ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 21.11.2021

Просмотров: 3274

Скачиваний: 27

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

I – ТАРАУ. ІШ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ЖАРЫҚТАРЫ

1.1. ШАП ЖАРЫҚТАРЫ (Hernia inguinalis)

II- ТАРАУ. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ҰЛТАБАР ІШЕГІНІҢ АУРУЛАРЫ

2.1. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ҰЛТАБАР ІШЕГІНІҢ ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУЛАРЫ

2.2. ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУДЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ

2.4. ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛҒАН АСҚАЗАННЫҢ АУРУЛАРЫ

2.5. ІШЕК ҚАРЫННЫҢ ДАМУ АУЫТҚУЛАРЫ - (АНОМАЛИЯЛАРЫ).

III-ТАРАУ. ІШЕК АУРУЛАРЫ

3.1. ЖЕДЕЛ АППЕНДИЦИТ (APPENDICITIS АCUTA)

3.2. СОЗЫЛМАЛЫ АППЕНДИЦИТ

3.3. ІШЕКТІҢ ЖЕДЕЛ ТҮЙІЛУ АУРУЛАРЫ (ILEUS)

3.4. ТОҚ ІШЕКТІҢ АУРУЛАРЫ

3.5. АЩЫ ІШЕКТІҢ АУРУЛАРЫ

3.6. ІШЕК ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ

IV-ТАРАУ. БАУЫР, ӨТ, ҰЙҚЫ БЕ3І АУРУЛАРЫ

4.1. ХОЛЕЦИСТИТ ЖӘНЕ ӨТКЕ ТАС БАЙЛАНУ АУРУЛАРЫ.

4.3. ҮЙҚЫ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫ

4.5. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ КИСТАСЫ ЖӘНЕ ЖЫЛАНКӨЗІ

4.6. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ІСІКТЕРІ

4.7. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫН АЙЫРУ

V – ТАРАУ. ЖАЙЫЛМАЛЫ ІРІҢДІ ПЕРИТОНИТ

5.1. АУРУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЖІКТЕЛУІ, КЛИНИКАСЫ МЕН ДИАГНОЗЫ, ЕМДЕУІ ЖӘНЕ АҚЫРЫ

5.2. ҚОРШАЛҒАН ПЕРИТОНИТТЕР (АБСЦЕССТЕР)

VI – ТАРАУ. ӨҢЕШТІҢ АУРУЛАРЫ МЕН ЖАРАҚАТТАРЫ

6.3. ӨҢЕШТІҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ

VII - ТАРАУ. ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ АУРУЛАРЫ

7.1. ЭНДЕМИЯЛЫ ЖЕМСАУ ЖӘНЕ ТИРЕОТОКСИКОЗ.

VIII – ТАРАУ. СҮТ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ.

ІХ-ТАРАУ. ӨКПЕНІҢ ЖӘНЕ КЕУДЕ КӨК ЕТІНІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ

9.1.КЕУДЕ ЖӘНЕ КӨК ЕТІНІҢ АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ

9.2. КЕУДЕНІ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ

9.7. ӨКПЕ КИСТАЛАРЫ

9.8. ӨКПЕНІҢ ЭХИНОКОКК АУРУЫ

9.9. ӨКПЕ КАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ТРОМБОЭМБОЛИЯСЫ

Х-ТАРАУ. ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ

10.1. ОБЛИТЕРАЦИЯЛЫ ЭНДОАРТЕРИИТ, АУРУДЫҢ ЭТИОПАТОГЕНЕЗІ, СИМПТОМДАРЫ МЕН ДИАГНОЗЫ, ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ

10.4. ТРОМБОФЛЕБИТТЕН СОҢҒЫ СИНДРОМ

ХІ-ТАРАУ. ТІК ІШЕКТІҢ АУРУЛАРЫ

11.1. ПАРАПРОКТИТТЕР ЖӘНЕ ТІК ІШЕКТІҢ ЖЫЛАНКӨЗДЕРІ

Кураторлық науқаснама

ӘДЕБИЕТТЕР

Антикоагулянттарды пайдалану келесі тексерістердің нәтижесіне сүйене отырып жүргізіледі:

1. Қанның ұю уақыты 5—10 мин (Ли-Уайт бойынша)

2. Қандағы кальцийдің жоғалуы -1-2минут.

