ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 559
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
Адам аттары туралы ойын: «Қарлы кесек»
«Команда дегеніміз не?» ой-талқысы
Теориялық материал. Командада өзара әрекеттесудің төрт негізі
Теориялық материал. Командалық өзара әрекеттесу, синергия туралы әңгімелесу
«Жарыс автомобильдері» сергіту сәті
«Көшбасшы деген кім?» ой-талқысы
«Көшбасшының қасиеттері» ой-талқысы
«Көшбасшылық және Команда» ой-талқысы
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Теориялық блок. Жаттықтырушының кіріспе сөзі
«Адамдарға байланысу не үшін керек?» ой-талқысы
«Қарым-қатынас жасау жолдары» ой-талқысы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Мәтінді беруге бағытталған жаттығу
Теориялық блок. Байланыс: вербалды және вербалды емес
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
Теориялық блок. Белсенді тыңдау техникасы
«Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» бөлімі
Теориялық блок. Сөз сөйлеу туралы басты құпия
«Көпшілік алдында сөйлеп тұрған адамның сыртқы келбеті» жаттығуы
Теориялық блок. Дене тұрысы. Қимылдар және мимика
Теориялық блок. Визуалдық байланыс
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Теориялық блок. Сөйлеу қарқыны және кідірістер
«Біз қандай паразит сөздер білеміз?» ой-талқысы
Теориялық блок. Дауыс туралы қызықты деректер
Кері байланыс және дағдыларды дамыту парағы
«Бір-бірлеріне Жаңа жылға тілек айту» жаттығуы
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Болжамдарды қарап шығу және жаңа болжамдар жазу.
Тапсырманы хабарлау: топпен презентация көрсетіп, көпшілік алдында сөз сөйлеу.
Теориялық блок. Сөз сөйлеу құрылымы
«Креативті ойлау дағдыларын дамыту» бөлімі
«Креативтілік дегеніміз – ол…» ой-талқысы
«Маған креативті болуға не көмектеседі?» ой-талқысы
«Нәрсені ерекше түрде пайдалану» жаттығуы
Сөз сөйлеуге дайындалу. Сөз сөйлеу. Талқылау, кері байланыс.
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Жанжалдар қалай пайда болады?» ой-талқысы
Сабақтың тақырыбын қорытындылаңыз
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Жанжалдың позитивті нәтижесі» жаттығуы
«Иә, бірақ... Иә, және…» жаттығуы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Диалогқа не кедергі келтіреді?» теориялық блогы
Жаттығу. Жанжалдағы мінез-құлық туралы көріністер
Дәптермен жұмыс істеу: «Өзіңе беретін кеңестерің»
Сергіту сәті/массаж/отырып шеңбер құру
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
«10 жылдан кейінгі өзіңе арнап хат жаз» жаттығуы
«Уақыт дегеніміз не?» ой-талқысы
Теориялық блок. Мақсаттарды көрудің маңыздылығы туралы
«Уақытты басқару құралдары» теориялық блогы
«Мен және менің эмоцияларым» бөлімі
«Сөзсіз сәлемдесу» сергіту сәті
«Менің қызығушылықтарымның матрицасы» жаттығуы
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Теориялық блок. Эмоцияны басқару
«Бір күннің эмоционалдық ретроспективасы» жаттығуы
Теориялық блок. Тақырып бойынша қорытынды
Сергіту сәті. Мамандықтар тізбегі
Жасөспірімдерге арналған «Мамандықты қалай таңдау керек?» тесті
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Бір тоқсан және бір жыл ішіндегі болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
жанжалға итермелейтін себептер де әртүрлі. Қалай болғанда да, жанжалдар өмірімізде үлкен орын алады.
Жанжалдың пайда болуын, дамуын, шешілуін және аяқталуын зерттейтін ғылым –
конфликтология деп аталады.
Жанжалдың негізгі екі түрі болады:
-
Әлеуметтік жанжал. -
Тұлға ішіндегі жанжал.
Бұл сөздерді қалай түсінесіңдер?
Әлеуметтік жанжал – ол адамдар, әлеуметтік топтар, жалпы қоғам арасындағы қатынастардағы қайшылықтардың дамуының ең жоғарғы кезеңі. Сыртқы, топ арасындағы жанжалдың себептері: көзқарастардың сәйкес келмеуі, бәсекелестік, нәтижеге қол жеткізудегі әртүрлі мақсаттар және басқалардың осы мақсаттарды қабылдамауы.
