Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі астана медицина университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 2473
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
Тақырыбы: «Анемиялар мен эритроцитоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жіті және созылмалы лейкоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Гемостаз патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүректің коронарогенді емесаурулары»
ТАРАУ: «РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Өкпе тіні тығыздалу синдромының патофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тыныс жеткіліксіздігі синдромы»
ТАРАУ «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Асқазан қызметінің бұзылысы. Ойық жара ауруының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Ұйқыбезінің секреторлық функциясының бұзылысы»
Тақырыбы: «Жіңішке және жуан ішек қызметтерінің бұзылыстары»
Тақырыбы: «Бауыр патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕСЕП ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қабынбалық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы»
Тақырыбы: «Жыныстық даму бұзылыстары синдромының патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Мидағы қанайналымның ңпатофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тырысу және ми қабықшалары зақымдалуы синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы «Нейродегенеративті аурулардың патофизиологиясы»
ТАРАУ«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қантты диабеттің патофизиологиясы»
ТАРАУ «ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қаңқа бұлшықеттерінің тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын аурулары. Миопатиялар»
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ағзалар және жүйелер патофизиологиясы бойынша тақырыптық сөздік
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
В.Г.КОРПАЧЕВ АТЫНДАҒЫ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Кабдуалиева Н.Б., Тәжібаева Д.С., Бегларова Г.Е., Айтбаева Ж.Б.
АҒЗАЛАР ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕР ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША
ТАҚЫРЫПТЫҚ СӨЗДІК
Астана - 2018
ӘОЖ:
КБЖАРЕЦЕНЗЕНТТЕР:
ЖаутиковаС.Б.–Карағандымемлекеттікмедицинауниверситетінің,Я.А.Лазарисатындағыпатологиялықфизиологиякафедрасыныңмеңгерушісі,м.ғ.д.,профессорМанекеноваК.Б.–«Астанамедицинауниверситеті»АҚ,патологиялықанатомиякафедрасының меңгерушісі,м.ғ.д.,профессорМуслимоваЖ.Қ. – «Астана медицина университеті» АҚ, Мемлекеттік тілдідамытужәне тілсаясатыбөлімінің басмаманы.А Кабдуалиева Н.Б., Тәжібаева Д.С., Бегларова Г.Е., Айтбаева Ж.Б.: Ағзалар және жүйелер патофизиологиясы бойынша тақырыптық сөздік
-Астана,2018.-143 б.«Ағзалар және жүйелер патофизиологиясы» пәні бойынша терминдердіңжүйеленгенжиынтығы.Бұлғылыми-анықтамалықбасылымдажекепатофизиологияның8бөлімібойынша«Қанөндірімжүйесініңпатофизиологиясы», «Кардиоваскулалық жүйенің патофизиологиясы»,«Респираторлықжүйеніңпатофизиологиясы»,«Асқорытужүйесініңпатофизиологиясы», «Несеп - жыныстық жүйенің патофизиологиясы», «Нервжүйесініңпатофизиологиясы»,«Эндокринжүйесініңпатофизиологиясы»,«Тірек-қимылжүйесіжәнетеріжүйесініңпатофизиологиясы»,840түсініктемелердіңзаманауи дефинициялары және қысқаша сипаттамаларыберілген.Этимологиялықнегізікөрсетілгентерминдермазмұндықбірізділікпенжазылған.Пәнаралықбайланыстыарттырумақсатында,сөздіккеағзаларменжүйелердіңпатологиялықанатомиясы,ішкіауруларпропедевтикасыпәндеріндекездесетінөзекті терминдер енгізілген.Тақырыптықсөздік«Ағзаларжәнежүйелердіңпатологиялықфизиологиясы»пәнібойынша«Жалпымедицина»мамандығының3-курсстуденттерінеқосымша оқуәдебиетіретіндеұсынуғаболады.ӘОЖ:КБЖ«Астанамедицинауниверситеті»АҚ-тыңоқу-әдістемеліккеңесіқосымшаоқуәдебиеті ретінде бекітіп,баспағаұсынған.№хаттама2018ж.
© Авторлар ұжымы, 2018
МАЗМҰНЫ| Сөздіктің тараулары | Беттері |
| Мазмұны | 3 |
| Қанөндірім жүйесінің патофизиологиясы | 4 |
| Кардиоваскулалық жүйенің патофизиологиясы | 22 |
| Респираторлық жүйенің патофизиологиясы | 46 |
| Асқорыту жүйесінің патофизиологиясы | 61 |
| Несеп- жыныстық жүйенің патофизиологиясы | 79 |
| Нерв жүйесінің патофизиологиясы | 99 |
| Эндокрин жүйесінің патофизиологиясы | 109 |
| Тірек-қимыл жүйесі және тері жүйесінің патофизиологиясы | 118 |
| Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 131 |
| Қосымша: терминдердің алфавиттік сілтемесі | 132 |
ТАРАУ«ҚАНӨНДІРІМЖҮЙЕСІНІҢПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»Тақырыбы:«Қанныңпатологиялықэлементтері.Қанның жалпы көлемінің және физикалық-химиялыққасиеттерініңөзгерістері»Регенеративті эритроциттер (лат. re - қайта + genus - туылу;грек. erythros -қызыл + kytus - жасуша) - толық жетілмеген жас жасушалар, сүйектің қызылкемігініңэритроциттікқатарындағыжасушалардыңрегенерациясыкүшейгенденемесесүйеккемігітосқауылыныңөткізгіштігіартқандаэритроциттердің жетілмегентүрлерішеткеріқанғатүседі. Мысалы:қанданормобластардың(Vкласқажататынжасушалардың),полихроматофильдіэритроциттердіңпайдаболуы,ретикулоциттердің1,2%-данкөпболуы.Дегенеративтіэритроциттер(лат.degenero–кемістіктердіңболуы; грек.erythros-қызыл+kytus-жасуша) - жасушалардыңсапалықөзгерістері.Эритроциттердіңөлшемініңөзгеруімен,боялуыныңауытқуымен,пішінініңөзгеруімен, сонымен қатар оларда қосындылар пайда болуымен сипатталады.Анизоцитоз(греч.anisos–бірдейемес+kytus-жасуша)-эритроциттердіңпатологиялықдегенеративтітүрлері,көлеміәртүрліэритроциттердіңпайдаболуыменсипатталады.Микроцитоз (грек. mikros - кішкене + kytus - жасуша)- қан жағындысындакөлемікішіэритроциттердіңбасымболуы(7,2мкм-дентөмен).Теміртапшылықтыанемиялар,талассемиялар,тұқымқуалайтынмикросфероцитозкездеріндебайқалады.Макроцитоз (грек. makros – үлкен және kytus -жасуша) - қан жағындысындаіріэритроциттердіңбасымболуы(8,1мкм-денүлкен).В-12-фолийтапшылықтыанемияларда,қатерліөспелерде,бауырауруларында,қалқаншабездіңфункциясы
төмендегенде, миелопролиферациялық ауруларда байқалады. Макроцитоз жаңа туған нәрестелердің физиологиялық ерекшелігі болып есептеледі.
