Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі астана медицина университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 428
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
Тақырыбы: «Анемиялар мен эритроцитоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жіті және созылмалы лейкоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Гемостаз патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүректің коронарогенді емесаурулары»
ТАРАУ: «РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Өкпе тіні тығыздалу синдромының патофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тыныс жеткіліксіздігі синдромы»
ТАРАУ «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Асқазан қызметінің бұзылысы. Ойық жара ауруының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Ұйқыбезінің секреторлық функциясының бұзылысы»
Тақырыбы: «Жіңішке және жуан ішек қызметтерінің бұзылыстары»
Тақырыбы: «Бауыр патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕСЕП ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қабынбалық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы»
Тақырыбы: «Жыныстық даму бұзылыстары синдромының патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Мидағы қанайналымның ңпатофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тырысу және ми қабықшалары зақымдалуы синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы «Нейродегенеративті аурулардың патофизиологиясы»
ТАРАУ«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қантты диабеттің патофизиологиясы»
ТАРАУ «ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қаңқа бұлшықеттерінің тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын аурулары. Миопатиялар»
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ағзалар және жүйелер патофизиологиясы бойынша тақырыптық сөздік
Өкпелік гиперинфляция синдромы (грек. hyper - жоғары + лат. inflatio – ісіну) – өкпенің аса ауалануы. Негізінде түрлі эндогендік және экзогендік факторлардың әсерінен өкпе құрылымдарының артық созылуы жатыр.
Эмфизема (грек. emphysema - ісіну) – шеткі бронхиолалардың соңындағы ауалық кеңістіктің кеңеюімен, өкпенің аса ауалануымен және альвеола қабырғаларының деструкциялық өзгерістерімен сипатталатын патологиялық жағдай. Өкпеде ауаның тым артық болуынан дем шығарған кезде ұсақ бронхылардың жабысуы және өкпе вентиляциясының обструкциялық түрдегі бұзылысы дамиды. Эмфизема ӨСОА-ның құрам бөлігі ретінде қарастырылады.
Бронхоэктазиялар (грек. bronchos-тыныстық көмей + ektasis - кеңею) – өкпенің созылмалы іріңдік ауруларына алып келетін, бронхтардың қайтымсыз морфологиялық өзгерістері (кеңеюі, деформациялануы) және функциялық жеткіліксіздігі. Бронхоэктазиялар қақырық шығарылуының бұзылуымен, олардың бронхтарда тұрып қалуымен және инфекциялануымен көрінетін обтурациялық ателектаз дамығанда жиі байқалады.
Тиффно индексі – қарқынды дем шығарудың 1секундтағы ауа көлемінің (ҚДШК1) қарқынды тіршіліктік өкпе сиымдылығына (ҚТӨС) қатынасы. Қалыпты жағдайда ҚДШК1/ҚТӨС 75-83%-ға тең. Бронхылардың обструкциясы кезінде ҚТӨС-ке қарағанда ҚДШК1 төмендеуі айқын болады, сондықтан
Тиффно индексі төмендейді.
Спирография (лат. spiro – тыныс алу + грек. graphо – жазу) – сыртқы тыныс функциясын зерттеу әдісі, тыныстың көлемдік және жылдамдық көрсеткіштерін тіркеу. Бронх өткізгіштігі бұзылысын сипаттайтын спирографиялық белгілер: ҚДШК1 азаюы, ҚТӨС төмендеуі, Тиффно индексінің төмендеуі.
Превматахография (грек. pneumon – өкпе + tachys – жылдам + graphо - жазу) – «ағыс – көлем» ілмегінің екі координантты жүйесінде экспираторлы ауа ағысының жылдамдығын ҚТӨС – тің 25 – 75% ауданында, яғни тыныс шығарудың ортасында тіркеу. Пневмотахографиялық деректер бойынша ірі, орташа және ұсақ бронхылар деңгейіндегі бронх өткізгіштігінің бұзылысын анықтауға болады.
Пикфлоуметрия (ағылш. peakflow – шыңдық ағыс + грек. metreo – өлшеймін) - толық тыныс алудан кейінгі қарқынды тыныс шығару кезіндегі ауаның максималды (шыңдық) көлемдік жылдамдығын (тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы) өлшеу әдісі. Тыныс шығарудың шыңдық жылдамдық
(ШЖК) көрсеткіші ҚДШК1–мен тығыз байланысты. Бронх өткізгіштігі бұзылғанда тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан әлде қайда төмен болады.
Тақырыбы: «Өкпе тіні тығыздалу синдромының патофизиологиясы.
Плевра қуысында сұйықтық және газ жиналу синдромының және өкпеде қуыс пайда болу синдромының патофизиологиясы»
Өкпе тіні тығыздалу синдромы – табиғаты қабынулық немесе қабынулық емес ықпалдардың әсерінен өкпеде көлемі әртүрлі ауасыз бөліктердің пайда болуымен, олардың айналасы қалыпты өкпе тінімен қоршалуымен сипатталатын клиникалық симптомдар жиынтығы. Өкпе паренхимасының тығыздалуы әдетте біржақты болады және пневмонияларда, ателектаздарда, іші сұйыққа немесе тығыз заттқа толы қуыс пайда болғанда жиі байқалады.
