Файл: Факультативті мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 605

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

сабақ

Сабақтың барысы

Адам аттары туралы ойын: «Қарлы кесек»

«Болжам» жасау

«Келісім» жасау

Топтық өсу кестесі

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

«Команда» бөлімі

Сабақтың барысы

«Команда дегеніміз не?» ой-талқысы

Теориялық материал. Командада өзара әрекеттесудің төрт негізі

«Қарындаштар» жаттығуы

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

Сабақтың барысы

Теориялық материал. Командалық өзара әрекеттесу, синергия туралы әңгімелесу

«Пілдің суретін сал» жаттығуы

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

«Көшбасшылық» бөлімі

Сабақтың барысы

«Жарыс автомобильдері» сергіту сәті

«Автопортрет» жаттығуы

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

Сабақтың барысы

«Көшбасшы деген кім?» ой-талқысы

Теориялық блок

«Көшбасшыны көрсет» жаттығуы

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

Сабақтың барысы

«Көшбасшының қасиеттері» ой-талқысы

«Жылдам әрі ептілер» жаттығуы

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

Сабақтың барысы

Теориялық блок

«Құндылықтар» жаттығуы

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

Сабақтың барысы

Әсерлермен бөлісу

«Көшбасшылық және Команда» ой-талқысы

Тоқсандағы болжамдарды салыстыру

Кері байланыс сауалнамасын толтыру

Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:

«Коммуникация» бөлімі

Сабақтың барысы

«Көңіл-күй» сергіту сәті

Теориялық блок. Жаттықтырушының кіріспе сөзі

«Адамдарға байланысу не үшін керек?» ой-талқысы

«Қарым-қатынас жасау жолдары» ой-талқысы

Теориялық материал

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

Сабақтың барысы

«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.

Мәтінді беруге бағытталған жаттығу

Теориялық блок. Байланыс: вербалды және вербалды емес

«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы

Үй тапсырмасы:

Сабақтың барысы

«Мың бір интонация» жаттығуы

Теориялық блок. Белсенді тыңдау техникасы

«Құрақ көрпе» жаттығуы

Оқу қызметін қорытындылау

«Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» бөлімі

Сабақтың барысы

Теориялық блок. Сөз сөйлеу туралы басты құпия

Дене және қозғалыс.

«Көпшілік алдында сөйлеп тұрған адамның сыртқы келбеті» жаттығуы

Теориялық блок. Дене тұрысы. Қимылдар және мимика

Теориялық блок. Визуалдық байланыс

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

Сабақтың барысы

«Көзбен тұрғызу» тапсырмасы

Теориялық блок. Дауыс және интонация

«Грузин хоры» жаттығуы

Теориялық блок. Дауыс және интонация

Интонация бойынша жаттығу

Теориялық блок. Сөйлеу қарқыны және кідірістер

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

сабақ

Сабақтың барысы

«Біз қандай паразит сөздер білеміз?» ой-талқысы

Теориялық блок. Дауыс туралы қызықты деректер

Кері байланыс және дағдыларды дамыту парағы

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

Сабақтың барысы

«Бір-бірлеріне Жаңа жылға тілек айту» жаттығуы

Топтың дамуын бағалау

Тоқсандағы болжамдарды салыстыру

Кері байланыс сауалнамасын толтыру

Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:

«Презентация жасау» бөлімі

Сабақтың барысы

Болжамдарды қарап шығу және жаңа болжамдар жазу.

Тапсырманы хабарлау: топпен презентация көрсетіп, көпшілік алдында сөз сөйлеу.

