ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 548
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
Адам аттары туралы ойын: «Қарлы кесек»
«Команда дегеніміз не?» ой-талқысы
Теориялық материал. Командада өзара әрекеттесудің төрт негізі
Теориялық материал. Командалық өзара әрекеттесу, синергия туралы әңгімелесу
«Жарыс автомобильдері» сергіту сәті
«Көшбасшы деген кім?» ой-талқысы
«Көшбасшының қасиеттері» ой-талқысы
«Көшбасшылық және Команда» ой-талқысы
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Теориялық блок. Жаттықтырушының кіріспе сөзі
«Адамдарға байланысу не үшін керек?» ой-талқысы
«Қарым-қатынас жасау жолдары» ой-талқысы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Мәтінді беруге бағытталған жаттығу
Теориялық блок. Байланыс: вербалды және вербалды емес
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
Теориялық блок. Белсенді тыңдау техникасы
«Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» бөлімі
Теориялық блок. Сөз сөйлеу туралы басты құпия
«Көпшілік алдында сөйлеп тұрған адамның сыртқы келбеті» жаттығуы
Теориялық блок. Дене тұрысы. Қимылдар және мимика
Теориялық блок. Визуалдық байланыс
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Теориялық блок. Сөйлеу қарқыны және кідірістер
«Біз қандай паразит сөздер білеміз?» ой-талқысы
Теориялық блок. Дауыс туралы қызықты деректер
Кері байланыс және дағдыларды дамыту парағы
«Бір-бірлеріне Жаңа жылға тілек айту» жаттығуы
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Болжамдарды қарап шығу және жаңа болжамдар жазу.
Тапсырманы хабарлау: топпен презентация көрсетіп, көпшілік алдында сөз сөйлеу.
Теориялық блок. Сөз сөйлеу құрылымы
«Креативті ойлау дағдыларын дамыту» бөлімі
«Креативтілік дегеніміз – ол…» ой-талқысы
«Маған креативті болуға не көмектеседі?» ой-талқысы
«Нәрсені ерекше түрде пайдалану» жаттығуы
Сөз сөйлеуге дайындалу. Сөз сөйлеу. Талқылау, кері байланыс.
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Жанжалдар қалай пайда болады?» ой-талқысы
Сабақтың тақырыбын қорытындылаңыз
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Жанжалдың позитивті нәтижесі» жаттығуы
«Иә, бірақ... Иә, және…» жаттығуы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Диалогқа не кедергі келтіреді?» теориялық блогы
Жаттығу. Жанжалдағы мінез-құлық туралы көріністер
Дәптермен жұмыс істеу: «Өзіңе беретін кеңестерің»
Сергіту сәті/массаж/отырып шеңбер құру
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
«10 жылдан кейінгі өзіңе арнап хат жаз» жаттығуы
«Уақыт дегеніміз не?» ой-талқысы
Теориялық блок. Мақсаттарды көрудің маңыздылығы туралы
«Уақытты басқару құралдары» теориялық блогы
«Мен және менің эмоцияларым» бөлімі
«Сөзсіз сәлемдесу» сергіту сәті
«Менің қызығушылықтарымның матрицасы» жаттығуы
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Теориялық блок. Эмоцияны басқару
«Бір күннің эмоционалдық ретроспективасы» жаттығуы
Теориялық блок. Тақырып бойынша қорытынды
Сергіту сәті. Мамандықтар тізбегі
Жасөспірімдерге арналған «Мамандықты қалай таңдау керек?» тесті
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Бір тоқсан және бір жыл ішіндегі болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
«Құндылықтар» жаттығуы
Уақыт: 15 минутМатериалдары: жұмыс дәптеріПроцесі:
Тренер оқушыларға келесі нұсқау береді:
Жұмыс дәптерлеріңніңбетін ашыңдар (№ алдын ала қараңыз).
Пікірлеріңе сәйкес келетін әрбір тұжырымға «плюс» белгісін қойып, келіспейтін тұжырымға
«минус» қойыңдар. Содан кейін өздерің үшін ең маңызды деп санайтын 3 тұжырымды анықтап, маңыздылығына қарай 1-ден 3-ке дейінгі сан қойыңдар.
Өздерің үшін маңызды емес тұжырымдар үшін де солай істеңдер: маңызды емес үшеуін таңдап, оларға дәрежесіне сәйкес сан қойыңдар. Яғни, сендер үшін ең елеусіз тұжырым №1 болады және т.с.с.
Мен үшін маңызды:
-
Алға қарай жүру -
Төзімді болу -
Шынайы болу -
Жаңа нәрселерді білу -
Билікте болу -
Жеңіске жету -
Көп жұмыс істеу -
Өзін-өзі тану -
Заңға бағыну -
Достарыма көмектесу -
Жай ғана өмір сүру -
Еркін болу -
Бай болу -
Бақыт іздеу -
Жаңа нәрселер ойлап табу -
Денсаулыққа мән беру -
Әр минуттан рақаттану -
Білімді болу -
Өмірдегі ең жақсы жолдарды іздеу -
Дінге сену -
Өз еліммен, қаламмен мақтану -
Керекті адамдармен танысу -
Қоғамдық нормаларға сай болу -
Тату отбасыда тұру -
Сүйікті болу -
Жақсы көру -
Танымал болу -
Маңызды жаңалықтарды ашу -
Пайдалы болу -
Маңызды деп санайтын нәрсе үшін күресу Өз қағидаларын жазуды ұсыныңыз.
Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минутРефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер:
-
Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? -
Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы:
Сыныпта бастаған жұмысты аяқтаңдар.
-
сабақ
Тақырыбы: 1 тоқсан бойынша қорытынды сабақ.Ұғымдар:көшбасшылық, команда.
Сабақтыңмақсаты:«Көшбасшылық»,«Команда»тақырыптарынқорытындылау;бастынәрселердібөліп көрсетужәнетұлғалық өсуаймақтарын анықтау.
Әдістері: әңгімелесу, сауалнама толтыру, дәптермен жұмыс істеу, ой-талқы.Ресурстар:плакаттар, маркерлер,жұмысдәптерлері.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт:5минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Уақыт:5минут
Әсерлермен бөлісу
Уақыт: 5 минутМатериалдары: жұмыс дәптеріПроцесі:
Бүкіл тоқсан ішіндегі сабақтардан алған әсермен бөлісу үшін жеткілікті уақыт жұмсаңыз. Не көбірек ұнады? Ең есте қаларлық сәттер қандай болды?
«Көшбасшылық және Команда» ой-талқысы
Уақыт:15минут
Материалдары:плакаттар,маркерлер
Процесі:
Оқушыларға көшбасшылық және командада жұмыс істеу бойынша кеңестерді қамтитын плакат дайындауды ұсыныңыз.
Талқылау және плакат жасау үшін 7 минут уақыт беріңіз. Жұмыстардың презентациясын жүргізіңіз.
Топтың дамуын бағалау Уақыт: 5 минутМатериал: жұмыс дәптеріПроцесі:
Оқушылардан жұмыс дәптерлерінің №бетін (№ алдын ала қараңыз) ашып, кестенің екінші бағанын толтыруларын сұраңыз.
Балалардан сұраңыз: нәтижелер бірінші күнмен салыстырғанда өзгерді ме, нашарлады ма, әлде жақсарды ма? Неліктен?
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Уақыт:5минут
Материалдары: «Болжамдар» плакаты, маркерлерПроцесі:
«Болжамдар» плакатын іліңіз. Тізімдегі идеяларды оқи отырып, оқушыларды осы болжамның қаншалықты орындалғаны туралы талқылауға шақырыңыз. Ол үшін «бас бармақ» әдісін қолдануға болады.
«Қазір мен сендер жазған болжамдарды рет-ретімен оқимын. Әр тұжырымнан кейін бұл болжам сендер үшін қаншалықты орындалғанын көрсетіңдер. Ол үшін біз оң қолдың бас бармағын қолданамыз. Саусақты жоғары көтеру – болжам 100%-ға орындалды, саусақты төмен түсіру – болжам мүлдем орындалған жоқ, сәйкесінше саусақты бұру арқылы болжамның «орындалу» дәрежесін өзгерте аласыңдар».
Мұғалім-тренер үшін: болжамдар тізімінен бір сөйлемді оқып шығыңыз, топқа қараңыз және
барлық оқушылардың саусақтарын көтеріп жауап бергеніне көз жеткізіңіз, жалпы балл шамамен қанша пайыз екенін бағалаңыз. Осы сөйлемнің жанында қызыл маркермен белгілеңіз: көрсеткіш жоғары бағытталған – 100%, көрсеткіш төмен бағытталған – 0%. Аралық мәндерді ескеріңіз. Келесі тұжырымға өтіңіз.
«Болжамдар» плакаты бойынша салыстыруды аяқтағаннан кейін топқа алғыс айтыңыз және тұжырымдардың көпшілігіне қол жеткізілгенін хабарлаңыз. Осы сәтті оқушыларды факультатив аясындағы жұмысты жалғастыруға ынталандыру үшін пайдаланыңыз.
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Уақыт:5минут
Материалдары: кері байланыс сауалнамаларыПроцесі:
Оқушыларға басып шығарылған кері байланыс сауалнамаларын (КБС) таратыңыз. Оларды шынайы жауап беріп толтыруды және сізге қайта тапсыруды сұраңыз. Сауалнамалар барлық факультативті үйлестіру, жалпы есеп беру және бағдарламаны жақсарту үшін қажет екенін түсіндіріңіз. Бұл қатысушылардың өздерін бағалауы емес, оқушылардың ұйымдастырушыларға беретін кері байланысы екенін түсіндіріңіз. КБС құрамындағы барлық деректер құпия болып табылады.
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Осы факультативке берер бағам (жалпы әсер)
Үлкен 10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0 Ешқандай
Материалы және ақпараттық бөлімі Үлкен 10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0 Ешқандай_Топ_мүшелерінің_өзара_әрекеттесуі_Үлкен'>Ешқандай_Эмоционалдық_атмосфера_Үлкен'>Ешқандай
Эмоционалдық атмосфера Үлкен 10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0 Ешқандай
Топ мүшелерінің өзара әрекеттесуі Үлкен 10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0 Ешқандай
Мұғалім-тренердің жұмысы Үлкен 10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0 Ешқандай
Маған ең үлкен әсер қалдырды:
Тренингтерде маған кедергі болды:
«Коммуникация» бөлімі
Мақсаты: оқушыларға тиімді коммуникацияның негізгі ережелерін үйрету.
Қалаулы нәтиже: оқушылар өміріміздегі қарым-қатынастың маңыздылығын түсінеді; оқушылар коммуникация кезінде қиындықтардың неге туындайтынын түсінеді; оқушылар басқа адамдармен коммуникацияны қалай дұрыс құру керектігін түсінеді.
-
сабақ
Тақырыбы:Коммуникация.
Ұғымдар:коммуникациялар,SMR-сұлба,кодтау,декодтау,керібайланыс.
Сабақтыңмақсаты:коммуникацияқажеттілігіменмаңыздылығын,