Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі астана медицина университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 435
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
Тақырыбы: «Анемиялар мен эритроцитоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жіті және созылмалы лейкоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Гемостаз патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүректің коронарогенді емесаурулары»
ТАРАУ: «РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Өкпе тіні тығыздалу синдромының патофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тыныс жеткіліксіздігі синдромы»
ТАРАУ «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Асқазан қызметінің бұзылысы. Ойық жара ауруының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Ұйқыбезінің секреторлық функциясының бұзылысы»
Тақырыбы: «Жіңішке және жуан ішек қызметтерінің бұзылыстары»
Тақырыбы: «Бауыр патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕСЕП ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қабынбалық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы»
Тақырыбы: «Жыныстық даму бұзылыстары синдромының патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Мидағы қанайналымның ңпатофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тырысу және ми қабықшалары зақымдалуы синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы «Нейродегенеративті аурулардың патофизиологиясы»
ТАРАУ«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қантты диабеттің патофизиологиясы»
ТАРАУ «ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қаңқа бұлшықеттерінің тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын аурулары. Миопатиялар»
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ағзалар және жүйелер патофизиологиясы бойынша тақырыптық сөздік
Альвеолалық_гиповентиляцияның_рестрикциялық_типі'>Альвеолалық гиповентиляцияның рестрикциялық типі (лат. restrictio - шектеу) – өкпенің тыныстық беткейінің төмендеуінен немесе оның тартылыс күшінің жоғарылауы салдарынан созымдылығының төмендеуінен дамитын альвеолалық гиповентиляция. Нәтижесінде өкпенiң ауа сыйымдылығының төмендеуi, тыныстық бұлшықеттерге жүктеменің күшеюі, сыртқы тыныс аппаратының энергиялық шығынының артуы, оксигемоглобиннің қисық диссоциациясының оңға ығысуы байқалады.
Вентиляция жеткіліксіздігінің аралас типі – ұзаққа созылған өкпе және жүрек ауруларында кездесетін және вентиляция бұзылыстарының екі типінің де көріністері байқалатын (обструкциялық және рестрикциялық), жиі біреуінің басым бұзылысымен жүретін альвеолалық гиповентиляция.
Альвеолалық гипервентиляция (грек. hyper - жоғары + лат. ventilatio - желдету) – организмнің сол мезеттегі жағдайымен салыстырғанда, уақыт
бірлігіндегі нақты вентиляцияның организмге қажетті деңгейден жоғарылауымен сипатталатын сыртқы тыныс бұзылысының типтік түрі. Гипокапния және газдық алкалоз дамиды. Өкпеден ағатын қанда оттегі кернеуінің өсуімен, оксигемоглобиннің қисық диссоциациясының солға ығысуымен қабаттасады.
Біркелкі емес вентиляция – өкпенің тек кейбір бөліктерінің гиповентиляциясы кезінде туындайтын сыртқы тыныс бұзылысы. Бұл кезде тыныстың минуттық көлемі жоғарылайды, бірақ
гипоксемия жойылмайды, салдарынан басқа бөліктерінің гипервентиляциясы және СО2-нің көптеп шығарылуы байқалады.
Жөтел (лат. tussis) – тыныс жолдарында сілемей жиналғанда, тітіркендіргіш газдармен дем алғанда, тыныс жолдары бөгде заттармен бітелгенде пайда болатын күркілдеп дем шығару. Жөтел рефлексі жоғарғы және төменгі тыныс жолдарында орналасқан түрлі рецепторлардың (жылдам әсерленетін механорецепторлар, баяу әсерленетін механорецепторлар және С- талшықтар), стимуляциялануы салдарынан дамиды. Сонымен қатар, өкпе қатты керілгенде, тыныс аппаратымен байланысы жоқ түрлі рефлексогендік аймақтар тітіркендірілгенде пайда болады.