Мегалоцитоз (грек. megas - ірі + kythos – жасуша) - қан жағындысында диаметрі 11 – 12 мкм және одан да үлкен /алып/ эритроциттердің басым болуы. Ортасында жарықтану аймағы жоқ, сопақша келген гиперхромиялық мегалоциттер. Жүкті әйелдерде, В-12-фолий тапшылықты анемияларда, ішекқұрт инвазияларында жиі кездеседі.
Пойкилоцитоз (грек. poikilos - әртүрлі + kytus - жасуша) - эритроциттердің патологиялық дегенеративті түрі, пішіні әртүрлі жасушалардың пайда болуымен сипатталады. Мысалы: сфероциттер, эллиптоциттер, стоматоциттер, дрепаноциттер (орақ тәрізді эритроциттер), кодоциттер (нысана тәрізді эритроциттер).
Анизохромия (грек.anisos – тең емес + chroma - түс, рең) – эритроциттердің патологиялық дегенеративтi формасы және оларға біркелкі емес боялу тән. Эритроциттердің боялуы олардағы гемоглобиннің концентрациясына, сонымен қатар жасушаның пішініне және оларда базофильді субстанцияның болуына тәуелді болады.
Нормохромиялы эритроциттер (лат. norma - үлгі, норма + грек. - chroma түс, бояу) - гемоглобинмен қанығуы қалыпты, цитоплазмасының ортасында жарықтану аймағы бар, біркелкі ашық-қызыл түске боялған эритроциттер.
Гипохромиялы эритроциттер - (грек. hypo - төмен + chroma - түс, бояу) - эритроциттердің гемоглобинмен қанығуы төмен, бозғылт - қызыл түске боялған, ортасында жарықтану аймағы айқын болады. Гипохромия - қорғасынмен уланғанда пайда болады, теміртапшылықты анемияларға, талассемияларға тән және жиі микроцитозбен қабаттасады.
Гиперхромиялы эритроциттер (грек. hyper - жоғары + chroma - түс, бояу) - айқын боялған, ортасында жарықтану аймағы кішірейген
немесе болмайтын эритроциттер. Гиперхромия эритроциттердің қалыңдауынан туындайды және макроцитозбен, мегалоцитозбен жиі қабаттасады.
Кабо (Кебот) сақинасы бар эритроциттер– құрамында ядро қалдықтары бар, патологиялық регенеративтi эритроциттер. Кебот сақинасы бұл эритрокариоцит ядросының қабықшасының қалдықтары, сақина немесе сегіз саны тәрізді болып келеді, қызыл түске боялады. Кебот сақинасы бар эритроциттер мегалобласты анемияларда және қорғасынмен уланғанда пайда болады.
Жолли денешіктері бар эритроциттер – құрамында ядро қалдықтары бар, патологиялық (Жолли денешіктері) эритроциттер. Жолли денешіктері бар эритроциттер В12-тапшылықты анемияларда және лейкоздардағы метапластикалы анемияларда, спленэктомиялардан кейінгі жағдайларда жиі анықталады.
Базофильді түйіршіктері бар эритроциттер– патологиялық эритроциттер. Құрамында көкшіл-күлгін немесе көк түсті гранулалары бар, агрегацияланған базофильді субстанцияға айналған эритроциттер (рибосома қалдықтары). Базофильді түйіршіктері бар эритроциттер - қорғасынмен уланғанда, талассемияларда, лейкоздарда, В12-тапшылықты анемияларда, орақ тәрізді-жасушалы анемияларда, уремияларда, алкогольмен уланғанда анықталады.
Шизоцитоз (шистоцитоз) (грек. shistos - ажырау + kytus - жасуша) – бұл фрагменттелуінің, кесінділерге бөлінуінің есебінен эритроциттердің патологиялық дегенеративтi түрлерінің жоғарылауы. Жүрек қақпақшаларына протез қойылған науқастарда гемолиздік анемия дамығанда, қақпақшалардың ақауында, тромбоздық тромбоцитопениялық пурпураларда, гемолиздік-уремиялық синдромдарда, ТШҚҰ-синдромдарында, аорта коарктациясында жиі анықталады.
Лейкоциттердің регенеративті өзгерістері (лат. re - қайта + genus – туылыу + грек. leukos - ақ + kytus - жасуша)