Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі астана медицина университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 425

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Тақырыбы: «Анемиялар мен эритроцитоздардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жіті және созылмалы лейкоздардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Гемостаз патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жүректің коронарогенді емесаурулары»

ТАРАУ: «РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Өкпе тіні тығыздалу синдромының патофизиологиясы.

Тақырыбы: «Тыныс жеткіліксіздігі синдромы»

ТАРАУ «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Асқазан қызметінің бұзылысы. Ойық жара ауруының патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Ұйқыбезінің секреторлық функциясының бұзылысы»

Тақырыбы: «Жіңішке және жуан ішек қызметтерінің бұзылыстары»

Тақырыбы: «Бауыр патофизиологиясы»

ТАРАУ «НЕСЕП ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қабынбалық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы»

Тақырыбы: «Нефриттік және

Тақырыбы: «Жыныстық даму бұзылыстары синдромының патофизиологиясы»

ТАРАУ «НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Мидағы қанайналымның ңпатофизиологиясы.

Тақырыбы «Нерв жүйесінің сезімталдық және қимыл- қозғалыстық қызметінің бұзылысы. Нейропатиялардың патогенезі»

Тақырыбы: «Тырысу және ми қабықшалары зақымдалуы синдромының патофизиологиясы»

Тақырыбы «Нейродегенеративті аурулардың патофизиологиясы»

ТАРАУ«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Қантты диабеттің патофизиологиясы»

ТАРАУ «ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Қаңқа бұлшықеттерінің тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын аурулары. Миопатиялар»

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Оқу басылымы

Ағзалар және жүйелер патофизиологиясы бойынша тақырыптық сөздік

Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қабынбалық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы»


Тубулопатиялар (лат. tubulus - түтікше + грек. pathos – азаптану, ауру) - бүйрек түтікшелері қабырғасындағы дистрофиялық процестердің әсерінен немесе рецепторлардың, нәруыз-тасымалдаушылардың, ферменттердің сапалық өзгерістері және олардың мүлдем болмауының нәтижесінде бүйрек түтікшелері эпителийінің тасымалдау функциясы бұзылыстарынан туындайтын аурулар тобы. Шумақшалардың зақымдануы салдарлық сипатқа ие болады және нефропатияның кеш кезеңінде дамиды.

Тубулоинтерстициялық (тінаралық) бұзылыстар (түтікшелік дисфункция синдромы) – бүйрек түтікшелері және интерстицийлік тіннің жаппай зақымдануымен байқалатын түрлі ауруларда: тубулоинтерстицийлік

нефриттер (ТИН), бүйректік түтікшелік ацидоз, Фанкони синдромы, цистинурия, нефрогенді қантты диабет, бүйректік глюкозурия (бүйректік диабет) және басқаларда дамитын әртүрлі функциялық-метаболизмдік бұзылыстардың жиынтығы.

Тубулоинтерстицийлік нефриттер (лат. tubulus – түтікше + interstitium - арақашықтық, аралық + грек. nephros - бүйрек + itis қабыну дегенді білдіретін суффикс) – бүйрек тінінің барлық құрылымдарында қабынбалы процестердің таралуымен қатар жүретін, бүйрек түтікшелерінің және интерстицийдің бейспецификалы, деструкциялық емес, абактериялық жіті немесе созылмалы зардапталуының гетерогенді тобы. Этиологиялық факторларды шектеу кезінде бүйректің аралық тінінде абактериялық қабынудың жойылу мүмкіндігі басты ерекшелігі болып саналады.

Бүйректің проксимальдық түтікшелік ацидозы (лат.
proximus өте жақын; acidus - қышқыл) проксимальдық түтікшелерде бикарбонаттар реабсорбциясының төмендеуінен туындайтын қышқылдық-негіздік жағдай (ҚНЖ) бұзылыстарының типтік түрі. Метаболизмдік ацидоздың дамуымен, NaHCO3 және калийдің зәрмен көп шығуымен, қанда хлор иондары мөлшерінің артуымен, гипокалиемиямен, альдостерон өндірілуінің артуымен сипатталады.

