ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 581
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
Адам аттары туралы ойын: «Қарлы кесек»
«Команда дегеніміз не?» ой-талқысы
Теориялық материал. Командада өзара әрекеттесудің төрт негізі
Теориялық материал. Командалық өзара әрекеттесу, синергия туралы әңгімелесу
«Жарыс автомобильдері» сергіту сәті
«Көшбасшы деген кім?» ой-талқысы
«Көшбасшының қасиеттері» ой-талқысы
«Көшбасшылық және Команда» ой-талқысы
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Теориялық блок. Жаттықтырушының кіріспе сөзі
«Адамдарға байланысу не үшін керек?» ой-талқысы
«Қарым-қатынас жасау жолдары» ой-талқысы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Мәтінді беруге бағытталған жаттығу
Теориялық блок. Байланыс: вербалды және вербалды емес
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
Теориялық блок. Белсенді тыңдау техникасы
«Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» бөлімі
Теориялық блок. Сөз сөйлеу туралы басты құпия
«Көпшілік алдында сөйлеп тұрған адамның сыртқы келбеті» жаттығуы
Теориялық блок. Дене тұрысы. Қимылдар және мимика
Теориялық блок. Визуалдық байланыс
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Теориялық блок. Сөйлеу қарқыны және кідірістер
«Біз қандай паразит сөздер білеміз?» ой-талқысы
Теориялық блок. Дауыс туралы қызықты деректер
Кері байланыс және дағдыларды дамыту парағы
«Бір-бірлеріне Жаңа жылға тілек айту» жаттығуы
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Болжамдарды қарап шығу және жаңа болжамдар жазу.
Тапсырманы хабарлау: топпен презентация көрсетіп, көпшілік алдында сөз сөйлеу.
Теориялық блок. Сөз сөйлеу құрылымы
«Креативті ойлау дағдыларын дамыту» бөлімі
«Креативтілік дегеніміз – ол…» ой-талқысы
«Маған креативті болуға не көмектеседі?» ой-талқысы
«Нәрсені ерекше түрде пайдалану» жаттығуы
Сөз сөйлеуге дайындалу. Сөз сөйлеу. Талқылау, кері байланыс.
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Жанжалдар қалай пайда болады?» ой-талқысы
Сабақтың тақырыбын қорытындылаңыз
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Жанжалдың позитивті нәтижесі» жаттығуы
«Иә, бірақ... Иә, және…» жаттығуы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Диалогқа не кедергі келтіреді?» теориялық блогы
Жаттығу. Жанжалдағы мінез-құлық туралы көріністер
Дәптермен жұмыс істеу: «Өзіңе беретін кеңестерің»
Сергіту сәті/массаж/отырып шеңбер құру
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
«10 жылдан кейінгі өзіңе арнап хат жаз» жаттығуы
«Уақыт дегеніміз не?» ой-талқысы
Теориялық блок. Мақсаттарды көрудің маңыздылығы туралы
«Уақытты басқару құралдары» теориялық блогы
«Мен және менің эмоцияларым» бөлімі
«Сөзсіз сәлемдесу» сергіту сәті
«Менің қызығушылықтарымның матрицасы» жаттығуы
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Теориялық блок. Эмоцияны басқару
«Бір күннің эмоционалдық ретроспективасы» жаттығуы
Теориялық блок. Тақырып бойынша қорытынды
Сергіту сәті. Мамандықтар тізбегі
Жасөспірімдерге арналған «Мамандықты қалай таңдау керек?» тесті
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Бір тоқсан және бір жыл ішіндегі болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Вербалды белгілер:
-
«Жаңғырық» тәсілі – сөйлеушінің мәлімдемесінен бір немесе екі негізгі сөзді қайталау; -
«Айна» тәсілі – сөйлеушінің ойын оның сөзімен қайталау; -
«Парафраза» тәсілі – сөйлеушінің ойын өз сөзіңмен, болымды түрде қайталау; -
«Қорытындылау» тәсілі – сөйлеушінің ойын қысқаша және жалпыланған түрде жаңғырту; -
«Ынталандыру» тәсілі – сөйлеушіні ашықтық пен сенім үшін ынталандыру: «Мұны маған айтқаның үшін рақмет», «Пікіріңді білу мен үшін өте маңызды», «Мен бұл туралы ойланамын».
«Құрақ көрпе» жаттығуы
Уақыт:15минут
Материалдары: түрлі-түсті қағаз, желімПроцесі:
Әр оқушы бірнеше түрлі-түсті қағаз алады. Оларға келесіні жазу керек:
«Маған адамдармен сөйлескен ұнайды, себебі… Жақындарыммен сөйлескенде мен…
Бейтаныс адамдармен сөйлескенде мен…»
Қағаз бөліктері топтың қалауы бойынша бір параққа жапсырылады.
Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минутРефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер:
-
Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? -
Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы:
Болашақтағы коммуникация. Ол 100 жылдан кейін қалай болатынын елестетіп көріңдер.
«Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» бөлімі
Мақсаты: оқушыларға кез келген аудитория алдында ұялмай сөйлеу әдетін қалыптастыруға көмектесу.
