ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 529
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
Адам аттары туралы ойын: «Қарлы кесек»
«Команда дегеніміз не?» ой-талқысы
Теориялық материал. Командада өзара әрекеттесудің төрт негізі
Теориялық материал. Командалық өзара әрекеттесу, синергия туралы әңгімелесу
«Жарыс автомобильдері» сергіту сәті
«Көшбасшы деген кім?» ой-талқысы
«Көшбасшының қасиеттері» ой-талқысы
«Көшбасшылық және Команда» ой-талқысы
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Теориялық блок. Жаттықтырушының кіріспе сөзі
«Адамдарға байланысу не үшін керек?» ой-талқысы
«Қарым-қатынас жасау жолдары» ой-талқысы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Мәтінді беруге бағытталған жаттығу
Теориялық блок. Байланыс: вербалды және вербалды емес
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
Теориялық блок. Белсенді тыңдау техникасы
«Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» бөлімі
Теориялық блок. Сөз сөйлеу туралы басты құпия
«Көпшілік алдында сөйлеп тұрған адамның сыртқы келбеті» жаттығуы
Теориялық блок. Дене тұрысы. Қимылдар және мимика
Теориялық блок. Визуалдық байланыс
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Теориялық блок. Сөйлеу қарқыны және кідірістер
«Біз қандай паразит сөздер білеміз?» ой-талқысы
Теориялық блок. Дауыс туралы қызықты деректер
Кері байланыс және дағдыларды дамыту парағы
«Бір-бірлеріне Жаңа жылға тілек айту» жаттығуы
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Болжамдарды қарап шығу және жаңа болжамдар жазу.
Тапсырманы хабарлау: топпен презентация көрсетіп, көпшілік алдында сөз сөйлеу.
Теориялық блок. Сөз сөйлеу құрылымы
«Креативті ойлау дағдыларын дамыту» бөлімі
«Креативтілік дегеніміз – ол…» ой-талқысы
«Маған креативті болуға не көмектеседі?» ой-талқысы
«Нәрсені ерекше түрде пайдалану» жаттығуы
Сөз сөйлеуге дайындалу. Сөз сөйлеу. Талқылау, кері байланыс.
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Жанжалдар қалай пайда болады?» ой-талқысы
Сабақтың тақырыбын қорытындылаңыз
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Жанжалдың позитивті нәтижесі» жаттығуы
«Иә, бірақ... Иә, және…» жаттығуы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Диалогқа не кедергі келтіреді?» теориялық блогы
Жаттығу. Жанжалдағы мінез-құлық туралы көріністер
Дәптермен жұмыс істеу: «Өзіңе беретін кеңестерің»
Сергіту сәті/массаж/отырып шеңбер құру
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
«10 жылдан кейінгі өзіңе арнап хат жаз» жаттығуы
«Уақыт дегеніміз не?» ой-талқысы
Теориялық блок. Мақсаттарды көрудің маңыздылығы туралы
«Уақытты басқару құралдары» теориялық блогы
«Мен және менің эмоцияларым» бөлімі
«Сөзсіз сәлемдесу» сергіту сәті
«Менің қызығушылықтарымның матрицасы» жаттығуы
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Теориялық блок. Эмоцияны басқару
«Бір күннің эмоционалдық ретроспективасы» жаттығуы
Теориялық блок. Тақырып бойынша қорытынды
Сергіту сәті. Мамандықтар тізбегі
Жасөспірімдерге арналған «Мамандықты қалай таңдау керек?» тесті
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Бір тоқсан және бір жыл ішіндегі болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
«Сонымен қатар, тренингтерімізден кейін сендер аудитория алдында сөйлеуден қорықпайтын боласыңдар».
Теориялық блок. Визуалдық байланыс
Уақыт:5минут
-
Тыңдаушыларды тартады. -
Сөйлеуші және тыңдаушы арасындағы кедергілерді жояды. -
Үлкен аудиторияны секторларға бөлеміз. Әр секторға бірнеше секунд арнаймыз. Бастан сәл жоғары қараймыз. -
Шағын аудитория – егер көзге қарауға ұялатын болсақ, екі көз аралығына қараймыз.
Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минутРефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер:
-
Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? -
Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы:
Қай саясаткердің қимылдары мен мимикасы естеріңде қалды? Ойланып көріңдер.
-
сабақ
Тақырыбы:Көпшілікалдындасөйлеудағдылары.
Ұғымдар:сөйлеушініңқұралдары:дауысы,интонациясы,тембріжәнет.б.
Сабақтыңмақсаты:әсерлісөзсөйлеуүшіндауыстың,интонация,тембр,кідірістіңмағынасынанықтау.
Әдістері: шағын дәріс, жаттығулар, әңгімелесу.Ресурстар:теориялықматериал,жаттығулар.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт:5минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Уақыт:5минут
«Көзбен тұрғызу» тапсырмасы
Уақыт: 5 минутПроцесі:
Ерікті(лер) аудитория алдына шығып, жүргізуші болады. Оның міндеті – топпен визуалдық байланыс орнату, қатысушылардың әрқайсысына (кезекпен-кезек, жылдам емес) 5 секунд
ішінде қарау.
№1 нұсқа: жүргізуші сендерге қараған кезде орындарыңнан тұрып, ол қанша қараса, сонша уақыт тұру керек.
№2 нұсқа: жүргізуші сендерге қараған кезде қол шапалақтау керек. Жүргізуші қарауды тоқтатқан кезде шапалақтар да тоқтайды.
