ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 512
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
Адам аттары туралы ойын: «Қарлы кесек»
«Команда дегеніміз не?» ой-талқысы
Теориялық материал. Командада өзара әрекеттесудің төрт негізі
Теориялық материал. Командалық өзара әрекеттесу, синергия туралы әңгімелесу
«Жарыс автомобильдері» сергіту сәті
«Көшбасшы деген кім?» ой-талқысы
«Көшбасшының қасиеттері» ой-талқысы
«Көшбасшылық және Команда» ой-талқысы
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Теориялық блок. Жаттықтырушының кіріспе сөзі
«Адамдарға байланысу не үшін керек?» ой-талқысы
«Қарым-қатынас жасау жолдары» ой-талқысы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Мәтінді беруге бағытталған жаттығу
Теориялық блок. Байланыс: вербалды және вербалды емес
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
Теориялық блок. Белсенді тыңдау техникасы
«Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» бөлімі
Теориялық блок. Сөз сөйлеу туралы басты құпия
«Көпшілік алдында сөйлеп тұрған адамның сыртқы келбеті» жаттығуы
Теориялық блок. Дене тұрысы. Қимылдар және мимика
Теориялық блок. Визуалдық байланыс
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Теориялық блок. Сөйлеу қарқыны және кідірістер
«Біз қандай паразит сөздер білеміз?» ой-талқысы
Теориялық блок. Дауыс туралы қызықты деректер
Кері байланыс және дағдыларды дамыту парағы
«Бір-бірлеріне Жаңа жылға тілек айту» жаттығуы
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Болжамдарды қарап шығу және жаңа болжамдар жазу.
Тапсырманы хабарлау: топпен презентация көрсетіп, көпшілік алдында сөз сөйлеу.
Теориялық блок. Сөз сөйлеу құрылымы
«Креативті ойлау дағдыларын дамыту» бөлімі
«Креативтілік дегеніміз – ол…» ой-талқысы
«Маған креативті болуға не көмектеседі?» ой-талқысы
«Нәрсені ерекше түрде пайдалану» жаттығуы
Сөз сөйлеуге дайындалу. Сөз сөйлеу. Талқылау, кері байланыс.
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Жанжалдар қалай пайда болады?» ой-талқысы
Сабақтың тақырыбын қорытындылаңыз
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Жанжалдың позитивті нәтижесі» жаттығуы
«Иә, бірақ... Иә, және…» жаттығуы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Диалогқа не кедергі келтіреді?» теориялық блогы
Жаттығу. Жанжалдағы мінез-құлық туралы көріністер
Дәптермен жұмыс істеу: «Өзіңе беретін кеңестерің»
Сергіту сәті/массаж/отырып шеңбер құру
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
«10 жылдан кейінгі өзіңе арнап хат жаз» жаттығуы
«Уақыт дегеніміз не?» ой-талқысы
Теориялық блок. Мақсаттарды көрудің маңыздылығы туралы
«Уақытты басқару құралдары» теориялық блогы
«Мен және менің эмоцияларым» бөлімі
«Сөзсіз сәлемдесу» сергіту сәті
«Менің қызығушылықтарымның матрицасы» жаттығуы
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Теориялық блок. Эмоцияны басқару
«Бір күннің эмоционалдық ретроспективасы» жаттығуы
Теориялық блок. Тақырып бойынша қорытынды
Сергіту сәті. Мамандықтар тізбегі
Жасөспірімдерге арналған «Мамандықты қалай таңдау керек?» тесті
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Бір тоқсан және бір жыл ішіндегі болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Әдістері:ой-талқы,шағындәріс,әңгімелесу.
Ресурстар:плакаттар,маркерлер,жаттығулар,теориялықматериал.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт:5минут
«Көңіл-күй» сергіту сәті
Уақыт: 5 минутПроцесі:
Оқушыларға сыныптың кез келген ыңғайлы жеріне барып тұруды ұсыныңыз.