3. Плазманың гепаринге шыдамдылығы 6-12 мин.

4. Протромбинді индекс 100%.

5. Фибриногеннің концентрациясы 0,2-0,4г/л.

6.Фибринді еріту белсенділігі 183-263 мин.

7. Тромботест - ІҮ ст.

8. Қан ағу уақыты 1-3 мин.

Әрдайым антикоагулянттар пайдалану алдында қан ағу уақыты межеден 2-3 рет ұзақ болуы, зәрде эритроциттер болмауы керек.

Антикоагулянттық терапияның асқынулары: препараттарды шамадан артық қолданумен, не болмаса адам ағзасының бұл дәрілерді қабылдамауымен байланысты. Осы жағдайларда ішек-қарыннан қан ағуы, зәрмен қан шығуы мүмкін. Бұндай адамдарға антикоагулянттар қолдану жедел тоқтатылады, не олардың дозасын азайтады. Гепариннің антагонисті -сульфат протамині 0,1мл 1%; витамин К, викасол Імл 1% 2—8рет 1 тәулігіне, қанның плазмасы, хлорлы кальций пайдаланылады.

Анафилактикалық не аллергиялық реакцияларға қарсы белгілі жалпы ем қолданылады.

Антикоагулянтты емді мына жағдайларда қолдануға болмайды:

1. Ойық жара ауруымен науқастарға.

2. Бүйрек ауруларында.

3. Бауыр ауруларында (цирроз,гепатит).

4.Қан ауруларында (гемофилия, гемаррагиялы васкулит).

5. Авитаминоз - К, С - витаминдер жетіспеушілігінде.

6. Эндокардит - жүрек ауруында.

7. Жүкті әйелдерге.

8. Қаны тасыған ауруларға, атеросклерозда.

9. Күре тамырлар аневризмасында.

Тромболитиктер (тромбты ерітушілер):

а) тікелейфибринолизин.

б) стрептокиназа, урокиназа, стрептодеказа.

Фибринолизин (плазмин) тромбты ерітетін фермент.

Оны плацентадан жинаған қанның сарысуынан шығарады. Пайдаланар алдында физиологиялық суда ерітеді. Оны денеге қан тамыры арқылы минутына 15-20 тамшыдан жібереді. Бір күндік дозасы 90-120 мың бірлік. Фибринолизин канда плазмин кұрып, фибринді ерітеді.

Стрептокиназа (стрептаза, стрептолиаза, авелизин) - гемолитикалық стрептококктен шығарылады. Препарат фибринолиздік үрдісті тікелей күшейтеді. Препаратты қан тамырына Змлн. бірлік 20—З0мл. физиолоғия ерітіндісінде ерітіп пайдаланады.

Кейде фибринолиздік препараттарға аллергиялық реакция байқалуы мүмкін (дене қалтырайды, қызады, қызарады, бөртпе пайда болады, қан қысымы төмендейді). Сондықтан фибринолитиктер әр себептен қан ағуы мүмкін адамдарға - ойық жара ауруы, операциядан соңғы 3—4 тәулік, босанған әйелдерге, сепсисте, эндокардитте, ішкі мүшелердің қабынуында (аппендицит, холецистит, панкреатит) туберкулез, диабет, гипертония, инсульт, цирроз, аллергия ауруы барларда қолданылмайды.


ХІ-ТАРАУ. ТІК ІШЕКТІҢ АУРУЛАРЫ


11.1. ПАРАПРОКТИТТЕР ЖӘНЕ ТІК ІШЕКТІҢ ЖЫЛАНКӨЗДЕРІ


Тік ішек ауруларының жіктелуі:

1. Даму ауытқулы- атрезиялар.

2. Зақымдалулар(ішпердесі ішінде және одан тысқары.


3. Бөгде заттар.

4. Қабыну-аурулары:

    • Жедел басталатындар- проктит, парапроктит.