Тұлға ішіндегі жанжал дегеніміз – бір адамның (тұлғаның) ішінде пайда болатын қарама- қайшылықтар. Көбінесе бұл әртүрлі рөлдердің қажеттіліктері мен міндеттерінің қақтығысы. Анасы жұмыста кешке дейін кідіріп қалуы керек, бірақ ол балаларын аз көретіндіктен өзін кінәлі сезінеді. Жас жігіт жақсы дос болғысы келеді, бірақ сонымен бірге кейде ата-анасын алдайды. Көптеген мысалдар келтіруге болады. Тұлға ішіндегі жанжал әрқашан өзінің жеке құндылықтары, қызығушылықтары, қажеттіліктерінің қақтығысы болып табылады.
Көптеген адамдар үшін жанжалды жағдайға түсудің өзі тұлға ішіндегі жанжалды тудырады. Өз құқығыңды қорғауың керек, бірақ сен бұған үйренбегенсің, дайын емессің, мұны ұнатпайсың.
Жанжал – ол қайғылы жағдай емес
, керісінше, ол сынып, отбасы, оқу орны болсын, кезкелгенадамдарқауымдастығындапайдаболатынтабиғипроцесс.Егержанжалшындықтыанықтаужолындашектеншықпаса,олкөбінесежағдайдышешудіңоңтайлыжолынтабуғакөмектеседі.Мұндайдаулартіптіжекетұлғаныңөсуіне,ұжымдыбіріктіругежәнеқарым-қатынастынығайтуғаынталандырады.
Бірақ қарым-қатынас мінсіз бола бермейді. Пікірлер, бағалар, көзқарастар, мақсаттар сәйкес келмей, нәтижелер қанағаттандырмаса, жетістікке жету әдістері ұнамаса, онда «ұшқыннан жалын шығады»: жанжалдар, айыптаулар, қорлау, дау-дамай басталады. Нәтижесінде жаман, жайсыз көңіл-күй, күйзеліс, жындану, ыңғайсыздық пайда болады. Досыңды, сыныптасыңды, ата-анаңды ренжітіп аласың.
Зерттеушілердің пікірінше, жанжалға қатысқан адамның ақыл-ой белсенділігі 70%-ға төмендейді. Мұның маңыздылығы осында.
Біз осы тренингтен үйренетін ең маңызды нәрсе.
Жанжалды жағдайлар кез келген жерде, кез келген уақытта, кез келген адаммен туындауы мүмкін. Жанжалды жағдайды шешуге болатындығын түсіну өте маңызды. Біз мұны бірге зерттейтін боламыз.
«Жанжалды жағдай» жаттығуы
Уақыт:10минут
Материалдары:плакаттар,маркерлер,дәптерлер,поститтер
Процесі:
«Жанжалды жағдай» ұғымның бір жалпы анықтамасын жазу. 3 минут беріледі.
Жанжалдар үнемі орын алады: үйде, жұмыста, әлемдік деңгейде. Алайда, күшті тек соңғы шара ретінде қолдану керек. Кез келген саладағы мәселелерді шешудің сәттілігі жанжалсыз ойлау түріне байланысты.
Иә, біз жанжалдар туралы әңгімені өзімізден бастаймыз! Себебі біз барлық өзгерістер сырттан емес, адамның бойынан басталатынын түсінеміз.
Қатысушылар 3-5 минут ішінде поститтерге жанжалға тап болғандағы сезімдерін жазады, мұны олар ой-талқы кезінде сипаттаған болатын. Бір постит – бір эмоция/сезім.
Қатысушылардан эмоциялары жазылған поститтерді тиісті плакаттарға жабыстыруларын сұраңыз (плакаттарды қабырғаға немесе тақтаға іліп қойыңыз), жанжалды жағдай мысалдарының үстіне жабыстыруға болады. Плакаттардың атаулары ғана көрініп тұрсын:
«Достармен болған жанжал», «Үйде болған жанжал», «Қоғамда болған жанжал».