Мұғалім: «Бүкіл денелеріңді, аяқтарыңды, қолдарыңды, омыртқа мен бастарыңды сезініп, сыныпта қозғалып жүріңдер… Дененің қандай бөліктері ояу және ұйықтап жатқанын сезініңдер. Енді жаттығуды бастаған кездегі көңіл-күй туралы ойланыңдар және бұл көңіл- күйді жүру арқылы білдіріңдер. Өтінемін, сөйлемеңдер және топтың басқа мүшелеріне назар аудармаңдар. (15 секунд)
Енді жүру арқылы басқа көңіл-күйді білдірулерің керек. Толығымен шаршағандарыңды елестетіп көріңдер. Біраз уақыт қатты шаршаған адам сияқты жүріңдер. (15 секунд)
Енді керемет жаңалық алған өте бақытты адам сияқты жүріңдер. (15 секунд) Енді – қорқақ адам сияқты. (15 секунд)
Енді айкезбе адам сияқты көздеріңді ашып жүріңдер. (15 секунд) Ал енді ар азабына ұшыраған адам сияқты. (15 секунд)
Енді данышпан сияқты жүріңдер – сендер Нобель сыйлығын алдыңдар. (15 секунд) Өте ұқыпты адам сияқты жүріңдер, арқанмен жүріп келе жатқан даршы болыңдар. (15 секунд)
Қорытындылай келе, жүрістеріңмен не білдіргілерің келетінін өздерің ойлай аласыңдар... (15 секунд)
Бір минутқа тоқтап, қазіргі уақытта өздеріңді қалай сезінетіндеріңді түсінуге тырысыңдар. Өз орындарыңа бара жатқанда осы көңіл-күйді бүкіл денелеріңмен білдіріңдер».
Теориялық блок. Жаттықтырушының кіріспе сөзі
Уақыт: 5 минутПроцесі:
«Адамдардың байланысында үш қате болады: біріншісі – орынсыз сөйлеуге ұмтылу; екіншісі – ұялшақтық, қажет кезде сөйлемеу; үшіншісі – тыңдаушыға қарамай сөйлеу». Конфуций
Біз бастайтын жаңа тақырып «Коммуникация» деп аталады. Коммуникация дегеніміз не? (оқушылардың жауап нұсқалары). Иә, дұрыс айтасыңдар. Коммуникация – ол ақпарат алмасу. Ол әртүрлі болады. Біз ең алдымен үйдегі жақындарыңмен, мектептегі достарыңмен және дүкендегі бейтаныс адамдармен күн сайын жасайтын коммуникацияларды қарастырамыз. Мұның бәрі байланыс түрлері.
Байланыс– адамдар арасындағы байланысу нысаны, өзара әрекеттесу, бірге жасалатын әрекет. «Байланысу» сөзі бірлесуді, біреумен бірге болуды, дос болуды, бөлісуді, біреуге қатысу үлесін беруді білдіреді.
Енді сендерге қояр сұрағым бар: адамдарға байланысу не үшін керек?
«Адамдарға байланысу не үшін керек?» ой-талқысы
Уақыт:15минут
Материалдары: плакаттар, маркерлерПроцесі:
Жұпқа бірігіп/үш адаммен бірлесіп, берілген тақырып бойынша плакат салу. Сурет салу уақыты – 5 минут. Презентация + суреттерді талқылау.
«Қарым-қатынас жасау жолдары» ой-талқысы
Уақыт:10минут
Материалдары: плакаттар, маркерлерПроцесі:
«Өте жақсы, балалар, сендер адамдардың бір-бірімен не үшін байланысатынын айттыңдар. Енді бәріміз бірге ойланайық, біз қалай байланысқа түсеміз (сөйлесеміз)? Байланысудың қандай жолдары бар?»
Мұғалім оқушылардың ойларын бір плакатқа жазады.
Теориялық материал
Уақыт:5
минут
S-M-R коммуникациялар үлгісі S (source) дереккөз, жіберуші
M (message) хабарлама
R (receiver) қабылдаушы
Кодтау және декодтау
R және S-ті кері байланыс біріктіреді.
Жіберуші бар – ол ақпаратты бергісі келетін адам. Алушы бар – ол ақпарат алатын адам.
Жіберуші жібергісі келетін ақпаратты хабарламаға айналдырады (кодтайды). Одан кейін хабарламаны беріп, жіберетін ақпаратты беру арнасын таңдайды. Осылайша хабарлама алушыға жетеді.
Ол оны ашып (кодтың мағынасын ашып), ақпарат алады.