    • Созылмалы- спецификалық, спецификалық емес.

    5. Тік ішектің түсуі.

    6. Геморрой.

      • сыртқы,

      • ішкі,

      • бірінші,

      • екінші.

      7. Тік ішектің кілейгейлі қабатының жарылуы.

      8. Басқа аурулары- тік ішектің қышымасы, құйымшақ ауырсынуы.

      9. Ісіктер:

        • қатерлі (рак, саркома),

        • қатерсіз- липома, фиброма, миома, дермоидты киста, тератома, ангиома, полиптер, түкті ісіктер.

        Парапроктит деп тік ішек айналасы майының іріңдеп кабынуын атайды. Парапроктиттің жедел және созылмалы түрлері бар. Ауру ер адамдарда жиі байқалады (72,6%).

        Парапроктиттің басталуына қолайлы жағдай туғызатын себептер:

        1) Тік ішектің кілегейлі қабатының жарақаттануы (балық сүйегімен, қатты нәжіспен, тағам қалдығымен).

        2) Геморрой ауруы, сызаттар, проктит, экзема, мацерация, қышынған анус терісін тырнау.

        3) Инфекцияның гематогенді метастазы (баспа, фурункул, тұмау).

        Көбінесе парапроктитті бірнеше микробтар симбиозы (анаэроб-аэроб) қоздырады.

        Парапроктиттің түрлері

        1) Тері астының (перианальды) іріңдіктері.

        2) Ишиоректальды іріңдіктер.

        3) Пельвиоректалъды іріңдіктер.

        4) Ретроректалъды іріңдіктер.

        Тері асты парапроктитінің тереңге жайылуы, ал тереңде басталатын парапроктиттің сыртқа теуіп, тері астына жайылуы мүмкін, іріңдіктер тік ішек ішіне жарылса тік ішектің жыланкөзі ашылады.

        Тері астының абсцессі жиі кездеседі. Одан соң ишиоректальды. Қалған түрлерінің жиілігі 12% жетеді.

        1) Ауру жедел басталады. Дене қызуы 38ө39 градусқа көтеріледі, кейде дене тітіркенуі кездеседі

        2) Тік ішек тұсы ауырады. Ауыру дәрет алғанда күшейеді

        3) Зәр жүруі қиынданады.

        4) Ауыру сезімі солқылдатып, шаншып күшейеді.

        5) Лейкоцитоз, ЭТЖ шапшаңданады.

        6) Анус айналасында ісік.

        7) Парапроктиттің барлық түрінде ішекті саусакпен тексеру қажет.

        Жамбас пен тік ішек арасының және қасаға мен тік ішек арасының іріңдігінде ауру жағдайы нашар, аурудың сыртқы көріністері жоқ.

        Тік ішектің ішін саусақпен тексергенде қатаң немесе жұмсарған ісік анықталады. Жедел басталған парапроктиттің ақыры жыланкөздің тесігінің ашықтығымен немесе жабылуымен байланысты. Егер жыланкөз тесігі ашық қалса - созылмалы жыланкөзіне айналады. Жыланкөз тесігі жабылып бірде қайта ашылып тұрса - қайталанбалы парапроктит деп аталады.

        Паропроктитті операциямен емдеудің келесі шарттары бар:

        1. Операция жедел орындалады.

        2. Тілік кең болуға тиісті.

        3. Іріңдіктің іші антисептикпен жуылады.

        4. Іріңдіктің іші тампондалады.

        5. Тік ішекке Вишневский майы жағылған тампон енгізіледі. Бұл қабынған ішекке қолайлы әсер береді.

        6. Диетаны сақтау және 4-6 күн бойы опий ішкізу.

        Параректальды жыланкөздер

        Тік ішек айналасының майында және анус айналасында пайда болатын іріңді қуыс тік ішектің жылан көзі деп аталады.

        Жыланкөздің жіктелу түрлері..


        а) Толық (80%).

        б) Жартылай — ішкі және сыртқы.