Оқу қызметін қорытындылау

Сабақтың барысы

Теориялық блок

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

Сабақтың барысы

Сергіту сәті

Теориялық блок. Сөз сөйлеу құрылымы

Топта жұмыс істеу

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

«Креативті ойлау дағдыларын дамыту» бөлімі

Сабақтың барысы

«Креативтілік дегеніміз – ол…» ой-талқысы

Теориялық блок

«Дыбыстау» жаттығуы

«Сөзді тауып айту» жаттығуы

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

Сабақтың барысы

Теориялық блок

«Маған креативті болуға не көмектеседі?» ой-талқысы

Теориялық блок

«Мағыналық тізбек» жаттығуы

«Нәрсені ерекше түрде пайдалану» жаттығуы

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

Сабақтың барысы

Сөз сөйлеуге дайындалу. Сөз сөйлеу. Талқылау, кері байланыс.

Маңызды!

«Жанжалдар» бөлімі

сабақ

Сабақтың барысы

«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.

«Жанжалдар қалай пайда болады?» ой-талқысы

Теориялық блок

«Жанжалды жағдай» жаттығуы

Сабақтың тақырыбын қорытындылаңыз

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

Сабақтың барысы

«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.

«Жанжалдың позитивті нәтижесі» жаттығуы

Теориялық блок

«Иә, бірақ... Иә, және…» жаттығуы

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

Сабақтың барысы

«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.

«Диалогқа не кедергі келтіреді?» теориялық блогы

Жаттығу. Жанжалдағы мінез-құлық туралы көріністер

Теориялық блок

Дәптермен жұмыс істеу: «Өзіңе беретін кеңестерің»

Үй тапсырмасы:

Сабақтың барысы

Сергіту сәті/массаж/отырып шеңбер құру

Топтың дамуын бағалау

Тоқсандағы болжамдарды салыстыру

Кері байланыс сауалнамасын толтыру

Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:

сабақ

Сабақтың барысы

«10 жылдан кейінгі өзіңе арнап хат жаз» жаттығуы

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

«Уақытты басқару» бөлімі

сабақ

Сабақтың барысы

«Уақыт дегеніміз не?» ой-талқысы

Теориялық блок

«Менің істерім» жаттығуы

Теориялық блок. Мақсаттарды көрудің маңыздылығы туралы

Сабақтың барысы

Сергіту сәті

«Уақытты басқару құралдары» теориялық блогы

Франклин пирамидасы

Эйзенхауэр матрицасы

Помидоро әдісі:

№1 қағидат. ҰЙҚЫ

№2 қағидат. ӘДЕТТЕР

№3 қағидат. АЙНАЛА

№4 қағидат. БҰЛ СЕНІҢ ӨМІРІҢ

«Менің қағидаттарым» жаттығуы

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

«Мен және менің эмоцияларым» бөлімі

Сабақтың барысы

«Сөзсіз сәлемдесу» сергіту сәті

«Менің қызығушылықтарымның матрицасы» жаттығуы

«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы

Теориялық блок

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

Сабақтың барысы

«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.

Теориялық блок. Эмоцияны басқару

«Бір күннің эмоционалдық ретроспективасы» жаттығуы

Теориялық блок. Тақырып бойынша қорытынды

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

«Мамандықтар» бөлімі

Сабақтың барысы

Сергіту сәті. Мамандықтар тізбегі

Жасөспірімдерге арналған «Мамандықты қалай таңдау керек?» тесті

«Мамандықтар» ой-талқысы

Оқу қызметін қорытындылау

Үй тапсырмасы:

Сабақтың барысы

«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.

«Қорытындылау» ой-талқысы

Топтың дамуын бағалау

Бір тоқсан және бір жыл ішіндегі болжамдарды салыстыру

Кері байланыс сауалнамасын толтыру

Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:

Оқу қызметін қорытындылау

Қолданылған әдебиет тізімі:

сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).

Уақыт:5минут

«Жарыс автомобильдері» сергіту сәті


Уақыт: 5 минутПроцесі:
Сендер нағыз автомобиль жарыстарын көрдіңдер ме? Қазір біз шеңберге тұрып автожарыс ұйымдастырамыз. Жарыс автомобилінің гүрілін елестетіп көріңдер «Ррмм!» Бір адам

«Рррмм!» деп айтып, басын күрт солға бұрады. Сол жақтағы көршісі бірден «жарысқа түсіп», өзінің «Рррмм!» гүрілін айтып, келесі көршісіне бұрылады. Осылайша, «мотордың гүрілі» толық айналым жасамайынша, шеңбер бойынша жылдам беріледі.

