Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі астана медицина университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 438
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
Тақырыбы: «Анемиялар мен эритроцитоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жіті және созылмалы лейкоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Гемостаз патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүректің коронарогенді емесаурулары»
ТАРАУ: «РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Өкпе тіні тығыздалу синдромының патофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тыныс жеткіліксіздігі синдромы»
ТАРАУ «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Асқазан қызметінің бұзылысы. Ойық жара ауруының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Ұйқыбезінің секреторлық функциясының бұзылысы»
Тақырыбы: «Жіңішке және жуан ішек қызметтерінің бұзылыстары»
Тақырыбы: «Бауыр патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕСЕП ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қабынбалық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы»
Тақырыбы: «Жыныстық даму бұзылыстары синдромының патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Мидағы қанайналымның ңпатофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тырысу және ми қабықшалары зақымдалуы синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы «Нейродегенеративті аурулардың патофизиологиясы»
ТАРАУ«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қантты диабеттің патофизиологиясы»
ТАРАУ «ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қаңқа бұлшықеттерінің тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын аурулары. Миопатиялар»
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ағзалар және жүйелер патофизиологиясы бойынша тақырыптық сөздік
Фантомдық ауыру (грек. phantasma - елес, көрсету) – аяқ-қолы кесілген адамдарда байқалады. Бұл кезде организмде жоқ дене мүшелері бар сияқты сезіліп, олардың орнында қатты ауыру сезімі пайда болады. Даму механизмі жұлын-мидың, ретикулалық формацияның, ми бағанасы немесе оның орташа құрылымдарының төмендемелі антиноцицепциялық әсерінің бір уақытта әлсіреуімен бірге патологиялық күшейген қозу генераторының қалыптасуымен байланысты.
Нейропатия (грек. neuron – нерв + pathos – ауру) – түрлі себептердің (метаболизмдік бұзылыстар, жарақаттар, интоксикациялар, витамин жеткіліксіздігі, аутоиммундық процестер, өспелер…), әсерінен дегенеративті- дистрофиялық процестердің дамуымен сипатталатын перифериялық нервтердің қабынулық емес зақымданулары. Клиникалық көрінісі полиморфты және зақымданған нервтердің типіне байланысты болады (моторлық, сенсорлық немесе вегетативті нейропатиялар).
Моторлық нейропатиялар (лат. motor - қимылдық) – нейропатияның бұл түрінде жұлынның алдыңғы мүйіздерінің мотонейрондарының денесі, олардың аксондары немесе нерв-бұлшықеттік синапстары басым зақымданады. Бұл кезде қимыл-қозғалыстың өзгерістері туындайды, бірақ сезімталдық бұзылмайды. Көріністері – бұлшықеттің әлсіздігі, атрофиясы, гипорефлексиясы және т.б.
Сенсорлық нейропатиялар (лат. sensus - сезіну, сезім) – жұлын-милық ганглиялардың сезімтал нейрондарының басым зақымдануымен сипатталатын нейропатиялардың бір түрі. Жуан талшықтары зақымданғанда вибрациялық
және проприоцепциялық сезімталдық бұзылады, сенсорлық атаксия байқалады; жіңішке талшықтары зақымданғанда – ұйып қалу, ауырсыну сезімталдығы және температуралық сезімталдық төмендейді, күйген тәрізді дизестезия байқалады; талшықтардың екі типі де зақымданғанда – сезімталдықтың барлық түрі бұзылады.
Вегетативтік нейропатиялар (лат. vegetativus - өсімдікті) - вегетативтік талшықтардың зақымдануының салдарынан висцералық, вегетативтік- вазомоторлық және вегетативтік-трофикалық бұзылыстардың пайда болуымен сипатталатын нейропатиялардың бір түрі. Висцералық симптомдарға кардиалық, урогениталдық, гастроинтестиналық, респираторлық және т.б., бұзылыстар жатады. Вегетативтік-трофикалық бұзылыстарға тырнақтардың деформациясы, терінің жұқаруы, ойық жаралардың пайда болуы жатады. Вегетативтік-вазомоторлық симптомдар - саусақтар мен табанның температурасының өзгеруімен, олардың ісінуімен, түсінің мрамор тәріздес болуымен сипатталады.
Полинейропатиялар (грек. polys - көптеген + neuron – нерв + pathos – дерт, ауру) – әртүрлі нервтердің құрамындағы, әсіресе дистальді бөліктеріндегі перифериялық нерв талшықтарының диффузды зақымдануымен сипатталатын перифериялық нерв жүйесінің ауруы. Миелинді қабықтарда және біліктік (ось, осевой) цилиндрлерде патологиялық процесс байқалады. Бұл патология: 1) нейромедиаторлар бөлінуінің бұзылыстарынан, әсерленістік потенциалды өткізу деңгейінде блокада туындауынан; 2) комедиаторлар мен трофогендер түзілуінің,
секрециясының немесе әсер етуінің өзгеруінен, сонымен қатар аксондық тасымалдану бұзылыстарынан туындайды.
