Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі астана медицина университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 430
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
Тақырыбы: «Анемиялар мен эритроцитоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жіті және созылмалы лейкоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Гемостаз патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүректің коронарогенді емесаурулары»
ТАРАУ: «РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Өкпе тіні тығыздалу синдромының патофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тыныс жеткіліксіздігі синдромы»
ТАРАУ «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Асқазан қызметінің бұзылысы. Ойық жара ауруының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Ұйқыбезінің секреторлық функциясының бұзылысы»
Тақырыбы: «Жіңішке және жуан ішек қызметтерінің бұзылыстары»
Тақырыбы: «Бауыр патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕСЕП ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қабынбалық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы»
Тақырыбы: «Жыныстық даму бұзылыстары синдромының патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Мидағы қанайналымның ңпатофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тырысу және ми қабықшалары зақымдалуы синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы «Нейродегенеративті аурулардың патофизиологиясы»
ТАРАУ«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қантты диабеттің патофизиологиясы»
ТАРАУ «ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қаңқа бұлшықеттерінің тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын аурулары. Миопатиялар»
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ағзалар және жүйелер патофизиологиясы бойынша тақырыптық сөздік
Гемодиализ (грек. dialisis – бөлу) - «жасанды бүйрек» аппаратымен жасанды мембрана арқылы қанды экстракорпоралды тазалау әдісі. «Жасанды бүйректің» жұмысы келесі принципке негізделген: қандағы нәруыздық емес қосындыларды (оның ішінде уыттық та бар), жартылай өткізгіш мембрана арқылы арнайы диализдеуші ерітіндіде диффузиялау. Гемодиализ кезінде организмнен заттек алмасуының уытты өнімдері шығарылады, БФЖЖ және БФСЖ-мен ауыратын науқастарда су және электролит тепе-теңдігінің бұзылыстары қалпына келеді.
Тақырыбы: «Жыныстық даму бұзылыстары синдромының патофизиологиясы»
Аменорея (грек. а – теріс мән + men - ай + rhoia – ағу, ағып кету) – 16 - жасқа толған қыздарда екіншілікті жыныс белгілерінің даму айқындығына тәуелсіз менархенің болмауы немесе әйелдерде етеккірдің кезеңдік келуі қалыпты болып, кейіннен 6 ай болмауы.
Нағыз патологиялық аменорея - гипоталамус-гипофиз-аналық без - жатыр жүйесінде және бүкіл организмде оралымдық өзгерістердің болмауы, яғни етеккірлік қан ағудың болмауы. Овуляция болмағандықтан әйелдер жүкті бола алмайды. Патологиялық аменореяның түрлері: біріншілікті, етеккірі ешқашан болмаған әйелдер, және екіншілікті (салдарлык) өмірінде ең болмағанда бір рет етеккірі келген әйелдер.
Жалған аменорея – аналықбезде және жатырда циклдық және гормоналдық өзгерістер сақталған, бірақ жыныс жолдары арқылы менструалды бөлінділердің болмауы. Бұл жыныс ағзалары дамуы кезінде ақаулар туындағанда байқалады (мысалы, жатыр мойнағы немесе қынап жоқ), сонымен қатар жүре пайда болған жатыр мойнағы саңылауының, қынаптың т.б., жабысып бітелуі болғанда етеккірлік қанның ағып кетуі қиындайды.
Гипоменорея (грек. men - ай + rhoia - ағу, ағып кету) - уақытылы, ұзақтығы қалыпты, бірақ аз мөлшерде келетін етеккір. Мұндай, жағдай гипоталамус- гипофиз-аналық без жүйесінде өзара байланыстың бұзылуынан дамиды. Әдетте, гипоменореяға эстроген өндірілуінің, репродукциялы қызметтің төмендеуі, либидо тән.
Дисменорея (грек. dys - бұзылу + men - ай + rhoia - ағу, ағып кету) - іштің төменгі бөлігінің қатты ауруымен, жалпы вегетативтік-жүйкелік бүзылыстардың туындауымен жүретін етеккір: бас ауруы, ұйқының бұзылуы, әлсіздік,
жүрек соғысының жиілеуі, жүрек айнуы, лоқсу, кейде құсу байқалады. Біріншілікті дисменорея жыныс ағзаларының органикалық ауруларымен байланысты емес. Екіншілікті (салдырлық) дисменорея жыныс ағзаларының ауруларымен байланысты және жатырішілік заттарды қолданғанда дамиды.
Дисфункциялық жатырдан қан кету (ДЖҚК) (грек. dys – бұзылу + лат. functio – қызмет, іс-әрекет) - аналық бездің жыныс гормондарын өндірілуінің бұзылуынан жатырдан қан кетулермен көрінетін етеккірлік оралым бұзылыстарының бір түрі. Көріністері: еттеккірдің уақытылы келмеуі сосын мол қан кетулермен немесе аз мөлшереде, бірақ ұзақ қан бөлінулермен сипатталады. Бұл қанкетудің жыныс ағзаларының органикалық ауруларымен және организмнің жалпы жүйелік ауруларымен байланысы жоқ.