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Уақыт:5минут
Тіл
Тыңдаушылардың қызығушылығын оятады. Аудитория деңгейіне сәйкес келеді.
Кідірістер
Назарды шоғырландыруға мүмкіндік береді. Бір ойды екіншісінен бөлуге көмектеседі.
Назарды қандай да бір ойға аудартады. Сөйлеушіге ойын жинақтауға мүмкіндік береді. Тыныс алуға мүмкіндік береді.
Паразит сөздерден аулақ болуға көмектеседі.
Интонация
Сөзді айқын қылады.
Сөздерге эмоционалдық бояу береді (мимика сияқты). Айырмашылықтарды ерекшелеп көрсетеді.
Бір ойды екіншісінен бөлуге көмектеседі. Тақырыпқа сәйкес келуі керек.
Бірсарындылықтан аулақ болуға көмектеседі.
Егер бір нәрсені баса айту қажет болса, дауыс қаттылығын өзгертуге болады (дауыс күшін арттырып, не күрт төмендету қажет).
Дауыс пен дауыс ырғағын жақсарту үшін тілді жаттықтыру
Аз қимылдайтын және бос тіл көбінесе сөздер анықтығының жоғалуына әкеп соғады, сөздер анық емес және түсініксіз болады. Тілді түтік тәрізді ораңдар. Тілді ауыздан мүмкіндікше қатты шығарып, оны солға, оңға, төменге және жоғарыға қарай қозғалтыңдар. Ауыздың ішін тілмен жанап, ең алыс бұрыштарға дейін жетуге тырысыңдар. Тілді таңдайға мықтап басып, содан кейін күрт төмендету арқылы таңдайларыңды тартыңдар.
Жаңылтпаштар
Жаңылтпаштар дыбыстар мен сөздерді нақты айтып үйренуге, дұрыс дикцияға қол жеткізуге және сөйлеу ақауларынан арылуға көмектеседі.
Жаңылтпаштардыайтуережелері:
Алдымен сөздерді баяу, буынға бөліп нақты айту керек, айтылу ырғағын қадағалап, содан
кейін жақсарған сайын қарқынын тездету қажет. Жаңылтпаштарды біртіндеп, бір деммен айтуға тырысу қажет. Оларды айна алдында үнсіз, содан кейін сыбырлап айтуға болады, бірақ дыбыстар түсінікті болып, жақсы естілуі керек. Таныс мәтінді әртүрлі дауыспен: балалар, әйелдер, ерлер дауысымен айтып, сөздерді ән қылып айтып көру қажет.
Дауыс – ол тұлғаның бейнесі, адамның ішкі күйінің көрінісі ғана емес, ол – адамның капиталы, кәсіби құралы.
Дауысымыздың қаттылығы неге байланысты?
Ең алдымен тыныс алуға байланысты. Біріншіден, сөйлеу ағынына ештеңе кедергі келтірмесе, тыныс алу еркін болса; екіншіден, дыбыс диафрагмаға «сүйенсе», қатты сөйлей аласыңдар.
Мұнда дыбыстың бағыты да маңызды. Дыбыс доп тәрізді, біз оны тура бағыттасақ, ол төмен қарай ұшады, егер оны нысанаға қарағанда сәл жоғары бағыттасақ, доғамен ұшып, «дөп түседі».
«Грузин хоры» жаттығуы
Уақыт: 5 минутПроцесі:
Бүкіл сынып бір уақытта «а» дыбысын айтады. Мұнда тынысты үнемді пайдалану маңызды. Дыбыс біркелкі, қаттылығы бойынша бірдей, өшпейтін болуы керек. Соңғы кім болып аяқтаса, сол жеңеді.
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Уақыт:3минут
Интонация
Дауыстың икемділігі туралы айтатын болсақ, ең алдымен интонацияны, дауыстың өзгеру қабілетін меңзейміз.
Интонация – бұл біздің сөзімізде естілетін эмоциялардың негізгі көрсеткіштері. Егер интонацияны басқару білмесеңдер, сұхбаттас сендердің «әлсіз» екендеріңді сезініп, барлық әрекеттерің зая кетеді. Бірақ бізге көбінесе интонациялық әртүрлілік жетіспейді, бұл сөзімізді мәнерлі, көркем қылып, қабылдау үшін қызықты етеді.
Интонация бойынша жаттығу
Уақыт: 7 минутПроцесі:
Әрбір оқушы «иә» сөзін барынша көп интонациямен айтуы, ал тыңдап отырғандар оларды санауы тиіс. Тренер төменгі шекті белгілейді, ол топтың даму деңгейіне байланысты кемінде 5, 8, 10 түрлі интонация болуы мүмкін.
Сынып екіге бөлініп, «Бері кел» сөйлемін түрлі интонациямен айтуы тиіс (ашу, қуаныш, таңғалу, ойға бату және т.б.)
Теориялық блок. Сөйлеу қарқыны және кідірістер
Уақыт:5минут
Сөйлеу қарқыны.
Уақытқа 100 метр жүгіру керек болғанда біз баяу жүріп, айналадағы пейзажға қызығушылықпен қарамаймыз. Жоқ, біз жүгіреміз. Және керісінше, егер біз ешқайда асықпасақ, өз ырғағымызға сәйкес жүреміз.
Біз көбінесе өзімізге ыңғайлы қарқынмен сөйлейміз. Уайымдаған кезде тезірек сөйлейміз. Күмәнданған кезде баяу сөйлейміз. Сапалы сөз сөйлеу үшін қарқын