ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 515
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
Адам аттары туралы ойын: «Қарлы кесек»
«Команда дегеніміз не?» ой-талқысы
Теориялық материал. Командада өзара әрекеттесудің төрт негізі
Теориялық материал. Командалық өзара әрекеттесу, синергия туралы әңгімелесу
«Жарыс автомобильдері» сергіту сәті
«Көшбасшы деген кім?» ой-талқысы
«Көшбасшының қасиеттері» ой-талқысы
«Көшбасшылық және Команда» ой-талқысы
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Теориялық блок. Жаттықтырушының кіріспе сөзі
«Адамдарға байланысу не үшін керек?» ой-талқысы
«Қарым-қатынас жасау жолдары» ой-талқысы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Мәтінді беруге бағытталған жаттығу
Теориялық блок. Байланыс: вербалды және вербалды емес
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
Теориялық блок. Белсенді тыңдау техникасы
«Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» бөлімі
Теориялық блок. Сөз сөйлеу туралы басты құпия
«Көпшілік алдында сөйлеп тұрған адамның сыртқы келбеті» жаттығуы
Теориялық блок. Дене тұрысы. Қимылдар және мимика
Теориялық блок. Визуалдық байланыс
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Теориялық блок. Сөйлеу қарқыны және кідірістер
«Біз қандай паразит сөздер білеміз?» ой-талқысы
Теориялық блок. Дауыс туралы қызықты деректер
Кері байланыс және дағдыларды дамыту парағы
«Бір-бірлеріне Жаңа жылға тілек айту» жаттығуы
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Болжамдарды қарап шығу және жаңа болжамдар жазу.
Тапсырманы хабарлау: топпен презентация көрсетіп, көпшілік алдында сөз сөйлеу.
Теориялық блок. Сөз сөйлеу құрылымы
«Креативті ойлау дағдыларын дамыту» бөлімі
«Креативтілік дегеніміз – ол…» ой-талқысы
«Маған креативті болуға не көмектеседі?» ой-талқысы
«Нәрсені ерекше түрде пайдалану» жаттығуы
Сөз сөйлеуге дайындалу. Сөз сөйлеу. Талқылау, кері байланыс.
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Жанжалдар қалай пайда болады?» ой-талқысы
Сабақтың тақырыбын қорытындылаңыз
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Жанжалдың позитивті нәтижесі» жаттығуы
«Иә, бірақ... Иә, және…» жаттығуы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Диалогқа не кедергі келтіреді?» теориялық блогы
Жаттығу. Жанжалдағы мінез-құлық туралы көріністер
Дәптермен жұмыс істеу: «Өзіңе беретін кеңестерің»
Сергіту сәті/массаж/отырып шеңбер құру
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
«10 жылдан кейінгі өзіңе арнап хат жаз» жаттығуы
«Уақыт дегеніміз не?» ой-талқысы
Теориялық блок. Мақсаттарды көрудің маңыздылығы туралы
«Уақытты басқару құралдары» теориялық блогы
«Мен және менің эмоцияларым» бөлімі
«Сөзсіз сәлемдесу» сергіту сәті
«Менің қызығушылықтарымның матрицасы» жаттығуы
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Теориялық блок. Эмоцияны басқару
«Бір күннің эмоционалдық ретроспективасы» жаттығуы
Теориялық блок. Тақырып бойынша қорытынды
Сергіту сәті. Мамандықтар тізбегі
Жасөспірімдерге арналған «Мамандықты қалай таңдау керек?» тесті
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Бір тоқсан және бір жыл ішіндегі болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Теориялық блок. Сөз сөйлеу құрылымы
Уақыт:10минут
Әсерлі кіріспе
Презентацияның бұл бөлігі маңыздылығы бойынша екінші орында. Онда қорытынды беретін сұрақтар тұжырымдалады. Кіріспе – бұл жолдың басы ғана емес, сонымен қатар тыңдаушылар сендер туралы алғашқы әсер алатын сәт. Естеріңде болсын, сөйлеудің алғашқы 2-3 минутында аудитория сендерді тыңдау/тыңдамау керектігін шешеді.