        Жыланкөздің ішкі тесігі ішектің артқы, алдыңғы бетінде және сыртқы қабырғасында орналасуы мүмкін. Жыланкөздер сфинктерден жоғары және төмен орналасуы мүмкін.

        Жыланкөздер көріністері

        Жыланкөздің сыртқы тесігінен ірің ағуы, кейде нәжіс, тағам қалдықтары, газ шығуы. Созылмалы жыланкөздер 10-15 жыл бойы сақталуы мүмкін.

        Жыланкөздерді хирургиялық тәсілмен емдеудің түрлері:

        1. Іріңдікті тілу, ашу. Операциядан бұрын жыланкөзге бояу жіберіледі. Одан соң жыланкөзге енгізілген темір сүңгі арқылы іріңдіктің қабырғасы тілініп, оның екі тесігі ашылады. Бояумен боялған тіндер кесіліп алынады.

        2. Егер жыланкөздің ішкі тесігі сфинктерде немесе одан жоғарыда ашылса жыланкөзді тілу ғана емес, оны сылып алып тастау орындалады.

        3. Жыланкөздің ішкі тесігін жабу тәсілдері:

        Джадд-Рабле операциясы. Жыланкөзді сыртқы тесігімен қоса кесіп алып тастап, ішкі тесікті тік ішектің кілегейлі қабығынан даярланған құрақпен жабылады, Құрақты тесікке кетгут жібімен тігеді, А.Н.Рыжих бұған қоса сфинктеротомияны орындайды. Жыланкөздің ішін және тесіктерін тіліп оның ішін қырып тазартып тампонмен толтыруды орындайды.



        11.2. ҚҰЙЫМШАҚТЫҢ ЭПИТЕЛИАЛДЫ ЖОЛДАРЫНЫҢ ІРІҢДІ АУРУЛАРЫ


        Кұйымшақтың ортанғы бөлігінде орналасқан бітеу, тесіксіз канал. Сыртқы тесігі май құйрықтар арасында анустан 8-10 см. жоғарыда орналасқан. Парапроктитте тесік анустан 2- 4см. сыртқары орналасады және жыланкөз тік ішекке қарай жүреді. Кейде ( 25%) құйымшақты жолдың тесігінен жіңішке қылшықтар өседі, ауру 20—30 жастағы адамдарда кездеседі. Парапроктит барлық жастағы адамдарда байқалады.

        Жамбас сүйектерінің остеомиелитіңде секвестірлердің шығуы және рентгенде көрінетін сүйектер өзгерістері дигнозды айырады.

        Бұт арасы, шат жаланкөзі - жыныс мүшелерінің ауруларынан соң (абсцесс, қуықасты безі, жатыр қосалқыларының іріңді аурулары) кездеседі.

        24-ші науқас - 50 жасар жұмыскер клиникаға келесі шағымдармен жатқызылды: анус айналасының өте қатты ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі.

        Ауру бұдан 5 тәулік бұрын басталды. Алдымен анус айналасында жеңіл шаншу байқалды. Одан 2 тәулік өткеннен соң анус оң жиегінде ауырғыш ісік пайда болды, дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілді. Өкпе, бауыр, жүрек, бүйрек т.б. мүшелердің жағдайы дұрыс. Іш кеппеген. Бұтарасы және анус айналасын тексергенде - ісік, қызару, қатты ауырсыну байқалады. СОЭ- ЗОмм./час., Лейкоциттер - 9100. Диагноз - іріңді жедел парапроктит.

        25-ші науқас- 33 жасар тракторист. Клиникаға келесі шағымдармен түскен. Бірнеше рет қайталанып жабылып- ашылатын анус маңайының іріңді жаланкөзі және отырудың ауырсынуы. Науқас 31 жасына дейін сау, еш кедергісіз жұмысын атқаратын. Семъясы, балалары бар. Тұрмыс жағдайы жақсы. Бұдан екі жыл бұрын төменгі ішек айналасында іріңді ісік пайда болды. Бұл ісік өз бетімен жарылып, одан ірің шығып, жара өз бетімен жазылған. Дәрігерге барған жоқ. Содан бері ауру көп қайталанып бірнеше рет емханада емделген. Үш рет іріңдік тілініп одан ірің шығарылған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық.