Тақырыбы: «Тырысу және ми қабықшалары зақымдалуы синдромының патофизиологиясы»
Құрысқақ (грек. spasmos - құрысқақ, спазм) – жылдам дамитын гиперкинездердің түрі. Кенеттен дамитын, ұстама тәрізді немесе үнемі болатын, қарқыны, ұзақтығы және таралуы әртүрлі ауырсыну сезімімен ұштасатын бұлшықеттердің еріксіз жиырылуы.
Клонусты құрысқақ (грек. klonos – қозғалыс) - жазылатын және бүгілетін еттердің рет-ретімен жиырылуы, нәтижесінде аяқ-қолдардың және дененің жылдам еріксіз қимыл-қозғалыстары байқалады. Олар пирамидалық жүйелердің құрылымдарының бұзылуы мен мидың үлкен жартышарларының шамадан тыс қозуының салдарынан туындайды; тонусты құрысқаққа қарағанда аса қауіпті емес, өйткені басқа қосарлас аурулар әдетте байқалмайды.
Тонусты құрысқақ (грек. tonikos – күштену, қатаю) - Бұлшықеттердің ұзақ жиырылуынан, олардың сол қалпында (бүгілген немесе керілген күйі) қатып қалуы, науқастың денесі керілген, басы шалқайған немесе иілген күйінде
қалады. Бұл қыртысасты құрылымдардың тым артық қозуынан және уыттанудың кейбір түрлерінде (мысалы, алкогольді, сіреспеде) дамуы мүмкін.
Опистотонус (грек. opisten - сзади + артында, артқа қарай - күштену, қатаю) - арқаның, аяқ-қолдың және мойынның бұлшықеттерінің тониялық жиырылуынан арқаның, бастың жылдам артқа қарай шалқаюы (өкше және шүйдемен тіреп тұратын доға тәрізді кейіп), аяқтың созылуы, қол саусақтарының, аяқ бармақтарының бүгілуімен сипатталатын құрысулық дененің тұрысын атайды.
Фасцикуляция (лат. fasciculus – бұлшықеттік талшықтардың будасы) – бір будадағы бұлшықет талшықтарының спонтанды жиырылуынан туындайтын
, бұлшықет бөліктерінің еріксіз тартылуы (жыбырлауы), бірақ бұлшықеттердің жалпы жиырылуы байқалмайды.
Фибрилляция (лат. fibrilla – бүлкілдеу) – бөлек бұлшықет талшықтарының (миофибриллдар), спонтанды үнемі жиырылуы. Фасцикуляциялардан ерекшелігі фибрилляциялар көзге көрінбейді, яғни визуалды анықтау мүмкін емес. Бөлек бұлшықет талшықтарының еріксіз жиырылуын тек электромиографияда тіркеуге болады.
Тик (франц. tic – жыбырлап тартылу, тарту) –, жеке бұлшықеттердің немесе бұлшықет топтарының еріксіз, стереотипті, жылдам клонусты тартылуы. Негізінен энцефалит, интоксикация салдарынан, дәрі-дәрмектердің әсерінен, кейбір психикалық бұзылыстардан экстрапирамидалық жүйе зақымданғанда туындайды.
Тремор (лат. tremor – дірілдеу, қалтырау) – діріл типіндегі гиперкинез, бұлшықеттердің жиырылуынан аяқ-қолдардың, көз қабағының, қол саусақтарының немесе дененің ырғақты еріксіз дірілдеуі.
Хорея (грек. choreia – серпу, би) – жылдам дамитын гиперкинез, түрлі бұлшықеттердің ретсіз, ерікке бағынбай, ырғақсыз тез арада жиырылуынан туындайтын қимылдар (аяқ–қолдардың, бастың және дененің бұлшықеттері). Атетоз (грек. athetos – белгілі бір дене тұрысының жойылуы) – агонистік және антогонистік бұлшықеттердің бір мезгілде, ұзақ мерзім белсендірілуінен туындайтын еріксіз стереотипті, құрт қимылы тәрізді баяу, әдеттен тыс қозғалыстармен көрінетін жағдай. Ол саусақтар мен башпайларда жиі байқалады және баяу гиперкинездердің көрінісі болып табылады.
Эпилепсия (қояншық) (грек. epilepsia - ұстап қалу) - – бұл нейрондардың тым қуатты электрлік белсенділігінен туындаған, қайталанатын