«Автопортрет» жаттығуы


Уақыт: 20 минутМатериалдары: жұмыс дәптеріПроцесі:
Жұмыс дәптерлеріңді алыңдар, _ бетін ашыңдар (нөмірді алдын ала жазу керек). Келесі қызықты жаттығу арқылы өз ойларыңмен және сезімдеріңмен бөлісе аласыңдар.

Сопақ пішін салыңдар ол адамның беті.

Не тамашалағанды жақсы көрсеңдер, көздің орналасатын жеріне соны салыңдар. Не тыңдағанды жақсы көрсеңдер, құлақтың орнына соны салыңдар.

Не туралы ойлауды немесе армандауды жақсы көрсеңдер, шаштың орнына соны салыңдар. Не туралы сөйлескенді жақсы көрсеңдер, ауыздың орнына соны салыңдар.

Балаларға суреттерін топқа көрсетсін. Барлығының сөйлегені жөн, бірақ мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Барлық бөліктер туралы немесе кейбір бөліктерді таңдап, ол туралы әңгімелеуге болады. Жаттығуды жабу оқыту циклінің алғашқы екі кезеңі бойынша жүргізіледі.

Қолдау туралы ұмытпаңыз. Эмоционалдық қауіпсіз атмосфераның болуын қадағалаңыз.

Талқылауғаарналғанболжалды
сұрақтар:

  • Сурет салу қиын болды ма?

  • Басқа адамдардың сендерді қалай көретіндері туралы ойландыңдар ма? Неліктен?

  • Адамның бейнесі неден тұрады және оның өзгеруі мүмкін бе? Өзгере алатын болса, неліктен?


«Домино» жаттығуы Уақыт: 10 минутПроцесі:
Топтың бір мүшесінен ойынды бастауды сұраңыз. Ол оны сыртынан немесе ішінен сипаттай алатын екі нәрсені ойлап тауып айтады. Мысалы, «Бір жағынан менің итім бар, екінші жағынан мен шоколад жақсы көремін». Тренер тізбектегі алғашқы адам бола алады.

Дәл осындай сипаттамаларға ие басқа топ мүшесі оның алдында болған адамның қолынан ұстап, тізбекті тұйықтап, өзінің мінез қасиетін немесе өзі туралы қандай да бір ақпарат айтуы тиіс. «Мен де бір жағынан шоколад жақсы көремін, екінші жағынан менің інім бар».

Егер бір қолға ұқсас сипаттамалар табылмаса, сол адамнан басқа сипаттаманы немесе жалпы сипаттағы қасиетті атауын сұраңыз.

Ақыр аяғында барлық топ тренермен бірге шеңбер немесе тұйық тізбек құрайды. Оқушыларға рақмет айтыңыз.

Балаларға бәріміз әртүрлі екендігімізді, бірақ бізді біріктіретін ортақ нәрселер бар екендігін айтыңыз. Ең бастысы – өзіне және басқаларға мүмкіндік беру және позитивті болу.


Оқу қызметін қорытындылау


Уақыт: 5 минутРефлексия:

Әсерлермен бөлісіңдер:

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?

  • Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?



Үй тапсырмасы:


Басқа нәрселерді қолданып, дәл осындай портрет салып көріңдер. Олар сендер туралы көп нәрсе айтуы мүмкін.
  1. сабақ


Тақырыбы:Көшбасшылық.

Ұғымдар:көшбасшы,көшбасшыныңпортреті.

Сабақтыңмақсаты: «көшбасшы»ұғымынаанықтамаберу;көшбасшыныңқасиеттерінанықтау.

Әдістері: ой-талқы, шағын дәріс, жаттығулар, презентациялар.Ресурстар:плакаттар, маркерлер.