        Анустан 2,5см. сүңгі ұшын өткізетін кішкене жыланкөз көрінеді. Жыланкөз айналасының терісі мацерацияланған. Тік ішекті саусақпен тексергенде - жом жақсы қысады, кейінгі крипта ісінген, қатайған. Жыланкөз метиленді бояу жібергенде оның тік ішекке енгені көрінеді.

        Диагноз — толық тік ішек айналасының жыланкөзі.

        Науқас бұдан бұрын жедел парапроктитпен ауырған. Іріңдік бірнеше рет тілініп ірің шығарылған. Қазір жыланкөзін толық кесіп алу қажет.


        11.3. ГЕМОРРОЙ - Vazices haemorrhoidales


        Геморройдың этиологиясы, патогенезі, диагнозы және дифференциалды диагнозы. Геморрой тік ішектің, төменгі бөлігінің көк тамырларының созылып кеңеюі тік ішек ауруларының 12,2 құрайды. Геморрой деген сөз- «қан», «ағу» түсінігі Гиппократпен ұсынылған. Көне Ресейде бұл ауруды «почечуй»- қышыма деп атаған. Ауру ауыр жұмыспен шұғылданатын және арақ-шарап көп ішетін ер адамдарда жиі кездеседі.

        Ауру себептерін екі топқа бөледі: жағдай туғызушы және туғызушы.

        Бірінші себептер- ішектің, оның қан тамырларының құрылыс ерекшіліктері. Екінші себептер- мамандық, әр түрлі аурулар, нәжіс шығуының қиындануы, жиі жүктілік, өкпе, жүрек, бауыр, жатыр, зәр жолдары аурулары.

        Геморройдың түрлері:

        1. Ішкі.

        2. Сыртқы.

        3. туа пайда болатын.

        4. жүре пайда болатын (бірінші,екінші).

        5. созылмалы.

        6. жедел.

        Геморрой түйіншіктерінің саны бірден онға жетуі мүмкін. Сыртқы геморрой көбінесе жалғыз болады.

        Аурудың клиникасы- алғашқыда көтен ішегінің қышынуы және толысу сезімі. Арақ ішкеннен және ванна қабылданғаннан кейін ол сезімдері күшейеді. Кейде күшеніп дәрет шығарғанда созылған қан тамыры қанайды, оның ағыны күшті. Геморройға қоса ішек жарылуы болса ауырсынуу сезімі күшті.

        Проктологиялық науқастарды тексеру - жылы, жарық бөлмеде келесі екі тәсілдің бірімен орындалады:

        Сурет 11.1 Парапроктит науқасында іріңдіктердің орналасатын орындары:

        1. Ишио—ректальный абсцесс — жамбаспен тік ішек арасының іріңдігі

        2. Подкожный абсцесс — тері астының іріңдігі

        3. Подслизистый абсцесс — тік ішектің кілегейлі қабаты астының іріңдігі.

        4. Флегмона ягодицы — Қуйрық флегмонасы.

        Сурет № 28.парапроктит ауруында іріңдіктердің орналасатын орындары:

        1.Жамбас пен тік ішек арасының іріңдігі.

        2.Тері астының іріңдігі.

        3.Тік ішектің кілегейпі қабатының іріңдігі.

        4.Құйрық флегмонасы.

        1) Ауру екі аяғын талтайтып, кеудесін алға еңкейтіп тұрады.

        2) Екі шынтақпен тізелерімен етпетінен жату. Егер аурудың жалпы жағдайы ауыр болса оны бір қырына жатқызады .

        1. Науқасты тексеруді анусты зерттеуден бастайды. Көзбен көрумен геморройдалды туйіншектер, ісік, қызару т.б. қабыну көріністері, жыланкөздерінің бар-жоқтығы анықталынады.