Түшкіру (от лат. sternutatio) – мұрынның сілемейлі қабатында орналасқан үштармақты нерв ұштары тітіркендірілгенде пайда болатын шартсыз рефлекторлы акт. Түшкіру кезінде ауа ағымы мұрын жолдарына және ауызға қарай бағытталады. Жөтелден айырмашылығы, түшкіру кезінде тіл жұмсақ таңдайға көтеріледі де, күшті ауа ағысы мұрын арқылы сыртқа шығарылады. Түшкіру жіті респираторлық және аллергиялық аурулардың симптомы болуы мүмкін.
Есінеу – еріксіз тыныс қозғалысы түрінде көрінетін рефлекстік реакция. Есінеу кезінде адам ішке қарай ұзақ, терең дем тартып, сыртқа демді тез шығарады. Физиологиялық жағдайда туындайтын есінеу шаршағанда, ұйқышылдықта көлемі ұлғаятын физиологиялық ателектаздарды керуге бағыттылған. Патология кезінде есінеу, қайтыс болатын науқастарда тыныс толық тоқтаудың алдында, тыныс қозғалыстырының қыртысты реттелуі бұзылған пациенттерде және невроз кездерінде пайда болады.
Ықылық (лат. singultus - жылау, еңкілдеу) -
диафрагманың спазмдық (құрысу, түйілу) жиырылуы, дауыс шымылдығының саңылауы жабылуымен және соған байланысты дыбыс шығуымен қабаттасады. Ықылық асыра тойып тамақ жегенде, жалпы суық тигенде (әсіресе жас нірестелерде), ойық жара ауруларында, миокард инфаркты, инсульт, эпилепсия кездерінде, мида өспелер пайда болғанда дамуы мүмкін.
Қан түкіру (лат. haemoptysis – қанды қақырық) – жөтелген кезде тыныс жолдарынан қанды қақырықтың бөлінуі, олар қанды жолақтар тәрізді немесе біркелкі ашық-қызыл түсті болады. Өкпеден қан кету кезінде жөтелмен бірге көп мөлшерде қан бөлініп шығады. Негізінен өкпенің артериялық жүйесінің тамырларынан немесе бронх тамырларынан қан кетуі мүмкін. Кіші қанайналым шеңберінде қан іркілуінен және эритроциттердің диапедезінің салдарынан қан түкіру байқалуы мүмкін.
Тақырыбы: «Өкпенің диффузиялық және перфузиялық қабілетінің бұзылыстары»
Газдардың диффузиясы (лат. diffusio – таралу) – альвеолалық ауадан қанға оттегінің, ал қаннан көмірқышқыл газының альвеолалық кеңістікке өту процесі. Газдардың тасымалдану процесі, альвеолалық ауадағы және қандағы газдардың концентрациялық градиентіне, өкпенің перфузиясына, қанның альвеолалық ауамен жанасу уақытына, өкпенің диффузиялық қабілетіне байланысты іске асырылады. Эритроцитпен альвеолалық кеңістік арасында өтетін газдардың диффузиялық процесі, газ тәрізді фаза және сұйықтық фаза арасында жүзеге асады. Газдардың диффузиясын қамтамасыз ететін жүйе – альвеолалық-капиллярлық мембрана.
Альвеолалық-капиллярлық_мембрана'>Альвеолалық-капиллярлық мембрана (лат. аlveolus - ұяшық + capillaris - түкті + membrana - тері) – өкпе ацинустарымен өкпе капиллярларындағы газ алмасуды қамтамасыз ететін өкпенің гистологиялық құрылымы. Негізгі компоненттері: альвеолалық эпителий және капиллярлық эндотелий, олардың
әрқайсысы өзінің базальді мембранасында орналасқан және араларын интерстиция бөліп тұрады. Альвеолалардың беткейінен гемоглобинге дейін оттегінің өтетін жолы – сұйықтықтың молекулярлық қабаты, сурфактант, альвеоланың эпителий қабаты, интерстиция, капиллярлардың эндотелий қабаты, қан плазмасы және эритроциттер мембранасы.