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).

Уақыт:5минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Уақыт:5минут

«Көшбасшы деген кім?» ой-талқысы


Уақыт:15минут

Материалдары: плакаттар, маркерлерПроцесі:
2 шағын топ құрыңыз (оқушылардан бейтарап ұғымдарға: алма мен апельсинге, Бэтмен мен Супермэнге, қызыл мен көкке, батыс пен шығысқа бөлінулерін сұраңыз...).

Әр шағын топтың міндеті «Көшбасшы деген кім?» тақырыбы бойынша өз көзқарастарын плакатта бейнелеу.

Орындау уақыты 7 мин. Шағын топтардың плакаттарды көрсетуі 1-2 мин.
Топ үшін «көшбасшы» ұғымының бірыңғай анықтамасын жазуды ұсыныңыз. Шежіреші және модератор ретінде көмектесіңіз.


Теориялық блок


Уақыт:5минут
Көшбасшы – ол адамдардың басын қоса алатын және оларды қандай да бір мақсатқа жетуге бағыттайтын адам. Сонымен бірге, «көшбасшы» және «мақсат» бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Алайда алдыңа мақсат қойып, оны жоспарлы түрде жалғыз жүзеге асыру – басшы болу деген сөз емес. Әрбір көшбасшының артынан еретін жақтаушылары болуы тиіс.

«Жас лидер ассоциациясының» (ЖЛА) ұстанымы


Біз үшін көшбасшылық – ол өзіңе ғана емес, өзгелерге де пайда әкеле отырып, өзіңе және айналадағы адамдарға көмек көрсету.
Көшбасшы ол әлеуметтік стереотиптерден арылған, өзінің даралығын және әлеуетін білетін, басқа адамдарды мойындайтын және қабылдайтын, адамдармен байланысқа түсе білетін және топ мүшесі бола алатын, ұжымды басқара алатын, қажет болса, жауапкершілікті өзіне алатын және айналада болып жатқан барлық нәрселерге қатыстылығын сезіне алатын тұлға. Ол үнемі дамып, ізденетін, өзін және айналасындағы әлемді жақсартатын адам.

«Көшбасшыны көрсет» жаттығуы


Уақыт: 10 минутПроцесі:
Оқушылар екі шағын топқа бөлінуі қажет. Тренер бір көшбасшыны тағайындайды. Бірінші топ көшбасшыны іс-әрекеттерімен бейнелеп көрсетеді, ал екінші топ оның кім екенін табуы тиіс.

Дайындыққа берілген уақыт – 5 мин.
Жұмбақ нұсқалары:

  • Футбол командасының көшбасшысы.

  • Сыныптағы көшбасшы.

  • Шахмат құрамасының көшбасшысы.

  • Музыкалық топтың көшбасшысы.

  • Ірі компанияның көшбасшысы.

  • Әскери бөлімшенің көшбасшысы.



Оқу қызметін қорытындылау


Уақыт: 5 минутРефлексия:

Әсерлермен бөлісіңдер:

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?

  • Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?



Үй тапсырмасы:


Басқа әлеуметтік топтардың көшбасшылары қандай болуы мүмкін? Ойланып көріңдер.
  1. сабақ


Тақырыбы:Көшбасшылық.

Ұғымдар:көшбасшы,көшбасшыныңқасиеттері.

Сабақтың мақсаты: нағыз көшбасшының қасиеттерін анықтау.Әдістері:ой-талқы, жаттығулар.

Ресурстар:плакаттар,стикерлер,маркерлер.

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).

Уақыт:5минут

«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Уақыт:5минут

«Көшбасшының қасиеттері» ой-талқысы


Уақыт:15минут

Материалдары: плакаттар, стикерлер, маркерлерПроцесі:
Әр оқушы көшбасшының қасиеттерін жапсырмаларға жазуы тиіс: 1 жапсырма 1 қасиет. Жазу уақыты – 5 минут.