Гинатрезия (грек. tresis - саңылау, тесік) - жыныс түтікшелерінің бір бөлімінің бітелуі (жатыр түтігінің, жатырдың, қынаптың), олардың өткізгіштігінің бұзылуымен көрінеді. Туа біткен гинатрезия - бұл жыныс жүйесінің дамуындағы түрлі ақаулардың салдарынан туындайды. Жүре пайда болған гинатрезия, жиі әйелдердің жыныс ағзаларындағы қабынулық процестерден соң дамиды, сонымен қатар қыздарда инфекциялық аурулардан кейін де дамуы мүмкін. Гинатрезия кезінде етеккірдің ағып кетуі қиындағандықтан қан бітелген жердің жоғары бөлігінде жиналып қалады.
Вирилизация (маскулинизация) (лат. virilis – ерлерге тән) - организмде андрогендердің артық өндірілуінен ер адамға тән белгілердің пайда болуы және күшеюі. Әйелдердің дене бітімі, қаңқасы ерлерге тән қасиетке ие болады, майлар сан аумағында жиналады, сүт бездері атрофияланады, дауыс
тембрі өзгереді, гирсутизм пайда болады, шүртекейінің (клитор) көлемі өседі.
Гирсутизм (лат. hirsutus - түкті) - екіншілікті жыныс белгілері қалыпты болғанымен, әйелдерде түктенудің ерлердегі сияқты көп өсуі. Әдетте патологии гипофиз және аналықбез патологияларында байқалады. Сонымен қатар гирсутизм эстрогендердің деңгейі төмендеген жағдайда, яғни лимактериялық кезеңде байқалуы мүмкін.
Аналық бездердің дисгенезиясы (грек. dys – бұзылу + genesis - табиғаты + лат. gonadis – жыныс безі) - эмбриондық дамудың ерте кезеңіндегі аналық без қалыптасуының ақауы. Жиі рудименттелген жатыр, етеккір жоқ немесе өте аз, етеккірлік оралым бұзылған, сыртқы жыныс мүшелері жетілмеген болып келеді.
Аналық без қызметінің ерте сөнуі (мерзімінен бұрын келген менопауза) - 40 жасқа толмаған әйелдерде қалыптасатын және екіншілікті аменореямен, айқын гипоэстрогендік симптомдармен, бедеулікпен, гонадотропин деңгейінің жоғарылауымен (фолликул белсендіруші гормон, лютеиндеуші гормон) көрінетін бір топ симптомдар кешені.
Климакс (грек. klimakter - саты, өзгерісті кезең) - гипоталамус-гипофиз- гонадалар жүйесінде нейроэндокриндік қатынастардың жас шамасына байланысты инволюциялық өзгерістерімен негізделген, жыныс бездері қызметінің тежелуімен, екіншілікті жыныс белгілерінің жойылуымен көрінетін организмнің қалыпты физиологиялық жағдайы.
Анорхизм (грек. а - теріс мән + orchis - аталықбез) - аталық бездің екеуінің де болмауы. Анорхизмнің себебі эмбриогенездің ерте кезеңінде (жүктіліктің 6-
10 аптасы), хромосомдық өзгерістер туындауына байланысты жыныс бездерінің
құрсақ ішілік дамуының бұзылуы және ұрық дамуының 20 аптасында ұрықтың аталық безінің жойылуы, өлуі. Бұл кезде аталықбез қосалқыларының және шәует шығатын түтіктердің жетілмеуі, аталық жыныс гормондарының төмен болуы және екіншілікті жыныс белгілерінің болмауы байқалады.
Монорхизм (грек. monos – бір + orchis – аталық ұрықбез) - бір аталық бездің болмауы; әдетте нәрестенің туылар алдында аталық ұрықбезінің толығымен ұмаға түспей қалуынан дамиды. Бұл термин аталық безді хирургиялық жолмен алып тастаған кезде немесе жарақаттанған кезде де пайдаланады..
Полиорхизм (грек. poly – көп + orchis - аталық ұрықбез) - туа біткен ақау, бұл кезде науқаста үш немесе одан да көп аталық безі болады. Дамымай қалған қосымша аталық без, қалыпты аталық бездің қасында орналасады. қосымша аталық без, көбіне қатерлі өспеге айналатындықтан оны хирургиялық жолмен алып тастайды.
Крипторхизм (от грек. kryptos - жасырын, + orchis - аталық ұрықбез) - құрсақ ішілік дамудың ақауы, туылған кездегі баланың бір немесе екі аталық ұрық безі қүрсақ арты қуысынан ұмаға түспей қалады. Бұл ақауды аталық ұрық безінің жолында механикалық кедергілердің болуымен немесе анасында және ұрықта эндокриндік бұзылыстардың дамуымен байланыстырады. Наукастардың көбінде жыныс гормондары алмасуының бұзылыстары байқалады.
Аталық бездің гипоплазиясы (грек. hypo – төмен, аз + plasis – қалыптасу) - аталық без құрылымының аномалиясы бұл кезде бір немесе екі аталық без жетілмеген, көлемі 5-7 мм дейін кішірейеді. Аталық бездің екі жақты жетілмеуі гормоналдық жеткіліксіздіктермен сипатталады.
Аталық бездің эктопиясы (грек. ektopios – жырақта) - бұл аномалия кезінде