ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 601
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
Адам аттары туралы ойын: «Қарлы кесек»
«Команда дегеніміз не?» ой-талқысы
Теориялық материал. Командада өзара әрекеттесудің төрт негізі
Теориялық материал. Командалық өзара әрекеттесу, синергия туралы әңгімелесу
«Жарыс автомобильдері» сергіту сәті
«Көшбасшы деген кім?» ой-талқысы
«Көшбасшының қасиеттері» ой-талқысы
«Көшбасшылық және Команда» ой-талқысы
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Теориялық блок. Жаттықтырушының кіріспе сөзі
«Адамдарға байланысу не үшін керек?» ой-талқысы
«Қарым-қатынас жасау жолдары» ой-талқысы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Мәтінді беруге бағытталған жаттығу
Теориялық блок. Байланыс: вербалды және вербалды емес
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
Теориялық блок. Белсенді тыңдау техникасы
«Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» бөлімі
Теориялық блок. Сөз сөйлеу туралы басты құпия
«Көпшілік алдында сөйлеп тұрған адамның сыртқы келбеті» жаттығуы
Теориялық блок. Дене тұрысы. Қимылдар және мимика
Теориялық блок. Визуалдық байланыс
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Теориялық блок. Дауыс және интонация
Теориялық блок. Сөйлеу қарқыны және кідірістер
«Біз қандай паразит сөздер білеміз?» ой-талқысы
Теориялық блок. Дауыс туралы қызықты деректер
Кері байланыс және дағдыларды дамыту парағы
«Бір-бірлеріне Жаңа жылға тілек айту» жаттығуы
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
Болжамдарды қарап шығу және жаңа болжамдар жазу.
Тапсырманы хабарлау: топпен презентация көрсетіп, көпшілік алдында сөз сөйлеу.
Теориялық блок. Сөз сөйлеу құрылымы
«Креативті ойлау дағдыларын дамыту» бөлімі
«Креативтілік дегеніміз – ол…» ой-талқысы
«Маған креативті болуға не көмектеседі?» ой-талқысы
«Нәрсені ерекше түрде пайдалану» жаттығуы
Сөз сөйлеуге дайындалу. Сөз сөйлеу. Талқылау, кері байланыс.
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Жанжалдар қалай пайда болады?» ой-талқысы
Сабақтың тақырыбын қорытындылаңыз
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Жанжалдың позитивті нәтижесі» жаттығуы
«Иә, бірақ... Иә, және…» жаттығуы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
«Диалогқа не кедергі келтіреді?» теориялық блогы
Жаттығу. Жанжалдағы мінез-құлық туралы көріністер
Дәптермен жұмыс істеу: «Өзіңе беретін кеңестерің»
Сергіту сәті/массаж/отырып шеңбер құру
Тоқсандағы болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:
«10 жылдан кейінгі өзіңе арнап хат жаз» жаттығуы
«Уақыт дегеніміз не?» ой-талқысы
Теориялық блок. Мақсаттарды көрудің маңыздылығы туралы
«Уақытты басқару құралдары» теориялық блогы
«Мен және менің эмоцияларым» бөлімі
«Сөзсіз сәлемдесу» сергіту сәті
«Менің қызығушылықтарымның матрицасы» жаттығуы
«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Теориялық блок. Эмоцияны басқару
«Бір күннің эмоционалдық ретроспективасы» жаттығуы
Теориялық блок. Тақырып бойынша қорытынды
Сергіту сәті. Мамандықтар тізбегі
Жасөспірімдерге арналған «Мамандықты қалай таңдау керек?» тесті
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Бір тоқсан және бір жыл ішіндегі болжамдарды салыстыру
Кері байланыс сауалнамасын толтыру
Топ жапсырмаларды плакаттарға жабыстырады: көшбасшының туабіткенжәнепайдаболғанқасиеттері.
Туа біткен және пайда болған қасиеттер туралы әңгімені қорытындылаңыз. «Адам көшбасшы болып дүниеге келе ме, әлде бұл қасиет уақыт өте келе пайда бола ма?» деген сұрақ қойыңыз.