Ештеңе талқыламай, пікір білдірмеңіз. Топтан да әзірге пікір алмаспай тұруларын сұраңыз. Барлық поститтер жабыстырылғанда қатысушыларға плакаттарға қарауды ұсыныңыз. Олармен бірге плакаттардың жанына барып тұрыңыз.
Сабақтың тақырыбын қорытындылаңыз
Уақыт:5минут
Сыртта не болып жатқандығы ғана маңызды емес. Қатты айғайы бар жанжал, дау, төбелес немесе кекесінді ескертулер де маңызды емес. Ең бастысы – жанжалды жағдайға тап болған адамдардың ішінде не болып жатқаны. Кейде бәріміздің пікірлеріміз, көзқарастарымыз соқтығысады. Бұл жағдайларға бала кезден тап боламыз. Бірте-бірте бойымызда белгілі бір
тәжірибе қалыптасады. Жанжалдағы мінез-құлық тәжірибесі қалыптасады. Мысалы, дүкендегі әлдебір әйел болмашы нәрсе үшін бірден айғайлай бастайды. Ол әділеттілікке немесе қажет нәрсеге айғаймен қол жеткізуге дағдыланған. Тағы бір мысал: біреудің көлігін жолда «кесіп» өтті, ашулы жүргізуші құқық бұзушыны қуып жетіп, төбелес бастайды. Ол да агрессия арқылы қорғалып, сақтануды үйренген.
Мұндай тәжірибе адамды қатты шектейді. Жаңа жағдайға тап болған сайын адам ескі әдістерді қолданады және соңында бірдей нәтиже алады. Бәлкім, айғайлаған әйелге түсінушілік пен жанашырлық керек шығар, бірақ жауап ретінде ол дауға тап болады. Ал ер адамның агрессиясы жауап ретінде агрессияны тудырады. Бұл тұйық шеңбер.
Жағдайлардың әртүрлі болатынын түсіну керек және өзіңді үнемі сабырлы ұстаған маңызды. Егер тәжірибе мен әдет дұрыс қолданылса, олар пайдалы болуы мүмкін.
Тіпті «жанжалды және жанжалсыз ойлау түрлері» болады.
«Мен – Сен» (біз басқаларға адам сияқты, сезімдері мен тәжірибелері бар тұлғалар ретінде қараймыз; жанжалсыз ойлау түрі).
«Мен – Бұл» (басқалары адамгершіліктен айырылған кезде олар біз үшін тек объектіге айналады; ойлаудың жанжалды түрі).
Бұл жанжалмен жұмыс істеудегі бірінші қадам.
Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минутРефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер:
-
Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? -
Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы:
Сабақта үйренгенді достарың мен жақындарыңа айтып, бөлісіңдер.
-
сабақ
Тақырыбы:Жанжалдар.
Ұғым:жанжалдыңпозитивтінәтижесі.
Сабақтыңмақсаты:«жанжалдыңпозитивтінәтижесі»ұғымымен,оныңқұраушыларыментанысу; жанжалдарды сындарлы шешу дағдыларын меңгеру; тиімді қарым-қатынастыңөзіндіктәсілдерін әзірлеуқабілетін дамыту.
Әдістері:шағындәріс,жаттығулар.
Ресурстар:А4парақтары,қаламдар,плакаттар,проектор.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт:5минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Уақыт:5минут
«Жанжалдың позитивті нәтижесі» жаттығуы
Уақыт:20минут
Материалдары: А4 парақтары, қаламдарПроцесі:
Қатысушыларға біраз ойланып, қиялдауды ұсыныңыз.
5 шағын топ құрыңыз. Қатысушыларды бір-бірінің жанына отырғызыңыз. Әр шағып топқа бір А4 парағы мен бір қалам беріңіз.
-
раунд: парақта жанжалды жағдай мысалын жазу. Сипаттамасы бөтен адам түсінетіндей болуы тиіс. Жазуға берілген уақыт – 5 минут. -
раунд: парақтар сағат тілі бойынша екінші шағын топқа беріледі. Тапсырма – жанжалды жағдайды оқу және осы жанжалдың қатысушылары үшін бір ықтимал позитивті нәтиже жазу. Уақыты – 2 минут. -
раунд: парақтар сағат тілімен келесі топқа беріледі, тапсырма дәл сондай, бірақ тағы бір ықтимал позитивті нәтиже жазу керек. Уақыты – 2 минут.