        2. Бұдан соң тік ішектің саусақпен тексерілуі орындалады. Бұл тексерісті тік ішектің барлық ауруларында орындау қажет. Саусакпен тексерусіз дәрігердің қандай болмасын ішек ауруының диагнозын шешуге құқы жоқ. Бірақта саусақтың ұзындығы 10 см аспайды. Сондықтан одан жоғарыда орналасқан ішек ауруын айыру үшін инструментті тексерістер қолданылады.


        3. Бұл ұшін арнайы проктологиялық айналар ұсынылған. Айнаның алғашқы қарапайым түрлері Гиппократ заманында қолданылған. Бұл айналардың үзындығы 10-12см. болатындығынан ішектің ішін осы 12см мөлшерінде ғана көзбен көруге болатын.

        Тік ішекті саусақпен, айнамен, ректоскоппен тексеруге геморройды тамырлардың тромбофлебитінде болмайды.


        Сурет 29. Созылмалы парапроктитте кездесетін жыланкөздер :

        1. Толық жыланкөз

        2.Жартылай (ішкі) жыланкөз

        3.Жартылай (сыртқы) жыланкөз


        4. Ректоскопия - тік ішекті ректоскоп арқылы тексеру. Ректороманоскопия - тік ішекке қоса сигма ішегін тексеру. Тік ішектің ұзындығы 15-20см. Сондықтан тік ішекті тексеретін ректоскоптың түтігі 20см. кем болмайды. Ректороманоскопияны орындау үшін түтігі 30см аспап пайдаланылады. Наукас тізе-шынтақ немесе тізе-иық жайымен сол қырына орналасады. Бұл сигма және тік ішектер арасындағы бұрылысты тұзету үшін қажет. Ректоскоп вазелинмен майланады да 5-6 см.тереңдікке енгізіледі. Одан әрі жоғарыға енгізу ішекті жарақаттамау үшін көзбен бақылап орындалынады. Ректоскоп арқылы ішектің кілегейлі қабатын, ондағы эрозияны, жараны, полипті, ісікті көреді.

        Егер анус айналасында жыланқөз байқалса оның бағытын, ұзындығын анықтау үшін жыланкөздің сыртқы тесігі арқылы түймелік сүңгі енгізіледі. Егер жыланқөз сфинкгерге дейін болса - оны карапайым жыланқөз деп атайды, ал егер жыланқөз сфинктерден жоғары созылса бұны күрделі параректальды жыланкөз деп атайды. Кейде жыланқөздің тесігі өте тар, оған зонд енгізу мүмкін емес. Бұл түрінде жыланкөз каналына бояу егіледі (ніл- синька, риванол, сүт). Жыланқөздің тік ішек ішіне дарығандығын анықтау үшін ніл егуден бұрын тік ішекке марлелі түйіршіктер енгізіледі. Егер-жыланкөз тік ішекке дарыса түйіршік егілген бояумен боялады. Түйіршіктің боялған тұсын анықтаумен жыланкөздің ішектің алдыңғы, артқы бетінде немесе жанында ашылғандығы айырылады.

        5. Ауруға барий ішкізгеннен 12—16 сағаттан соң ішектің рентгенографиясын орындауда жыланкөздің көрінуі. Суға ерітілген барийді зонд арқылы қарынға немесе сигма ішегіне (150мл) жіберіп бақылауға да болады.

        6. Тік ішек ісіктерін айыру үшін пресакральды куысқа 600—700см3. от тегін еккеннен кейін орындалатын рентген тексерісі ө париетография .

        7. Тік ішектің сфинктерінің күшін анықтау, ішек ішінің қысымын анықтау және ректальды термометрия.

        Геморрой- тік ішектің көк тамырларының кеңеюі. Науқастың анус аймағының ауырсынуы, дәреттен соң ішектен қан ағуы, геморройлық түйіншектердің шығуы байқалады.

        Хирургиялық аурулардың ішінде геморрой 3-3,5%-ке жетеді. ХҮІ ғасырда Мәскеу мемлекетінде геморройды емдейтін мамандар — "почечуйных дел мастера" болатын.

        Геморройдың жедел, созылмалы және қайталанбалы түрлері бар. Геморрой түйіншектерінің орнына байланысты сыртқы және ішкі түрлерін бөледі.