«Жылдам әрі ептілер» жаттығуы
Уақыт: 15 минутПроцесі:
Тренер ережені оқиды:
«Осы сәттен бастап ешкім сөйлемейді. Мен сандар айтамын. Қандай сан айтсам, сонша оқушы орындарынан тұруы тиіс. Мысалы, егер «төрт» деп айтсам, төрт оқушы барынша жылдам тұруы тиіс. Және мен рақмет айтқаннан кейін ғана орындарына отыра алады. Тапсырманы үндемей орындау керек. Тапсырманы орындау тактикасын жұмыс барысында, бір-бірінің әрекеттеріне сүйене отырып анықтау керек».
Талқылау:
-
Жаттығудың қай жері қиын болды? -
Ол ұжымдық жұмыспен қалай байланысты болуы мүмкін? -
Тәртіп пен реттілік сақталмаған жұмыстың кесірінен өмірде қиындықтар бола ма? -
Мұндай жағдайда төзімділік таныту керек пе?
Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минутРефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер:
-
Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? -
Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы:
Көшбасшының қандай қасиеттері бойларыңда бар? Қаншалықты бар деп айта аласыңдар?
-
сабақ
Тақырыбы:Көшбасшылық.
Ұғымдар:көшбасшылық,көшбасшы,құндылықтар,принциптер.
Сабақтың мақсаты: өзі, болашақ туралы ойлау; өз құндылықтарын анықтау және түсіну.Әдістері:пайымдау, сұрақ-жауап.
Ресурстар:шағын-дәріс,жаттығулар,жұмысдәптерлері.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт:5минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Уақыт:5минут
Теориялық блок
Уақыт:15минут
Қымбатты тренер, бұл сабақ ерекше әрі өте маңызды болады. Авторлар командасы сізге сенім артады және оқушылар үшін өзін-өзі танудың қызықты әлемінде жол сілтеуші бола алатындығыңызға сенеді.
Осы сабақты жақсы өткізуге тырысып көріңіз. Мұнда біз түрлі пайдалы ойлар келтіреміз, сондықтан бұл сабақ интерактивті болуы тиіс. Сұрақтар қойыңыз, жауаптарын тыңдаңыз, оқушылармен бірге ойланыңыз.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды өздері туралы, қандай болашаққа ұмтылатындары туралы ойлануға бағыттау.
Әрекет етсең – әдетке айналады.Әдетқылсаң –мінезқалыптасады.
Мінезді болсаң – тағдырың оң болады.(Мақал)
Жасөспірім шақты көбінесе «бүлік уақыты» деп сипаттайды, бірақ адамдар бұл өмірдің ең маңызды, шешуші кезеңі екенін біле бермейді. Ол әрі ең қиын кезеңдердің бірі.
Бірнеше жыл ішінде өмірлік тәжірибесі аз адам мамандық, оқу, денсаулық, достық, махаббат, адамдарға деген көзқарас және басқа да мәселелер туралы көптеген маңызды шешімдер қабылдауы керек. Егер оған мектеп жүктемелерін, гормоналды өзгерістер және бәрі сенің ерлік жасағаныңды я қателескеніңді күтеді деген сезімдерді қоссаң, онда толық дерлік бейне пайда болады (әр жасөспірім оны өзі толықтыра алады).
Бірақ осы кезеңде шешілетін және меңгерілетін нәрсенің бәрі болашақ тағдырды анықтайды. Сондықтан кәмелетке толмас бұрын ұзақ сапарға өзіңмен не алу керектігін және жолда не кедергі болатынын анықтау өте маңызды. Сонымен қатар, дұрыс әдеттерді үйрену өте пайдалы, өйткені қазір жиі қайталап істейтін нәрсең өмірде айтарлықтай нәтиже береді.
Осы тренингтерде қарастыратын дағдылар өмірге деген көзқарасты қалыптастыруға көмектеседі, ол табысты мансаппен, денсаулықпен, жан тыныштығымен, адамдармен жақсы
қарым-қатынас жасаумен, проблемаларды шешу қабілетімен және қалаған жерге (асқақ мақсаттарға) жетумен марапатталады.