Өкпенің диффузиялық қабілеті (DL) – альвеолалық-капиллярлық мембрана арқылы газдардың диффузия жылдамдығын сипаттау үшін қолданылатын көрсеткіш. Альвеолалық-капиллярлық мембрананың әртүрлі жағындағы қысым градиенті сынап бағанасы бойынша 1 мм құрағандағы 1 минутта аэрогематологиялық тосқауылдан өтетін газдардың мөлшері. Қалыпты жағдайда оттегі үшін DL 15-25 мл/мин/мм с.б.б. тең, ал көмірқышқыл газы үшін – 300-450 мл/мин/мм с.б.б.
Альвеолалық-капиллярлық бөгет (блок) – оттегі үшін альвеоллалық- капиллярлық мембрананың өткiзгiштiгi төмендеуiне байланысты өкпенiң диффузиялык қабiлетiнiң спецификалық бұзылысы. Нәтижесінде артериялық қандағы рО2 төмендейді және айқын артериялық гипоксемия дамиды. Өкпенің асбестозы, саркоидозы, фиброзы кезінде байқалады.
Кіші қанайналым шеңберінің гипертензиясы (лат. hyper - жоғары + tensus
– қысым) – өкпе тамырларында қысымның патологиялық көтерілуі, ол жүректің оңжақ қарыншасының гипертрофиясы және насостық қызметі бұзылуымен, өкпеде қанағыс пен газдар алмасуы бұзылуымен сипатталады. Идиопатиялық өкпелік артериялық гипертензия (грек. idios - меншікті, ерекше + pathos - ауру) –
этилолгиясы белгісіз, өз бетінше дамитын үдемелі ауру. Тыныштық жағдайда өкпе артерияларындағы қысымның с.б.б. 25 мм- ден асуы патогномиялық белгісі болып саналады. Патогенезінде өкпенің прекапиллярлық вазоконстрикциясы және тамыр арнасының облитерациясы мен редукциясы маңызды. Әдетте жас шамасы 10 - 40 аралығындағы адамдарда байқалады, ал ересектердің арасында әйелдер басым шалдығады.
Басты симптомы - үдемелі ентікпе. Диагнозы нақтыланғаннан кейін 2-5 жыл аралығында өліммен аяқталады.
Жаңатуылған нәрестелердегі тұрақты (персистеуші) өкпелік гипертензия (лат. persistere - сақталу, тұру, қалу) - рефрактерлік гипоксемия дамуымен сипатталатын өкпелік артериялық гипертензия түрі. Бұл өкпелік тамырларда қарсыласу өсуінен және қанның оңжақтан солжаққа шунтталуынан – яғни, өкпе артерияларынан қанның фетальді байланыс арқылы жүйелік қанағымға түсу салдарынан туындайды (ашық овал тесігі, ашық артериялық түтік). Өкпе тамырларында қарсыласу өсуіне байланысты жүректің оңжақ бөліктеріне жүктеме күшейеді, нәтижесінде қанайналым жеткіліксіздігі дамиды.
Кiшi қанайналым шеңберiнің гипертензиясының прекапиллярлық түрi
-
өкпе бағаны жүйесiндегі ұсақ тамырларда немесе капиллярларда қарсыласудың жоғарылауы салдарынан өкпенің тиімді перфузия көлемінің азаюымен сипатталатын өкпелiк гипертензияның түрi. Өкпе артерияларындағы систолалық қысым тыныштық жағдайда с.б.б. 25 мм-ден асады, ал физикалық жүктеме кезінде с.б.б. 30 мм-ден артады.
Эйлер-Лильестранд рефлексі - альвеолалық ауада оттегінің парциалды қысымының төмендеуiне жауап ретінде, өкпе тамырларының констрикторлы