Бүйректің дистальдық түтікшелік ацидозы (лат. distare - тұру, алшақ тұратын; acidus - қышқыл) - бүйректің дистальдық ирек түтікшелері мен жинақтаушы түтікшелерінің деңгейінде сутегі иондары секрециясының төмендеуінен туындайтын ҚНЖ бұзылыстарының типтік түрі. Қанда қышқылдардың кідіруімен және метаболизмдік ацидоздың дамуымен, сілтілік зәрдің шығуымен, зәрге шөгіндеп тас байлануды туындататын кальций және фосфат тұздарының ерігіштігінің төмендеуімен сипатталады.

Фанкони синдромы (де Тони-Дебре-Фанкони синдромы) бүйректің проксимальдық түтікшелерінде реабсорбцияның қосарланған ақауымен сипатталатын және глюкозаның, түрлі аминқышқылдардың, фосфаттардың және бикарбонаттардың реабсорбциясының бұзылуымен, полиуриямен, гипоизостенуриямен, тубулалық (түтікшелік) протеинуриямен байқалатын тубулопатия. Сонымен қатар, бұл кезде физикалық жетілудің тежелуі және бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің біртіндеп өршуі байқалады.

Цистинурия (грек. kystis - қуық + uron - зәр) - бүйрек түтікшелерінің эпителий жасушаларында белгілі аминқышқылдардың (цистин, лизин, аргинин, орнитин) тасымалдануының бұзылуынан туындайтын, ілкі

тубулопатиялар тобына жататын тұқым қуалайтын ауру. Аминқышқылдардың экскрециялануы күшейгенде құрамы цистеиннен тұратын тастардың байлануы байқалады.

Пиелонефрит (грек. pyelos – астау, түбекше + nephros - бүйрек + лат. itis – қабыну дегенді білдіретін суффикс) - тостағанша-түбекшелік аппараттың, тубулоинтерстицийлік тіннің, әсіресе милы қабатының жаппай зақымдануымен байқалатын және бір мезгілде немесе кезекпен дамитын бүйректің жіті және созылмалы бейспецификалы, жұқпалы - қабынбалы ауруы.

Ілкі пиелонефрит - пиелонефриттің бұл түрінде инфекциялық-қабынбалы процесс әдетте зәр шығару жолдарының функциялық уродинамикалық бұзылыстарымен (гиперкинезия немесе гипокинезиялар, дистониялар) байқалады; зәр ағысына кедергі келтіретін механикалық, құрылымдық факторлар тән емес, бүйрекке инфекцияның негізгі ену жолы – гематогенді.

Салдарлық пиелонефрит - пиелонефриттің бұл түрінде бүйректің тостағанша-түбекшелік жүйесі мен интерстицийінде инфекциялық- қабынбалы процесс әдетте бүйректің басқа да ауруларының салдарынан немесе уродинамиканың бұзылуынан (рефлюкстік дискинезиялар, несепағардың стриктурасы, қуықастыбездің қатерлі гиперплазиясы, несептасты ауру, зәр шығару жолдарының атониясы) дамиды.

Жіті пиелонефрит - тостағанша - түбекшелік жүйенің, түтікшелер мен интерстицийдің ошақты зақымдануымен байқалатын жіті инфекциялық- қабынбалы процесс. Даму ұзақтығы 3 айдан аспайды. Негізгі түрлері: жіті сірнелі; жіті іріңді - апостематозды, бүйрек абсцесі, бүйрек карбункулы;
некрозды папиллит.

Апостематозды нефрит (грек. apostema - іріңдеу + nephros - бүйрек) бүйрек беткейінде және бүйректің қыртысты қабатында шашыраңқы ұсақ іріңдіктер – апостемалардың көптеп пайда болуымен сипатталатын жіті іріңді пиелонефриттердің бір түрі.

