. Принципі – киімдегі түймелер саны.
Тақырыбы – мен адамдарды қандай қасиеттері үшін сыйлаймын. Принципі – ағалары мен әпкелерінің саны.
Тақырыбы – менің арманым. Принципі – дүниеге келген кездегі жыл мезгілі.
Оқушыларға белсенді болғандары үшін рақмет айтыңыз. Тренингтеріңізде әрдайым қызықты тақырыптар мен тапсырмалар болатынын және олар өздері және басқалары туралы көп нәрсе
біліп, көп нәрсе үйренетінін айтыңыз.
Топтық өсу кестесі
Уақыт: 5 минутМатериалдары: жұмыс дәптеріПроцесі:
Оқушыларға топтағы сезімдері жұмыс барысында өзгеруі мүмкін екенін айтыңыз. Жеке топтық өсу кестесін толтыруды ұсыныңыз, осылайша жылдың соңына қарай бір жыл бойы
топтарында не болғанын, өзара қарым-қатынастары қалай өзгергенін талдай алады. Бұл олардың жеке пікірі.
Дәл қазір топта өздерін қалай сезінетіндерін түсініп,бетіндегі (№ алдын ала қараңыз) кестедегі бірінші бағанды толтыруды ұсыныңыз.
Топтың әрбір қатысушысы бағандарды өз бетінше толтырады.
Сұрақтарға шын жүректен жауап беруді сұраңыз, өйткені олардың жауаптарын ешкім көрмейді.
Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минутРефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер:
-
Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? -
Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы:
Топ мүшелеріне жақын болу үшін олардан не туралы сұрағыларың келетінін ойлаңдар.
«Команда» бөлімі
Мақсаты: оқушыларда командалық өзара әрекеттесу процестеріне деген оң көзқарас қалыптастыру.
Қалаулы нәтиже: оқушылар бірлескен әрекеттерді қалай үйлестіру және айналадағы адамдармен өзара түсіністікті қалай орнату керектігін біледі; оқушылар командада өзара әрекеттесудің 4 негізін біледі; оқушылар синергия және командадағы ынтымақтастықты қалыптастыратын құралдармен танысты, оқушылар командада жұмыс істеудің жағымды тәжірибесін алды.
-
сабақ
Тақырыбы:Команда.
Ұғымдар:команда,адамдартобы,командалықжұмыс.
Сабақтыңмақсаты:жаттығулардымысалретіндеалып,командатуралыәңгімелесу;
«командалықжұмыс»ұғымынанықтау;командалықөзараәрекеттесубойыншажаттығу;тиімдікоманда құраушыларын анықтау.
Әдістері:шағындәріс,жаттығулар,ой-талқы.
Ресурстар:жаттығуларғаарналғанматериалдар,плакаттар,маркерлер.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт:5минут
«Сергіту сәттеріне
арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Уақыт:5минут
«Команда дегеніміз не?» ой-талқысы
Уақыт: 5 минутМатериалдары: жұмыс дәптеріПроцесі:
4 шағын топ құрыңыз. Топ болып, командалық жұмысты бейнелейтін шағын қойылым қою керектігін айтыңыз. Ол кез келген мысал болуы мүмкін.
Дайындыққа берілген уақыт – 10 минут. Презентация.
Қатысушылармен бірге қойылымдарды талқылаңыз.
Теориялық материал. Командада өзара әрекеттесудің төрт негізі
Уақыт:5минут
Материалдары: плакаттар, маркерлерПроцесі:
Өзпікірінбілдіру. Команданың әр мүшесі қорлау мен қателіктерден қорықпай, шынайы, ашық және нақты сөйлейді.
Ынтымақтастық. Әр қатысушы ортақ мақсаттарды көздейді, ақпаратпен бөліседі, өз үлесін қосуға тырысады және кері байланыс алады.
Тәжірибежасау. Сәтсіздіктер болып тұрады, ең бастысы – қателіктерден сабақ алу, жұмыс барысында жаңа әдістер іздеу және табу.
Талдау. Команда жұмыс нәтижелерін үнемі түсінеді, қорытынды жасайды және келесі циклде пайдалы әрекеттерді енгізуге тырысады.