Неденбастаукерек?
-
Анекдот -
Әзіл -
Қызықты сұрақтар (ашық) -
Риторикалық сұрақтар -
Таңғалдырарлық мәлімдемелер -
Қанатты сөздер -
Кіріспені презентацияның негізгі бөлігімен байланыстырып, қызықты нәрсе айтуға уәде беру
Негізгі бөлім
Мұнда әңгіменің негізгі бөлігі болуы тиіс – себептер, фактілер, сандар, дәлелдер, мысалдар, сілтемелер және т.б. Дәл осы жерде тыңдаушыны кіріспеден қорытындыға дейін жетелеуге болады.
Үлестірмематериал
Естеріңде болсын, егер аудитория 100 адамнан аз болса, онда буклет, парақша жасауға болады және жасау керек, немесе тіпті презентация тақырыбы бойынша ақпаратты басып шығаруға болады. Әсіресе, егер бұл күрделі терминдермен немесе сандармен байланысты болса.
Сөздер
Йель университетінің қызметкерлері зерттеу жүргізіп, адамды едәуір сендіретін 12 сөзді анықтады:
-
Сіз -
Ақша -
Сақтау -
Жаңа -
Нәтижелер -
Жеңіл -
Денсаулық -
Қауіпсіздік -
Махаббат -
Жаңалық -
Дәлелденген -
Кепілдік
Сөйлеу кезінде аталған сөздерге сүйеніңдер, сонда аудиторияның назары жоғары болады. Әрине, егер тақырып осы
сөздермен байланысты болса.
Қорытынды
Презентацияның бұл бөлігі – ең маңыздысы. Онда көрермендер сөйлеушіні тыңдау не тыңдамау керектігін шешеді. Презентацияның осы бөлігінде қабілеттерді барынша көрсету керек.
-
Негізгі ойларды басқа сөзбен қайталап айтыңдар. -
Қорытындылаңдар. -
Ойды пайдаланудың пайдасына назар аударыңдар. -
Естелікке өздерің туралы бір нәрсе қалдырыңдар (тезистер, жазбаша ұсыныстар).
Сұрақтар
-
Сұрақтарды және оларға жауап беру жолдарын жоспарлаңдар. -
Жауаптарға сандарды, басқа деректерді дайындаңдар (карточкаларға жазуға болады). -
Сұрақтарға ашық жауап беріңдер, кейбір сұрақтың жауабын білмейтіндеріңді айтуға қорықпаңдар. -
Сұрақтарға жауап беру үшін қанша уақыт бар екенін айтыңдар.
Сұрақтарғақалайжауапберугеболады?
-
Сұрақты қайталаңдар/басқа сөзбен айтыңдар. -
Қысқаша жауап беріңдер. -
Ашық, икемді және адал болыңдар. -
Аудиториямен ешқашан сөз таластырмаңдар. -
Сұрақ үшін рақмет айтыңдар. -
Хабарламаны жағымды түрде және оң ақпарат немесе хабарлама беріп аяқтаңдар.
Презентацияны визуалдық түрде қалай ресімдеуге болады?
Ең стандартты және кең таралған әдіс – презентацияны Power Point-те жасау. Ол Windows жүйесін қолданатын барлық компьютерлерде бар, бұл формат көбінесе презентация көрсету үшін қолданылады. Mac жүйесіндегі аналогы – Keynote.
Мұндай презентациялар мультимедиялық деп аталады, яғни ақпаратты берудің түрлі тәсілдерін (мәтін, суреттер, бейнелер, анимация, графика және т.б.) қолданатын презентациялар болып табылады.
Мультимедиялық презентация жасау үшін тағы қандай бағдарламалар немесе ресурстарды білесіңдер?
Еңжиіқолданылатындары:
Google презентациялары – файлдарды жасап, оларды өңдеуге және көрсетуге, сонымен қатар басқа пайдаланушылармен бірге кез келген жерде және кез келген уақытта жұмыс істеуге болады, мұның бәрі тегін. Шаблондар болады, жеке материалды (фотосуреттер, суреттер, бейнелер, аудио) жүктеп, басқа Google құралдарын қолдануға болады. Дайын файлды әртүрлі форматта, оның ішінде ppt (Power Point) және pdf форматтарында сақтауға болады.