Пневмониялар (грек. pneumon – өкпе) - этиологиясы, патогенезі, клиникалық-морфологиялық сипаты бойынша әртүрлі және өкпенің респираторлық бөлімі көбірек зақымдануымен көрінетін экссудативті қабынулық процестер тобы. Негізгі қоздырғыштары – бактериялар; сирек – вирустар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар.
Ошақты пневмония (бронхопневмония) – сипаты ошақты, өкпенің инфекциялық қабынуы. Альвеолалардағы экссудат сірнелі, іріңді, геморрагиялы және аралас болуы мүмкін. Жіті бронхит немесе бронхиолиттің салдарынан дамиды. Қабынудың сипаты жиі нормергиялық болады және өкпе тініне интрабронхылық (әдетте талаураған (катаральді) бронхит немесе бронхиолит кезінде), сирек перибронхылық жолмен таралады (деструкциялы бронхит немесе бронхиолит кезінде).
Бөліктік пневмония (плевропневмония) – өкпенің бір немесе бірнеше бөлігінің зақымдалуымен сипатталатын жіті инфекциялық-аллергиялық ауру.
Альвеолаларда фибринозды экссудаттың, ал плеврада – фибринозды өңездің пайда болуымен сипатталады. Альвеолалар мен респираторлық бронхиолалар зақымдалғанымен ірі бронхылардың өткізгіштігі сақталады. Бөліктік пневмониялардың патогенезінде аутоинфекциядан басқа пневмококктармен сенсибилизациялану және организмнің гиперергиялық реакциясы маңызды орын алады.
Интерстициялық пневмониялар (лат. interstitium - аралық) – альвеола қабырғаларында (альвеола аралық қалқаларда) және өкпе интерстициясында жіті қабынудың біріншілік дамуымен және альвеолаларда экссудаттың екіншілік жиналуымен сипатталатын пневмониялар. Зақымдану көлемі ошақты немесе диффузды болады, кейде тұтас бөлікті немесе өкпені қамтуы мүмкін.
Ауруханадан тыс пневмониялар (амбулаторлық, үйлік) – ауруханадан тыс жағдайда пайда болған немесе ауруханаға жатқаннан кейінгі алғашқы 48 сағатта туындаған жіті инфекциялық ауру. Төменгі тыныс жолдарының инфекциялану симптомдарымен (қызба, жөтел, қақырық бөлінуі, іріңді
болуы мүмкін, кеуде тұсының ауырсынуы, ентікпе) және өкпедегі «жаңа» ошақты-инфильтрациялық өзгерістердің рентгенологиялық белгілері пайда болуымен сипатталады. Негізгі қоздырғыштары – пневмококктар, атипиялық микроорганизмдер, гемофильдік таяқша.
Ауруханаішілік пневмониялар (нозокомиалық) (лат. nosocomium – аурухана) – науқас ауруханаға жатқан кезде өкпенің инфекциялану белгілері болмаған жағдайда 48 сағаттан соң дамитын пневмониялар. Этиологиясында негізінен грам-теріс флоралар басым болады (көк-іріңді таяқша, клебсиелла, ішек таяқшасы, протей, серрация). Төменгі тыныс жолдарында микробтық
флораның колонизациялануына ықпал ететін медициналық іс-шараларға: эндотрахеалық интубация, трахеостомия, бронхоскопия, бронхография жатады.
Аспирациялық пневмониялар (лат. aspiration – үрлеу, соғу) – асқазан немесе ауыз-мұрын-жұтқыншақ құрамының, бөгде заттардың, қанның төменгі тыныс жолдарына түсуінен дамитын пневмониялар. Даму қаупін арттыратын ықпалдар: операция жасалған науқастарда, сана сезімі, жұтыну акті бұзылған жағдайлар және нерв жүйесінің аурулары бар науқастар. Негізгі патогенездік факторлар: тыныс жолдарының механикалық обструкциясы, жіті химиялық пневмонит, өкпенің респираторлық бөлімінің екіншілік бактериялық қабынуы, абсцестену.
Иммундық тапшылық тіркелген науқастардағы пневмониялар – шығу тегі бойынша екіншілікті сипаттағы пневмониялар және цитостатиктермен глокортикоидтарды қабылдайтын, туа біткен немесе жүре пайда болған иммундық тапшылығы бар пациенттерде дамиды. ЖИТСпен ауыратын науқастарда пневмония дамуының маңызы ерекше. ЖИТС кезінде пневмониялар дамуының негізгі этиологиялық факторларына пневмоцисталар, токсоплазма, цитомегаловирус, герпес вирусы, шартты- патогендік саңырауқұлақтар аспергиллалар жатады.
Ателектаз (грек. ateles – толық емес + eсtasis - кеңею) – альвеолаларда вентиляция тоқтауының салдарынан олардын жабысуымен сипатталатын патологиялық процесс. Жүре пайда болған ателектаздың себептеріне бронхылардың обтурациясын (обтурациялық ателектаз), өкпенің өспелермен немесе плевралық экссудатпен қысылуын (компрессиялық ателектаз), демді