Тиімді коммуникация п ринциптері
-
Мақсаты (байланыс нәтижесі) -
Назар аудару (сұхбаттастың сіздің айтқаныңызға жауап беруін мұқият бақылау ) -
Икемділік (мінез-құлықта, сендіру әдістерінде )
Коммуникация процес інің міндеттері
-
Өзін білдіру -
Кері байланыс алу -
Басқаны тыңдау -
Оны естігеніңізді растау
Ақпаратты беру құралдары, сендіру үшін оларды тиімді пайдалану Біз ақпаратты келесілер арқылы алып, өңдейміз :
1% - дәм сезу мүшелері 1,5% - сезу мүшелері 3,5% - иіс сезу мүшелері 11% - есту мүшелері 83% - көру мүшелері
Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минутРефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер:
-
Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? -
Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы:
Достарыңмен «кодтау-декодтау» қағидатының қалай жұмыс істейтінін тексеріңдер.
-
сабақ
Тақырыбы:Коммуникация.
Ұғымдар:коммуникация,кедергілерменшуылдар,қарым-қатынастыңвербалдыжәневербалдыемесқұраушылары.
Сабақтың мақсаты: тиімді қарым-қатынас жасауға және ақпараттың дұрыс жетуінекедергікелтіретінфакторлардыанықтау;вербалдыемескоммуникацияжасаужәнеэмоцияларды білдіру үшін ымдау тілін, мимиканы, дене қимылдарын пайдалану қабілетіндамыту.
Әдістері: әңгімелесу, шағын дәріс, жаттығулар, ой-талқы.Ресурстар:плакаттар,маркерлер,теориялықматериал.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт:5минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Уақыт:5минут
Мәтінді беруге бағытталған жаттығу
Уақыт:15 минут
Процесі:
5 ерікті шақырылады, олардың міндеті – келесі мәтінді жеткізу. Сонымен қатар, мәтінді бір оқушы ғана тыңдай алады. Қалғандары есіктің артында тұрады.
Мәтін:«Қаланың Білім басқармасынан Әлібек Мұхтарұлы қоңырау шалды. Ол өзінің кешігетінін айтты, өйткені ол жаңа информатика кабинетіне орнатылуы керек жаңа компьютерлік жабдықты сатып алуға барады. Оқу меңгерушісіне жоғары сынып кестесін
қайта құрып, екі сағат алгебра пәнін қосу керектігін айту керек».
Талқылау:
-
Неліктен ақпарат толығымен жеткен жоқ деп ойлайсыңдар? -
Қандай сәттерде ақпарат жоғалады? -
Күнделікті өмірімізде мұндай бола ма? Үйде, мектепте, достарыңмен? -
Сендер айтқан нәрселер мүлдем басқаша түсінілген кездер болды ма? -
Тыңдаушыға барынша көп ақпарат жету үшін не істеу қажет? -
Өздерің үшін ақпаратты жоғалтпай, осы сияқты жағдайларды қалай азайтуға болады?
«Қарым-қатынасқа не кедергі келтіруі мүмкін?» ой-талқысы (тренер бір плакатқа жазады)
Уақыт:10минут
Материалдары: плакаттар, маркерлерПроцесі:
Байланыстағы кедергілер – шуылдар.
Қоршаған ортаның шуылы.
Бұл хабарламаны қабылдауға кедергі келтіретін қарапайым бөтен дыбыс. Мысалы, дискотекада дауыс зорайтқыштың астында тұрып сөйлесу қиын немесе мектеп жанында құрылыс жүріп жатқан кезде мұғалімге сабақ жүргізу қиын.
Физиологиялық шуыл.
Мұнда хабарламаны қабылдаушы белгілі бір физиологиялық күйде болады, соның кесірінен хабарламаны қабылдау қиынға түседі (мысалы, құлағы естімейді немесе көзі көрмейді).
Мағыналық шуыл.
Хабарлама жіберетін және оны қабылдайтын адамның сөздердің мағынасын әртүрлі түсінуінен шыққан шуыл. Бізді көбінесе ата-әжелер түсінбейді, өйткені біз жаңа, сленг сөздерді қолданамыз.
Синтаксистік шуыл.
Грамматика немесе синтаксистегі қателер қарым-қатынасты қиындатуы мүмкін. Әдетте бұл шуылдан хабарламаны басқа тілде беретін адамдар зардап шегеді.
Мәдени шуыл.
Оның себебі көзқарастардағы, әдеттердегі, дәстүрлердегі әлеуметтік, саяси, діни және кәсіби