Canva – презентациялар мен түйіндемелерден бастап, есімхаттар мен мұқабаларға дейін бәрін жасауға болатын онлайн-конструктор. Өлшемдері қолайлы, көптеген әлеуметтік желілерге арналған сурет шаблондары бар (Instagram жарияланымдары мен stories бөлімдері). Презентация шаблондары мен суреттердің кітапханасы бар, сонымен қатар жеке суреттерді жүктеуге, дайын файлды әртүрлі форматта, оның ішінде ppt (PowerPoint форматы) және pdf форматтарында сақтауға болады. Ұялы қосымшасы да бар.
Айтпақшы: pdf форматында сақталған презентацияны слайд режимінде де көруге болатындығын білдіңдер ме? Сендерге файлды Acrobat DC бағдарламасы арқылы ашу керек (pdf файлдарын көруге және онымен жұмыс істеуге арналған ең көп таралған бағдарлама).
Тағыбір нұсқа:
Үлкен парақтардағы презентациялар – компьютерсіз презентация жасаудың бір түрі. Үлкен парақтарды пайдалану тұтас суретті жасауға және оны топтың барлық мүшелеріне жеткізуге; осы суреттегі өзгерістерді тудыратын факторларды ескеруге және көрсетуге мүмкіндік береді. Ол күрделі процестің сызбасын жасауға көмектеседі, осылайша
оны жақсартуды жеңілдетеді. Онда жобаның барлық мүдделі тараптарын қамтитын карта жасауға болады.
Мұндай презентацияларды жасау кезінде әртүрлі құралдар қолданылады: түрлі-түсті маркерлер, өлшемдері мен түстері әртүрлі жапсырмалар, ашықхаттар мен коллаждар және т.б. Бұл нұсқа 100 адамға дейінгі аудитория үшін қолайлы; көрермендер залда тиісті түрде орналасуы керек, әйтпесе ақпарат көрінбейді.
Ірі компаниялар үшін маңызды мультимедиялық презентацияларды дизайнерлер графикалық редакторларда құрастырады, олармен жұмыс істеу әдісін үйренуге болады. БІРАҚ презентацияның сапасы мен нәтижелілігі – бұл визуалдық сурет емес, оған салған логика мен мағына! Біз осындай презентацияларды әзірлеу дағдыларын қазірден бастап үйренетін боламыз.
Топта жұмыс істеу
Уақыт:15минут
Материалдары: плакаттар, маркерлерПроцесі:
Жұмыс топтарына бірігіп, өз тақырыптарың бойынша сөйлеу жоспарын құрыңдар. Қатысушылардың жанында болыңыз, қажет болса, көмектесіңіз.
Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минутРефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер:
-
Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? -
Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы:
Кез келген ыңғайлы немесе қызықты конструктор арқылы слайд түрінде презентация жасаңдар. Компьютер немесе телефон болмаған кезде немесе саналы таңдау кезінде – презентация плакаттарда көрсетілуі керек.
«Креативті ойлау дағдыларын дамыту» бөлімі
Мақсаты: қатысушылардың ерекше ойлау ниетін ынталандыру.
Қалаулы нәтиже: қатысушылар креативті ойлаудың қызықты және пайдалы екенін көреді; қатысушылар өздерінің креативті қабілеттеріне сенеді; қатысушылар күнделікті өмірде жан- жақты болуға ынта алады.
-
сабақ
Тақырыбы: Креативті ойлау дағдыларын дамыту.Ұғымдар:Креатив,креативтіойлауқабілеті.
Сабақтыңмақсаты:заманауиәлемдекреативтілікқасиетініңмаңыздылығынтүсіну;креативтіадамдардыңойлауқабілетініңерекшелігінтүсіну.
Әдістері:ой-талқы,шағындәріс,жаттығулар.
Ресурстар:плакаттар,маркерлер,проектор(интерактивтітақта),бейнежазбалар,аптакүндеріжазылған парақшалар.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті.