ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 600
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
Адам аттары туралы ойын: «Қарлы кесек»
«Команда дегеніміз не?» ой-талқысы
Теориялық материал. Командада өзара әрекеттесудің төрт негізі
Теориялық материал. Командалық өзара әрекеттесу, синергия туралы әңгімелесу
«Жарыс автомобильдері» сергіту сәті
«Көшбасшы деген кім?» ой-талқысы
«Көшбасшының қасиеттері» ой-талқысы
«Көшбасшылық және Команда» ой-талқысы
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Теориялық блок. Жаттықтырушының кіріспе сөзі
«Адамдарға байланысу не үшін керек?» ой-талқысы
«Қарым-қатынас жасау жолдары» ой-талқысы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Мәтінді беруге бағытталған жаттығу
Теориялық блок. Байланыс: вербалды және вербалды емес
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
Теориялық блок. Белсенді тыңдау техникасы
«Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» бөлімі
Теориялық блок. Сөз сөйлеу туралы басты құпия
«Көпшілік алдында сөйлеп тұрған адамның сыртқы келбеті» жаттығуы
Теориялық блок. Дене тұрысы. Қимылдар және мимика
Теориялық блок. Визуалдық байланыс
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Теориялық блок. Сөйлеу қарқыны және кідірістер
«Біз қандай паразит сөздер білеміз?» ой-талқысы
Теориялық блок. Дауыс туралы қызықты деректер
Кері байланыс және дағдыларды дамыту парағы
«Бір-бірлеріне Жаңа жылға тілек айту» жаттығуы
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Болжамдарды қарап шығу және жаңа болжамдар жазу.
Тапсырманы хабарлау: топпен презентация көрсетіп, көпшілік алдында сөз сөйлеу.
Теориялық блок. Сөз сөйлеу құрылымы
«Креативті ойлау дағдыларын дамыту» бөлімі
«Креативтілік дегеніміз – ол…» ой-талқысы
«Маған креативті болуға не көмектеседі?» ой-талқысы
«Нәрсені ерекше түрде пайдалану» жаттығуы
Сөз сөйлеуге дайындалу. Сөз сөйлеу. Талқылау, кері байланыс.
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Жанжалдар қалай пайда болады?» ой-талқысы
Сабақтың тақырыбын қорытындылаңыз
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Жанжалдың позитивті нәтижесі» жаттығуы
«Иә, бірақ... Иә, және…» жаттығуы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Диалогқа не кедергі келтіреді?» теориялық блогы
Жаттығу. Жанжалдағы мінез-құлық туралы көріністер
Дәптермен жұмыс істеу: «Өзіңе беретін кеңестерің»
Сергіту сәті/массаж/отырып шеңбер құру
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
«10 жылдан кейінгі өзіңе арнап хат жаз» жаттығуы
«Уақыт дегеніміз не?» ой-талқысы
Теориялық блок. Мақсаттарды көрудің маңыздылығы туралы
«Уақытты басқару құралдары» теориялық блогы
«Мен және менің эмоцияларым» бөлімі
«Сөзсіз сәлемдесу» сергіту сәті
«Менің қызығушылықтарымның матрицасы» жаттығуы
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Теориялық блок. Эмоцияны басқару
«Бір күннің эмоционалдық ретроспективасы» жаттығуы
Теориялық блок. Тақырып бойынша қорытынды
Сергіту сәті. Мамандықтар тізбегі
Жасөспірімдерге арналған «Мамандықты қалай таңдау керек?» тесті
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Бір тоқсан және бір жыл ішіндегі болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Психологиялық шуыл.
Қабылдаушының көңіл-күйі тиімді байланысқа жетелеуі немесе керісінше, оны қиындатуы мүмкін. Ашу-ыза немесе мұң хабарламаны қабылдауға кедергі келтіреді.
Теориялық блок. Байланыс: вербалды және вербалды емес
Уақыт:5минут
Вербалды байланыс – ол біз айтатын сөздер. Ол сөздердің мағынасы. Жазу және сөйлеу өте маңызды.
Вербалды емес байланыс:
Дыбыстық: дауыс тембрі, сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, тіл (әсіресе шет тілі болса).
Визуалдық: көз қарашығының өлшемі; сөйлеушілер арасындағы арақашықтық; тыныс алу жиілігі; қимылдар, дене қимылдары; дене мүсіні; киім; бет әлпеті; мәртебе белгілері; көзге тіке қарау.
Вербалды коммуникация белгілі бір ақпаратты беретін ауызша және жазбаша байланыстарды қамтиды. Вербалды емес коммуникация сөздерді, ауызша немесе жазбаша тілді қолданбай ақпарат беруді білдіреді. Бұл ретте біз ақпаратты көзбен көру арқылы алып, оны бет әлпеті, қимыл, тұрыс, мимика, жалпы сыртқы көрініс сияқты мінез-құлықтың мәнерлі элементтерімен бекітеміз. Вербалды емес коммуникация сөздерді толықтырады, суреттейді немесе ерекшелеп көрсетеді. Кейде вербалды емес сигналдар мен ауызекі сөз тіпті бір-біріне қайшы келеді. Бұл жағдайда біз әдетте естігеннен гөрі көргенге көбірек сенеміз. Осылайша, вербалды емес коммуникация тиімділігі жағынан кейде вербалды коммуникациядан да асып түседі.
Вербалды және вербалды емес коммуникация арасында келесі айырмашылықтарды бөліп көрсетуге болады.
Вербалды коммуникация саналы, ал вербалды емес сигналдар автоматты және бейсаналық болып табылады. Адам қандай да бір әңгіме барысында дене қимылдарын жоспарламайды, бірақ әдетте не айтқысы немесе жазғысы келетіні туралы ойлайды.
Вербалды емес коммуникация вербалды коммуникация сияқты әрдайым анық бола бермейді және нақты ережелермен анықталмайды. Егер сұхбаттас сағатқа қараса, ол не білдіруі мүмкін? Ол сөйлесуден шаршады ма, әлде шұғыл жұмыстары бар ма?
Байланыс туралы әсер, әсіресе
бір-бірін онша танымайтын немесе мүлдем бейтаныс адамдарда 90%-ға вербалды емес элементтерден және тек 10%-ға вербалды компоненттен, яғни әңгімелесушінің не айтатынынан тұрады. Осыдан болар, қазір әлеуметтік желілерде бет- жүзі әдемі, жақсы сөйлейтін танымал блогерлер өте көп, бірақ олардың сөздері көп жағдайда мағынасыз болады.
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
Уақыт: 5 минутПроцесі:
Топ шеңбер құрып отырады. Тренер белгілеген сезім мен эмоцияны шеңбер бойынша вербалды емес түрде, тек мимика мен ым арқылы беру қажет. Бірінші оқушы тренерден белгілі бір эмоцияның көрінісін алады. Басқа оқушылар жасырынған эмоцияны көрмейді, өйткені олар көздерін жұмып отырады! Тапсырманы алғаннан кейін бірінші оқушы сол сезімді басқа жолмен қалай жеткізуге болатындығын шешеді, көршісін қолымен ұстайды және ол көзін ашқан кезде оған пантомима арқылы сол сезімнің нұсқасын береді.
Осылайша, бастапқы ақпарат шеңбермен әртүрлі экспрессивті құралдарды қолдана отырып беріледі. Ойнаған оқушылар енді көздерін жұмбайды, олар бастапқы сезімнің қалай өзгергенін, түсінбеушіліктің кесірінен «бүлінген телефон» жағдайының қай жерде болғанын байқауға мүмкіндік алады. Айналымнан өтіп, эстафета тренерге оралады. Көбінесе осы уақыт ішінде «махаббат» «жеккөрушілікке», ал «мейірімділік» «немқұрайлылыққа» айналады.
Ақырғы аккордтан кейін тренер соңғы қатысушыдан оның сезім нұсқасын қабылдап, содан кейін бастапқы бейнені өзі көрсетеді, сосын талқылау басталады. Эмоцияларды көрсеткен кезде қиындық туса, топ оқушылардың қайсысы және қандай себеппен «ақпараттық тұйықталуға» әкеп соқтырғанын табуға тырысады.
Бір айналымнан өткеннен кейін қатысушыларды «ақпарат
беруші» ретінде әрекет етуге шақырыңыз. Жаттығуды 3-4 айналымға дейін өткізуге болады. Әрбір толық айналымнан кейін қандай өзгерістер болғанын айту маңызды. Оқушылармен бірге талдаңыз.
Үй тапсырмасы:
Үйде жақындарыңмен сөйлескенде вербалды емес құралдарды барынша көп қолданып көріңдер. Нәтижесі қандай болар екен?
-
сабақ
Тақырыбы:Коммуникация.
Ұғымдар:қарым-қатынастыңвербалдыжәневербалдыемесқұраушылары,белсендітыңдаутехникасы.
Сабақтыңмақсаты:қарым-қатынаскезіндевербалдыемесқұралдардыпайдаланудыңжәнетүсінудің қаншалықты маңызды екенін көру; сонымен қатар белсенді тыңдау техникасынмеңгеру.
Әдістері: шағын дәріс, ой-талқы, жаттығулар, әңгімелесу.Ресурстар:теориялықматериал,түрлі-түстіқағаз,желім.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт:5минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Уақыт:5минут
«Мың бір интонация» жаттығуы
Уақыт: 10 минутПроцесі:
Мұғалім-тренер оқушыларды шеңберге тұрғызып, шеңберге бір сөз айтады. Оқушылардың міндеті – бұл сөзді әртүрлі интонациямен айту. Егер басқалар жауабын тапса, интонация есептеледі. Егер оқушы жаңа интонациямен айта алмаса, онда ол шеңберден шығады. Сөзді соңғы айтқан адам жеңеді.
Сөздер: музыка,жаңбыр,жүйріккөлік,үлкенкітап,ыстықшәй,достық.
Теориялық блок. Белсенді тыңдау техникасы
Уақыт:5минут
Вербалды емес белгілер:
-
«көзбе-көз» байланысы – әр адам өз сөздеріне жауап ретінде қызығушылықты көргісі келеді; -
дене қимылдары – ашық және жабық дене тұрыстарын кейін талдаймыз; -
дыбыстық қоспалар (м-м-м, ы-ы-ы, а-а-а, иә, хм...) – баяндаушыны бөлмей, әңгімеге қатысып, жанашырлық білдіруге болады; -
ойларымыз бен сезімдеріміз – кез келген адамға көрінетін ең негізгі нәрсе, оған қарап, диалогтың қаншалықты шынайы екенін білуге болады, сондықтан ішкі көңіл-күй сезіледі.