Қалаулы нәтиже: оқушылар сөйлеудің не екенін біледі және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытудың маңыздылығын түсінеді; оқушылар тиімді сөйлеудің барлық компоненттерін біледі; оқушылар жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін өздерінің бастапқы деректерімен жұмыс істей алады; оқушылардың көпшілік алдында сөйлеуде оң тәжірибесі бар және олар осы саладағы өз мүмкіндіктерін біледі.
-
сабақ
Тақырыбы:Көпшілікалдындасөйлеудағдылары.
Ұғымдар:аудиторияалдындасөзсөйлеу,тыңдаушылардыңназары.
Сабақтың мақсаты: «көпшіліктің алдында сөйлеудің» не екенін, біз қайда және қашан сөзсөйлейтінімізді,сөйлеугене
кедергікелтіріп,некөмектесетінінескетүсіру,тыңдаушылардыңназарықалайүлестірілетінінталдау,сөзсөйлеугедайындалудағдыларынескетүсіру.
Әдістері:әңгімелесу,ой-талқы,шағындәріс,жаттығулар.
Ресурстар:жаттығулар,теориялықматериал,жаттығуларғаарналғанматериалдар.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт:5минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Уақыт:5минут
Теориялық блок. Сөз сөйлеу туралы басты құпия
Уақыт:5минут
Дене және қозғалыс келесі тармақтарды қамтиды:
-
Сыртқы келбеті/киімі -
Визуалдық байланыс -
Дене тұрысы -
Қимылдар және мимика
Әрбір секторды қарастырайық. Ең үлкен сектор – дене және қозғалыстан бастайық.
Дене және қозғалыс.
Сыртқы келбеті/киімі
Аудиторияның құрметіне ие болуға көмектеседі, ол ең алдымен көзге көрінетін нәрсе.
Тым ашық емес, үлкен аксессуарлар жоқ (әйтпесе барлық назар сөздеріңе емес, соларға аударылады).
Ыңғайлы киім (биік өкшелі аяқ киім, қозғалысқа кедергі келтіретін тығыз белдемше жоқ). Аудитория деңгейіне сәйкес келеді (егер бұл сахна болса, сәл салтанатты киім).
«Көпшілік алдында сөйлеп тұрған адамның сыртқы келбеті» жаттығуы
Уақыт: 5 минутПроцесі:
Оқушыларға келесі жағдайларда сөйлеушілерге қалай киінуге болатыны туралы ойлануды ұсыныңыз:
-
Ғылыми конференцияда; -
Оскар жүлдесін табыстауда; -
Оқу орнымен қоштасу кешін жүргізген кезде; -
Танымал журналистпен сұхбатта; -
Егер сен фитнес жаттықтырушысы болсаң, тікелей эфир кезінде; -
Егер сен өнертапқыш болсаң, тікелей эфир кезінде; -
Егер сен музыкант болсаң, тікелей эфир кезінде.
Диалогтықорытындылаңыз.Сөйлеп тұрған адамның сыртқы келбеті маңызды фактор екеніне назар аударыңыз. Бірақ бұл аудиторияның есінде қалатын жалғыз нәрсе болмауы керек. Стив Джобс қара свитер мен тозған джинсы киіп, жаңа гаджеттердің тұсаукесерлерін
жүргізгенін еске түсіріңіз.
Теориялық блок. Дене тұрысы. Қимылдар және мимика
Уақыт:5минут
Дене тұрысы
-
Денені бос ұстап, еркін тұруға мүмкіндік береді. -
Құзыреттілікті көрсетеді. -
Сахнадағы қозғалыстар аудиторияның назарын аударады (бір жерде тұру жалықтырады). -
Көрермендерге демалуға және ой жинақтауға мүмкіндік береді. -
Ешкімге теріс қарамау үшін алыста қозғалған жөн. -
Жүгірудің қажеті жоқ. -
Қолайлы сұлба: бір жаққа үш қадам, сәл тұру, бір нәрсе айту; басқа жаққа үш қадам және т.б.
Қимылдар және мимика
-
Қимылдар еркін. -
Айтылғанның мәнін көрсетеді. -
Сезім мен ынта-ықыласты білдіреді. -
Күн өрімінің деңгейіндегі ашық алақандар – бұл қолдың негізгі позициясы. -
Шарды елестетеміз – алақанды бір-бірімен байланыстырмаймыз, алақан арасында бос орын қалдырамыз. Тек алақан, саусақтар көрсетілмейді.
Қол қимылының үш түрі болады: иықтан, шынтақтан, қолбасынан (үш ерікті шақырып, қимылдардың бір түрін қолдана отырып, сіз айтқан заттарды көрсетулерін сұрай аласыз: мысалы, күнге дейінгі қашықтық, иненің өлшемі, доптың пішіні). Бұл мысал арқылы қимылдар айтылғанға сәйкес келуі керек екенін көрсету керек. Шағын аудиторияларда шынтақ қимылдары (қолбасынан ештеңе көрінбейді), үлкен аудиторияларда иық қимылдарын қолдануға болады, бірақ оларды асыра пайдаланбаған жөн.
-
Сәл күлімсіреу қажет.
«Сөзді көрсет» жаттығуы Уақыт: 10 минутМатериалдары: поститтерПроцесі:
Бірнеше