Неден бастау керек? Оқушыларға не деп айту керек?
Бізкөшбасшылық,нағызкөшбасшыныңқасиеттері,шешімдерітуралыәңгімелестік.Адамдардыңкөшбасшыболыптуылмайтынынжәнеәрқайсымыздыңкөшбасшыболумүмкіндігіміздіңбарекенінайттық.Көшбасшыболу–олтекбасшылардығанаемес,сонымен қатар белсенді және толыққанды адамдарды сипаттайтын ауқымды әрі әдемі
анықтама.Сондықтанкөшбасшылықжолымыздынеденбастаукеректігінбіргеанықтайық.
Адам фактілерді өз ұстанымына қарай таңдайды. Сондықтан егер адам өзін ақымақ санаса, сондай болады (бірден болмаса да, біртіндеп). Және керісінше. Назарды қай нәрсеге шоғырландырса, әлемнен соны алады. Сондықтан ұстанымды мұқият таңдап, ерекше түрде ойлауға тырысу қажет.
Өзіңе деген сенімді нығайту үшін өзіңе сенетін адамды тауып, өзіңе оның көзімен қарап үйрену керек. Сонда бойыңдағы жақсы жақтарды, ерекше қасиеттер мен артықшылықтарды көруге болады. Адам өз бойындағы жақсы нәрселерге назар аударып, сондай адамнан қолдау сұраудан ұялмауы керек (ол дос, әпке немесе аға, мұғалім немесе басқа ересек адам болуы мүмкін – шын мәнінде кім екені маңызды емес, ол адамның саған сенетіндігі маңызды).
Басқа адамдарға да теріс пікірсіз қарау керек. Егер біреудің оғаш мінез-құлқын көрсеңдер, теріс қорытынды жасауға асықпаңдар: мүмкін, адам жай ғана қиыншылыққа тап болған шығар.
Өмірді қалай сүру керек? Достар кейде сенімсіз болады.
Ата-аналарың сендерді түсінбей, көп жағдайда сендерді қызықтырмайтын нәрсе туралы армандайды.
Әлемдегі ең жақсы бала (немесе қыз) ренжітіп кетеді (әсіресе егер махаббатты бірінші орынға қойсаңдар!)
Сәнді киімдер ескіреді.
Спорт пен хобби өмірде өзіндік (басты емес) орынға ие болған кезде ғана пайдалы.
Оқу маңызды, бірақ ол барлық уақыт пен күш-жігерді алмауы тиіс. Отбасыға да уақыт бөлу керек.
Жауларға немесе «Жұлдыздарға» бар назарды
бөлу – ешқайда апармайды.
Тіпті сендерге сенетін адам да жоғалып немесе уақытында көмекке келе алмауы мүмкін.
Өмірді ұстанымдарға бағыттаған дұрыс. Сендер сенетін ұстанымдар әрқашан сендермен бірге болады. Олар – тағдырдың негізі. Ол өмірдің негізі. Ең қызығы, дәл осы ұстанымдар жоғарыда айтылғанның бәрін жеңуге және тепе-теңдік сақтауға көмектеседі.
Ұстанымдардың (принциптердің) не екенін анықтайық.
Оқушылармен «ұстаным» ұғымы туралы тілдесіңіз. Ұстанымдар жеке құндылықтардан құрылатынын айтыңыз. Егер құндылықтар – ол ішкі мызғымас негіз болса, ұстанымдар – олардан туындайтын жеке мінез-құлық ережелері.
Бұл әлемде сендер үшін не маңызды екенін, қандай адам болғыларың келетінін түсінукерек.Өз принциптеріңді қалыптастырыңдар («Мен адалдыққа, мейірімділікке, өзара қолдауға сенемін») – сонда тіпті түсініксіз жағдайларда маңызды шешімдер қабылдау оңайырақ болады. Егер шешім қабылданса, өздерің қалаған адам: адал, мейірімді, жақсы дос бола аласыңдар. Есте сақтаңдар, мақсат алыс болса да, шағын қадамдармен қозғалу жеткілікті.