Бүйрек абсцесі (лат. abscessus - іріңдеу) – жіті іріңді пиелонефриттердің бір түрі, бүйректің қыртысты қабатында іріңдік ыдырау ошағының пайда болуымен сипатталады. Бүйрек абсцесі - апостематозды нефрит кезінде бір топ іріңдіктердің шоғырлаунынан дамуы мүмкін.

Бүйрек карбункулы (грек. carbo - көмір) бүйректің қыртысты қабатында қабынбалы инфильтратпен қоршалған құрамы көптеген ұсақ іріңдіктерден тұратын, оқшауланған ошақ түрінде бүйректің метастазданған іріңді зардапталуы. Бұл іріңді пиелонефриттің бір түрі, организмде қандай да бір іріңді ошақ болған жағдайда, бүйректің қыртысты қабатына инфекцияның гематогендік жолмен түсуінен дамиды.

Некроздық папиллит (грек. nekrosis - өлеттену + лат. papilla – емізікше + - itis қабыну дегенді білдіретін суффикс) жіті пиелонефрит кезінде қантамырлардың микроорганизмдермен бітелуінен немесе қабынбалық инфильтратпен қысылуының нәтижесінде мальпигий пирамидаларының жіті ишемияға ұшырауынан бүйрек емізікшелері тіндерінің деструкциялануы. Қанайналымның жіті бұзылыстары дамуынан бүйрек емізікшелерінің аумағында ишемиялық инфаркт дамиды. Салдарынан емізікше құрылымдарының некрозға ұшырауы байқалады.

Созылмалы пиелонефрит - баяу ағымды, бүйректің мезгіл-мезгіл бейспецификалы инфекциялық - қабынбалы зақымдануымен өршитін, даму ұзақтығы 3 айдан асатын немесе осы кезеңде екі рет қайталанатын ауру. Шығу тегі бойынша салдарлық
обструкциялық - дисметаболизмдік пиелонефриттер тобына жатады. Тостағанша - түбекшелік жүйенің фиброзы мен деформациялануы тән.

Қуық несепағарлық рефлюкс (лат. refluo кері ағу) - Қуық несепағарлық сегменттің қақпақшалық механизмінің жеткіліксіздігінен зәрдің қуықтан несепағарға қарай зәрдің кері лықсуы (рефлюксі). Несепағарға зәрдің жинақталу фазасында зәрдің кері лықсуы (пассивті рефлюкс), зәрді қуу фазасында кері лықсуы (активті рефлюкс) немесе екі фазасында да кері лықсуы (аралас рефлюкс). Нәтижесінде несеп жолдарының қайталанбалы инфекциялары және бүйрек тінін склероздайтын рефлюкс- нефропатия дамиды.

Обструкциялық уропатиялар ( латын. obstructio – тосқауыл, бөгет + грек. uron – зәр + pathos – азаптану, ауру) бұл –тостағанша - түбекшелік, түбекше- несепағарлық, қуық-үрпілі (уретральді) сегменттердің деңгейінде функциялық немесе органикалық бұзылыстардан, зәр кідіруінің нәтижесінде дамитын немесе инфравезикулярлы обструкцияның салдарынан туындайтын бүйрек паренхимасының тубулоинтерстицийлік типтегі құрылымдық - функциялық өзгеру кешені.

Цистит (грек. kystis – қуық + -itis – қабыну дегенді білдіретін суффикс) – қуық қабырғаларының, ең бастысы сілемейлі қабатының инфекциялық- қабынбалық ауруы. Цистит дамуында бактериалық инфекциялармен ықпал етуші факторлардың рөлі ерекше: организмнің резистенттілігінің төмендеуі, зәр ағысының қиындауы және зәрдің кідіруі, қуық қабырғаларында қанайналымның бұзылыстары.

Несептасты ауру - бүйректе (нефролитиаз), және зәр шығару жолдарында (уролитиаз), түрлі патологиялық өзгерістерді туындататын, бүйрек тостақшалары мен түбекшелерінде зәрдің органикалық қосылыстары және